Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
ҚР денсаулық сақтау бағдарламасының дамуы

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы

 

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын

дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған

«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы

  1. Бағдарламаның паспорты
  2. Кіріспе
  3. Ағымдағы жағдайды талдау
  4. Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері
  5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар
  6. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

 

  1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның атауы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы  (бұдан әрі – Бағдарлама)

 

 

Әзірлеу үшін негіз «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жолдауы;

Қазақстан Республикасы Президентінің «Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» атты Ұлттық жоспары

 

Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының  әкімдіктері
Бағдарламаның мақсаты  

 

 

Еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық  дамуын қамтамасыз ету үшін халықтың денсаулығын нығайту

 

Міндеттері Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін дамыту.

 

Ауруларды профилактикалауды және басқаруды жетілдіру.

Денсаулық сақтау жүйесін басқарудың және қаржыландырудың тиімділігін арттыру.

Ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру және саланың инфрақұрылымын жетілдіру.

Іске асыру мерзімі 2016-2019 жылдар

 

 

Нысаналы индикаторлар

 

 

2020 жылға қарай:

 

Қазақстан Республикасы халқының күтіліп отырған өмір сүру ұзақтығының 73 жасқа дейін ұлғаюы;

  1. Кіріспе

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында алға  қойған еліміздің әрі қарай дамуы және 2050 жылға қарай әлемнің мейлінше дамыған 30 елінің қатарына кіруі жөніндегі стратегиялық мақсатқа қол жеткізу үшін, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі – ЭЫДҰ) елдері мен Қазақстанның арасындағы даму алшақтықтарын еңсеру қажет.

Осыған орай мемлекет ЭЫДҰ елдерінің ұсынылатын медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға, денсаулық сақтау жүйесін басқару және қаржыландыру жүйесінің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ қолда бар ресурстарды ұтымды пайдалануға бағытталған стандарттарын кезең-кезеңімен енгізуді қамтамасыз етуге тиіс.

Алдыңғы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру барысында Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің әлеуеті нығайтылды, нарықтық тетіктер элементтері енгізілді және қазіргі заманғы медициналық технологиялар трансферті жүзеге асырылды.

Осы Бағдарлама қолжеткен нәтижелерді бекіту мен дамытуға және денсаулықты сақтаудағы мәселелерді жаңа сын-тегеуріндерге сәйкес шешуге бағытталатын болады, сондай-ақ саланың 2050 жылға дейінгі жоспарлы дамуы үшін негіз болмақ.

Бағдарламаны іске асыру Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Денсаулық-2020» саясаты стратегиясының басты қағидаларына сәйкес, халықты жалпыға ортақ қамту, әлеуметтік әділеттілік, сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету  және денсаулық үшін ортақ жауапкершілік алу қағидаларын сақтай отырып, әлеуметтік бағытталған ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығы мен динамикалы дамуына жағдай жасайтын болады.

  1. Ағымдағы жағдайды талдау

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің (бұдан әрі – ЖБИ) есебіне сәйкес, 2014-2015 жылдарда Қазақстан өткен жылғы рейтингтің нәтижелерімен салыстырғанда 8 орынға жоғары көтеріліп, 140 елдің арасынан 42-орынды иеленді. «Денсаулық және бастапқы білім беру» индикаторы бойынша Қазақстан 140 елдің ішінен 93-орын алды. Республикамыз  2014 жылы Адам дамуының индексі бойынша 187 ел ішінен 70-орынды иеленіп, даму деңгейі жоғары елдердің тобына енді.

Медициналық-демографиялық ахуал және сырқаттанушылық

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – «Саламатты Қазақстан» мембағдарламасы) іске асырылған кезеңде:

республикадағы халық санының жыл сайынғы 1,4%-ға өсу қарқынымен 17 417,7 мың адамға (01.01.2015 жылға) дейін ұлғаюы;

күтілетін өмір сүру ұзақтығының 71,62  жасқа дейін өсуі (2010 жылы – 68, 41 жас);

халықтың жалпы өлім-жітімінің 15,3%-ға төмендеуі (2010 жылы – 1000 тұрғынға  шаққанда 8,94, 2014 жылы – 7,57);

туу көрсеткішінің 2,6%-ға ұлғаюы (2010 жылы – 1000 тұрғынға шаққанда 22,54, 2014 жылы – 23,13);

ана өлім-жітімінің 1,9 есе төмендеуі (2010 жылы – 100 000 туылғанға шаққанда 22,7, 2014 жылы – 11,7);

сәби өлім-жітімінің 1,7 есе төмендеуі (2010 жылы – 1000 тірі туылғанға шаққанда 16,58, 2014 жылы – 9, 72);

халықтың туберкулезге шалдығуының 30,3%-ға төмендеуі (2010 жылы –  100 000 тұрғынға шаққанда 95,3, 2014 жылы – 66,4) және одан болатын өлім-жітімнің 2 еседен көп төмендеуі (2010 жылы – 1000 тұрғынға шаққанда 10,6, 2014 жылы – 4,9);

адамның иммун тапшылығы вирусының (бұдан әрі – АИТВ)/ жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының (бұдан әрі – ЖИТС) таралуын шоғырландыру сатысында ұстап тұру (2014 жылы – 0,2) байқалды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының (бұдан әрі – БҰҰ) Ведомствоаралық агенттіктер тобының растауы бойынша, ана, сәби және бала өлім-жітімі көрсеткіштерінің төмендеуі Қазақстанға Мыңжылдық дамуының 4 және 5-мақсаттарына (бала және ана өлім-жітімі) қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Халық денсаулығы көрсеткіштерінің оң динамикасына қарамастан, қазақстандықтардың күтіліп отырған өмір сүру ұзақтығы ЭЫДҰ-на мүше елдердегіден шамамен 10 жылға аз.  Ерлер мен әйелдердің күтіліп отырған өмір сүру ұзақтығы арасындағы едәуір айырмашылық (2014 жылы – 8,82 жас) сақталып қалып отыр, еңбекке жарамды жастағы еркектердегі өлім-жітім әйелдерге қарағанда 24%-ға жоғары.

Жалпы өлім-жітім құрылымында қанайналым жүйесінің сырқаттары басты себеп болып табылады (22,3%), неғұрлым жиілері – жүректің ишемиялық сырқаты, ми тамырларының зақымдануы, олардан жыл сайын 30 мыңға жуық адам көз жұмады. Қанайналым жүйесінің сырқаттарына алғаш шалдығулардың өсуі шамамен 15%-ды құрайды (2010 жылы – 100 мың тұрғынға шаққанда 2086,7, 2014 жылы – 2394,7).

Екінші себебі қатерлі жаңа өспелерден болатын өлім-жітім болып табылады (12,1%), олардан жыл сайын 17 мыңға жуық адам қайтыс болса, олардың 16,9%-ын өкпе обыры құрайды. Қатерлі ісіктерге шалдығу көрсеткіші 9,7%-ға ұлғайған (2010 жылы – 100 мың тұрғынға шаққанда 181,2, 2014 жылы – 198,7).

Үшінші орында — оқыс жағдайлардан, жарақаттар мен уланулардан болатын өлім-жітім (11,3%), олардан жыл сайын 16 мыңдай адам көз жұмады. Жол-көлік оқиғаларынан (бұдан әрі – ЖКО) болатын өлім-жітімнің алдын орап, жыл сайын 3000-нан астам адам өзін-өзі әдейі зақымдаудан қайтыс болады.

Созылмалы аурулар ауыртпашылығы себептерінің 87,5%-ы 4 қауіп факторы (жоғары артериялық қысым, холестерин деңгейі, шылым шегу және алкогольді тұтыну) болып табылады.

ДДҰ деректері бойынша Қазақстандағы алкоголь тұтынудың жылдық деңгейі (жылына жан басына шаққандағы таза спирт эквивалентінде) 2007 жылғы 7,1-ден 2012 жылы 6,6-ға дейін болмашы ғана төмендеген.

Халықтың темекі тұтыну туралы жаһандық сауалнамасының нәтижелері бойынша Қазақстанда шылым шегудің таралуы (≥ 15 жастағы шылым шегу %) 2007 жылғы 23,1-ден 2011 жылы 22,4%-ға дейін төмендеген (ЭЫДҰ елдерінде – 20,65%).

2007 жылдан бастап есірткі заттарын тұтыну деңгейі 38,1%-ға төмендеді.

5-ұлттық зерттеудің нәтижелері бойынша (2012 жылы) ересектердің 31,2%-ында артық дене салмағы немесе семіздік бар.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі – ҰЭМ) Статистика комитетінің болжамы бойынша еліміздің халық саны 2030 жылға қарай 21 млн. адамнан асып, егде адамдардың үлесі 7,7%-дан 11-13%-ға дейін (ЭЫДҰ – 15,5%) ұлғаяды. Созылмалы аурулардың өсуімен демографиялық ахуалдың өзгеруі медициналық қызметтерге деген сұранысқа ықпал етеді.

Республикада инфекциялық аурулардың көпшілігі бойынша орнықты эпидемиологиялық ахуал байқалады. Вакцинамен басқарылатын 11 инфекцияға қарсы иммундаумен егілуге тиіс барлық бала тұрғындарды 95% қамтуға қол жеткізілді. 2012 жылы ДДҰ Қазақстанды полиомиелит пен безгектен ада ел ретінде қайта сертификаттады.

Қабылданып жатқан амалдар Қазақстан Республикасында АИТВ инфекциясының эпидемиясын шоғырландыру сатысында ұстап қалуға мүмкіндік берді. ЖБИ-де «15-49 жас аралығындағы жастық топта АИТВ таралуы» көрсеткіші бойынша Қазақстан 1-орын алатын көрсеткіші төмен елдердің тобына енді.

Туберкулезбен сырқаттану  және одан болатын өлім-жітімнің едәуір төмендегеніне (сырқаттанушылықтың жыл сайын 9%-дан көп, өлім-жітімнің – 5 жылда 2 еседен көп төмендеуі) қарамастан, Қазақстан 2014 жылдың деректері бойынша Еуропа аймағының туберкулездің таралу деңгейі жоғары 18 елі арасынан 7-орын, ілкі төзімді туберкулез деңгейі бойынша – 2-орын, ал ЖБИ-де  туберкулездің таралуы бойынша – 102-орын алады.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызметте қауіптерді болжау, бағалау және басқару жүйесі енгізілді, 5 аймақтық вирусологиялық зертхана ұйымдастырылды, Бүкіләлемдік сауда ұйымының талаптарына жауап беретін, тағам өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау бойынша мамандандырылған зертханалар құрылды, балаларды пневмококк инфекциясына қарсы вакциналау екпелер күнтізбесіне енгізілді.

Сонымен бірге, қоршаған орта факторларының халықтың денсаулық жағдайына теріс әсерін және онымен байланысты әлеуетті медициналық-биологиялық және экономикалық салдарларды ғылыми негізделген бағалауды көздейтін, қауіптерді бағалау жүйесін әрі қарай дамыту және жетілдіру тұжырымдамасы айқындалған жоқ.

Қолданыста бар ақпараттық жүйелер басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың, ведомстволардың және халықаралық ұйымдардың дерекқорларымен жедел дерек алмасуды, санитариялық-эпидемиологиялық ахуалды «он-лайн» режимінде мониторингтеуді қамтамасыз етпейді.

Технологиялардың дамуын және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешуді ескере отырып, қолданыстағы зертханалық бақылау жүйесі тұрақты жетілдіруді және толық жарақтандыруды қажет етеді.

Денсаулықты қорғау және денсаулық сақтау жүйесі

«Саламатты Қазақстан» мембағдарламасын іске асыру кезеңінде сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту арқылы денсаулықты сақтау мәселелері жөніндегі бірыңғай ұлттық саясатты қалыптастыру бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі — ҰЭМ) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды іске асыруды жалғастыруда. Кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту, әкімшілік кедергілерді қысқарту бойынша шаралар қабылданды.  Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру төрт түрден бір түрге дейін оңтайландырылды. Қазақстанда тұңғыш рет тексерістерге баламалы тетіктер (аудит, ХАССП, сынамалар алу және камералық бақылау арқылы өнім қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу) енгізілді. Орталық Азиялық тағам қауіпсіздігі жөніндегі оқыту орталығы (бұдан әрі – Орталық) құрылды және жұмыс жасайды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – БҒМ) ҰЭМ-мен бірлесіп мектеп оқушыларын тамақтандыруды  қамтамасыз ету, саламатты өмір салтын ұстану дағдыларын бойға сіңіру жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын жалғастыруда; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – ІІМ) — ЖКО мен жарақаттанудан болатын өлім-жітімді азайту, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету, төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын төмендету, медициналық-құтқару көмегін қамтамасыз ету және санитариялық авиацияны дамыту бойынша іс-шараларды іске асыруда. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – ДСӘДМ), ҰЭМ және жергілікті атқарушы органдар саламатты өмір салтын насихаттау және аса қауіпті инфекцияларды профилактикалау бойынша іс-шаралар өткізуде.

Бірлескен шаралармен мінез-құлықтық факторларды реттеу үшін республикада темекі өнімдері мен алкогольді жарнамалауға толық тыйым салу және оларды сатуды, қоғамдық орындарда шылым шегу мен алкоголь тұтынуды шектеу жүзеге асырылды. Кезең-кезеңімен алкоголь және темекі өнімдеріне акциздерді көтеру жүргізіліп жатыр. 21 жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін сатуға жастық шектеу ұлғайтылды және түнгі уақытта алкоголь сатуға тыйым салынды.

Сонымен бір уақытта, ведомствоаралық және сектораралық өзара іс-қимыл қатысушыларының міндеттемелерді уақтылы орындауы бойынша іс-шаралардың тиімділігі төмен, Ұлттық үйлестіру кеңесінің үйлестірушілік рөлі жеткіліксіз, секторлардың бастапқы деңгейдегі өзара тиімді іс-қимылы жоқ. Инфекциялық емес аурулар себептерінің детерминанттарын басқаруға жеткілікті назар аударылып отырған жоқ. Мектеп оқушылары арасындағы профилактикалық және сауықтыру іс-шараларының тиімділігі төмендеген. Темір мен фолий қышқылының тапшылығын профилактикалау бойынша ұнды фортификациялауды жүргізу көлемі жеткіліксіз.

Профилактикалық бағыттылықты күшейту мақсатында бастапқы буын деңгейінде мына іс-шаралар өткізілді:

2011 жылы аурулардың 11 түрі бойынша Ұлттық скринингтеу бағдарламасы енгізілді;

өңірлер арасында 1 тұрғынға шаққандағы тарифті үлкейтумен (169-дан 486 теңгеге дейін) медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (бұдан әрі – МСАК) қаржыландыруды теңестіру жүргізілді, 2014 жылдан бастап ынталандырушы компоненті бар кешенді жанбасылық норматив (бұдан әрі – КЖН) енгізілді (ішінара қор ұстау);

әлеуметтік қызметкерлер институты құрылды (2014 жылдың соңына қарай 10 мың тұрғынға 1,2-ден келеді);

жалпы практика дәрігерлерінің (бұдан әрі – ЖПД) саны 30%-ға өсті.

Нәтижесінде, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі — ТМККК) қаржыландырудың жалпы көлемінде МСАК-ті қаржыландыру 28%-ға дейін (2010 жылы – 23,4%) ұлғайды.

Қабылданған шаралардың арқасында стационарлық қызметтерге сұраныстың өсу қарқынының төмендеуі, пациенттерді қосымша тексерулер мен консультацияларға неғұрлым сараланған түрде жолдау байқалып отыр.

Алайда, қаржыландыру бөлігіндегі МСАК басымдығына қол жеткізілген жоқ. МСАК-ті қаржыландыру көлемі Қазақстанда — 95, Эстонияда – 231, Словенияда – 369, ЭЫДҰ – 558 АҚШ долларын құрады. МСАК ұйымдарының отбасылық медицина қағидасына өту қарқынының бәсеңдігі байқалып отыр. ЖПД қызметін қалыптастыруға уәждеме толық шамасында қамтамасыз етілмеген. МСАК деңгейінде тіркелген тұрғынның денсаулық жағдайын басқаруды экономикалық уәждеу тетіктері әзірленбеген, ЖПД құзыреттері мен функционалы неғұрлым кең болатын жаңа үлгі туралы халықты ақпараттандыру жұмыстары жеткіліксіз болып отыр.

МСАК пен тік бейінді қызметтердің (туберкулез, онкология, АИТВ/ЖИТС және т.б) интеграциясы да жеткілікті емес. Амбулаториялық-емханалық, стационарлық деңгей мен жедел медициналық жәрдем қызметі арасындағы сабақтастықты жақсарту мәселелерін шешу қажет. Консультациялық-диагностикалық қызметтер әлі де артық тұтынылуда. Осы мақсаттар үшін стационарлар әлеуетінің жеткілікті түрде пайдаланылмай отыруы тұрғындардың медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасына қанағаттанбауын тудырады.

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің (бұдан әрі – БҰДСЖ) енгізілуімен өңірлер арасындағы қаржыландыру айырмашылықтарын азайта отырып, стационарлық деңгейде ТМККК қаражатын республикалық бюджет деңгейіне шоғырландыру жүргізілді, «ақша пациенттің ізінен жүреді» қағидасы, клиникалық-шығындық топтар (бұдан әрі – КШТ) бойынша қаржыландыру енгізілді. Бұл стационар ресурстарын пайдалануды қарқынды етуге және стационарды алмастыратын технологияларды дамытуға, өңірлерде жоғары медициналық технологияларды енгізуге және дамытуға жағдай жасады (стационарда жатудың орташа ұзақтығы 27%-ға қысқарып, күндізгі стационар жағдайында емделген науқастар саны 2010 жылмен салыстырғанда 23,5%-ға өсті, кардиохирургиялық араласулар саны жылына 7000-нан 85000-ға өсті).

Алайда, төсек қорының 14 мың бірлікке қысқарғанына қарамастан, Қазақстан Республикасында ауруханалық төсектермен қамту көрсеткіштері ЭЫДҰ елдеріндегіден 20%-ға жоғары, стационарда жатудың орташа ұзақтығы неғұрлым ұзақ (ЭЫДҰ елдеріндегі 6,0-ге қарағанда 9,5 төсек-күні (2014 жыл), төсек қорының емдеу қарқынының деңгейі бойынша саралануы жеткіліксіз, ол денсаулық сақтау бюджетіне қаржылық жүктеме туғызады: денсаулық сақтау жүйесі бюджетінің 60%-ынан астамы стационарлардың үлесіне келеді.

Саралау деңгейі жеткіліксіздігінің, қалпына келтіру емі, оңалту және ұзақ күтім жасау төсектерінің жетіспеуінің нәтижесі олардың жұмыс  тиімділігінің төмендеуіне алып келді.  Үйдегі стационарлар және патронаж қызметі дамымаған. Емдеуге жатқызылған науқастардың 20%-дан астамы емді амулаториялық деңгейде ала алатын еді.

Неғұрлым кең таралған ауру топтары (жіті миокард инфаркты, ми қанайналымының жіті бұзылысы (инсульт), қатерлі жаңа өспелер, жарақаттар, босанулар) емдеуге жатқызу мен өлім-жітімнің мейлінше жиі кездесетін себептері болып табылады. Бұл ретте пациент бағдарының барлық деңгейлерінде бірыңғай іс-қимыл алгоритмдеріне негізделген өзара іс-қимыл және интеграция жоқ.

БҰДСЖ енгізу шеңберінде ТМККК көрсету кезінде жеке меншік және мемлекеттік меншік нысанындағы медициналық қызмет берушілер арасында тең жағдай жасалуын қамтамасыз етумен бәсекелес орта қалыптасуда. ТМККК қызметтерінің  жеке меншік өнім берушілерінің үлесі 2010 жылғы 12% -дан 2014 жылы 27,4%-ға дейін өсті.

Мемлекеттік медициналық ұйымдар байқау кеңестері бар шаруашылық жүргізу құқығындағы (бұдан әрі – ШЖҚ) ұйымдар мәртебесіне өту жолымен өз дербестіктерін кеңейтті. Амбулаториялық және стационарлық секторда түпкі нәтижеге бағдарланған ақы төлеудің жаңа әдістері, онкологиялық қызметте және ауылдық медицина ұйымдарында жаһандық бюджет енгізілді.

Саланы қаржыландыру көлемі 1,5 есеге: 2010 жылғы 568,9 млрд. теңгеден 2014 жылы 870,7 млрд. теңгеге дейін өсті.

Сонымен бірге, макроэкономикалық көрсеткіштердің талдауы Қазақстандағы денсаулық сақтау саласына салынатын бюджеттік инвестициялар мөлшерінің дамыған елдердің деңгейінен едәуір артта қалып отырғанын анықтады.

Жалпы алғанда, Қазақстанда денсаулық сақтау саласына жұмсалатын жан басына шаққандағы шығыстар ЭЫДҰ елдерінен 9 есеге төмен (Қазақстан – 268 АҚШ долл.; ЭЫДҰ – 2414).

Денсаулық сақтауды қаржыландырудың жеткіліксіздігі салдарынан Қазақстанда медициналық көмек алуға жұмсалатын жеке шығыстар деңгейінің жоғарылығы сақталып қалып отыр (ҚР – 35,4%, ЭЫДҰ – 19,6%, ЕО – 16,3%). ДДҰ деректері бойынша, тұрғындар шығыстары деңгейінің 20%-дан асуы денсаулық сақтау жүйесінің төмен қаржылық тұрақтылығының белгісі болып табылады және халық үшін сырқаттардың салдарынан кедейлік шегіне жақындаумен байланысты қатердің жоғарылығын сипаттайды. Олар, өз кезегінде, барлық саланы (білім алуға қабілеттілік, экономикалық өнімділік, медициналық қызметтерге деген сұраныстың азаюы) қозғауы, сондай-ақ денсаулық пен демографиялық көрсеткіштердің нашарлауына әкеліп соғуы мүмкін.

Бұдан басқа, денсаулық сақтау жүйесіндегі қолданыстағы қаржыландыру тетіктерінің, тариф саясатының тиімділігі жеткіліксіз, негізгі құралдардың жаңартылуын қаржыландыру мәселелері шешімін таппаған. ТМККК қаражатын пайдалану тиімділігінің тетіктерін әрі қарай жетілдіру қажет. Мәселен, Ұлттық скринингтеу бағдарламасы тиімділігінің төмендігі байқалады (ауруларды анықтау ересек тұрғындар арасында 3,4%, балаларда 16,4%-ды құрайды), скринингтердің тиімділігі обыр ісіктерін ерте анықтаудың тиімділігі және оларды сәтті емдеу жөніндегі ұсынымдардың негізінде мониторланбайды.

ТМККК қаржыландырудың қолданыстағы жүйесі мемлекеттің, жұмыс беруші мен азаматтың ортақ жауапкершілігі қағидасын іске асырмайды.

Жаңа технологиялардың пайда болуын ескере отырып, қазіргі заманғы медицина ресурсты мейлінше көп тұтынатын болып келеді.

Халықаралық талаптарға сәйкес стандарттау бойынша жұмыстар жалғасуда: диагностикалау мен емдеудің хаттамалары, бейінді қызметтердің алгоритмдері, стандарттары жетілдірілуде. Сапаны басқару компоненттері: медициналық ұйымдарды аккредиттеу жүйесі, ішкі аудит, білім мен дағдыларды тәуелсіз бағалау бірінен соң бірі енгізілуде.

Сонымен бірге, медициналық қызметтердің сапасын басқару сапаны басқаруға емес, бақылау жүйесіне негізделген, денсаулық сақтаудағы стандарттау процесі аяқталмаған, қоғамдық ұйымдар мен кәсіби бірлестіктер сапаны басқару процесіне тартылмайды. Медицина қызметкерлерін сертификаттау жүйесінің медициналық қызметтер сапасын қамтамасыз етуге деген уәждемесі әлсіз. Медициналық ұйымдарды аккредиттеуге дейінгі даярлау процесі дамымаған.

Қазіргі уақытта денсаулық сақтау жүйесінде барлық ведомстволарды ескергенде 68,8 мыңнан астам дәрігер (2014 жылы – 10 мың тұрғынға шаққанда 39,5, ЭЫДҰ – 42,0) және 160 мыңнан астам орта медициналық қызметкер (2014 жылы – 10 мың тұрғынға шаққанда 91,9) жұмыс істейді.

Дәрігерлік кадрлар құрылымындағы біліктілік санаты бар дәрігерлердің үлесі 46,5%-ды құрады, бұл ретте қалалық персонал арасындағы санатты дәрігерлердің үлесі ауыл персоналына қарағанда жоғарылау (қала – 48,0%, ауыл – 39,3%).

Зейнетке таяу жастағы және зейнет жасындағы дәрігерлердің үлесі 22,7%-ды құрайды, ол ауылдық жерлерде неғұрлым айқын көрінеді.

Сонымен бірге, Қазақстанда медициналық көмек көрсету деңгейлері арасында кадрлық қамтамасыз етудегі дисбаланс байқалады (МСАК және ауыл деңгейінде — тапшылық, стационар деңгейінде — профицит). Орташа алғанда, 1 МСАК дәрігері 2200-ге жуық тіркелген тұрғынға қызмет көрсетеді, ал ЭЫДҰ елдерінде оның жүктемесі айтарлықтай төмен – 1500 адамнан аз. МСАК деңгейінде орта медициналық қызметкерлердің жетіспеушілігі орын алып отыр (оңтайлы 2-3 арақатынасы кезінде 1 учаскелік дәрігерге 1,1 мейіргер).

ЖНЫК енгізілгеніне қарамастан, Қазақстанда ЖПД-нің орташа жалақысының экономикадағы орташа айлық жалақыға арақатынасы 1,1-ді құрайды. Аталмыш көрсеткіш Ұлыбританияда – 1,9; Түркияда – 2,0; Словенияда – 2,5; Венгрияда – 1,4; Эстонияда – 1,7.

«Саламатты Қазақстан» мембағдарламасын іске асыру кезеңінде медициналық және ғылыми кадрлардың әлеуетін арттыру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілді: үздіксіз кәсіби дамытудың (бұдан әрі – ҮКД) жинақтау жүйесінің қағидалары енгізілді; симуляциялық білім беру орталықтары құрылды; мамандар біліктілігін тәуелсіз бағалау жүйесі енгізілді.

Медициналық білімнің сапасын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасында 2012 жылдан бастап білім беру ұйымдарын (институционалдық аккредиттеу) және білім беру бағдарламаларын (мамандандырылған аккредиттеу) аккредиттеу процедурасы, түлектерден тәуелсіз емтихан алу енгізіліп жатыр. Қазіргі уақытқа дейін 6 медициналық ЖОО институционалдық аккредиттеуді алды, медициналық колледждерді аккредиттеу процедурасы енгізіле бастады. 2014 жылдан бастап жоғары білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеу басталды.

Алайда, кадр даярлаудың практикалық бағытталуы төмен, білім беру бағдарламалары, әсіресе, клиникалық фармакология, менеджмент, экономика бағыттары бойынша бағдараламалар жетік емес болып қалып отыр.

Ғылыми зерттеулердің бәсекеге қабілеттілігі төмен, олардың практикалық маңызы қанағаттанарлықсыз, денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді қаржыландыру жеткіліксіз және ғылыми дәрежесі бар кадрлар тапшы (650 маманнан астам).

Халықаралық тәжірибенің негізінде Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар дистрибуциясының бірыңғай жүйесі құрылды. Халықаралық сапа стандарттары (GMP, GDP, GPP және т.б) енгізілуде, фарминспекторат және дәрілік заттардың мен медициналық бұйымдардың айналымы саласындағы мемлекеттік орган құрылды. Ауыл тұрғындарына дәрі-дәрмектік көмектің физикалық қолжетімді болуын қамтамасыз ету үшін, дәріханалық ұйымдары жоқ 3000-нан астам ауылдық елді мекендерде дәрілік заттарды МСАК нысандары арқылы өткізу ұйымдастырылды.

ТМККК шеңберінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жұмсалатын шығыстар құрылымында стационарлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің үлесі 45%-ды құрайды, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің үлесі – 55%. Амбулаториялық деңгейде республиканың 2 миллионнан астам азаматы мемлекет есебінен дәрілік заттардың 400-ден астам атауы бойынша  тегін дәрілік препараттар алады.

Қазақстан Республикасы Еуропалық фармакопея комиссиясының ресми бақылаушысы және ДДҰ Дәрілік заттардың жанама әсерлеріне мониторинг жүргізу жөніндегі халықаралық бағдарламасының толыққанды қатысушы елі атанды. Еуразиялық экономикалық одақтың шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің (Беларусь, Қазақстан, Ресей Федерациясы, Қырғызстан) Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымының бірыңғай қағидалары мен ережелері туралы келісімге қол қойылды.

Республикамыздың медицина, фармацевтика қызметкерлері мен тұрғындарын ақпараттандыруды жақсарту мақсатында өңірлерде филиалдары бар Дәрі-дәрмек ақпараттық-талдау орталығы құрылды. Дәлелдік медицинаның негізінде формулярлық жүйе, ұтымды фармакотерапия қағидалары жетілдірілуде.

Десек те, Қазақстанда тіркелген барлық дәрілік заттардың небәрі 61%-ы, 42 отандық өндірушінің 7-еуі және Бірыңғай дистрибьютермен сатып алынатын дәрілік заттардың 40%-ы GMP сертификатына ие.

Рецептілік дәрілік заттарды дәрігердің рецептінсіз берудің жоғары  деңгейі, антибиотиктерді бақылаусыз пайдалану, полипрагмазия, клиникалық тиімділігі дәлелденбеген дәрілік заттарды қолдану сақталып отыр, сондай-ақ дәрілік заттардың сапасымен және нарықта контрафактілік өнімнің болуымен байланысты мәселе сол күйінде қалып отыр.

Қазақстан Республикасының нарығына келіп түсетін дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды фармакоқадағалау жүйесі жоқ. Дәрілік заттардың жанама әсерлерін жинақтау, анықтау жүйесі жетілдіруді қажет етеді, жанама әсерлерді мониторингтеудің барлық қатысушыларына арналған интеграцияланған ақпараттық жүйе жоқ.

Клиникаға дейінгі және клиникалық базалар халықаралық талаптарға сәйкес аккредиттелмеген. Медициналық ұйымдар клиникалық фармакологтармен жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген.

Медициналық ұйымдардың медициналық жабдықпен жарақтандырылуы 25,5%-ға ұлғайды (2010 жылы – 43,2 %, 2015 жылдың 6 айы үшін – 68,7 %): ауылдық – 72,6%, қалалық – 74,1%. Медициналық техникамен қамтамасыз ету үшін қаржылық лизинг тетіктерін енгізу басталды.

Сонымен бірге, медициналық техниканың қолданылмай тұруы мен тиімсіз пайдалану фактілері байқалады, дәлелдік медицинаға негізделген жарақтандыру стандарттары әзірленбеген, кепілдіктен кейінгі сервистік қызмет көрсету мәселесі шешілмеген.

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының ақпараттық құрылымын құру мақсатымен Қазақстан Республикасының Бірыңғай ақпараттық денсаулық сақтау жүйесін (бұдан әрі – БАДСЖ) енгізу аяқталады, өзекті бағыттар бойынша веб-қосымшалар (әлеуметтік мәні бар аурулардың тіркелімдері, Емдеуге жатқызу бюросы порталы, кадрлар бойынша және т.б) әзірленді және енгізілді.

Алайда, қолда бар дерекқорлар жалпыланып кеткен және біртұтас ақпараттық кеңістікке интеграцияланбаған, ол денсаулық сақтау саласының түрлі деңгейлері мен қызметтерінің өзара іс-қимылын қиындатады, ақпарат сабақтастығын қамтамасыз етпейді, жедел талдау жасау мүмкіндіктерін шектейді. Медициналық ұйымдарда электрондық құжат алмасу жүйесі енгізіліп жатқан жоқ.

2014 жылғы желтоқсанда Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінің тәуелсіз сарапшылары «Саламатты Қазақстан» мембағдарламасын іске асыру нәтижелері туралы есепті жариялады, оған сәйкес негізгі 6 бағыттың іске асырылуын  халықаралық сарапшылар келесідей деп бағалады:

1-бағыт «Қоғамдық саулықты сақтау мәселелері жөніндегі сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру» өте сәтті;

2-бағыт «Профилактикалық іс-шараларды, скринингтік зерттеулерді күшейту, негізгі әлеуметтік мәні бар аурулар мен жарақаттарды диагностикалауды, емдеуді және оңалтуды жетілдіру» – айтарлықтай сәтті;

3-бағыт «Санитариялық-эпидемиологиялық қызметті жетілдіру» – айтарлықтай сәтті;

4-бағыт «Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінде медициналық көмекті ұйымдастыруды, басқаруды және қаржыландыруды жетілдіру» – өте сәтті;

5-бағыт «Медициналық, фармацевтикалық білім беруді жетілдіру; медицинадағы инновациялық технологияларды дамыту және енгізу» – сәтті;

6-бағыт «Дәрілік заттардың халық үшін қолжетімді болуы мен сапасын арттыру, денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық техникамен жарақтандыруды жақсарту» – сәтті.

Денсаулық сақтау саласының SWOT-талдауы

Күшті жақтары:

мемлекеттің ең жоғары деңгейдегі саяси қолдауы және алынған әлеуметтік міндеттемелерді орындау кепілдігі;

балаларды иммундаумен қамтудың жоғарылығымен инфекциялық аурулардың көпшілігі бойынша орнықты эпидемиологиялық ахуал;

шекараны аса қауіпті инфекциялық аурулар мен қауіпті жүктердің әкелінуі мен таралуынан санитариялық қорғаудың тиімді жүйесі;

медициналық көмек көрсететін ұйымдардың дамыған инфрақұрылымы;

қазіргі заманғы медициналық технологияларды табысты трансферттеу тәжірибесі;

стандарттау мен аккредиттеудің негізінде медициналық көмектің сапасын басқару жүйесін енгізу;

денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың заманауи тарифтік саясаты;

отандық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар өндірушілерін дамыту үшін жағдай жасау

Әлсіз тұстары:

ЭЫДҰ елдерінің орташа деңгейімен салыстырғанда күтілетін өмір сүру ұзақтығының төмендігі, жалпы өлім-жітім деңгейінің жоғарылығы;

денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың ІЖӨ-ге қатысты үлесі деңгейінің төмендігі;

денсаулық сақтауға жұмсалатын жеке шығыстар  деңгейінің жоғарылығы;

МСАК-ті қаржыландыру деңгейінің жеткіліксіздігі;

денсаулық сақтау жүйесінің ескірген инфрақұрылымы;

санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының жеткіліксіз материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі;

саладағы ақпараттандыру деңгейінің әлсіздігі;

денсаулық үшін ортақ жауапкершілік алу тетіктерінің жоқтығы;

жеке меншік сектордың ТМККК көрсетуге қатысуының жеткіліксіздігі;

дипломға дейінгі және дипломнан кейінгі білім беру кадрларын даярлау  деңгейінің  жеткіліксіздігі;

денсаулық сақтау жүйесіндегі тиімді басқару  деңгейінің төмендігі;

медициналық персоналдың еңбек уәждемесінің төмендігі;

амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі.

Мүмкіндіктер:

негізгі демографиялық көрсеткіштердің оң динамикасы;

Еуразиялық экономикалық кеңістік шеңберінде біртұтас нарықтың құрылуы;

Денсаулық сақтауға тікелей инвестицияларды (соның ішінде шетелдік) тарту және мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту;

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар өндірісінің орналасуы;

Ендірілген нарық тетіктерінің (Бірыңғай ақы төлеуші құрылды, түпкі нәтиженің негізінде ақы төлеудің заманауи әдістері енгізілді) негізінде әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу;

халықаралық қаржы институттарының қолдауы;

өңірлік денсаулық сақтау нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыру;

халықаралық әріптестермен қарқынды ынтымақтастық орнату арқылы технологияларды, білім мен үздік тәжірибені трансферттеу.

Қауіптер:

жаһандық және аймақтық экономикалық ахуалдың әрі қарай нашарлауы;

жаңа инфекциялық аурулардың пайда болуы және бұрын белгілі болғандарының қайта оралуы;

ел аумағында аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтарының болуы;

инфекциялық емес аурулардың өсуі;

медициналық қызметтерге сұраныстың артуы;

медициналық қызметтер мен тауарлар импортының артуы;

денсаулық сақтауға жұмсалатын мемлекеттік және жеке шығындардың өсуі;

ескірген, тиімділігі аз басқару технологиялары;

тез тозатын және ескіретін инфрақұрылым және жабдықтар;

саланың адами ресурстарын  тиімсіз дамыту мен пайдалану;

халықтың медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігінен көңілі қалуының және қанағаттанбауының өсуі.

4.Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері

 Мақсат: Еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық  дамуын қамтамасыз ету үшін халықтың денсаулығын нығайту.

Осы мақсатқа қол жеткізу мына нысаналы индикаторлармен өлшенетін болады:

Нысаналы индикаторлары Өлшем бірлігі Ақпарат көздері Орындалуына жауаптылар 2014

 

(факт)

2015

 

(баға)

2016 2017 2018 2019
1 Күтіліп отырған өмір сүру ұзақтығының деңгейі Жыл саны Статистика комитетінің ресми деректері ДСӘДМ,

 

ІІМ,

БҒМ,

АШМ,

МСМ,

облыстардың, Алматы мен Астана қалаларының әкімдіктері

71,62 71,7 71,8 72,2 72,6 73

 

Бағдарламалық мақсаттар:

  1. Ауруларды профилактикалау мен басқарудың интеграцияланған тәсілінің негізінде қоғам денсаулығын сақтау жөніндегі жаңа саясатты енгізу.
  2. Тиімділікке, қаржылық тұрақтылыққа және әлеуметтік-экономикалық өсуді қолдауға бағытталған ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту.

1-бағдарламалық мақсат: Ауруларды профилактикалау мен басқарудың интеграцияланған тәсілінің негізінде қоғамның саулығын сақтау жөніндегі жаңа саясатты енгізу.

Осы мақсатқа қол жеткізу мына нысаналы индикатормен өлшенетін болады:

 

Нысаналы индикатор Өлшем бірлігі Ақпарат көздері Орындалуына жауаптылар 2014 (факт) 2015

 

(баға)

2016 2017 2018 2019
1 Халық денсаулығының индексі % ҰЭМ Статистика комитетінің ресми деректері ДСӘДМ,

 

ІІМ,

БҒМ,

АШМ,

МСМ,

Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдіктері

16 17 18 19 20

 

Қойылған мақсатқа жету үшін мына міндетерді шешу көзделеді: 1-міндет: Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін дамыту

Осы міндетке қол жеткізу мына тікелей нәтижелер көрсеткіштерімен өлшенетін болады:

Нәтижелердің көрсеткіштері Өлшем бірлігі Ақпарат көздері Орындалуына жауаптылар 2014

 

(факт)

2015

 

(баға)

2016 2017 2018 2019
1 Ауыз суға тұрақты қолжетімділігі бар тұрғындардың үлесі: % Ведомстволық статистикалық есеп ҰЭМ

 

облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері

           
  қала       86 87 88 90 93 97
  ауыл       50,3 51,5 52,3 55 58 62
2 Суды ағызып әкету қызметіне  тұрақты қолжетімділігі бар тұрғындардың үлесі % ведомстволық статистикалық есеп ҰЭМ

 

облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері

           
  қала %     81 82 84 88 93 97
  ауыл %     10 11 11,2 11,5 12 13
3 Зардап шеккендері бар ЖКО саны абс., ІІМ ведомстволық статистикалық есебі ІІМ,

 

облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері

20378 19970 19570 19178 18794 18418
4 ЖКО нәтижесінде қаза тапқандар саны абс., ІІМ ведомстволық статистикалық есебі  

 

ІІМ,

облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері

2585 2559 2533 2508 2483 2458
5 Жарақаттардан, оқыс оқиғалардан және уланулардан болатын өлім-жітім 100 000 тұрғынға шаққанда ДСӘДМ ведомстволық статистикалық есебі ДСӘДМ,

 

ІІМ,

БҒМ,

облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері

87,86 79,0 72,7 66,9 61,5 56,7
6 15-17 жастағы балалар арасында өз-өзіне қол жұмсау деңгейі 100 000 тұрғынға шаққанда ҰЭМ Статистика комитетінің ресми деректері БҒМ,

 

ІІМ,

ДСӘДМ

17,5 17,4 17,3 17,2 17,1 17,0
7 Өндірістік жарақаттану деңгейі оқыс жайлардың 1000 адамға шаққандағы жиілігі ДСӘДМ ведомстволық статистикалық есебі ДСӘДМ,

 

облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері

0,39 0,38 0,37 0,36 0,35 0,34
8 15-49 жас тобындағы АИТВ инфекциясының 0,2-0,6% шегінде таралуы   ДСӘДМ ведомстволық статистикалық есебі ДСӘДМ

 

ҰЭМ,

облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері

0,17 0,21 0,26 0,33 0,41 0,51
9 15-17 жастағы балалар арасында жыныстық жолмен берілетін инфекциялармен (бұдан әрі – ЖЖБИ) сырқаттанушылық (мерез маркері) 100 000 тұрғынға шаққанда ДСӘДМ ведомстволық статистикалық есебі ДСӘДМ,

 

БҒМ

облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері

6,9 6,5 6,2 5,9 5,6 5,3
10 Туберкулезге шалдығу 100 000 тұрғынға шаққанда ДСӘДМ ведомстволық статистикалық есебі ДСӘДМ,

 

ҰЭМ,

облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері

66,4 64,7 63,1 61,5 59,9 57,0
11 Сотталғандар арасындағы туберкулезге шалдығу 100 000 сотталғанға шаққанда ІІМ ведомстволық статистикалық есебі ІІМ 799,0 790,0 780,0 770,0 760,0 750,0
12 Инфекциялық және паразиттік аурулармен сырқаттану көрсеткішін 315,9-дан аспайтын деңгейде ұстап тұру  100 000 тұрғынға шаққанда ҰЭМ ведомстволық статистикалық есебі ҰЭМ,

 

ДСӘДМ,

облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері

295,6 315,9 315,9 315,9 315,9 315,9
13 Дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтарды қамту % МСМ ведомстволық статистикалық есебі МСМ,

 

ДСӘДМ,

облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері

25,1 26,0 27,0 28,0 29,0 30,0
14 Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің базасында дене шынықтырумен және спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдерді қамту % МСМ ведомстволық статистикалық есебі МСМ,

 

БҒМ,

ДСӘДМ,

облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері

13,0 13,5 14,0 14,5 15,0 15,1
15 Жүкті әйелдер арасында қаназдықтың таралуы фертильдік жастағы 100 000 әйелге шаққанда ДСӘДМ ведомстволық статистикалық есебі ДСӘДМ, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері 2514,1 2502,0 2489,0 2477,0 2465,0 2453,0
16 17 жасқа дейінгі балалар арасында қаназдықтың таралуы 100 000 тиісті тұрғынға шаққанда ДСӘДМ ведомстволық статистикалық есебі ДСӘДМ, БҒМ,

 

облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері

8189,5 7943,8 7705,5 7474,3 7250,0 7032,6
17 Семіздіктің таралуы 100 000 тұрғынға шаққанда ДСӘДМ ведомстволық статистикалық есебі ДСӘДМ,

 

ҰЭМ,

облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері

278,3 270,0 256,5 243,6 231,4 220,0
18 Нашақорлықтың және мінез-құлық ауруларының профилактикасы жөніндегі бағдарламаларды іске асыратын жалпы білім беру мекемелерінің үлесі % БҒМ ведомстволық статистикалық есебі БҒМ,

 

ДСӘДМ,

облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері

50,0 64,0 78,0 85,0 90,0 100,0
19 Есірткіні залалды тұтынумен және оған тәуелділікпен наркологиялық есепте тұрған адамдар саны 100 000 тұрғынға шаққанда ДСӘДМ ведомстволық статистикалық есебі ДСӘДМ, ІІМ 194,3 193,0 192,0 191,0 190,0 189,0
 

 

 

 

 

2-міндет. Ауруларды профилактикалау мен басқаруды жетілдіру.

 

Осы мақсатқа қол жеткізу мына тікелей нәтижелер көрсеткіштерімен өлшенетін болады

 

 

Нәтижелер көрсеткіштері Өлшем бірлігі Ақпарат көздері Орындалуына жауаптылар 2014

 

(факт)

2015

 

(баға)

2016 2017 2018 2019
1 Халықтың жалпы өлім-жітімі 1000 тұрғынға шаққанда Статистика комитетінің ресми деректері ДСӘДМ,

 

облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері

7,57 7,4 7,2 6,97 6,8 6,28
2 Ана өлім-жітімі 100 000 тірі туылғанға шаққанда Статистика комитетінің ресми деректері ДСӘДМ,

 

облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері

11,7 11,6 11,5 11,4 11,3 11,2
3 Сәби өлім-жітімі 1000 тірі туылғанға шаққанда Статистика комитетінің ресми деректері ДСӘДМ,

 

облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері

9,7 9,7 9,6 9,5 9,4 9,1
4 Қанайналым жүйесінің ауруларынан болатын өлім-жітім 100 000 тұрғынға шаққанда ДСӘДМ ведомстволық статистикалық есебі ДСӘДМ,

 

облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері

207,7 248,4 246,7 244,9 243,2 241,5
5 Туберкулезден болатын өлім-жітім 100 000 тұрғынға шаққанда ДСӘДМ ведомстволық статистикалық есебі ДСӘДМ

 

облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері

4,7 4,7 4,5 4,3 4,1 4,0
6 Қатерлі жаңа өспелерден болатын өлім-жітім 100 000 тұрғынға шаққанда ДСӘДМ ведомстволық статистикалық есебі ДСӘДМ

 

облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері

91,36 95,8 95,1 94,4 93,7 93,0
7 Қатерлі өспелері бар науқастардың 5 жыл өмір сүруі % ДСӘДМ ведомстволық статистикалық есебі ДСӘДМ,

 

облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері

50,6 50,6 52,5 52,7 53,0 53,2
8 Қатерлі жаңа өспелерді ерте анықтау (1-2 сатысы) % ДСӘДМ ведомстволық статистикалық есебі ДСӘДМ,

 

облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері

55,8 57,0 58,5 60,0 61,0 62,0
9 МСАК жұмыс уақытында созылмалы аурулары бар науқастарға жедел жәрдем шақыртулардың үлесі % ДСӘДМ ведомстволық статистикалық есебі ДСӘДМ,

 

облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері

23,5 22,7 21,2 21 21 20,8
10 Мүгедектікке алғаш шығу 10 000 тұрғынға шаққанда ДСӘДМ ведомстволық статистикалық есебі ДСӘДМ,

 

облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері

28,1 28,1 28,1 28,0 28,0 28,0
11 ЖПД учаскесіндегі тіркелген тұрғындар саны адам ДСӘДМ ведомстволық статистикалық есебі ДСӘДМ,

 

облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері

2303 2194 1954 1791 1672 1577
12 ТМККК шеңберінде МСАК-ті қаржыландырудың үлесі % ДСӘДМ ведомстволық статистикалық есебі ДСӘДМ,

 

облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері

26 28 30 32,5 35 40,0

 

2-бағдарламалық мақсат: Тиімділікке, қаржылық тұрақтылыққа және әлеуметтік-экономикалық өсуді қолдауға бағытталған ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту.

Осы мақсатқа қол жеткізу мына нысаналы индикатормен өлшенетін болады:

Нысаналы индикатор Өлшем бірлігі Ақпарат көздері Орындалуына жауаптылар 2014

 

(факт)

2015

 

(баға)

2016 2017 2018 2019
1  Халықтың медициналық көмек сапасына қанағаттануының деңгейі % Халыққа жүргізілген әлеуметтік сауалдың деректері (жетілдірілген әдістеме бойынша) ДСӘДМ

 

 

40 42 44 46

Қойылған мақсатқа жету үшін мына міндеттерді шешу көзделеді:

1-міндет: Денсаулық сақтау жүйесін басқарудың және қаржыландырудың тиімділігін арттыру.

Осы міндетке қол жеткізу мына тікелей нәтижелер көрсеткіштерімен өлшенетін болады:

Нәтижелердің көрсеткіштері Өлшем бірлігі Ақпарат көздері Орындалуына жауаптылар 2014

 

(факт)

2015

 

(баға)

2016 2017 2018 2019
1 МӘМС олар үшін ӘМС алымдары мен жарналарын алған тұрғындардың үлесі % ДСӘДМ ведомстволық статистикалық есебі ДСӘДМ, Қаржы министрлігі,

 

облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері

60 70 80
2 Дәрігерлердің орташа жалақысының экономикадағы орташа жалақыға арақатынасы   ДСӘДМ ведомстволық статистикалық есебі ДСӘДМ,

 

облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері

1,1 1,1 1,1 1,1 1,15 1,3
3 Менеджмент деңгейі бойынша жоғары рейтингке ие медициналық ұйымдардың үлесі % ДСӘДМ ведомстволық статистикалық есебі ДСӘДМ,

 

облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері

6,5 6,8 7,1 7,4 7,7 8,0
4 ТМККК шеңберінде жеке меншік медициналық қызмет берушілердің үлесі* % ДСӘДМ ведомстволық статистикалық есебі ДСӘДМ,

 

облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері

27,4 28,5 29,3 30,5 31,6 32,0
5 Халықаралық пациенттер қауіпсіздігі бойынша мақсатқа қол жеткізген медициналық ұйымдардың үлесі % ДСӘДМ ведомстволық статистикалық есебі ДСӘДМ,

 

облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері

10 15 20 30 40 50
6 Стационарларда медициналық көмек алған шетел азаматтарының саны 100 мың стационарда емделгендерге шаққанда ДСӘДМ ведомстволық статистикалық есебі ДСӘДМ,

 

Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері

123,7 128,2 132,7 137,3 142,0 147,0

 2-міндет. Ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру және саланың инфрақұрылымын жетілдіру.

Осы міндетке қол жеткізу мына тікелей нәтижелер көрсеткіштерімен өлшенетін болады:

Нәтижелердің көрсеткіштері Өлшем

 

бірлігі

Ақпарат көздері Орындалуына жауаптылар 2014

 

(факт)

2015

 

(баға)

2016 2017 2018 2019
1 Практикалық дағдылар бойынша біліктілік санатына сай келетін дәрігерлердің үлесі % ДСӘДМ ведомстволық статистикалық есебі ДСӘДМ,

 

облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері

80,0 82,0 84,0 86,0 88,0 90
2 Жалпы дәрігерлер ішіндегі МСАК дәрігерлерінің үлесі % ДСӘДМ ведомстволық статистикалық есебі ДСӘДМ,

 

облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері

19,5 21,0 22,5 23,9 25,2 26,6
3 Медициналық білім берудің аккредиттелген бағдарламаларының үлесі:   ДСӘДМ ведомстволық статистикалық есебі ДСӘДМ,

 

БҒМ

           
  жоғары %     30 40 50 70 90 100
  жоғары оқу орнынан кейінгі %     2 8 15 30 45 65
  ТжКБ %     3 10 20 30 40 50
5 Алғашқы реттен-ақ тәуелсіз емтихан алудан сәтті өткен резидентура түлектерінің үлесі % ДСӘДМ ведомстволық статистикалық есебі ДСӘДМ 60 70 77 85 90
6 ҚР-да қолдануға рұқсат етілгендер ішінен ендірілген жаңа медициналық технологиялардың үлес салмағы % ДСӘДМ ведомстволық статистикалық есебі ДСӘДМ 30 45 50 50 50 52
7 Халықаралық жарияланымдардың жалпы санында халықаралық рецензияланатын басылымдардағы жарияланымдардың үлесі % ДСӘДМ ведомстволық статистикалық есебі ДСӘДМ,

 

БҒМ

9,56 10,5 12 13,5 15 17
8 ТМККК шеңберінде дәрілік қамтамасыз етудің жалпы көлеміндегі амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етудің үлесі % ДСӘДМ ведомстволық статистикалық есебі ДСӘДМ,

 

облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері

55 57 60 63 65 70
9 Амбулаториялық-емханалық ұйымдармен қамтамасыз етілу 10 мың тұрғынға шаққанда ДСӘДМ ведомстволық статистикалық есебі ДСӘДМ,

 

облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері

4,5 4,5 4,8 5,5 6,0 6,5
10 Денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық бұйымдармен жарақтандырылу деңгейі % ДСӘДМ ведомстволық статистикалық есебі ДСӘДМ,

 

облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері

67,0 69,4 71,0 72,6 74,2 75,8
  1. Бағдарламаның негiзгi бағыттары, қойылған мақсаттарға қол жеткiзу жолдары және тиiстi шаралар

Осы Бағдарламаның негізгі бағыттары болып табылады:

  1. халық денсаулығын сақтаудың негізі ретінде қоғамдық денсаулық сақтауды   дамыту;
  2. МСАК-ті жаңғырту және басымдықты дамытудың негізінде барлық денсаулық сақтау қызметтерін халықтың мұқтаждықтары айналасына интеграциялау;
  3. медициналық қызметтердің сапасын қамтамасыз ету;
  4. Ұлттық дәрілік қамтамасыз ету саясатын іске асыру;
  5. ниеттестікті ендіру және жүйенің қаржылық тұрақтылығын көтеру негізінде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру;
  6. денсаулық сақтау саласындағы адами ресурстарды басқарудың тиімділігін арттыру;
  7. мемлекеттік-жеке меншік әріптестік және қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын одан әрі дамытуды қамтамасыз ету болып табылады.

Cектораралық өзара іс-қимыл шеңберінде іс-шараларды іске асыру қойылған мақсаттарға қол жеткізудің негізгі жолдары болмақ.

5.1.    Халық денсаулығын сақтаудың негізі ретінде қоғамдық денсаулық сақтауды дамыту

5.1.1.Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құру

Халық денсаулығын нығайту және қорғау тек тиісті стратегияларды дамытуды және түрлі тіршілік салаларындағы ресурстарды жұмылдыруды ғана емес, мемлекеттің, жұртшылықтың және халықтың осы бағыттағы қызметін интеграциялауды қамтамасыз ету үшін орнықты және тиімді  негіз қалауды талап етеді.

Үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес, денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамытудың  негізі қоғамдық денсаулық сақтау қызметін (ҚДСҚ) құру болмақ.

Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі жұмысының негізгі бағыты қоғамның денсаулығын басқару, МСАК-тің мүдделі мемлекеттік органдармен (санитариялық-эпидемиологиялық, экологиялық, ветеринариялық қызметтермен) ведомствоаралық өзара іс-қимылының негізінде ағарту, консультациялар, саламатты өмір салтын насихаттау, қолдау арқылы халықтың денсаулығын, мінез-құлық стереотиптерін қолдау бағытында өзгерту болмақ.

ҚДСҚ негізгі функциялары:

халықтың хабардарлығын және оның қоршаған ортаның түрлі факторларының, дұрыс емес тамақтанудың және мінез-құлықтық қауіптердің зиянды әсерін профилактикалау және төмендету бойынша іс-шараларға тартылуын арттыру;

инфекциялық және негізгі инфекциялық емес ауруларға, соның ішінде психикалық саулықтың бұзылыстары мен жарақаттанушылықтқа  эпидемиологиялық мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету;

ел халқының денсаулығын қорғауға және нығайтуға бағытталған сектораралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, үйлестіру және кеңейту;

денсаулықты қорғау саласындағы заңнаманың және басқа да құқықтық нормалардың сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;

өңірлік және ұлттық деңгейде аурулардың дамуын ұзақ мерзімдік үлгілеу мен болжаудың халықаралық жүйелерін енгізу болады.

ҚДСҚ қызметі халыққа медициналық көмек көрсету жүйесімен, әсіресе МСАК-пен, мамандандырылған ғылыми-зерттеу ұйымдарымен және бағдарламаларымен тығыз интеграцияланатын болады.

ҚДСҚ құрылуы республикалық және жергілікті деңгейлерде функцияларды бөлумен интеграцияланған құрылымды көздейтін болады.

Республикалық деңгейде инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың қауіп  факторларына эпидемиологиялық мониторинг жүргізу функциялары, сондай-ақ мыналар:

қоғамдық денсаулық сақтауды дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты және сектораралық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;

қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулерді, соның ішінде саламатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар;

қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерін анықтау және олардың өсу серпінін болжау үшін халықтың денсаулық жағдайына мониторинг жүргізу;

қоғамдық денсаулық сақтау қызметтері мен бағдарламаларының тиімділігін, қолжетімділігі мен сапасын бағалау жүзеге асырылатын болады.

ҚДСҚ жергілікті деңгейде жергілікті атқарушы органдардың жүргізуімен инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың профилактикасы жөніндегі іс-шараларды, соның ішінде скринингтерді әзірлеумен, жоспарлаумен, олардың іске асырылуын бақылаумен және мониторинг жүргізумен және МСАК-пен бірлесіп диспансерлеумен айналысатын болады.

ҚДСҚ өңірлік бөлімшелері қызметінің негізгі мақсаттарының бірі тамақтануды ұтымды ету мен саламатты өмір салтын ынталандырудың, санитариялық және дене мәдениетін дамытудың негізінде халықтың өз денсаулығы үшін жауапкершілігін арттыру болады. Бұл азаматтарды ақпараттандыру және ағарту, олардың жеке бас саулығы, қоғамдық денсаулық сақтау мәселелеріндегі мүмкіндіктерін кеңейту іс-шараларымен және дұрыс тамақтануды насихаттаумен қамтамасыз етіледі.

Ол үшін ҚДСҚ орталық және өңірлік деңгейлерінде дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарын және заманауи әлеуметтік медиа-ресурстар мен желілерді белсенді қатыстыра отырып, мінез-құлық психологиясы және экономика саласындағы ғылыми негізделген әзірлемелердің негізінде әлеуметтік маркетингтің инновациялық технологиялары енгізілетін болады.

ҚДСҚ-нің басым міндеті әртүрлі деңгейлі денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесіп әлеуметтік мәні бар негізгі инфекциялық емес ауруларды (ИЕА) профилактикалау және оларға мониторинг жүргізу бойынша іс-шараларды жандандыру болмақ.

Бұл ретте, ИЕА-мен күрес Жаһандық ИЕА профилактикасы және онымен күрес жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарына, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) шекті конвенциясына және Еуропалық темекіге қарсы күрес стратегиясына, ДДҰ тағам өнімдері және тамақтану саласындағы 2015-2020 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарына сәйкес, халықаралық апробацияланған технологиялардың негізінде жүргізіледі. Мектептегі дұрыс тамақтандыруды қамтамасыз ету бойынша ғылыми әзірлемелердің басымдығы қайта қаралып, мектептегі дұрыс тамақтандыру концепциясы әзірленеді, денсаулыққа пайдалы (жаңа піскен және экологиялық) тағам өнімдерін (май, тұз, қант мөлшері төмен) тұтынуды насихаттау күшейтілетін болады.

Еліміздегі бала және ересек тұрғындарды иммунопрофилактикалау жөніндегі бүкіл жұмысты ДДҰ ұсынымдарына сәйкес ұйымдастыру және үйлестірудің негізінде инфекциялық ауруларды профилактикалау мәселелеріне айрықша назар аударылатын болады.

Осы бағыт ҚДСҚ-ның халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқаты саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасауы кезінде мүмкін болады.

Сонымен бірге, қоғамдық денсаулық сақтау жүйесі орта мерзімдік кезеңде халықтың денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған сектораралық өзара іс-қимылдың институционалдық негізіне айналмақ.

5.1.2. Сектораралық өзара іс-қимылды дамыту

Халықаралық стандарттарға сәйкес, әртүрлі мемлекеттік және қоғамдық институттардың  сектораралық  өзара іс-қимылы инфекциялық және инфекциялық емес аурулар туындауының қатер факторларын төмендетуді нысанағы алуы және мыналарға бағытталған кешенді шараларды көздеуге тиіс:

халықтың сауаттылық деңгейін, соның  ішінде саламатты өмір салтын ұстану және қалыптастыру мәселелеріндегі сауаттылық деңгейін көтеру;

қатер факторларының (шылым шегу, алкогольді шектен тыс пайдалану, физикалық белсенділік) таралуын төмендететін жаңа мінез-құлық ұстанымдарын қалыптастыру;

дұрыс теңгерілген тамақтану;

дене шынықтырумен және спортпен ұдайы шұғылданатындар санының өсуі;

жол-көлік оқиғаларын азайту;

адам денсаулығын қорғау және нығайту адамның жас және әлеуметтік ерекшеліктерін ескерумен аурулар мен олардың салдарының пайда болу қатерінің сыртқы және мінез-құлықтық факторларын төмендету бойынша  сәби өмірінің алғашқы күндерінен басталатын және барлық жас кезеңдерінде жалғастырылатын профилактикалық іс-шараларға бағытталатын болады;

қауіпсіз еңбек және тұрмыс жағдайларын жасау;

мүгедектердің денсаулық сақтау қызметтеріне өзгелермен тең дәрежеде қол жеткізуін қамтамасыз ету;

олардың халықтың сырқаттану жағдайына ықпал етеріне мониторинг жүргізу деректерін ескере отырып, ауаның, судың және топырақтың ластануын азайту, шу деңгейін төмендету және оларды төмендету іс-шараларын әзірлеу.

Сектораралық өзара іс-қимылды дамыту шеңберінде басқарудың барлық деңгейлерінде, соның ішінде осы бағдарламаның мақсаттары мен міндеттерін басқа да мемлекеттік және салалық бағдарламалармен, өңірлер мен салаларды дамытудың стратегиялық жоспарларымен интеграциялау арқылы, халық денсаулығын қорғау мен нығайтудың келісілген саясатын жүргізу қамтамасыз етілетін болады.

Міндеттерді шешу үшін жоспарлаудың, қаржыландырудың тиімді әдістері, халықпен, ұйымдасқан ұжымдармен, білім беру мекемелерімен өзара іс-қимыл жасау тетіктері енгізіледі, денсаулық сақтау жөніндегі қызмет көрсеткіштері үшін министрліктердің жауапкершілік жүйесі, қоғамдық, алғашқы денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау қызметтері жұмысының интеграциясы қалыптасады.

Басқа да секторлармен және ведомстволармен бірлескен жұмыстың шеңберінде халық денсаулығына ықпал ететін қатер факторларын басқаруың бірыңғай жүйесі құрылады және денсаулықты қорғау жөніндегі қызмет көрсеткіштері үшін әр министрліктің жауапкершілік аймағы айқындалады.

Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып:

жергілікті деңгейде халық денсаулығын сақтау және нығайту саласындағы өңірлік басымдықтар зерделенеді, айқындалады және тиісті бағдарламаларды іске асыру үшін барлық жағдайлар қамтамасыз етіледі;

денсаулықты нығайту бағдармаларын іске асыру үшін халықпен, әсіресе, жастармен, ұйымдасқан ұжымдармен, білім беру мекемелерімен өзара іс-қимыл жасау тетіктерін енгізуді көздейтін, әлеуметтік  жұмылдыру бойынша кешенді шаралар әзірленеді және іске асырылады;

мектептердің медицина қызметкерлерінің штаттарын білім беру жүйесінен денсаулық сақтау жүйесіне беру бойынша шаралар қабылданады.

Сектораралық өзара іс-қимылдың басым міндеті ана мен баланы қорғау бойынша кешенді шараларды іске асыру, соның ішінде балалар жарақаттануын төмендету, балалар мен жастардың менталдық және репродуктивті денсаулығын нығайту болмақ.

Әлеуметтік қызметкерлерді, психологтар мен ІІМ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі нұсқаушыларын тарта отырып, балалар және жасөспірімдердің дене және психикалық саулығын қалыптастыруға, ата-аналар мен оқытушыларды балалар мен жасөспірімдердің  психикалық тұрақсыздығының белгілерін, қатерлі суицидтік мінез-құлқын танып-білуге, олармен әрі қарай жұмыс жасау тактикасына үйретуге бағытталған іс-шаралар айқындалады және іске асырылады.

Жол қозғалысының қауіпсіздігі, жол қозғалысы саласындағы нормалар мен ережелерді сақтау деңгейін көтеру, соның ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды автоматты тіркеу жүйелерін пайдалана отырып көтеру бойынша халықпен жүйелі түрде профилактикалық және ақпараттық жұмыс жүргізлуін қамтамасыз ету арқылы ЖКО-ның алдын алу, жолдардағы апаттық-қауіпті учаскелерді жою жөніндегі іс-шаралар жалғастырылатын болады.

Сектораралық өзара іс-қимыл шеңберінде халықты толыққанды тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтерімен (халықтың ауыз суға, суды ағызып әкету жүйелеріне тұрақты түрде қол жеткізуін қамтамасыз ету және т.б., тұрмыстық қалдықтарды жою, жылумен және энергиямен қамтамасыз ету) қамсыздандыруға бағытталған кешенді шараларды іске асыру қамтамасыз етіледі.

Қоршаған орта факторларының халық денсаулығына зиянды әсерін төмендетуге бағытталған  іс-шараларды іске асыру, соның ішінде ауаның, топырақтың және табиғи су қоймаларының ластануымен күрес жалғасатын болады.

ҚДСҚ МСАК ұйымдарымен, жергілікті атқарушы органдармен және жұмыс берушілермен бірлесіп, адамның жұмыс орнындағы денсаулығын қорғау, қазіргі заманғы стандарттар мен озық технологиялар трансфертінің негізінде кәсіптік сырқаттармен күресу, кәсіптік патология кезіндегі медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру жөніндегі  кешенді тәсілдерді әзірлейтін және енгізетін болады.

Сектораралық өзара  іс-қимылдың ең маңызды міндеттерінің  бірі дене белсенділігін ынталандыру мен спортпен шұғылдануды насихаттауды, соның ішінде жұмыс берушілерді кеңінен тарту арқылы жұмыс істейтін тұрғындарды, мектептегі білім беру жүйесі арқылы – балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің базасында балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тартуды қоса алғанда, тиімді тамақтану, саламатты және қауіпсіз өмір салты үшін жағдайлар және әділ мүмкіндіктер жасау болмақ.

Тұрғындар үшін қауіпсіз өнімнің, құрамындағы май, тұз, қант мөлшері төмен қолайлы денсаулыққа пайдалы азық-түліктің тағам өнімдерінінің қолжетімділігін кеңейту және балалардың, репродуктивті жастағы әйелдердің, жүкті және емізетін әйелдердің тамақтануын жақсарту, халықты қауіпсіз және денсаулыққа пайдалы тағам өнімдерімен тұрақты қамтамасыз ету, халықты дұрыс тамақтану туралы ақпараттандыру арқылы тамақтанумен байланысты ауруларды профилактикалау жөніндегі шаралар кешенін іске асыру жалғасады.

Ведомствоаралық жұмыс шеңберінде төтенше жағдайлардың, жарақаттанудың, оқыс жайлар мен уланулардың, зорлық-зомбылық пен қылмыстың ауқымын азайтуға, соның ішінде инфрақұрылымды тиісінше жоспарлаудың, алкоголь өнімдерінің айналымына бақылау жасау мен есірткі заттарының заңсыз айналымына белсенді түрде қарсы күресуді қоса алғанда, нормативтік реттеу және мемлекеттік бақылаудың көмегімен азайтуға бағытталған жүйелі шаралардың қабылдануы қамтамасыз етіледі.

Жалпы білім беру мекемелерінде нашақорлық пен мінез-құлық ауруларының профилактикасы  жөніндегі  бағдарламаларды енгізу кеңейтілетін болады.

ҚДСҚ жауапкершілігіне халықтың төтенше жағдайларға дайын болуын қамтамасыз ету енгізіледі.

Қылмыстық-атқару жүйесінің (бұдан әрі – ҚАЖ) мекемелерін қоса алғанда, туберкулезбен және АИТВ/ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуді жетілдіру жолымен туберкулезге шалдығу және одан болатын өлім-жітім деңгейін, соның ішінде пенитенциарлық жүйеде төмендету жөніндегі ведомствоаралық іс-шаралар, бүкіл халықтың және пенитенциарлық жүйе контингентінің туберкулездің және АИТВ/ЖИТС таралу мәселелері бойынша хабардар болуын арттыру жалғастырылады.

Жасөспірімдер мен репродуктивті жастағы тұрғындар арасында АИТВ инфекциясының таралуын төмендету жөніндегі профилактикалық іс-шараларға, 15-17 жастағы балалар арасында ЖЖБИ-ға шалдығудың профилактикасына ерекше назар аударылады.

Сектораралық өзара іс-қимылды дамыту шеңберінде халықаралық бірлестіктермен және ұйымдармен (ДҰҰ, БҰҰ, ЮНИСЕФ, соның ішінде онда қазақстандық мамандарды қатыстыру және тәжірибе алмасу мақсатымен) тығыз ынтымақтастық орнату жалғасады.

Сектораралық өзара іс-қимылдың ұзақ мерзімді мақсаты денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың кезең кезеңімен, соның ішінде ортақ мақсаттардың, міндеттер мен нәтижелілік индикаторларының негізінде интеграциялану болып табылады.

Бұл қоғамдық денсаулық сақтау, алғашқы денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау қызметтерінің жұмысын кезең-кезеңімен интеграциялаудың негізінде әлеуметтік медицина үлгісін қалыптастыру үшін негіз болады.

Бұл әлеуметтік медицинаның қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің, бастапқы денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау бірте-бірте интеграциялау негізінде әлеуметтік медицинаның  моделін қалыптастыруға негіз болады.

5.2. МСАК-ті жаңғырту және басымдықпен дамытудың негізінде барлық денсаулық сақтау қызметтерін пациент мұқтаждықтары айналасына интеграциялау

МСАК оның көлденең (амбулаториялық-емханалық) және тік (психиатриялық, наркологиялық, туберкулезге қарсы, онкологиялық және т.б) бейінді қызметтермен өзара іс-қимылының өзгеруімен, халыққа медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру жүйесіндегі орталық звеноға айналады.

Тегін амбулаториялық емдеу үшін дәрілік заттар тізбесін кезең- кезеңімен кеңейте отырып, МСАК деңгейіндегі медициналық көмек кеңейтілетін болады.

Жоспарлы мамандандырылған көмек МСАК-ке тіркелген тұрғындардың қажеттілігіне байланысты болады, оңалту және ұзақ күтім жасау қызметтері, соның ішінде жеке меншік секторды тарта отырып дамиды.

Көлік медицинасын, соның ішінде санитариялық авиацияны, жедел медициналық жәрдемді, телемедицинаны, жылжымалы дәріханалық пунктер желісін одан әрі дамыту жүзеге асырылатын болады.

Дәлелдік медицинаға, ғылыми әзірлемелерге негізделген медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарын, клиникалық хаттамаларды жетілдіру және енгізу жалғасады.

5.2.1. МСАК-ті жаңғырту және басымдықты дамыту

МСАК-ті одан әрі дамыту алғашқы звенодағы  әмбебап, интеграцияланған, әлеуметтік бағдарланған, қолжетімді және сапалы медициналық көмекті дамытуға бағытталған шараларды тереңдетуді көздейді.

Алғашқы медициналық көмектің әмбебаптығы әрі қарай қызмет көрсетудің отбасылық қағидасына өтудің есебінен қамтамасыз етіледі.  Қызмет көрсетудің отбасылық қағидасы ағзаның әрбір жас кезеңіндегі ерекшеліктерін ескере отырып, профилактиға баса назар аударумен өмір бойына адамның денсаулығына бақылау жасауды көздейді.

Отбасылық қағида әр жанұяның қажеттілігіне қарай профилактикалық, диагностикалық, емдеу, оңалту және сауықтыру іс-шараларын, паллиативтік көмек пен үйде күтім жасауды жүргізуді көздейді.

Отбасылық қызмет көрсету қағидасы МСАК дәрігерлерімен (жалпы практика дәрігері (ЖПД), учаскелік дәрігерлер (терапевтер, педиатрлар)) және МСАК дәрігерлері тарапынан үйлестіру жасай отырып, арнаулы мамандардан жасақталған  мультитәртіптік командалармен жүзеге асырылады. ЖПД-мен қамтылудың және олардың құзыреттерінің өсу шамасына қарай, олар кезең кезеңімен учаскелік дәрігерлерді алмастыратын болады.

Отбасы денсаулығын қорғау бойынша шаралар кешені отбасын жоспарлау, аурудың профилактикасы, әйел, еркек тұрғындар мен балалардың, соның ішінде мүгедектердің созылмалы ауруларын емдеу және оңалту шараларын қамтитын болады.

МСАК жұмысының басымдығы ана мен баланың денсаулығын нығайту болып қала береді. МСАК түрлі аурулар, соның ішінде перинаталды көмек кезінде медициналық көмекті аймақтандыру бағдарламаларының негізгі деңгейі болады. Андрологиялық қызметтің ұйымдастырылуын жетілдіру, еркектердің репродуктивті жүйесінің ауруларын профилактикалау мен заманауи емдеудің тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар жүргізіледі.

Медициналық көмек көрсетудің сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатымен МСАК-тің басқа да денсаулық сақтау деңгейлерімен және қызметтерімен толық интеграциялануы қамтамасыз етіледі.

Мәселен, МСАК мамандары диагностика мен бейінді мамандардың қызметтерін, стационарға жолдауды, оңалтуды, паллиативті көмекті және үйде күтім жасауды қоса алғанда, денсаулық сақтау жүйесінің барлық деңгейлерінде медициналық көмек көрсетуді үйлестіреді (бағдарлау). Олар медициналық көмектің барлық кезеңдерінде қызмет берудің толықтығы мен сапасына мониторинг жүргізетін болады.

Мамандандырылған қызметтер (соның ішінде психиатриялық, наркологиялық, тубуркулезге қарсы, онкологиялық және т. б.) жұмысының МСАК ұйымдарымен өзара тығыз байланысы жүзеге асырылады.

Медициналық көмек көрсетудің тиісті стандарттарын жетілдіру, оның толықтығы мен сабақтастығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғастырылады. Барлық деңгейлерде диагностикалау мен емдеу хаттамаларының және МСАК қызметкерлерінің орталық үйлестіру рөлінің негізінде мониторинг жүргізу арқылы ауруларды интеграцияланған басқару (АИБ) қағидасы мен бағдарламалары енгізіледі. Бұл үшін барлық өңірлерде үш ауру (артериялық гипертония, қант диабеті, қанайналымның созылмалы жеткіліксіздігі) бойынша АИБ енгізілетін болады. Бұл ретте МСАК-ті түпкі нәтиже үшін қаржылық ынталандыру тетігінде индикаторлар жүйесі жетілдіріледі. Бұл назарды ауруларды ерте анықтау мен емдеуге аудару, асқынулар жиілігін төмендету және емдеуге жатқызулар деңгейін қысқарту, медициналық-әлеуметтік тиімді оңалтуды жүргізу үшін стимулдар жасайды.

МСАК-тің әлеуметтік бағытталуы МСАК, әлеуметтік қорғау және қоғамдық денсаулық сақтау қызметтерінің жұмысын интеграциялаудың, халық денсаулығын сақтау жөніндегі сектораралық өзара іс-қимыл шеңберіндегі іс-шараларға бастапқы звено мамандарын белсенді түрде тартудың есебінен қамтамасыз етілмек.

Тиісінше, МСАК психологтарды, әлеуметтік қызметкерлерді, мейіргерлерді, фельдшерлерді, акушерлерді және көмекші персоналды тартумен кешенді медициналық және әлеуметтік қызметтер ұсынуды қамтитын алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек қызметі ретінде қарастырылады. Әлеуметтік қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасаумен әлеуметтік және психологиялық қолдау мен мультибейінді патронаж қамтамасыз етіледі.

МСАК, ҚДСҚ, әлеуметтік қызметкерлер, бейінді денсаулық сақтау қызметтері (туберкулезге қарсы, наркологиялық, психиатриялық) жұмысының бейәлеуметтік мінез-құлқы бар тұлғаларға қатысты, бала жастағы оқыс оқиғаларды болдырмау, отбасындағы теріс факторлардың бала денсаулығына әсерін жою бойынша ІІМ учаскелік қызметтерінің және басқа да мүдделі органдардың (соның ішінде балалар мен әйелдердің құқықтарын қорғау жөніндегі) өкілдерімен сектораралық интеграциясы күшейеді.

Қызметтердің барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету үшін МСАК ұйымдарының желісі өңірлердегі демографиялық, географиялық және инфрақұрылымдық жағдайларды ескере отырып дамитын болады. Ұйымдардың халық тұратын жерлерге барынша жақындатылған, кіші және шағын нысандарына басымдық берілетін болады.

Осы мақсатпен:

ЖПД учаскелерін  кезең-кезеңмен  ірілендіру;

топтық және жеке отбасылық практикалар құруды қолдау;

МСАК-ті медициналық бұйымдармен, сондай-ақ арнайы автокөлікпен жабдықтауды жетілдіру;

мобильді (көліктік) медицинаны, пациенттерді қашықтықтан бақылауды әрі қарай жетілдіру;

МСАК көрсету жүйесінде жеке сектордың, шағын және орта бизнестің дамуын мемлекеттік қолдау;

мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті (МЖӘ), МСАК желісін, қызмет бейіні тұрақты түрде сақталатын жағдайда мемлекеттік нысандарды кейін жекешелендіру мүмкіндігімен сенімгерлікпен басқаруға беруді дамыту жүзеге асырылады.

МСАК сапасын арттыру мақсатымен МСАК ұйымы мен дәрігерін толыққанды еркін таңдауды қамтамасыз ету және ынталандыру, соның ішінде халықтың МСАК ұйымдарына тіркелуінің жеңілдігі мен айқындығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданатын болады.

Қызмет көрсету сапасын жақсарту, кезек күтуді және персонал жүктемесінің шамадан тыс болуын төмендету мақсатымен, операциялық менеджментті жақсарту, өңірлік және жергілікті call-орталықтарын құру, мамандар консультациясына Интернет арқылы жазылуды енгізу, кезектерді басқарудың қазіргі заманғы технологияларын енгізу негізінде МСАК ұйымдарын басқару жетілдірілетін болады.

Денсаулық  сақтау жүйесіндегі МСАК басымдылығын, тиімділігін және тартымдылығын  қамтамасыз ету үшін МСАК-тің кадрлық  әлеуетін дамыту жөніндегі жұмыстар, лауазымдық нұқсаулықтарды және біліктілік талаптарын оңтайландыру жүргізілетін болады.

ЖПД-ні жоғары білім берудің жаңа мемлекеттік стандарттары бойынша даярлау заманауи білімі бар, практикалық, коммуникативтік дағдыларға ие  және командада жұмыс істей алатын, кеңбейінді мамандар қалыптастырудың негізін қалайды. Бұл ретте ЖПД-ні бала жастағы ауруларды профилактикалау, диагностикалау және емдеу бойынша теориялық және практикалық оқыту күшейтіледі.

МСАК-ті дамыту шеңберінде пациенттерді бақылау, созылмалы ауруларды басқару, сондай-ақ, пациенттерге үйде қызмет көрсету жөніндегі кейбір функциялар кезең-кезеңімен арнайы дайындалған жалпы практика мейіргерлеріне берілетін  болады.

Орта медициналық қызметкерлерді (бұдан әрі — ОМҚ) оқыту МСАК басымдығын, оның көпфункциялығы мен әмбебаптығын ескерумен жүргізілетін болады, ол денсаулық сақтаудың басқа секторларына қарағанда,  ОМҚ–да жоғары дербестікті талап етеді. ОМҚ оқыту стандарттары да әзірленген кәсіби стандарттарға сәйкестендіріледі.

МСАК-тің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, оның толықтығы мен тартымдылығын арттыру  үшін мамандар тартудың уәждемелік тетіктері жетілдіріледі, амбулаториялық  деңгейде мемлекетпен  қамтамасыз етілетін дәрілік заттардың тізбесі кезең-кезеңімен кеңейтіледі. Халықтың денсаулығына ең ауыр әсер ететін ауруларды ерте анықтау  жөніндегі негізгі скринигтік бағдарламаларды әрі қарай дамыту, сондай-ақ олардың тиімділігіне үнемі мониторинг жүргізу және бағалау қамтамасыз етіледі.

5.2.2. Жедел және шұғыл медициналық көмекті (ЖШМК) дамыту

Халыққа медициналық көмек берудің толықтығы мен сапасын қамтамасыз ету мақсатымен сабақтастықты және МСАК ұйымдарын ЖШМК көрсетуге тартуды қамтамасыз ету жалғастырылады.

Сараланған медициналық көмекті стационарлық деңгейге кезең-кезеңімен ауыстыра отырып, практикалық дағдыларды бекітудің және пациенттерді тасымалдау жағдайындағы шұғыл медициналық жәрдемнің стандартталған алгоритмдерін енгізудің негізінде ЖШМК қызметінің халықаралық стандарттарын енгізу қамтамасыз етіледі. Осы мақсатпен ЖШМК-ті кадрлармен қамсыздандыру нормативтері қайта қаралады, халықаралық стандарттардың негізінде білім беру бағдарламалары әзірленіп, енгізіледі және денсаулық сақтаудың барлық деңгейлері үшін кадрлар даярлау орталықтары құрылады.

МЖӘ негізінде медициналық әуе тасымалы (санитариялық авиация) жүйесін әрі қарай дамыту бағдарламасы әзірленіп, іске асырыла бастайды. Ол мемлекеттік емес қаржыландыру көздерін тартудың негізінде бірнеше негізгі міндеттің тиімді  іске асырылуын қамтамасыз етеді:

шұғыл және ТЖ жағдайларда оқиға орнында ЖМШК көрсету және пациенттерді стационарға тасымалдау;

пациенттерді медициналық көмек көрсету деңгейлері арасында қайта тасымалдау;

жету қиын жерлерде медициналық көмек көрсету, соның ішінде толыққанды медициналық көмек көрсету үшін қажетті мамандарды жеткізу арқылы көмек көрсету.

Осы міндеттерді іске асыру үшін жедел медициналық жәрдемді және  санитариялық авиацияны басқарудың бірыңғай орталықтандырылған жүйесі енгізіледі және республиканың барлық шұғыл әрекет ету қызметтері енгізілетін біртұтас Call-center құрылады.

5.2.3. Барлық денсаулық сақтау қызметтерінің интеграциясымен мамандандырылған медициналық көмекті (ММК) дамыту

Халықтың денсаулығының ағымдағы жай-күйін және инфекциялық емес аурулардың болжалды өсімін ескере отырып, медициналық көмекті ұйымдастырудың интеграцияланған моделін әзірлеу және кезең-кезеңімен  енгізу көзделіп отыр.

Осы үлгі негізгі әлеуметтік мәні бар, инфекциялық емес ауруларды және ел халқының демографиясына айтарлықтай ықпал ететін ауруларды:

миокардтың жіті инфарктын,

ми  қанайналымының жіті бұзылуын (инсульт);

қатерлі жаңа өспелерді;

жарақаттарды;

жүктілік және босандыруды қамтитын болады.

Халықаралық кәсіби ұйымдармен ұсынылған клиникалық нұсқаулар мен хаттамалардың негізінде әр блок бойынша іс-қимыл жоспарлары (Action Plan) әзірленеді және іске асырыла бастайды, олардың шеңберінде халық денсаулығының жоспарланып отырған көрсеткіштері және оларға қол жеткізу үшін қажетті негізгі іс-шаралар айқындалатын болады.

Аталмыш модель шеңберінде МСАК үйлестіруші рөлінің негізінде денсаулық сақтау жүйесінің барлық деңгейлерінде медициналық көмектің толық болуын, сапасын және сабақтастығын қамтамасыз етуге бағытталған интеграцияланған медициналық көмек беру стандарттары әзірленеді және іске асырылады.

Бұл ретте, стационар деңгейінде медициналық көмек көрсету көрсетілетін медициналық технологияның күрделілігіне байланысты аймақтандыру қағидасы бойынша жүргізіледі.

Күрделі технологиялық қондырғылар мен біліктілігі жоғары мамандарды қажет ететін денсаулық сақтау қызметтері ауданаралық, өңірлік, облысаралық және республикалық деңгейлерде тиісті орталықтардың құрылуымен орталықтандырылады. Сонымен бірге, күрделі технологиялық қондырғыларды қажетсінбейтін денсаулық сақтау қызметтері орталықсыздандырылады және пациенттің тұрғылықты жеріне жақын  денсаулық сақтау ұйымдарында көрсетілетін болады. Медициналық және әлеуметтік қызметтер пациенттердің қажеттіліктеріне қарай интеграцияланады.

Бұл қызметтер сапасын арттыру, күту уақытын азайту, диагностикалау мен емдеудің негізсіз әдістерін тағайындауды болдырмау мақсатымен пациенттердің қозғалысын айқын және ұтымды бағдарлау тетіктерін әзірлеу мен енгізуді көздейді.

Бұдан басқа, осы іс-шараларды іске асыру үшін мыналар:

денсаулық сақтау ұйымдарының барлық деңгейлері үшін диагностикалау мен емдеудің дәлелді медицина қағидаларына негізделген клиникалық хаттамаларын;

бейінді қызметтердің жұмысын ұйымдастыру стандарттарын;

медициналық қызметкерлер үшін кәсіптік стандарттарды;

іс-шараларға мониторинг жүргізу, оларды басқару және үйлестіру технологияларын әзірлеу және енгізу жалғасады.

Олардың бейіндері шеңберінде барлық деңгейлерде медициналық көмек көрсетудің сабақтастығына, тиімділігі мен сапасына мониторинг жүргізу, оларды қамтамасыз ету бөлігінде республикалық клиникалардың, ғылыми орталықтардың және ғылыми-зерттеу институттарының рөлі мен жауапкершілігі күшейтілетін болады.

МСАК қызметі мен ММК-нің интеграциясын технологиялық сүйемелдеу мақсатымен АКТ-ны, телемедицинаны және пациенттердің жекелеген санаттарына қашықтан сымсыз мониторинг жүргізу жүйесін дамыту жүзеге асырылады. Сабақтастықты қамтамасыз ету үшін, жер-жерлерде пациенттерге түсіндіруге, консультация беруге, оларды тіркеуге және мониторинг жүргізуге  арналған аумақтық және өңірлік call-орталықтар құрылады.

Бір жағынан, озық медициналық технологиялардың трансфертін әрі қарай ынталандыру, сондай-ақ, медициналық көмектің қолжетімді болуын, толықтығын  және сапасын арттыру,  екінші жағынан, денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатымен жан-жақты талдау жүргізіліп, жоғары технологиялық қызметтерді қоса алғанда, клиникалық хаттамалардың негізінде мамандандырылған медициналық көмекті одан әрі дамытудың жаңа тәсілдері әзірленетін болады. Медициналық ұйымдарға медициналық көмектің жекелеген түрлерін көрсету үшін, оның сапасы мен қауіпсіздігінің тиісінше болуын ұстап тұру мақсатында міндетті аккредиттеуден өту жөніндегі талаптар  белгіленеді.

Медициналық көмектің сол түрі үшін қызметтерді стандарттау, ұйымдардың  инфрақұрылымын дамыту және мамандарды жүйелі даярлаудың негізінде, түрлі патологиясы бар науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтуды белсенді түрде дамыту қамтамасыз етіледі. Бұл ретте осы саладағы жеке секторды және МЖӘ-ні дамытуды мемлекеттік қолдау және ынталандыру шаралары әзірленеді және енгізіледі.

Медициналық көмек көрсетудің интеграцияланған үлгісі шеңберінде, МСАК және әлеуметтік қорғау қызметімен өзара тығыз іс-қимыл жасаудың негізінде, ұзақ медициналық-әлеуметтік күтім жасау, паллиативті көмек және  науқастар мен мүгедектерге үйде күтім жасау қызметтері дамитын болады.

5.3. Медициналық қызметтердің сапасын қамтамасыз ету

5.3.1. Медициналық көмекті стандарттау және сапасын басқару

Медициналық ұйымдардағы барлық өндірістік процестерді стандарттаудың негізінде сапаны басқару жүйесі медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін тиімді көтеру үшін негіз болады.

Клиникалық процестерді стандарттау үшін неғұрлым тиімді және қазіргі заманғы технологияларды және медицина ғылымының жетістіктерін енгізу негізінде ауруларды диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларын әзірлеу жалғастырылады.

Диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларын әзірлеу медицина қызметкерлерінің кәсіби бірлестіктерін тарта отырып, медициналық технологияларды бағалау жүйесінің (health technology assessment) негізінде жүзеге асырылатын болады. Бұл жүйенің негізінде жекелеген медициналық технологиялар мен дәрілік заттарды енгізу және қолданудың дұрыстығын анықтау мақсатымен арнайы талдамалық, клиникалық-экономикалық және фармако-экономикалық зерттеулерді ұйымдастыру және өткізу қамтамасыз етіледі.

Қалған, клиникалық емес өндірістік процестердің (тікелей нақты ауруларды емдеумен байланысты емес) стандарттары медициналық ұйымдарды аккредиттеуге арналған талаптар шеңберінде әзірленеді.

Ең жоғары клиникалық және экономикалық тиімділікті, сондай-ақ медициналық технологиялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін медициналық практикаға жаңа технологияларды және дәрілік заттарды енгізу процесі жетілдіріледі. Сапа стандарттарын енгізуді және тиімділігін мониторинг жүргізуді денсаулық сақтау саласындағы орталық және жергілікті атқарушы органдар, соның ішінде медицина қызметкерлерін оқыту, медицина ұйымдарын қосымша жарақтандыру, медициналық көмекті қаржыландыруды жақсарту жолымен қамтамасыз ететін болады.

Жергілікті сапаны басқару жүйелерінің негізі медицина ұйымдарының ішкі аудит қызметтері болады. Олардың қызметі қатерлерді басқарудың бірыңғай жүйесін енгізуге және тәуелсіз медициналық сарапшылар институтын тарта отырып клиникалық процестердің тұрақты аудитін жүргізуге құрылған.

Пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің халықаралық тәсілдерін енгізу мақсатымен құпия аудитті қолдану негізінде медициналық қателіктерді есепке алу мен талдаудың ұлттық жүйесін енгізу мәселесі қаралады.

Бекітілген стандарттарды бұзғаны үшін медициналық қызметкерлер мен ұйымдардың жауапкершілігін арттыру қамтамасыз етіледі.

Денсаулық сақтау жүйесінің сапасы мен ілтипаттылығын қамтамасыз ету үшін жұртшылықты, білім беру ұйымдарын, кәсіби бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен қатыстыра отырып, медицина қызметкерлерінің медициналық этикасы мен коммуникациялық дағдыларын дамытудың ұлттық бағдарламасы әзірленеді және енгізіледі.

Жалпы, медицина қызметкерлері мен ұйымдарының қызметі мен нәтижелерінің айқындығы қамтамасыз етіледі; денсаулық сақтау ұйымдарының өндірістік қызмет нәтижелерін міндетті түрде БАҚ-да жариялауы енгізіледі.

Медициналық қызметтердің сапасын арттыру жөніндегі жаңа институционалдық тетік түрлі сапа стандарттарын, соның ішінде клиникалық практика, медициналық білім беру, дәрілік қамтамасыз ету және қаржыландыру (тарифтерді) стандарттарын келісу, бекіту және қамтамасыз етуге арналған алаң ретінде ДСӘДМ жанындағы консультациялық-кеңесші органның – Медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссияның құрылуы болмақ.

Біріккен комиссияның қызметі халықаралық стандарттар бойынша стандартталады жәге аккредиттеледі және мына:

қоғамдық денсаулықты сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимыл;

ТМККК шеңберінде халықты медициналық қызметтермен қамсыздандыруда және медициналық технологияларды дамытудың басым бағыттарын айқындау;

диагностикалау және емдеу хаттамалары мен денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды жетілдіру;

медициналық және фармацевтикалық білім беруді;

медициналық қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тетіктерді жетілдіру, медициналық көмекті және аккредиттеу жүйесін стандарттаудағы негізгі бағыттарды айқындау;

халықты сапалы, тиімді, қауіпсіз дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіру;

денсаулық сақтау саласының кадр әлеуеті мен медицина ғылымын әрі қарай дамыту;

дұрыстық және экономикалық негіздеу бөлігінде (бюджетке жүктеменің өтелуі, нәтижелілік) ортақ жауапкершілік қағидасын енгізумен медициналық сақтандыру жағдайында денсаулық сақтауды басқару және қаржыландыруды жетілдіру мәселелеріндегі саясатты қалыптастыру бойынша ұсынымдарды қарауға және әзірлеуге бағытталатын болады.

Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, медицина қызметкерлерінің кәсіби бірлестіктерінің өкілдерін, халықаралық сарапшыларды және т.б. қоса алғанда, денсаулық сақтау жүйесінің барлық мүдделі тараптарының өкілдері кіреді.

5.3.2. Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеуді және лицензиялауды дамыту

Медициналық қызмет сапасын тұрақты көтеру медициналық қызмет берушілерді денсаулық сақтау саласындағы ұлттық сапа және қауіпсіздік стандарттарына сәйкестікке аккредиттеуді дамыту арқылы қамтамасыз етілмек.

Аталмыш институтты дамыту үшін ұлттық аккредиттеуге қойылатын талаптар халықаралық стандарттарға толықтай сәйкестендіріледі.

Бұл ретте денсаулық сақтау саласындағы ұлттық аккредиттеу органы сапаны қамтамасыз ету саласындағы халықаралық аккредиттеуден өтеді.

Мұнымен қоса, жаһандық бәсекеге қабілеттілікті дамыту үшін отандық медицина ұйымдарының медициналық қызметтер сапасы саласындағы басқа да танылған халықаралық ұйымдармен, соның ішінде «Joint Commission International(JCI)» аккредиттелуі қолданылады.

Медициналық ұйымдардың аккредиттеуден өтуін ынталандыру мақсатымен әртүрлі қаржылық және қаржылық емес стимулдар ендірілетін болады. Сонымен қатар аккредиттеу мамандарын даярлау жөніндегі оқыту бағдарламалары дамытылады.

Медицина қызметкерлерін міндетті сертификаттауды міндетті лицензиялау институтына трансформациялау мәселесі зерделенеді.

Медицина қызметкерлерін және медициналық ЖОО мен колледждер түлектерінің құзыреттеріне тәуелсіз бағалау өткізу үшін құзыреттерді тәуелсіз бағалаудың тиісті мамандандырылған орталықтары дамитын болады.

Жалпы алғанда, басқару органдарының сайланбалылығы, қатысу еріктілігі, қызметтің айқындығы мен этикалылығы негізінде ұлттық медицина қызметкерлерінің кәсіби бірлестіктерін дамыту қолдауға ие болады, соның  ішінде аккредиттеу, қаржыландыру және өкілеттіліктерді беру жолымен.

Аккредиттелген кәсіби бірлестіктердің негізгі мақсаты медицина ғылымы мен практикасының тиісті бағыттарын дамыту, мамандардың кәсіби құзыреттерін нығайту және халыққа берілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту болмақ.

5.4. Ұлттық дәрілік қамтамасыз ету саясатын іске асыру

Медициналық көмектің жоғары сапасы мен қауіпсіздігін, денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, отандық фармацевтикалық өндірісті дамыту мақсатында Ұлттық дәрілік саясат  (бұдан әрі – ҰДС) іске асырылады.

Фармацевтика саласының дамуы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы дәрілік заттардың қолжетімділігі, сапасы, тиімділігі мен қауіпсіздігі қағидаларына негізделген, өтіп жатқан интеграциялық үдерістер жағдайындағы денсаулық сақтау жүйесінің, қазақстандық қоғамның, фармацевтика нарықтарының заманауи талаптарын ескере отырып, дәрілік қамтамасыз етудің пациентке бағытталған моделін құруға бағытталатын Ұлттық дәрі-дәрмек саясатымен (бұдан әрі – ҰДС) айқындалады.

ҰДС-н іске асыру мына маңызды міндеттерді:

1) дәрілік заттардың қолжетімділігін қамтамасыз етуді;

2) дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;

3) дәрілік заттардың ұтымды қолданылуын қамтамасыз етуді іске асыруға арналған іс-шаралар кешенін әзірлеуді, орындауды және тиімділігіне мониторинг жүргізуді көздейді

5.4.1. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету

Дәрілік заттардың қолжетімділігі одан әрі Қазақстан Республикасы мен ЕАЭО елдерінің аумағында пайдалануға рұқсат ету үшін дәрілік заттарды кешенді іріктеу жүйесімен қамтамасыз етіледі.

Осы мақсатта дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу жүйесі жетілдіріледі, GPM стандарты бойынша өндірілген, АҚШ-тың тағам өнімдері мен дәрі-дәрмектер жөніндегі әкімшілігімен (FDA), Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігімен (EMA) мақұлданған дәрілерді тіркеу процедурасы жеңілдетіледі.

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың экономикалық және физикалық қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатымен мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында сатып алу тетіктері жетілдірілетін болады.

Жекелеген аудандардағы халық үшін дәрілік заттардың қолжетімді болуын көтеру үшін мобильді жылжымалы дәріханалық пункттер жүйесі дамытылады.

Қолжетімділікті арттыру, импортқа тәуелділікті төмендету және денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатымен отандық өндірістің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарының айналымын жүйелі мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілетін болады.

Халық үшін дәрілік заттардың экономикалық қожетімділігін қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар іске асырылады.

Сыртқы және ішкі референтті баға түзіліміне, дәрілік заттарды сатып алу жүйесін жоспарлауды жетілдіру және оларды ұтымды пайдалануға негізделген әлемдік озық тәжірибені пайдала отырып, дәрілік заттарға бағаны мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолымен мемлекеттік шығындардың өсуін тежеудің тиімді тетіктері енгізіледі.

Сондай-ақ, амбулаторилық деңгейде тегін дәрілік заттармен қамтамасыз етуді (АДҚ) кеңейту шеңберінде азаматтардың ДЗ құны мен белгіленген шектік өтеу бағасындағы айырмашылықты бірлесіп төлеуінің негізінде халықтың неғұрлым қымбат препараттарды (оригинал препараттар мен дженериктерді) таңдау мүмкіндігі берілетін болады.

Дәрігердің рецептісі бойынша берілетін дәрілік препараттардың іске асырылуын бақылау күшейтіледі.

Денсаулық сақтау саласындағы орталық уәкілетті орган жанындағы Ұлттық формулярлық комиссия қызметінің тиімділігін арттырудың негізінде ұлттық формулярлық жүйені әрі қарай дамыту жалғастырылады.

Ұлттық формулярлық комиссия Қазақстанның ұлттық дәрі-дәрмектік формулярын (ҚҰДФ) қарап, мақұлдайтын болады.

5.4.2.Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Лайықты фармацевтикалық практикаларды енгізу жолымен дәрілік заттардың сапасын қамтамасыз ету жүйесін енгізу бойынша шаралар қабылданады.

Отандық дәрілік заттардың өндірісі, дәрілік заттар логистикасы мен сақталуының сапасы 2018 жылы міндетті түрде GMP және GDP стандарттарына өтумен қамтамасыз етіледі.

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар сапасын сараптау саласындағы халықаралық талаптарға жауап беретін референс-зертханалар құрылады және жарақтандырылады.

Дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету де GCP стандарттары бойынша клиникалық сынақтар өткізумен қамтамасыз етіледі. Дәрілік заттардың сапасын арттыру мақсатымен Қазақстан Республикасында жаңа дәрілік заттарға клиникалық сынақтар жүргізуді қолдау, сондай-ақ клиникалық базалардың ғылыми және техникалық әлеуетін арттыру жөніндегі шаралар кешені әзірленеді.

Жоғарыда көрсетілген стандарттарға сәйкестікті бақылау мақсатымен дәрілік заттар айналымы саласындағы нысандар мен денсаулық сақтау ұйымдарының тиісінше фармацевтикалық практикаларға сәйкестігін бағалау, өндірістердің, клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулердің, тұрақты оқыту өткізумен фармақадағалау жүйесінің инспекцияларын өткізу үшін, мемлекеттік фармацевтикалық инспекторат дамытылады. Қазақстанның Халықаралық фармацевтикалық инспекциялардың ынтымақтастық жүйесіне (PIC/S) кіруі аяқталады.

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымын және сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылданады. ҚР аумағында қолданылатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарлың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік органдардың өкілеттіліктері мен жауапкершілігі заңнамалық тәртіппен күшейтілетін болады.

5.4.3. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ұтымды қолданылуын қамтамасыз ету

Дәлелді медицинаны әрі қарай дамыту дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ұтымды қолданылуын қамтамасыз ету үшін негіз болады.

Осы мақсатпен Қазақстанның ұлттық дәрі-дәрмек формулярын (ҚҰФ) енгізу және қолдау жолымен формулярлық жүйені дамыту және жетілдіру жалғастырылады.

Денсаулық сақтау ұйымдарының дәрі-дәрмек формулярлары ҚҰФ негізінде жасақталып, жекелеген, неғұрлым қымбат дәрілік заттарға қатысты қолданылуына тұрақты түрде мониторинг жүргізу және тиімділігін бағалау негізінде ұдайы жетілдіріліп тұратын болады.

Денсаулық сақтау ұйымдарында қаржылық қаражатты жұмсаудың клиникалық-экономикалық талдауы ескеріле отырып, дәрілік заттарды ұтымды қолдануға толыққанды мониторинг жүргізу және талдау жасау қамтамасыз етіледі.

Медициналық ұйымдарды қажетті клиникалық фармакология мамандарымен кадрлық жарақтандыруды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар іске асырылады. ҰДС тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ұйымның меншік нысанына қарамастан, мамандарды дәрілік заттарды ұтымды пайдалануға жаппай оқыту бағдарламасы әзірленіп, іске асырылатын болады.

Барлық қатысушы тараптардың жауапкершілігін арттырумен дәрілік заттарды өткізудің этикалық нормалары енгізіледі.

Ұлттық дәрілік заттарды ұтымды пайдалану орталығына қайта құрылатын Дәрі-дәрмек ақпараттық орталықтарының желісі арқылы медициналық және фармацевтикалық қызметкерлер мен тұрғындардың дәрілік сауаттылығын арттыру жөнінде іс-шаралар жүргізіледі.

Жоғарыда аталған шараларды тиімді іске асыру үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның, медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау жөніндегі уәкілетті органның міндеттері мен функциялары талданып, қайта қаралатын болады.

5.5. Ниеттестікті ендіру және оның қаржылық тұрақтылығын арттыру негізінде денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру

5.5.1.  Міндетті  әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу

Денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығы айтарлықтай дәрежеде денсаулық сақтауға бағытталатын қаражаттың барабар деңгейін, оларды әділ бөлуді және ұтымды пайдалануды көздейтін тиімді қаржыландыру жүйесімен байланысты.

Денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту азаматтардың денсаулығы үшін жауапкершілік мемлекет, жұмыс берушілер мен қызметкерлер  арасында бөлінетін үш деңгейлі медициналық көмек беру жүйесін құруды көздейді. Бұл ретте:

бірінші  деңгей республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын, мемлекет кепілдік берген медициналық көмектің (ТМККК) базалық пакетін немесе тізбесін ұсынады;

екінші деңгей Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі және мемлекеттің, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің міндетті сақтандыру төлемдері есебінен қаржыландырылатын медициналық көмектің қосымша пакетін немесе тізбесін қамтитын  болады;

үшінші деңгей сақтандыру компаниялары мен төлеушілер арасындағы  ерікті шарттық негізде айқындалатын, азаматтардың немесе жұмыс берушілердің өз қызметкерлерінің пайдасына төлейтін ерікті аударымдары есебінен қаржыландырылатын қызметтердің жеке пакетін немесе тізбесін қарастырады;

Ұлттық денсаулық сақтау жүйесін тұрақты дамытуда және тиімділігін арттыруда халық пен жұмыс берушілердің ынтымақтастығын дамыту мақсатында, сондай-ақ денсаулық сақтауға жұмсалатын өсімтал мемлекеттік және жеке шығындардың салдарынан болатын қаржылық қатерлерді жою мақсатында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі енгізіледі.

МӘМС жүйесі жұмыс істейтін халықтың, жұмыс берушілер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың міндетті сақтандыру төлемдерінің негізінде құрылатын болады. Халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтары (балалар, зейнеткерлер, еңбек етуге қабілетсіз азаматтар мен жұмыссыздар) үшін сақтандыру жарналарын республикалық бюджет қаражатынан мемлекет төлейтін болады.

Бұл ретте, МӘМС жүйесіне тұрақты қажеттілікпен және тұтынумен, басқарумен және болжаумен сипатталатын негізгі медициналық қызметтердің барлығы, яғни кенеттен шамадан тыс тұтынудың айқын қаржылық қатерін тудырмайтын қызметтер кешені берілетін болады.

Бұл ретте, мемлекет 2020 жылға дейін өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған халық үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (ТМККК), яғни жедел жәрдем және санитариялық авиация, вакцинация қызметтерін, кейбір әлеуметтік мәні бар аурулар (туберкулез, АИТВ, онкология, наркология және психиатрия) кезіндегі медициналық көмекті және МСАК-ті қамтитын медициналық қызметтердің негізгі пакетін қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерді өзіне қалдырады.

Сондай-ақ мемлекет инфрақұрылымды (капиталдық инвестицияларды), медициналық білім мен ғылымды, қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің жұмысын қамтамасыз етуді қоса алғанда, мемлекеттік функциялар мен бағдарламаларды дамытуды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерді де өзіне қалдырады;

Жалпы алғанда, МӘМС енгізуі мемлекеттік шығыстардың мынадай бағыттарын:

қоғамдық денсаулық сақтау қызметін дамытуға;

МСАК деңгейінде – ЖПД санын ұлғайтуға және АДҚ-н кеңейтуге;

медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңімен ұлғайтуға;

оңалту, паллиативті көмек пен мейіргерлік күтім жөніндегі қызметтерді кеңейтуге;

үздіксіз медициналық білім беруге жұмсалатын шығыстарды ұлғайтуға;

негізгі қаражатты жаңартуға жұмсалатын шығындарды тарифке енгізуге басымдық берудің негізінде ҚР денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруды ЭЫДҰ стандарттарына дейін жеткізумен сүйемелденетін болады.

МӘМС жүйесін дамыту шеңберінде жүйеге қатысушылардан түсетін сақтандыру төлемдерін шоғырландыратын және медициналық қызмет көрсету үшін бірыңғай төлеуші ретінде танылатын Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) құрылатын болады.

ТМККК және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге рұқсат етуді реттеу механизмдері жетілдіріледі. Медициналық қызмет берушілер меншік нысанына қарамастан МӘМС жүйесіне қатысу мүмкіндігіне ие болады. Шарт жасау үшін медициналық қызмет берушілерді іріктеу көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі, сапасы мен тиімділігі критерийлері ескеріле отырып жүзеге асырылады.

Медициналық қызметтерді тұтынуды төмендетуге уәждеу үшін бірлесіп ақы төлеуді енгізу қажеттілігі зерделенеді, бірақ ол халық үшін аурулардың қаржылық ауыртпалығы айтарлықтай ұлғайтылмайды.

Жоғарыда аталған іс-шаралар халықпен және медицина қызметкерлерімен белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу арқылы сүйемелденеді. Халықпен кері байланыс механизмдері, соның ішінде ӘМСҚ-ның құрылымдық бірлігі нысанында не одан тыс халықтың өтініштерін өңдеу жөніндегі бөлім құрылатын болады. Тұрақты негізде МӘМС жүйесі қызметінің тиімділігіне мониторинг және бағалау жүргізіледі. Бұқаралық есепділік практикасын енгізу денсаулық сақтау жүйесінің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.

5.5.2.  Тарифтік саясатты жетілдіру

Әртүрлі медициналық қызмет берушілермен өзара қарым-қатынастағы анық және айқын тарифтік және келісім-шарттық саясат МӘМС тиімді қызметінің негізі болады.

Айқындық, әлеуметтік бағдарлану, бірыңғай инвестициялық саясат және шығындарды басқару тетіктерінің негізінде тарифтік саясатты жоспарлау, қалыптастыру және іске асыру тетіктері жетілдіріледі.

Амбулаториялық деңгейде ынталандырушы компоненттері бар жан басылық қаржыландыру жүйесі дамиды, пациенттердің мүддесі үшін  медициналық қызметтердің кешенділігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету үшін қызметтердің құрама тарифтерін қалыптастыру зерделенеді.

Енгізілетін ауруларды басқару тұжырымдамасының шеңберінде кейбір жағдайларда, әсіресе, қымбат тұратын диагностика және емдеу технологияларын қолдану жағдайларында медициналық көмек көрсетудің МСАК-та стационарлық емдеуге және кейіннен оңалтуға дейінгі барлық деңгейлерін  біріктіретін тарифтер де қаралатын болады.

Стационарлық деңгейде оларды есептеудің халықаралық практикасын ескере отырып, клиникалық-шығынды топтар негізінде тарифтер де жетілдіріледі.

Кезең-кезеңімен шығыстарды есепке алуды ақпараттандыру және электрондық аурулар тарихтарын енгізу негізінде медициналық ұйымдарда шығындардың мониторинг жүйесі енгізілетін болады. Бұл іс жүзіндегі шығындардың негізінде тарифтік саясаттың айқындылығы мен тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

МӘМС қызметтерін көрсетуге қатысатын денсаулық сақтау субъектілерінің қаржылық тұрақтылығын арттыру мақсатында, медициналық қызметтер тарифтеріне кезең-кезеңімен негізгі қаражатты жаңартуға жұмсалатын шығыстар енгізіледі. Бұл жеке инвестициялар тарту және мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті (МЖӘ) дамыту үшін сектордың тартымдылығын көтереді.

Тарифтерді әзірлеу және бекіту процесі нарық өкілдерін, медициналық қызмет берушілерді, жұртшылықты тартумен айқын болады.

МӘМС енгізу тұтынылатын медициналық қызметтердің көлемдерін бақылау мен басқарудың неғұрлым тиімді және айқын тетіктерін әзірлеуді және енгізуді қажет етеді. Жергілікті атқарушы органдармен бірге стационарлық медициналық қызметтердің жалпы төсек қуатының негізсіз өсуіне жол бермеу саясаты жалғастырылады. Бұл ретте азаматтардың медициналық қызмет берушілерді еркін таңдауының нарықтық қағидаттарының негізінде медициналық қызметтер көлемдерін болжаудың, жоспарлаудың және бақылаудың жаңа тетіктері әзірленіп, енгізілетін болады.

5.5.3.  Денсаулықты сақтау мен нығайтуда жергілікті атқарушы органдардың рөлін арттыру

Мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру процестері, жергілікті атқарушы органдардың  (бұдан әрі — ЖАО) рөлін арттыру  халық денсаулығын сақтау және нығайту мәселелерін шешуде жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қатысуымен тікелей байланысты.

Осыған орай, ЖАО-мен бірге мыаналар:

жергілікті атқарушы органдар деңгейінде халық денсаулығын сақтау және нығайту саласындағы өңірлік басымдықтар және жергілікті әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру үшін қосымша қаржыландыру көздері;

сыртқы орта факторлары мен мінез-құлықтық қатерлердің халық денсаулығына зиянды әсерін профилактикалауға және төмендетуге бағытталған кешенді шараларды іске асыру бойынша тиімді сектораралық өзара іс-қимылды дамытуда ЖАО-лардың рөлі мен міндеттері;

өңірлік денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға деген қажеттіліктер, оның ішінде мемлекеттік коммуналдық денсаулық сақтау объектілерінің капиталдық инвестицияларға мұқтаждықтары;

жергілікті бюджеттерде денсаулық сақтау объектілерінің желілерін, оның ішінде МЖӘ тетіктері бойынша дамытуға және күтіп ұстауға жеткілікті қаражат жоспарлау және бөлу;

өңірлік денсаулық сақтау жүйелерінің адами ресурстарға, сондай-ақ өңірлік адами ресурстарды басқару саясатын, оның ішінде жоғары және орта білімі бар медицина қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау үшін ЖАО-лардың ортақ жауапкершілік тетіктерін әзірлеу және іске асыру;

жергілікті деңгейде тиісті қаржыландыру көздерімен денсаулық сақтау қызметкерлерін қолдау үшін әлеуметтік,  қаржылық және материалдық ынталандыруды енгізу;

өңірлік деңгейде медициналық ұйымдарда корпоративтік басқаруды енгізу негізінде жергілікті атқарушы органдардың саланы басқарудағы рөлін күшейту;

денсаулық сақтау ұйымдарының менеджерлерін – бірінші басшыларын қатаң түрде олардың кәсіби құзіреттілігіне, жұмыс тәжірибесіне, басқарудағы практикалық дағдыларына сәйкес тағайындаудың бірыңғай қағидаларын енгізу;

ведомстволық тиістілігінен және қаржыландыру көздерінен тыс өңірлік денсаулық сақтау ұйымдарының өңір халқының денсаулық көрсеткіштері үшін ортақ жауапкершілігін белгілеу;

осы мемлекеттік бағдарламаға сәйкес өңірлік денсаулық сақтауды дамыту жоспарларын қабылдауды қамтамасыз ету зерделенеді, айқындалады және қамтамасыз етіледі.

5.5.4.  Денсаулық сақтау жүйесіндегі көшбасшылықты және заманауи менеджментті дамыту

Қазіргі заманғы жағдайларда мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын басқару тиімділігін одан әрі арттырудың нормативтік құқықтық негізі — мемлекеттік денсаулық сақтау секторында коммерциялық емес ұйымастырушылық-құқықтық нысандарды енгізу арқылы осы ұйымдардың операциялық дербестігін дамыту болмақ. Бұл медициналық ұйымдардың менеджменті мен қызметкерлерінде өндірісті тұрақты дамытуға және қызметтер сапасын арттыруға прогрессивті уәждеме жасауға мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау саласындағы барлық мемлекеттік кәсіпорындар алған табысын ұйымды дамытуға жұмсайды.

Сонымен бірге, бекітілген критерийлер мен кеңейтілген өкілеттіліктерге сәйкес мемлекеттік денсаулық сақтау кәсіпорындарында байқау кеңестерін енгізу жолымен корпоративті басқару қағидаттарын енгізу жалғасады.

Медициналық ұйымдардағы менеджмент тиімділігін арттыру мақсатында, мүшелерін іріктеуге және олардың қызметін бағалауға қойылатын критерийлерді қоса алғанда, медицина ұйымдарында корпоративті басқару органдарын енгізуге қойылатын критерийлер жетілдірілетін болады.

Бұдан басқа, медициналық ұйымдарды басқаруды жетілдіру және денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту мақсатында медициналық ұйымдарды бейіндері бойынша біріктіру жолымен оңтайландыру, сондай-ақ жоғары оқу орындарының корпоративті басқаруға қатысуы арқылы университеттік клиникалар құру көзделіп отыр.

Денсаулық сақтау саласындағы басқару механизмдерін одан әрі жетілдіру шеңберінде басшыларға қойылатын жаңа функциялық және біліктілік талаптарын әзірлеу және енгізу, клиника менеджментінің оқуын, соның ішінде  МВА бағдарламалары бойынша ынталандыру және қолдау негізінде көшбасшылықты және кәсіби менеджмент дағдыларын дамыту жөніндегі шаралар қабылданатын болады.

Барлық мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары үшін кезең-кезеңімен  барлық басқару звеносы қызметкерлері үшін денсаулық сақтау менеджері сертификатының болуы турасындағы міндетті біліктілік талабы енгізіледі.

Нәтижеліліктің негізгі көрсеткіштерін (ННК) белгілеу және оған қолжеткізу негізінде басқарушы аппарат уәждемесі мен еңбегіне ақы төлеудің заманауи тетіктерін (бонустық жүйені) енгізу әдістемесі әзірленеді.

Басқарудың шығындық тиімділігін көтеру үшін амбулаториялық және стационарлық ұйымдарда қазіргі заманғы ресурс үнемдегіш технологияларды: операциялық менеджмент технологиясын, үнемді өндіріс технологиясын (Lean), оңтайлы қаржыландыру тетіктерін, инновациялық медициналық және медициналық емес технологияларды кезең-кезеңімен енгізу көзделеді.

МЖӘ негізінде клиникалық, параклиникалық және медициналық емес қызметтердің, соның ішінде зертханалардың, радиологиялық қызметтердің, жекелеген клиниклық сервистердің (тамырларды катетерлеу зертханалары, гемодиализ және т.б.) аутсорсингі бағдарламалары әзірленеді. Бұл ретте, аутсорсинг қызметтері үшін ақы төлеу осы қызметтер сапасының индикаторлары негізінде жүзеге асырылатын болады.

Госпиталдық ақпараттық жүйелерді енгізу шеңберінде бөлімшелер деңгейінде, ал кейін — әр пациент деңгейінде шығындарды бөлек есепке алуды жүргізу үшін тиімді ақпараттық технологиялар мен бағдарламалар енгізіледі.

Медицина индустриясы нарықтарының жаһандануы, Қазақстанның өңірлік және жаһандық экономикалық одақтарға (ЕЭК, ШЫҰ және т.б) интеграциялануы жағдайларында еліміздің және өңірдің денсаулық сақтау макроэкономикасының дамуы жөнінде талдамалық зерттеулер жүргізіліп, болжамдар мен ұсынымдар әзірленеді.

Медициналық туризмді және отандық денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық қызметтерді экспорттауын мемлекеттік қолдау және дамыту шаралары әзірленеді.

5.6. Денсаулық сақтау саласындағы адами ресурстарды басқарудың тиімділігін арттыру

5.6.1. Адами ресурстарды стратегиялық басқару

Денсаулық сақтау жүйесіндегі еңбек нарығын мемлекеттік реттеу медицина қызметкерлерін сапалы дайындау және халықтың мұқтаждықтарына сәйкес барабар бөлу мақсатында адами ресурстарды басқару жөніндегі бірыңғай саясаттар мен бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға құрылатын болады.

Денсаулық сақтау жүйесінің орнықты дамуын қамтамасыз ету мақсатында саланың адами ресурстарын стратегиялық басқару (АРБ) жүзеге асырылады. Бұл АРБ бағдарламаларын саланы дамытудың стратегиялық мақсаттарымен: қоғамдық денсаулық сақтауды дамытумен, денсаулық сақтаудың МСАК басымдығының негізінде халық мұқтаждықтарының айналасына интеграциялануымен, медициналық және фармацевтикалық білім беруді жаңғыртумен, инновацияларды және медициналық ғылымды дамытумен сәйкестендіруді көздейді.

Денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстарының қажеттіліктерін айқындау, есепке алу және жоспарлау жүйесі жетілдіріледі, денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарының тиімділігі мен қолжетімділігі жақсартылады, білім мен дағдыларды тәуелсіз бағалау жүйесі дамытылады.

Мыналар:

қажетті адами ресурстардың болуы (қолжетімділігі);

қызметкерлердің тиісті құзыреті;

адами ресурстардың халықтың сұрауларына ілтипаттылығы;

адами ресурстардың өнімділігі АРБ-ның негізгі қағидаттары ретінде айқындалуға тиіс.

Осы қағидаттарға сәйкес АРБ-ның ұлттық, өңірлік және корпоративтік саясаттары мен бағдарламалары әзірленіп, енгізіледі. Олар басқарудың келесі кезеңдеріне негізделеді:

  1. Адами ресурстарға қажеттілікті жоспарлау.

Саланың адами ресурстармен сандық және сапалық қамтамасыз етілуін талдау, саладағы еңбек нарығын талдау және бағалау тұрақты негізде жүргізілетін болады.

Кейіннен денсаулық сақтаудың тиісті деңгейлеріндегі АР-ға жалпы мұқтаждық, сондай-ақ саланың, өңірдің және ұйымның даму стратегиясына сәйкес қажет мамандықтар мен біліктіліктердің құрылымы (дәрігерлер, мейіргерлер, кіші медициналық персонал, әкімшілік қызметкерлер, медициналық инженерлер және т.с.с.) айқындалатын болады.

Бұл ретте, акценттер ескірген штаттық нормативтер мен стандарттарды қолдану қажеттілігінен қолданылатын технологияларға, стандартталған операциялық емшараларға және пациенттің қажеттіліктеріне сәйкес адами ресурстар мен еңбек шығындарын икемді жоспарлау мүмкіндігіне қарай ауысатын болады.

Персоналдың функциялық міндеттері мен оларға қойылатын біліктілік талаптарын айқындау тәсілдері қайта қаралады: шамадан тыс егжей-тегжейлеудің орнына жалпы талаптарға сай болу және үйренуге қабілетті болу және еңбектің құбылмалы сыртқы жағдайларына сәйкес, жаңа технологиялар мен стандарттарға сәйкес жаңа құзыреттерді дамыту қажеттілігіне көңіл аударылатын болады.

Атап айтқанда, медициналық көмекті ұйымдастырудың интеграцияланған моделін енгізу шеңберінде алғашқы звено қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтары қайта қаралатын болады. Ұлттық және өңірлік АРБ саясаттарында ЖПД мен мейіргерлердің рөлін арттыру, жекелеген денсаулық сақтау қызметтері (мысалы, қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық оңалу қызметтері және т.б.) қызметкерлерінің функционалын кеңейту көзделеді.

Жалпы алғанда, орта медицицналық персоналдың білім беру және қайта даярлау стандарттарын өзгертумен қатар, олардың құзыреттерін кезең-кезеңімен кеңейту жүзеге асырылады.

Қажетті дағдылардың ең аз көлемін міндетті меңгеруді қоса алғанда, техникалық және кіші медициналық персоналдың даярлығы мен құзыреттерінің ең төменгі деңгейіне қойылатын нақты талаптар әзірленеді (мысалы, міндетті түрде алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын меңгеру).

  1. Қызметкерлерді жалдау.

Кадрларды, ең алдымен – басшылық ететін звено, басқару және қаржылық аппараттың қызметкерлерін конкурстық және алқалы негізде іздеу мен іріктеу қағидаты кезең-кезеңімен енгізілетін болады.

  1. Еңбек өнімділігін арттыру:

Медициналық ұйымдарда, әсіресе, жас мамандар үшін бейімдеу және менторлық (шефтік) қағидаттары мен тетіктері әзірленетін болады.

Нарық қағидаттарын, тариф түзу кезінде еңбек шығындары құнының барабар бағалануын, нәтижеліліктің нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағдарлануды ескере отырып, денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерін уәждеу және еңбекақы төлеу, денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлеріне, оның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық бейін мамандарына, әсіресе ауылдық жерлердегі жас мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну тетіктері жетілдіріледі.

Материалдық емес уәждеме ретінде түрлі тетіктер: жұмыс берушінің есебінен оқу мүмкіндігін беру, үздіксіз мансаптық және кәсіби тұрғыдан өсуді қамтамасыз ету, жағымды ұйымдық мәдениетті, жұмыс орындарының қауіпсіздігі мен жайлылығын қолдау белсенді түрде қолданылады.

Денсаулық сақтау жүйесі мамандарын үздіксіз кәсіби дамыту жүйесі жетілдіріліп, дамытылады. Ол ұйымдардың стратегиялық даму мақсаттарымен интеграцияланып, барабар қаржыландырумен қамтамасыз етіледі. Осы мақсатта медицина қызметкерлерінің құзыреттерін тәуелсіз бағалау жүйесімен өзара тығыз байланыста үздіксіз кәсіби білім беру стандарттары әзірленетін болады.

  1. Көші-қон, қайта бейіндеу.

АР дамуына тұрақты түрде мониторинг жүргізу, болжау және жоспарлау негізінде қажет мамандықтар мен қызметтер бойынша кадрларды қайта бейіндеу және қайта бөлуді мемлекеттік қолдау, оның ішінде жаңа құзыреттерге тегін оқыту, басқа да материалдық және материалдық емес ынталандыру шаралары іске асырылады.

Жергілікті және өңірлік еңбек ресурстары нарықтарындағы медицина қызметкерлерінің көші-қонын басқару тетіктері енгізіледі.

Өңірлік және жаһандық экономикалық интеграция процестерін ескере отырып, денсаулық сақтау саласында отандық еңбек нарығына шетелдік жұмысшы күшін тарту қағидалары мен тәртібі, оның ішінде жіті тапшы мамандықтар бойынша шетелдік мамандар тартуды оңайлату шаралары жетілдіріледі.

  1. Денсаулықты нығайту, қауіпсіздік және зейнетке шығу.

Медицина қызметкерлерінің жағымды және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешені әзірленеді.

  1. Мониторинг және болжау.

Денсаулық сақтау саласындағы еңбек нарығы мен адами ресурстардың дамуына тиімді мониторинг жүргізу және болжауды қамтамасыз ету, кадр даярлауды басқару мен жоспарлаудың заманауи әдістерін енгізу мақсатында  міндеттерінің аясы кең институционалдық негіз ретінде Денсаулық сақтау саласының кадрлар ресурстарының ұлттық обсерваториясын одан әрі дамыту қамтамасыз етіледі.

5.6.2. Медициналық білім беруді жаңғырту

Денсаулық сақтау жүйесінің кадрлар ресурстарын үздіксіз кәсіби дамыту жүйесінің негізі Ұлттық біліктілік шеңбері болмақ. Оны қалыптастыру мыналарды көздейді:

медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарына қызметкерлерді іріктеу және қабылдау тәсілдерін жетілдіру;

Еуропалық біліктіліктерді тану директиваларына сәйкес медициналық және фармацевтикалық мамандықтар тізбесін оңтайландыру және денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстары жөніндегі статистиканы қалыптастыру қағидаттары мен тетіктерін қайта қарау;

практикалық денсаулық сақтау ұйымдарының, дәрігерлер қауымдастығының, ғылыми ұйымдардың қатысуымен денсаулық сақтау саласындағы түлектер мен жұмыс істейтін мамандардың біліктілік деңгейін регламенттейтін кәсіби стандарттарды әзірлеу;

медициналық ЖОО-лар мен колледждердің санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі оқу бағдарламаларын жетілдіру;

санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарында жұмыс істейтін, білімі медициналық емес мамандарға (биологтар, зоологтар, инженерлер және т.б.) біліктілік санаттары үшін ақы төлеу жүйесін жетілдіру;

санитариялық-эпидемиологиялық қызметтегі кадр тапшылығын жою мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық бейін мамандары үшін мемлекеттік тапсырысты ұлғайту;

құзіреттілікке және кәсіби стандарттарға негізделген интеграцияланған үлгінің негізінде денсаулық сақтау кадрларын негіздік дайындаудың білім беру бағдарламаларын енгізу;

кәсіби стандарттарға сәйкес резидентура бағдарламаларын жетілдіру;

кәсіби стандарттарға сәйкес және халықаралық тәсілдерді (Maintenance of Certification процедурасы) енгізудің негізінде әрбір мамандық пен біліктілік деңгейі үшін біріздендірілген сертификаттау курстарын әзірлеу және енгізу;

фармация саласында дипломға дейінгі және дипломнан кейінгі дайындық бағдарламаларын жетілдіру, ол дәрілік заттардың, соның ішінде биологиялық препараттардың, өндірісі және сапасын бақылау саласындағы фармацевтикалық кадрлардың, сондай-ақ фармацевтикалық нарықты реттеу саласындағы мамандардың біліктілік деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.

Түлектердің теориялық білімі мен практикалық дағдыларының деңгейін бағалау үшін кәсіби стандарттар мен үздік халықаралық тәжірибеге негізделген құзыреттерді тәуелсіз бағалау жүйесі енгізіледі.

Медициналық және мейіргерлік білім беруді әрі қарай дамыту клиникалық тәжірибенің, медициналық білім мен ғылыми қызметтің үштұғырын көздейді, ол мыналарды:

стратегиялық мақсаттар мен міндеттердің біртұтастығы негізінде академиялық және өндірістік үдерістерді тиімді басқаруды;

университеттік клиникалар жағдайында заманауи теориялық білім мен шынайы практикалық дағдылар алудың негізінде сапалы медициналық білім беруді;

озық технологиялар мен ғылыми әзірленімдерге қолжетімділік негізінде медициналық көмектің сапасын тұрақты көтеруді;

нәтижелерін дереу практикалық денсаулық сақтауға транферттеумен өзекті ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған ауқымды клиникалық және зертханалық базаларды;

ресурстарды интеграциялау және бірлесіп пайдаланудың негізінде жүйелердің қаржылық тұрақтылығы мен тиімділігін арттыруды қамтамасыз етеді.

Осы мақсатта медициналық қызметтер мен кадр даярлаудың толық оралымы қағидасы бойынша ғылыми ұйымдардың, медициналық ЖОО-ның, стационарлық және амбулаториялық ұйымдардың функциялық (консорциумдар) және ұйымдастырушылық (холдингтер) бірігуінің негізінде интеграцияланған академиялық медицина орталықтарын (универитеттік клиникаларды) дамыту тұжырымдамасы әзірленеді. Жаңа клиникалық базалар мен университеттік клиникаларды құру халықаралық жетекші университеттермен және медициналық ұйымдармен әріптестік орнатумен жүзеге асырылады. Академиялық үдерістерге шетелдің жетекші мамандарын, ғалымдары мен оқытушыларын тарту тәжірибесі кеңінен дамытылады.

Бұл ретте, білім беру және ғылыми ізденістер үдерістеріне практиканың үздік мамандары уәждемелі түрде тартылып, ғылыми қызметкерлер мен оқытушылар практикалық жұмыс жасау және клиникалық зерттеулер жүргізу мүмкіндігін алады. Бұл дәрігерлік кадрларды (дәрігер, оқытушы, ғалым-бәрі бір тұлғада) ұтымды пайдалануға, кадрлардың жоғары материалдық және кәсіби уәждемесін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және бүгінгі күні әлемдік денсаулық сақтаудағы кәсіби дамудың үздік стандарты болып табылатын медициналық кадрларды ғылыми-педагогикалық мансаптық дамыту үлгісін қалыптастырады.

Медициналық білім беруді әрі қарай дамытудың міндетті шарты — білім мен дағдыларды айқын және тиімді бақылау мүмкіндігімен, оқу және ғылыми ақпараттық базаны шектеусіз кеңейту мүмкіндігімен онлайн сервистер, кітапханалар, дәрісханалар, студенттер мен оқытушы құрамның жеке электрондық аккаунттарын құра отырып, оны толық ақпараттандыру болады.  Өңірлердегі қайта даярлау және біліктілік арттыру үшін ЖОО орналасқан жерлерде ұзақ уақыт болу мүмкіндігі жоқ мамандар үшін білім беру жүйесінде қашықтықтан оқыту технологиялары  ендіріледі.

Медициналық білім беру бағдарламаларын жетілдіру шеңберінде студенттердің заманауи этикалық стандарттарды, коммуникациялық дағдыларды, білім алу және оны ұстап тұру үшін жеткілікті деңгейде ағылшын тілін міндетті түрде меңгеруін кезең-кезеңімен енгізу қамтамасыз етіледі.

Орта медициналық қызметкерлерді (бұдан әрі – ОМҚ) оқыту МСАК басымдығын, оның көпфункциялылығы мен әмбебаптығын ескере отырып жүргізіледі. ОМҚ оқыту стандарттары да әзірленген кәсіби стандарттарға сәйкестендірілетін болады.

Медициналық ЖОО-ның автономдығын кеңейту, университет инфрақұрылымын салу мен реконструкциялау кезіндегі мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту, корпоративті басқарудың үздік қағидаларын енгізу жөніндегі шаралар білімді беруді басқару тиімділігін арттырудың негізі болады.

5.6.3. Инновациялар мен медицина ғылымын дамыту

Халық денсаулығын қорғау және нығайту жөніндегі қойылған стратегиялық мақсаттардың негізінде осы Бағдарламаны іске асыру шеңберінде 2019 жылға дейін кезеңге медицина ғылымын дамытудың басым бағыттары айқындалатын болады.

Отандық медицина ғылымын дамытудың бірінші кезекті міндеті — әлемдік озық стандарттар мен тұжырымдар трансфертінің негізінде оның әдіснамалық тәсілдерін жаңғырту болмақ. Осы мақсатпен отандық ғылыми-зерттеу бағдарламалары мен жобалардың халықаралық бағдарламалар және жобалармен интеграциясына үлкен назар аударылатын болады, отандық жобалардың халықаралық көп орталықты зерттеулер бағдарламаларына тартылуы ынталандырылады.

Перспективалы және бәсекеге қабілетті ғылыми-зерттеу жобаларын, соның ішінде start-up жобалар, инновациялық гранттар, венчурлық қормен қаржыландыру нысанында мемлекеттік қолдау шараларын, соның ішінде қаржылық көмекті іске асыру жалғасады.

Ғылыми құзыреттерді дамыту, стратегиялық басым бағыттар бойынша оқыту мен ғылыми тағылымдамалардың орта мерзімді бағдарламасы әзірленеді; ғылыми кадрлармен алмасу дамытылады; ғылыми жұмыстың халықаралық стандарттарына үйретуде, соның ішінде зерттеулердің дизайны мен әдіснамасын жасауда, ғылыми еңбектерді рәсімдеуде көмек көрсетіледі.

Ғылыми кадрлар тапшылығы жағдайында ғылыми мектепті дамыту мыналарға:

магистратураға, PhD докторантураға қабылдауды ұлғайтуға, ғылыми кадрларды дайындау мамандықтары мен бағыттарының санын көбейтуге;

2018 жылдан бастап отандық жетекші медициналық ЖОО мен ғылыми ұйымдардың базасында пост-докторантура бағдарламаларын енгізуге;

білім және ғылым ұйымдарына дарынды мамандарды тартудың, оларды ғылыми зерттеулер жүргізуге ынталандырудың әлеуметтік-экономикалық тетіктерінің кешенді жүйесін құруға негізделеді.

Ғылыми құзыреттерді және әлемдік технологиялар трансфертін дамыту шеңберінде медицина қызметкерлерінің кәсіби және ғылыми қоғамдастығын, кәсіби бірлестіктер мен қауымдастықтарды дамытуды қолдау, сондай-ақ медициналық ғылым мен білімді дамытудағы олардың рөлін көтеру қамтамасыз етіледі.

Ғылыми-зерттеу жобалары мен бағдарламаларын барабар, тұрақты және айқын қаржыландыру қамтамасыз етіледі. Осы мақсатпен жекелеген ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың кезең-кезеңімен бағдарламалық-нысаналы және негізгі қаржыландырудан ғылыми-зерттеу қызметін тек гранттар негізінде қаржыландыруға өтуі жүзеге асырылады. Бұл ретте, ғылыми қызметкерлердің мүддесі үшін қаржыландыру мен есептіліктің анықтығы және қарапайымдылығы қамтамасыз етіледі.

Ғылыми зерттеулер мен жобалардың да, ғылыми ұйымдардың да менеджментінің тиімділігін арттыру бойынша жұмыстар жалғасаады. Әлемдік жетекші елдердің тәжірибесі бойынша медицина және фармацевтика ғылымы университеттер айналасына шоғырланады. Осы мақсатта, ресурстарды (ғимараттарды, жабдықтарды, адами ресурстарды және өзгелерін) бірлесіп пайдалану үшін ғылыми, білім беру және медициналық ұйымдардың интеграциялануы ынталандырылады.

Ұжымдық пайдалану зертханаларын, клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулер жүргізу үшін ғылыми зертханалар мен базалардың материалдық-техникалық базасын нығайтуды әрі қарай дамыту қамтамасыз етіледі. Медициналық технологиялардың клиникалық сынақтарының орналасуын жүйелі қолдау және ынталандыру жүзеге асырылады.

Ғылыми зерттеулердің бәсекеге қабілеттілігінің интегралдық көрсеткіштері халықаралық рецензияланатын басылымдардағы жарияланымдар көлемі, қазақстандық авторлардың жұмыстарынан үзінді келтірулер саны, патенттеу көлемі және алынған нәтижелерді коммерциялау мен практикалық денсаулық сақтауға енгізу деңгейі болады.

Сондай-ақ, отандық медицина ғылымының деңгейін бағалау және сапасын арттыру мақсатымен, жыл сайын  еліміздің ғылыми ұйымдарының Ұлттық рейтингі жарияланатын болады, ол олардың айқындығын, бәсекеге қабілеттілігін көтеруге мүмкіндік береді.

5.7. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік және қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын одан әрі дамытуды қамтамасыз ету

5.7.1. Денсаулық сақтау ұйымдарының желісін жетілдіру

Денсаулық сақтау жүйесін одан әрі реформалау халықтың қолжетімді, толыққанды, сапалы медициналық қызметтерге мұқтаждығына икемді жауап беретін инфрақұрылымды қалыптастыруға негізделетін болады.

Тік және көлденең интеграция мен медициналық ұйымдардың бірігуі жолымен мемлекеттік денсаулық сақтау инфрақұрылымын оңтайландыру жүргізіледі.

Көлденең интеграция қызметтердің сабақтастығын, толықтығын және сапасын арттыруға мүмкіндік береді (мәселен, аудандық аурухана  мен емхананың бірігуі, бір бейінді клиникалардың көп бейінділермен бірігуі). Тік интеграция басқаруға икемділікті және тиімділікті көтеруге мүмкіндік береді (мәселен, облыстық және аудандық туберкулезге қарсы диспансерлердің бірігуі).

Осылайша, аудандардың деңгейінде мемлекеттік кәсіпорындар нысанындағы біріккен аудандық медицина орталықтары құрылады.

Қалалар мен облыс орталықтарының деңгейінде медициналық кластерлер құрылады.

ЖОО мен ғылыми орталықтарды қоса алғанда, облыстық және республикалық ұйымдар деңгейінде кезең-кезеңімен автономды денсаулық сақтау ұйымдарына (АДСҰ) трансформациялау жүзеге асырылады.

«Назарбаев Университеті» АББҰ тәжірибесі бойынша мемлекеттік медициналық ЖОО-ның, республикалық ғылыми орталықтар мен ірі өңірлік клиникалардың базасында АДСҰ нысанындағы академиялық медицина орталықтары (университеттік клиникалар) құрылатын болады.

Университеттік клиникаларды дамыту үшін стратегиялық әріптестер: шетелдік жетекші университеттер мен медицина орталықтары, соның ішінде сенімгерлікпен басқару негізінде тартылатын болады.

Жалпы, мемлекеттік инфрақұрылымдарды оңтайландыру шеңберінде ауруханалық секторда тиімсіз пайдаланылып отырған ресурстарды босату мен қайта бөлуге басты назар аударылады, ол мыналарды көздейді:

1) емдеу-диагностикалық үдерістерді оңтайландыру, менеджменті жақсарту және тиімсіз жұмыс істейтін нысандар мен бөлімшелерді халықтың сұранысына ие медициналық қызметтерді (МСАК, оңалту, паллиативті көмек және өзгелерін) көрсету үшін трансформациялау. Бұл ретте, халықтың денсаулығын сақтау мақсатында ескірген стандарттар мен желі нормативтерін қолданудан алшақтау қажет.

2) жоғары білікті мамандар мен күрделі технологиялық жабдықты қажетсінбейтін кейбір медициналық қызметтерді көрсетуді орталықсыздандыру. Мұндай технологияларды трансферттеу және тиісті медициналық көмекті пациенттің тұрғылықты жеріне жақын орналасқан денсаулық сақтау ұйымдарында көрсету қажет.

3) ауданаралық, облыстық және республикалық деңгейлерде мамандандырылған орталықтар құра отырып, күрделі технологияларды және біліктілігі жоғары арнаулы мамандардың құзыреттерін талап ететін денсаулық сақтау қызметтерін орталықтандыру. Бұл ретте, жоғары технологиялық қызметтер көрсететін және бейінді бағыттар бойынша денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін үйлестіретін ұйымдардың рөлі мен жауапкершілігін көтеру бойынша шаралар қабылданады.

Осы мақсатпен клиникаларды медициналық көмектің белгілі бір түрлерін (деңгейлерін) ұсынуға аккредиттеу әдіснамасы пысықталады және енгізіледі. Бұл дайындалмаған ұйымдарда сапасыз қызмет көрсету қаупін, сондай-ақ стационарлардың деңгейі төмен стационарда немесе күндізгі станционарда емделе алатын, жеңіл патологиясы бар пациенттердің шамадан тыс болуымен артық жүктеме алу қаупін төмендетеді. Пациенттер ағынын неғұрлым тиімді басқару үшін стационарларды бірнеше мамандану деңгейі бойынша аккредиттеу әдістемесі әзірленеді.

Осы шараларды іске асыру емдеу қарқындылығына қарай төсек қорын саралауды және басқаруды және, тиісінше, амбулаториялық, стационарды алмастыратын, стационарлық және оңалтулық медициналық көмектің жұмыла дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Стратегиялық даму мақсаттарының, денсаулық сақтау нысандарын жобалау, салу, жарақтандырудың халықаралық стандарттарын бейімдеудің және медициналық қызметтер сапасын қамтамасыз етудің негізінде денсаулық сақтау жүйесінің біртұтас инфрақұрылымын дамытуға ұзақ мерзімді қажеттілікті айқындау бойынша жұмыс жалғасады.

Осы мақсатпен денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын дамытудың өңірлердің ерекшелігін және тұрғындардың медициналық көмектің нақты түрлеріне мұқтаждығын ескеретін, өңірлер мен медициналық көмек көрсету деңгейлері шегіндегі бірыңғай перспективалық жоспары (Бас жоспары) толықтырылып жасалады және бекітіледі. Оның негізі өңірлердің бірыңғай құрылымға сай болатын, денсаулық сақтау ұйымдарының қолда бар желісі, жоспарланып отырған қайта құрылымдау (ашу, біріктіру, жабу, қайта бейіндеу) жөніндегі ақпаратты, нысандарға деген қажеттілікті (қосымша нысандарды салу және орнына салу) және т.с.с көрсететін даму жоспарлары болады.

Бас жоспардың негізінде денсаулық сақтау желісін, ең алдымен, жеке инвестицияларды ынталандыру және тарту, МЖӘ-н басымдықпен дамыту негізінде инвестициялық жоспарлау және дамыту жүзеге асырылады. Осы мақсатпен Денсаулық сақтау саласындағы МЖӘ жөніндегі мемлекеттік саясат стандартының ұсынымдары негізінде БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясымен (UNECE) Қазақстан Республикасыны денсаулық сақтау саласындағы МЖӘ-тің жол картасы әзірленетін болады.

Мемлекеттік инвестициялар концессия мен МЖӘ қолданысы шектелген, МЖӘ-ті дамытудың экономикалық қисындылығы жоқ салаларда, сондай-ақ саланың дамуы үшін стратегиялық маңызы бар секторларда (ана денсаулығы, туберкулез, АИТВ және т.с.с) денсаулық сақтау желісін дамытуға жоспарланады және бағытталатын болады.

Жеке секторды және МЖӘ-н дамытуды ынталандыру мақсатымен МЖӘ жобаларын дайындау мен консультациялық сүйемелдеуге қаржылық қамтамасыз ету шараларының кешені әзірленеді, үлгілік жобалық құжаттарды әзірлеу жүзеге асырылады, тариф түзу және медициналық қызметтерді тұтыну көлемдерін кепілдендіру, мемлекеттік органдардың шарт бойынша, соның ішінде денсаулық сақтау нысандарының қолжетімділігі үшін ақы төлеу негізінде ұзақ мерзімді концессиялық міндеттемелер қабылдауы бойынша арнайы нормативтік актілер жасалады.

МЖӘ тетіктері бойынша, соның ішінде мемлекеттік меншік нысандарын сенімгерлікпен басқаруға беру, жекешелендіру, нысандарды концессия үлгісі бойынша салу немесе қайта құру негізінде іске асыру үшін нысандырдың нақты тізбесі қалыптастырылады.

Бұл ретте, МЖӘ-нің мыналарды көздейтін түрлі нысандары іске асырылады:

ТМККК және МӘМС-ге кіретін бүкіл қызметтер аясын ұсынуда жеке меншік медицина ұйымдарының қатысуын кеңейту;

медициналық және медициналық емес қызметтердің жекелеген түрлерін (зертханалар, радиология қызметтері, тазалау, тамақтандыру, материалдық және материалдық емес құндылықтарды сатып алу, медициналық техниканы күтіп-ұстау және өзгелерін) ұзақ мерзімді аутсорсингке беру;

республикалық және жергілікті денсаулық сақтау ұйымдарын жеке меншік компанияларға, соның ішінде шетелдік компанияларға сенімгерлікпен басқаруға беру;

мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын жекешелендіру. Бәсекелес ортаға берілетін ұйымдардың, қызметтердің тізбесі жаңартылады;

концессияның әртүрлі үлгілері бойынша денсаулық сақтау нысандарын салуға жеке инвестициялар тарту;

медициналық техниканың, зертханалық қызметтің және денсаулық сақтаудағы ақпараттық жүйелердің жарақтандырылуын және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жеке меншік компанияларды тарту.

Бұл ретте, мемлекеттік және жеке меншік қызмет берушілер үшін тең экономикалық жағдай жасалады.

Сонымен қатар, инфрақұрылымды сәтті дамыту және Бас жоспарды іске асыру үшін, жеке меншік медицина ұйымдарды, соның ішінде шетелдік қатысуы бар ұйымдарды мемлекеттік қолдау, олар үшін даму стимулдарын жасау жөнінде жүйелі сектораралық жұмыс жүргізіледі. Бұл мына шараларды қамтиды:

нормативтік-құқықтық реттеуді жетілдіру және денсаулық сақтау саласындағы жеке сектор үшін әкімшілік кедергілерді азайту;

қолжетімді қаржыландыруды (жеңілдікпен заемдық қаржыландыру және лизинг), соның ішінде БЖК-2020, ҚИИДМБ-2-ге денсаулық сақтау секторын қосу арқылы қамтамасыз ету;

негізгі құралдарды жаңартуға кететін шығыстарды және қымбат медициналық жабдықтың сервисіне жұмсалатын шығындарды қосумен барабар және әділ тарифтік саясатты қамтамасыз ету;

ӘМСҚ тарифтерінің мөлшерінен асатын МӘМС қызметтеріне халықтың бірлесе ақы төлеуін енгізу мүмкіндігін қарастыру.

ЭДЫҰ стандарттарының негізінде денсаулық сақтау инфрақұрылымы стандарттарының жаңа жүйесін, сондай-ақ денсаулық сақтау нысандарының ресурс үнемдеуі, энергиялық тиімділігі және экологиялығы саласындағы стандарттарды кешенді әзірлеу және енгізу.

5.7.2. Жарақтандырудың және медициналық техниканы пайдаланудың тиімділігін арттыру

Денсаулық сақтау ұйымдарымен медициналық техниканы жарақтандыру, пайдалану және қалпына келтірудің тиімді жүйесін құру мына кешенді шаралардың жүргізілуін көздейді.

1) медициналық техникаға, жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге қажеттіліктерді жоспарлау жүйесін жетілдіру. Ол мыналарды:

белгілі бір мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары үшін медициналық техникамен жарақтандырудың үлгілік стандарттарын әзірлеу мен енгізуді;

медициналық техника үлгісін оңтайлы таңдаудың бірыңғай әдіснамасын және оған техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерге баға қалыптастыру әдіснамасын әзірлеу және енгізуді;

бағасын, тиісті мемлекеттік стандарттарға сәйкес техникалық сипаттамаларын, мүмкін болатын барлық жиынтықтарын көрсете отырып, бүкіл тіркелген медициналық техниканың дерекқорын (анықтамалық жүйесін) құруды қамтиды.

2) мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің негізінде орталықтандырылған сатып алу жолымен денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық техникамен жарақтандыру бағдарламаларын әзірлеу.

Медициналық және сервистік қызметтер көрсетуге, шығыс материалдарын жеткізуге ұзақ мерзімді келісім-шарттардың негізінде жеке меншік компаниялардың медициналық техниканы жеткізуінің негізінде сервистік МЖӘ тетіктері енгізіледі. Бұл медициналық ұйымдардың инвестициялық бағдарламаларын ұтымды етуге, қызметтердің сапасын жақсартуға, сондай-ақ сатып алынған тезникаға өнім берушілер мен өндірушілер тарапынан тұрақты сервистік қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұл ретте, медициналық техниканы сатып алу және лизингтеу функциясын жүзеге асыратын ұйымдар тиісті қызметтер нарығында конкурстық жолмен анықталатын болады.

3) медициналық техниканы иеленудің лизингтік жүйелерін дамыту, соның ішінде ұлттық даму институттары арқылы дамыту;

4) өңірлерде МЖӘ негізінде орталықтандырылған медициналық сервистік қызметтерді және медициналық ұйымдармен ұзақ мерзімді келісім-шарттар жасау негізінде медициналық жабдықтың жұмысқа жарамдылығын қамтамасыз ететін медициналық және техникалық мамандарды үздіксіз оқыту орталықтарын құру;

5) денсаулық сақтау ұйымдарын ресурсты үнемдеуге ынталандыру және уәждеу жүйесін қалыптастыру. Бұл мақсатта негізгі құралдарды жаңартуға кететін шығыстарды өтеу үшін тарифке шығындарды қоса отырып, медициналық қызметке тарифті анықтау әдістемесі қайта қаралатын болады;

6) негізгі білімі бар, медициналық техниканы күтіп-ұстау бойынша инженерлер мен медициналық техниктерді дайындауды қамтамасыз ету, емдеу ұйымдарында медициналық техника жөніндегі сервистік қызметкерлердің штаттық бірліктерін енгізу.

Бұл ретте, негізгі құралдарды тиімді басқаруға бағытталған бірыңғай амортизациялық саясат әзірленіп, енгізіледі. Ол кейін негізгі құралдарды жаңартуға қайта инвестициялау мақсатымен тиісті тарифтік алымдарды шоғырландыру үшін, медициналық ұйымдарда амортизациялық қорлар құруды көздейді.

Бұдан басқа, мемлекет тарапынан медициналық техника сатып алуды ұзақ мерзімді жоспарлау тетігі енгізіліп, отандық өндірушілердің медициналық техникасын жеткізуге ұзақ мерзімді шарттар жасау тәжірибесі дамытылады.

Көрсетілген кешенді шаралар медициналық ұйымдарға өздеріне қажетті жабдықты иеленуге мүмкіндік береді, тура сатып алу жүйесінен ұзақ мерзімді лизингтік жүйеге өту орын алады.

5.7.3. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) дамыту

Осы Бағдарламаны іске асыру шеңберінде, жүйені пайдаланушылармен өзара тығыз іс-қимыл жасау негізінде жүйенің талап етілетін функционалы бөлігінде бірыңғай стандарттарды, технологиялық ерекшеліктерді және түрлі ақпараттық жүйелердің сипаттамаларын әзірлеу бөлігінде ұлттық ақпараттық денсаулық сақтау жүйесін (ҰАДСЖ) дамыту жалғасатын болады.

Белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкес, әрі қарай денсаулық сақтау саласындағы АКТ нарығына шығу үшін түрлі бағдарламалық өнімдерді электрондық денсаулық сақтау талаптарына сәйкестікке сертификаттау процедурасы ұйымдастырылады және енгізіледі.

Бұл ретте, жеке меншік сектордың қатысуын кеңейту, МЖӘ және денсаулық сақтау нысандарын жекешелендіруді дамыту шеңберінде денсаулық сақтау ұйымдарына АКТ нарығында госпиталдық және басқа да медициналық ақпараттық жүйелерді еркін таңдау ұсынылатын болады.

МӘМС үшін  электрондық денсаулық сақтаудың, салық органдарының, екінші деңгейлі банктердің, әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қорғау ұйымдарының ресурстарына негізделген ақпараттық негіз жасалады.

Электрондық денсаулық сақтау ресурстарына қолжетімділік және қажетті ақпараттардың тұрақты түрде енгізілуі медициналық және фармацевтикалық қызмет субъектілерін лицензиялау мен аккредиттеу үшін міндетті шарт болады.

Денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің дипломға дейінгі және дипломнан кейінгі білім беру деңгейінде электрондық денсаулық сақтаудың негіздері бойынша әлеуеттері арттырылатын болады.

МЖӘ негізінде денсаулық сақтаудың жекелеген ұйымдарын, қызметтерін, өңірлік жүйелерін ақпараттандыру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асырудың сервистік үлгісі енгізіледі. Осыны ескере отырып, мемлекеттің атынан орталық және жергілікті атқарушы органдар бюджеттік АТ-жобаларын дайындау және іске асыру мерзімдері ақпараттық технологиялардың даму және ескіру мерзімдеріне сай келмейтіндіктен, жаһандық және өңірлік ақпараттық жүйелерді құру және енгізу жөніндегі жобаларға тікелей бюджеттік инвестицияларды жоспарлы түрде азайтатын болады.

Саладағы өндірістік үдерістерді ақпараттандырудың дәстүрлі тәсілдерімен қатар, пациенттердің денсаулық жағдайын ұтқыр медициналық құрылғылардың көмегімен алыстан автоматтандырылған мониторингтеу секілді инновациялық АКТ енгізуді қолдау жүзеге асырылатын болады.

Медициналық көмектің интеграцияланған үлгісін іске асыру шеңберінде пациенттердің медицина қызметкерлерінің қабылдауына өз бетінше онлайн жазылуы, шынайы уақыт режимінде консультация беру және пациенттерді жеке стационарлық компьютерлер мен смартфондарды пайдалана отырып бақылау кезең-кезеңімен енгізіледі.

Көзделген шараларды сәтті іске асыру және ақпараттық жүйелердің тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау жүйесі мамандарын ақпараттандыру мәселелері жөнінде оқыту бойынша кең ауқымды іс-шаралар іске асырылады.

Бұдан басқа, еліміздің денсаулық сақтау саласының жаһандық ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын құруда МЖӘ-н әрі қарай дамыту бағдарламасы, тұжырымдамасы әзірленетін болады.

  1. Бағдарламаны іске асыру мерзімдері

Мембағдарламаны іске асыру 2016 – 2019 жылдарға есептелген және мыналарды көздейді:

қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құру;

медициналық-санитариялық алғашқы көмекті басымдықпен дамыту;

медициналық көмектің барлық деңгейлерінің интеграциясын дамыту;

денсаулық сақтау саласындағы менеджменттің тиімділігін дамыту, корпоративті басқару элементтерін енгізу;

денсаулық сақтау саласында жеке меншік секторды және бәсекелестікті әрі қарай дамыту: денсаулық сақтау нысандарын сенімгерлікпен басқару және жекешелендіру, жеке отбасылық практиканы дамыту;

адами ресурстарды стратегиялық басқаруды дамыту;

медициналық білім беруді жаңғырту, медицина ғылымын, білім беруді және практиканы интеграциялау;

мектеп медицинасын денсаулық сақтау жүйесінде әрі қарай дамыту;

халықаралық стандарттардың негізінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жетілдіру;

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу;

мемлекеттің, кәсіби қауымдастықтар мен пациенттердің әріптестігі арқылы медициналық қызметтер сапасын басқару жүйесін дамыту;

денсаулық сақтау саласы инфрақұрылымының тиімділігін арттыру және оңтайландыру;

денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық технологияларды әрі қарай дамыту.

 

Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың қорытындылары туралы

СКАЧАТЬ

 

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2010 жылғы  29 қарашадағы

№    1113    Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың
2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы 

Мазмұны

1. Бағдарламаның паспорты…………………………………………..

1

2. Кіріспе…………………………………………………………………

3

3.Ағымдағы жағдайды талдау….…………………………..…………

5

4. Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы  индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері …………………..

16

5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар ……………………..……

17

6.Бағдарламаны іске асыру кезеңдері…………………………………

54

7. Қажетті ресурстар……………………………………………………

55

1. Бағдарламаның паспорты

 

Бағдарламаның атауы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама)

 

 

Әзірлеу үшін негіз «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы
№ 922 Жарлығы

Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіБағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі,

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі,

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар  министрлігі, Қазақстан Республикасы                                   Байланыс және ақпарат министрлігі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Әділет  министрлігі, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдіктері

 

Бағдарламаның мақсатыЕліміздің орнықты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту

 

МіндеттеріАзаматтардың денсаулығын сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту;

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін дамыту және жетілдіру;

медициналық және фармацевтикалық білімді жетілдіру, медицина ғылымын және фармацевтикалық қызметті дамыту

 

Іске асыру мерзімі2011 – 2015 жылдар

бірінші кезең: 2011 – 2013 жылдар

екінші кезең: 2014 – 2015 жылдар

 

Нысаналы индикаторларХалықтың күтіліп отырған өмір сүру ұзақтығының
2013 жылға қарай 69,5-ке дейін, 2015 жылға қарай
70 жасқа дейін ұлғаюы;

ана өлім-жітімінің 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай 28,1-ге дейін, 2015 жылға қарай
24,5-ке дейін төмендеуі;

нәресте өлім-жітімінің 1000 тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай 14,1-ге дейін, 2015 жылға қарай
12,3-ке дейін төмендеуі;

жалпы өлім-жітімнің 1000 адамға шаққанда 2013 жылға қарай 8,14-ке дейін, 2015 жылға қарай 7,62-ге дейін төмендеуі;

туберкулезбен сырқаттанушылықтың 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 98,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 94,7-ге дейін төмендеуі;

15-49 жас аралығындағы жас тобында АИТВ инфекциясының таралушылығын 0,2-0,6 шегінде ұстау

Қаржыландыру көздері мен көлемі

Бағдарламаны іске асыруға 2011 – 2015 жылдары республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа  да қаражат жұмсалатын болады.

Бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік бюджеттен жалпы шығындар 359 358,9 млн. теңгені құрайды.

Жылдар бойынша Барлығы Республикалық бюджет Жергілікті бюджет Басқа көздер
2011 ж.

65 262,7

64 700,3

562,4

 
2012 ж.

79 966,9

75 312,1

454,8

4 200

2013 ж.

74 059,4

69 367,9

491,5

4 200

2014 ж.

79 086,1

74 290,5

595,6

4200

2015 ж.

81 983,8

72 926,0

657,8

8400

барлығы

380 358,9

356 596,8

2 762,1

21 000

 

2001 – 2015 жылдарға арналған Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті  бюджеттерді бекіту кезінде нақтыланатын болады.

 

 

2. Кіріспе

 

Әрбір адамның денсаулығы оның толыққанды тіршілік етуін ғана емес, сонымен қатар оның мүмкіндіктерінің әлеуетін анықтайтын факторға айналып отыр. Халық денсаулығы жағдайының деңгейі өз кезегінде, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және индустриялық даму шамасын айқындайды. Медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін, уақтылылығын, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге қызмет ететін бірыңғай дамыған, әлеуметтік бағдарланған жүйені білдіретін денсаулық сақтау саласы халық әл-ауқатының орнықты және тұрақты өсуі тұрғысынан алғанда республикадағы негізгі басымдықтардың бірі болып табылады.

Президент Н.Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің дамуының жаңа кезеңіндегі мемлекеттік саясаттың бір бағыты медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту және денсаулық сақтаудың жоғары технологиялық жүйесін дамыту болуы керек деп атап көрсетті. Медициналық қызметтердің сапасы кешенді  ұғым болып табылады және ол көптеген көлемді себептерге байланысты, олардың ішінде медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық жарақталуын, клиникалық мамандардың кәсіби деңгейін және оны арттыруға деген уәждемесінің болуын, медициналық көмекті ұйымдастыру мен көрсету үдерістерін басқарудың қазіргі заманғы технологияларын енгізуді, медициналық көмекке ақы төлеудің тиімді әдістерін енгізуді бөлек атап өткен жөн. Медициналық қызметтердің сапасын басқаруды жетілдіру Қазақстанның денсаулық сақтау саласын 2020 жылға дейін стратегиялық дамыту аясында маңызды орын алады.

2010 жылғы Жолдауда Президент таяу онжылдыққа нақты міндеттер қойды. Оның ішінде Нұрсұлтан Әбішұлы «Саламатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі қағидаты – міне, осылар денсаулық сақтау саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс» екендігін атап көрсетті.

Жоғарыда көрсетілгендерге сәйкес, сондай-ақ халық денсаулығының  қазіргі жағдайына және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіне жүргізілген талдау негізінде Қазақстан Республикасының  денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының стратегиялық басым бағыттары және іске асыру тетіктері айқындалды.

Бағдарламада ведомствоаралық және сектораралық өзара іс-қимылды ескере отырып, жоспарланған іс-шараларды орындауды заңнамалық, инвестициялық, құрылымдық, экономикалық және кадрлық қамтамасыз ету жөніндегі шаралар көзделген. Медициналық қызметтердің және медициналық ұйымдардың арасындағы бәсекелестік қатынастардың нарығын құру көзделіп отыр.

Бағдарламаны іске асыру медициналық қызмет көрсетудің шығыны аз нысандарына өту үшін жағдай жасау, саланың профилактикалық бағыттылығын қамтамасыз ету, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасының деңгейін арттыру арқылы денсаулық сақтау жүйесін қарқынды дамытуға, арнайы әлеуметтік қызметтерді енгізуге, сондай-ақ халықтың өзін-өзі сақтау мінез-құлқының дәйектемесі, медицина персоналының кәсіптік және жеке өсуі, денсаулық сақтау жүйесін қоғамның қазіргі талаптарына және нарықтық жағдайларына бейімдеу үшін жағдай жасауға  ықпал ететін болады.

3. Ағымдағы жағдайды талдау

 

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын
(бұдан әрі – Мембағдарлама) іске асыру кезеңінде мынадай белгілі бір нәтижелерге қол жеткізілді:

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қабылданды;

тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша ең төменгі стандарттар белгіленді;

Қазақстан Республикасында ана мен бала өлім-жітімін төмендету жөніндегі 2008 – 2010 жылдарға арналған, Қазақстан Республикасында қан қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы 2008 – 2010 жылдарға арналған, Қазақстан Республикасында ЖҚТБ індетіне қарсы іс-қимыл жөніндегі
2006 – 2010 жылдарға арналған, Қазақстан Республикасында кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамытудың 2008 – 2016 жылдарға арналған, «Саламатты өмір салты» жөніндегі 2008 – 2016 жылдарға арналған салалық бағдарламалары әзірленді және енгізілді;

шекараны санитариялық қорғау жүйесі қалыптасты: мемлекеттік шекарада ел аумағын аса қауіпті инфекциялық аурулардың әкелінуінен және таралуынан қорғауды қамтамасыз ететін санитариялық-карантиндік пункттер желісі кеңейтілді;

жалпы дәрігерлік практика қағидаты бойынша жұмыс істейтін бастапқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі – БМСК) қызметін реформалау жүргізілді, қанайналым жүйесі ауруларын ерте анықтау тұрғысынан балаларды, ересек халықты профилактикалық қарап-тексеру, ұрпақты болу жүйесінің онкопатологиясын ерте анықтау тұрғысынан әйелдерді скринингтік зерттеу жүргізілуде;

дәрі-дәрмекпен тегін және жеңілдікті түрде қамтамасыз ету енгізілді;

мемлекеттік медициналық ұйымдар желісін типтеу және стандарттау жүргізілді, денсаулық сақтау ұйымдары желілерінің мемлекеттік нормативі бекітілді;

денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі іс-шаралар жүргізілді;

тәуелсіз медициналық сараптама жүйесі құрылды;

2010 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі (бұдан әрі – БҰДЖ) кезең-кезеңмен енгізілуде, ол пациенттерге дәрігер мен медициналық ұйымды еркін таңдауды қамтамасыз етуді, медициналық қызмет көрсетудің бәсекелестік ортасын қалыптастыруды, медициналық ұйымдардың түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған жұмысын және нақты шығындар бойынша медициналық қызметтерге ақы төлеуді көздейді;

туберкулез, психикалық және инфекциялық ауруларды емдеуді қоспағанда, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсетуге арналған бюджетті облыстық деңгейде, ал 2010 жылдан бастап республикалық деңгейде шоғырландыру жүргізілді;

денсаулық сақтау менеджерлерін даярлау жүзеге асырылуда;

«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторындағы технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу» жобасы Дүниежүзілік банкпен бірлесіп іске асырылуда;

Дәрілік заттар дистрибуциясының бірыңғай жүйесі енгізілді;

денсаулық сақтау саласына ақпараттық технологиялар енгізілуде:
барлық өңірлерде филиалдары бар республикалық ақпараттық-талдау орталығы құрылды;

санитариялық-эпидемиологиялық қызметті қайта құрылымдау жүргізілді, тігінен басқару құрылды;

денсаулық сақтау саласындағы бақылау аясында тәуекелді бағалау жүйесі енгізілуде.

Медициналық-демографиялық жағдай және сырқаттанушылық

Мембағдарламаны іске асыру кезеңінде:

демографиялық жағдайдың жақсаруы, халықтың туу деңгейінің 18,42-ден (2005 ж.) 22,75-ке (2008 ж.) дейін артуы;

өлім-жітім көрсеткішінің тұрақтануы – 9,74 (2005 ж. – 10,37);

халықтың табиғи өсу коэффициентінің 1000 адамға шаққанда 13,01-ге
(2005 ж. – 8,05) дейін өсуі байқалды.

Республикада халықтың саны 2005 жылмен салыстырғанда 762,6 мың адамға ұлғайды және 2010 жылдың басында 16004,6 мың адамды құрады. Мембағдарламаны іске асыру кезеңінде сырқаттанушылықтың  сәл ұлғаю (1,7%) үрдісі белгілі болды. Сырқаттанушылық құрылымында бірінші орынды тыныс алу ағзаларының аурулары (39,37%), екінші – жарақаттанушылық пен уланулар (6,88%), үшінші – несеп-жыныс жүйелерінің аурулары (6,86%), одан кейін асқорыту ағзаларының аурулары (6,46%), тері және теріасты жасушаларының аурулары (6,08%), қан және қан өндіру ағзаларының аурулары (4,24%), қанайналым жүйесінің аурулары (3,72%), инфекциялық және паразиттік аурулар (3,24%), басқа да аурулар (23,14%) алады.

Демографиялық жағдайдағы оң ілгерілеушілікке қарамастан, ана мен бала денсаулығының төмен деңгейі сақталуда. Ұрпақты болу өзекті проблема күйінде қалып отыр, некеге тұрғандардың 16 %-ға жуығы ұрпақсыз болып табылады. Бұл көбінесе жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (бұдан әрі – ЖЖБИ) кеңінен таралуына және түсіктің жоғары деңгейіне байланысты, бұл өз кезегінде халықтың, ең алдымен жас адамдардың қауіпсіз жыныстық мінез-құлқымен айқындалады. Тіркелген жағдайлардың статистикасына сәйкес елдегі 4 жүктіліктің 1-і жасанды үзумен аяқталады. 15-19 жас аралығындағы жасөспірім қыздардың босану жиілігінің ұлғаю үрдісі бар және 2008 жылы 1000 адамға шаққанда 31,1-ді құрады.  Ана өлім-жітімінің негізгі себептері (100 мың тірі туғандарға шаққанда 2005 ж. – 40,5; 2009 ж. – 36,9) акушериялық қан кетулер, гестоздар, экстрагениталдық патологиялар болып отыр.

2005 жылы нәресте өлім-жітімінің деңгейі 1000 тірі туғандарға шаққанда 15,1-ді құрады. 2008 жылдан бастап тірі туу және өлі туу өлшемдерінің енгізілуімен нәресте өлім-жітімінің көрсеткіші 20,7-ні құрады және 2009 жылы
1000 тірі туғандарға шаққанда 18,4-ке дейін төмендеу үрдісі байқалады. Нәресте өлім-жітімінің негізгі себептері перинаталдық кезеңде туындаған жағдайлар болып табылады (60,4%). Нәресте өлім-жітімінің құрылымында екінші орынды туа біткен патология алады, бұл жүргізілген ерте диагностиканың (туа біткен патологияны анықтау мәніне жүкті әйелдердің скринингі) жеткіліксіздігін, ата-аналардың саламатты өмір салтын сақтамайтындығын және республиканың бірқатар өңірлерінде қолайсыз экологиялық жағдайды айғақтайды.

2007 – 2009 жылдардағы деректерді талдау өлім-жітімнің барлық себептері арасында 1 жасқа дейінгі балалардың респираторлық аурулардан және пневмониядан өлім-жітімі 3-орынды, инфекциялық аурулардан өлім-жітімі 1-орынды алатынын көрсетті. 2008 жылы Қазақстан Республикасында 5 жасқа дейінгі балалардың пневмониямен сырқаттанушылығының 33774 жағдайы тіркелді. 2008 жылы 5 жасқа дейін балалар өлім-жітімі жағдайының жалпы саны 8 225 баланы құрады, пневмониядан 1,5 мың бала қайтыс болды.

Қазіргі таңда пневмококктық инфекциядан ең тиімді және экономикалық пайдалы қазіргі заманғы медицинадағы профилактикалық іс-шара вакцинация болып табылады.  Республиканың профилактикалық екпелерінің күнтізбесіне 2 айлық балаларға пневмококктық инфекцияға қарсы вакцинацияны енгізу 5 жасқа дейінгі балалардың пневмониямен сырқаттанушылығын 50%-ға дейін, өлім-жітімін 20%-ға дейін айтарлықтай төмендетуге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда Қазақстанда егде жастағы адамдар барлық халық санының 7,7 %-дан астамын құрайды. Біріккен Ұлттар Ұйымы сарапшыларының болжамдары бойынша таяу жылдары Қазақстанда егде жастағы адамдардың саны 11%-ға артатындығы күтілуде. Соған байланысты оларға медициналық көмек көрсетуді жақсарту үшін республикада геронтологиялық көмек жүйесін құру қажет.

Өткен бесжылдық кезеңде әлеуметтік мәні бар аурулардың таралушылығы мен халық өлім-жітімінің кейбір көрсеткіштерінің төмендеуі байқалады. Мәселен, туберкулезден болған сырқаттанушылық пен өлім-жітім көрсеткіші (100 мың адамға шаққанда тиісінше 147,3-тен 105,5-ке дейін және 20,8-ден 12,5-ке дейін) төмендеген. Сонымен қатар осы ауру бойынша эпидемиологиялық жағдай шиеленіскен күйінде қалып отыр. Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексінің рейтингінде Қазақстан сырқаттанушылық бойынша 94-орында (2007 жылы –130,0 орын) және туберкулездің бизнеске әсер етуі бойынша 111 позицияда тұр.

Жүргізіліп жатқан ауқымды құрылысқа, «DOTS-плюс» туберкулезді емдеу бағдарламасының іске асырылуына қарамастан, туберкулездің таралуын,  дәріге төзімділігінің дамуын және өлім-жітімді эпидемиологиялық қадағалау мәселелері өзекті күйінде қалып отыр.

Қатерлі ісікпен сырқаттанушылықтың кейбір көрсеткіштері (100 мың адамға шаққанда 192,5-тен 182,6-ға дейін) төмендегендігі байқалады. Сонымен қатар, асқынған түрлері көбеюде (16,2%), ал өлім-жітім жалпы өлім-жітім себептерінің құрылымында үшінші орынды алады (12,6%). Алайда жалпы республика бойынша сырқаттанушылықтың төмендеуімен қатар ірі өнеркәсіптік өңірлер бойынша көрсеткіштердің өсуі байқалады. Қатерлі ісіктермен сырқаттанушылықтың ең жоғары үлес салмағы Шығыс Қазақстан  және Павлодар облыстарында (44,5%) белгіленген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрі – ДДҰ) жіктемесі бойынша Қазақстан АИТВ/ЖИТС індетінің шоғырланған сатысында (орташа әлемдік көрсеткіш 1,1 % болғанда халықтың 0,2 %-ы). Халықаралық сарапшылардың бағалау деректері бойынша Қазақстанда АИТВ ауруы бар тұрғындардың саны 16 мың адамды құрайды, бұл тіркелгендердің санынан
2 есеге жуық артық. АИТВ  жұқтырғандардың жалпы санының шамамен
1/4-ін құрайтын АИТВ жұқтырған әйелдердің саны өсуде. 2008 жылы жүкті әйелдер арасында АИТВ жұқпасының жиілігі 2005 жылдан бастап жыл сайын 0,01 %-ға арта отырып, 0,07 %-ды құрады, бұл АИТВ-ның анадан балаға берілу ықтималдылығын арттырады. Сонымен қатар, халықтың АИТВ/ЖИТС туралы хабардар болуының төмендігі осы патология бойынша жағдайдың нашарлауының нақты қауіптілігіне ықпал етеді.

Жарақаттанушылықтек Қазақстан үшін ғана емес, сонымен қатар көптеген әлем елдері үшін де қазіргі заманғы медициналық-әлеуметтік маңызды проблемалардың бірі болып отыр. Қазақстанда жарақаттар халықтың сырқаттанушылық құрылымында, еңбекке уақытша жарамсыздық және өлім-жітім құрылымында екінші орынды, бірінші рет мүгедектікке шығу бойынша үшінші орынды алады. Сонымен қатар, әртүрлі жарақат алған адамдарды оңалту және еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру бойынша жүйелі тәсіл жоқ.

Соңғы жылдары алғашқы мүгедектік деңгейінің теріс серпіні қалыптасты (10 мың адамға шаққанда республикада мүгедектікке алғашқы шығудың қарқынды көрсеткіші 2007 жылы – 27,7-ні, 2008 жылы – 28,8-ді,
2009 жылы – 29,2-ні құрады), бұл  денсаулық сақтаудың профилактикалық бағыттылығының нашарлығының дәлелі болып табылады.

Экологиялық ахуалдың нашарлауы қоршаған ортаның зиянды факторларының әсеріне байланысты ауруларды (тыныс алу ағзаларының аурулары,  онкологиялық аурулар, аллергиялық аурулар және тағы басқалар) диагностикалау және емдеу қызметіне деген сұраныстың артуына ықпал етеді.

Соңғы жылдары санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың
оң серпіні байқалады, елеулі инфекциялық аурулардың бірқатарының төмендегені тіркелген, ал вакцинамен басқарылатын кейбір инфекциялық аурулар бойынша толық жою немесе элиминациялау міндеті жолға қойылған.

Жыл сайын  қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз етілген халықтың үлес салмағы артып келеді, ол 2009 жылдың қорытындысы бойынша  81,8%-ды құрады, эпидемиялық маңызды объектілердің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы жақсаруда. Аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтарында қажетті профилактикалық іс-шаралар кешені қамтамасыз етілді, оларда халықтың топтық сырқаттанушылық жағдайларына жол берілген жоқ. Шекаралас мемлекеттермен эпидемиологиялық жағдайдың қиындағаны туралы шұғыл хабарлау жүйесі енгізілді.

Сонымен қатар, қызметтің инфекциялық емес аурулардың алдын алу бойынша қоғамдық денсаулық сақтаудағы қызметін күшейту мәселелері шешімін таппай келеді. Өткізілетін санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың сапасы мен жеделдігін арттыру қажет, аккредиттеу жүйесі нашар дамыған, зертханалық зерттеулердің және халық денсаулығына сыртқы орта факторларының әсер ету қауіп-қатерлерін бағалаудың халықаралық стандарттары жеткіліксіз енгізілген. Өнімнің және қызметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесі дамымаған.

Дезинфекциялаумен және дератизациялаумен айналысатын ұйымдардың қызметін бірыңғай үйлестіруді қалыптастыру бөлігінде олардың қызметін жетілдіруді, өткізілетін іс-шаралардың сапасы мен тиімділігін арттыруды талап етеді.

Биологиялық терроризмнің өсу қауіптеріне және аса қауіпті инфекциялардың таралуына байланысты ұлттық биологиялық қауіпсіздік жүйесін құру қажет.

ДДҰ деректері бойынша адам денсаулығының 50%-ы өмір салтына, көптеген созылмалы инфекциялық емес аурулардың (жүрек-қантамыры жүйелерінің аурулары, қант диабеті және басқалар) дамуы да адамның өмір сүру салтына байланысты. Соған байланысты қазақстандықтардың саламатты өмір салтын қалыптастыру және дене шынықтыруды дамыту маңызды болып отыр. Сонымен қатар, қазіргі уақытта қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерінде сектораралық және ведомствоаралық серіктестік тетігі жолға қойылмаған, бұл мемлекеттік органдардың, мемлекеттік және жеке секторлардың денсаулық сақтау саласындағы өз міндеттерін жете түсінбеуіне, жауапкершілікті нақты бөлісудің болмауына, денсаулық сақтау проблемаларын ақпараттық қолдаудың нашарлығына байланысты.

Сондай-ақ халық денсаулығы деңгейінің төмен болуының себептері саламатты өмір салтын ұстану және аурулардың алдын алу, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайының сақталуы, суды тұтыну мен тамақтану мәселелерінде халықтың жеткіліксіз  ақпараттандырылуы, сауаттылығы мен уәждемесінің жеткіліксіздігі, халықтың әлеуметтік әлсіз санатының әлеуметтік экономикалық нашарлығы болып табылады. Бұдан басқа, денсаулық сақтау жүйесінің профилактикалық белсенділігінің төмендігі, яғни ауруларды болдырмауға емес, оларды емдеуге бағытталу сақталуда.

 

Денсаулық сақтау жүйесі

Денсаулық сақтаудың негізгі көрсеткіштерінің серпіні денсаулық сақтау саласына бағытталған бюджет қаражатын жыл сайын көбейе түскенінің дәлелі. Мәселен, 2004 – 2009 жылдар аралығындағы кезеңде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі – ТМККК) қаржыландыру көлемі 90,5-тен 273,1 млрд. теңгеге дейін көбейген. 2009 жылы Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының ТМККК қаржыландырылуын орта республикалық деңгейге дейін кезең-кезеңмен  жеткізуге республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттермен
5,4 млрд. теңге бөлінген болатын.

Соңғы жылдары денсаулық сақтау саласындағы жан басына шаққандағы шығыстар көлемі де айтарлықтай өскен: 2004 жылы 8 740 теңге болса,
2009 жылы 30 373 теңгеге дейін өскен.

Мембағдарламаны іске асырған уақытта төсекпен қамтамасыз етілу көрсеткіші 10 мың адамға шаққанда 70,2-ге дейін төмендеген (2005 ж. – 73,1). Бұл ретте, ауруханалық төсектер саны тек 2330 бірлікке азайды. Сонымен бірге стационарға емдеуге жатқызылған 30%-ға дейінгі науқастар стационарлық емге мұқтаж емес; жедел медициналық көмекті шақырту саны (2005 ж.
4 658 971-ден 2008 ж. 4 978393-ке дейін), оның ішінде негізсіз шақыртулар саны (тиісінше 126 756-дан 189 498-ге дейін) көбейген.

Стационарды алмастыратын технологиялардың дамығандығы байқалады. Мәселен, амбулаториялық-емханалық ұйымдардың жанындағы күндізгі стационарда 445 145 науқас (2005 ж. – 278 813), ауруханалардағы күндізгі стационарда – 64 081 науқас (2005 ж. – 56 728), үйдегі стационарларда
158 758 науқас (2005 ж. – 155 480) емделген. 2009 жылы амбулаториялық-емханалық денсаулық сақтау ұйымдарында 104,5 млн. пациент қабылданған (2005 жылы – 99,3 млн.), бұл 1 тұрғынға шаққанда бұрынғы – 6,6 деңгейде қалып отыр.

Қазіргі таңда 50 денсаулық сақтау ұйымына Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ДБАЖ)  енгізілді. Қашықтықтан мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында Министрлік 2004 жылдан бастап «Ауылдық (селолық) жерлерде денсаулық сақтаудағы телемедицинаны және ұтқыр медицинаны дамыту» атты инвестициялық жобаны іске асырып келеді. Соған байланысты қазіргі таңда 14 өңірде ауылдық денсаулық сақтау саласына телемедицина кезең-кезеңмен енгізілуде. Телемедицина сеанстары түрлі бейіндегі мамандардың қатысуымен  телеконференция түрінде өткізіледі: 2009 жылы 13 өңірде 10 611 телемедициналық консультация өткізілді.

Республикада денсаулық сақтау ұйымдары желісінің жаңа мемлекеттік нормативіне өту жалғасуда. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін іске асыру барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2131 қаулысымен денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі әзірленді және бекітілді, бұл денсаулық сақтау ұйымдары желісін реттеуге, көпбейінді ауруханалар желісін құруға, БМСК-ның қолжетімділігін, бірінші кезекте ауыл халқы үшін қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, медициналық ұйымдарды шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын мәртебесіне кезең-кезеңмен ауыстыру басқару, қаржыландыру жүйесін, денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық саясатты жетілдіруге, медициналық ұйымдардың қызметтерінің экономикалық тиімділігін арттыруға, сондай-ақ кадрмен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

Жоғары технологиялық қызметтер секторын дамыту жалғасуда. Қазіргі уақытта «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ (бұдан әрі – Холдинг) құрамына жоғары технологиялық көмек көрсететін бес республикалық ғылыми орталық: Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, Республикалық балаларды оңалту орталығы, Республикалық  диагностикалық орталық, Нейрохирургия ғылыми орталығы,  Жедел медициналық жәрдем ғылыми-зерттеу институты кіреді.
2011жылы тағы бір объект – Кардиохирургия республикалық ғылыми орталығының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау секторында бірқатар іргелі проблемалар бар. Мәселен, денсаулық сақтау саласы, әсіресе бастапқы медициналық-санитариялық көмекті дамытуда  қосымша салымдарды қажет етеді. ТМККК қаржыландыруды жыл сайын ұлғайтуға қарамастан (2003 ж.
64,8 млрд. теңгеден 2009 ж. 464,1 млрд. теңгеге дейін), ол да қосымша шығыстарды қажет етеді. Негізгі проблемалар тек ресурстардың жеткіліксіздігіне байланысты емес, сонымен қатар оларды пайдалану тиімділігінің төмендігіне де байланысты болып отыр, яғни қазіргі таңда денсаулық сақтауды басқару мен қаржыландыру оның тиімділігіне емес, желінің қуаттылығын ұстауға бағдарланған.

БМСК-ті қаржыландырудың тиімді тетіктері: ынталандыру төлемдеріне қаржыландырудың болмауы (44%), нормативтік құқықтық базаны жетілдірмеу, заңды тетіктердің болмауы (25%); денсаулық сақтау менеджерлерін нашар даярлау (6%) себепті жеткіліксіз пайдаланылады.

Бұдан басқа, тариф белгілеудің объективтік емес қолданыстағы жүйесі, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары дербестігінің төмендігі мен білікті менеджерлердің болмауы медициналық қызметтерді ұсынушылардың бәсекелестігін дамытуды тежейді.

Медициналық қызметтерге қол жеткізудің әркелкілігі мен медициналық қызметтер сапасының нашарлығы сақталуда. Мәселен, Қазақстан халқының 40%-дан астамын ауыл адамдарының құрайтындығына қарамастан, қазіргі таңда денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымы мегаполистерге, атап айтқанда Астана және Алматы қалаларына шоғырланған. Бұл еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі пациенттердің сапалы және жоғары технологиялық медициналық қызметтерге қолжетімділігін айтарлықтай қиындатады. Өңірлер бойынша ресурстарды әркелкі бөлу де байқалады. Мәселен, 2009 жылы ТМККК-ге арналған шығыстарды жұмсау бір тұрғынға шаққанда 12 964 теңгеден  21 289 теңгеге дейін құрады.

Осыған байланысты өңірлік денсаулық сақтау мәселесі аса көңіл бөлуді талап етеді, сондықтан Мембағдарламаның негізгі міндеттерінің бірі қаржыландыруды, медициналық көмекті өңірлік теңестіру, қазақстандықтардың сапалы және жоғары технологиялық медициналық көмекке әділ қол жеткізуін қамтамасыз ету болып табылады.

Қазіргі таңда медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудің жеткіліксіз деңгейі проблемалы мәселе күйінде қалып отыр. Мысалы, жедел медициналық жәрдемді медициналық жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандыру республика бойынша              51,69%-ды құрайды. Елдің бірқатар өңірлерінде медициналық көмек көрсететін ұйымдар (жедел медициналық жәрдем станциясы, БМСК, сот-медициналық сараптама және басқалар) бейімделген үлгідегі емес үй-жайларда орналастырылған, 400-ден астам (4,3%) денсаулық сақтау ұйымы авариялық ғимараттарда орналасқан.

Сонымен қатар, денсаулық сақтаудың бірінші буынында жалпы дәрігерлік практика және халықпен профилактикалық жұмыста денсаулықты сақтаушы технологиялар нашар дамуда.

Бұдан басқа, нормативтік талаптар қаржылық қамтамасыз етумен сәйкес келмейтіні байқалады. Бюджеттің болмауына байланысты  «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы»  Қазақстан Республикасының Заңы іске асырылмай отыр.

Медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу деңгейі төмен күйінде қалып отыр, олардың жұмысының түпкілікті нәтижесіне негізделген еңбекақы төлеуге сараланған тәсіл жоқ. Бұдан басқа, жер жерлерде, әсіресе  ауылдық өңірлерде білікті кадрлардың тапшылығы байқалады, бұл  республиканың ауыл халқын медицина қызметтерімен қамтамасыз етуді  қиындатады.

БҰДЖ-ның белсенді енгізілуіне қарамастан қазіргі таңда денсаулық сақтау саласында ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның төмен деңгейі, медициналық қызметкерлердің арасындағы компьютерлік сауаттылық деңгейінің төмендігі және емдеу-профилактикалық үдерісті автоматтандырудың жоқтығы сақталуда.

Мембағдарламаны іске асыру кезеңінде денсаулық сақтау кадрларын даярлау сапасына қолжеткізу жөнінде нақты жұмыстар жүргізілді. Медициналық және фармацевтикалық білім берудің нормативтік базасы құрылды, 2007 жылдан бастап кәсіби бағытқа негізделген және әлемдік озық тәжірибеге сүйенген  медициналық жоғары білім берудің жаңа бағдарламалары іске асырылуда. Мемлекеттік медициналық жоғары оқу орындары соңғы 10 жылда алғаш рет оқыту-клиникалық және зертханалық құрал-жабдықтар сатып алды, жоғары оқу орындарының 85%-ы үлкен дербестік алып, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар статусына ауысты. Білім берудің инновациялық технологияларын енгізу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Құрылған оқыту-клиникалық орталықтары студенттер мен интерндерді клиникалық даярлықтан өткізуге  мән беруге мүмкіндік туғызып отыр. Медициналық білім берудің дүниежүзілік федерациясы ұсынған сапаны жақсартудың жаһандық стандарттарына негізделген базалық медициналық білімді институциялық аккредиттеудің ұлттық стандарттары әзірленді. Мембағдарламаны іске асыру кезеңінде медицина кадрларының біліктілігін шетелде арттыруға, шетелдік жетекші мамандарды Қазақстан Республикасына тарта отырып, мастер-кластар ұйымдастыруға көп көңіл бөлінді.

Денсаулық сақтау саласын білікті кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі өзекті проблема күйінде қалып отыр. Бүгінгі таңда салада шамамен
59 мыңнан астам дәрігер еңбек етеді. Медициналық ЖОО-ларға
қабылдаудың 9,5 %-дан астам өсуі есебінен жоғары білімі бар медицина кадрлары санының жыл сайын ұлғаюына, оқу бітірушілер санының ұлғаюына қарамастан салада, әсіресе ауылдық жерлерде кадрлардың тапшылығы сақталуда. Ауыл халқының дәрігер кадрларымен қамтамасыз етілу көрсеткіші  қаламен салыстырғанда шамамен 4 есе кем. Қазақстан өңірлері бойынша дәрігер кадрларды бөлудің теңсіздігі өте жоғары болып сипатталады және кейбір өңірлерде 10 мың адамға шаққанда 9,5-тен (Алматы облысы)
19,3-ке (Қарағанды облысы) дейін құрайды.

Кадрлардың «қартаю» үрдісі байқалады. Салаға жас мамандардың келуінің ұлғаюына қарамастан, олардың үлесі жеткіліксіз және дәрігер кадрлардың жалпы санының 4 %-ын құрайды. Бұрынғыша мамандыққа деген қызығушылықтың төмендігі және уәждемелік тетіктердің болмауы салдарынан ЖОО-ны бітіруші түлектерді жұмыспен қамту деңгейі 87 %-дан аспайды.

Медицина кадрларының санаттылық деңгейінің жоғары болуына (42%) қарамастан, олар көрсететін медициналық қызметтер сапасы тұтынушылар мен жұмыс берушілерді қанағаттандырмайды.

Денсаулық сақтау саласындағы ғылым саласы дүниежүзілік стандарттардан айтарлықтай артта қалып отыр, отандық ғылыми өнімнің бәсекелестікке қабілетсіздігі мен қажет етілмейтіндігі байқалады. Көрсетілген мәселені шешу үшін 2007 жылдан бастап Медицина ғылымын реформалау тұжырымдамасы іске асырылуда. Медицина ғылымын басқаруды жетілдіру
іс-шаралары басталды. Бірқатар ғылыми ұйымдар зор дербестікке қол жеткізу үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар мәртебесіне ауысты. Ғылыми-білім беру-практикалық кластерлер құрылып жатыр. Ғылыми ұйымдарда дәлелді медицина орталықтары құрылды. Болашағы зор 40-тан астам ғылыми қызметкер АҚШ, Сингапур университеттерінде ғылыми зерттеулер менеджменті бойынша оқудан өтті. Халықаралық басылым беттерінде рецензияланған жарияланымдар көбейіп, халықаралық патенттер пайда бола бастады. Медициналық ғылыми ұйымдардың қызметін рейтингтік бағалау жүйесі әзірленді.

Қабылданған шараларға қарамастан, кадрларды даярлау сапасы, жұмыс істеп жүрген мамандардың біліктілік деңгейі, БМСК көрсететін персоналдың тапшылығы, ірі қалалардағы медицина қызметкерлерінің аса көп шоғырлануы, жоғары және орта кәсіптік медициналық білім алған медицина қызметкерлері санының теңсіздігі, жұмысқа деген уәждемелік ынталандырудың болмауы және денсаулық сақтау қызметкерлерін әлеуметтік қорғалудың жеткіліксіздігі, ғылыми зерттеулердің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі, инновациялық жетістіктердің жоқтығы Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметінің негізгі проблемалары күйінде қалып отыр.

Қазақстан Республикасында фармацевтика саласын нарықтық экономика жағдайына бейімдеу үшін қайта ұйымдастыру үдерісі басталды. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін іске асыруда дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы саласын реттейтін нормативтік құқықтық актілер әзірленді. Мемлекеттік қолдау шаралары отандық кәсіпорындардың сапалы фармацевтикалық өнімдерін өндіру көлемін және номенклатурасын жыл сайын арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған.

Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы  бұйымдар мен медициналық техниканы тіркеу, сертификаттау, сапасын, сондай-ақ олардың жарнамасын бақылауды қамтамасыз ету қызметі тәртіпке келтірілген.  Ұлттық ақпараттық дәрі-дәрмек орталығы құрылды.

Нормативтік құқықтық актілерді Еуроодақ елдерінің нормаларына сәйкес үйлестіру жұмыстары басталды. Қазақстан Республикасы Еуропалық фармокопея комиссиясының ресми бақылаушысы және дәрі-дәрмектердің жанама әсерлерінің мониторингі бойынша ДДҰ-ның халықаралық бағдарламасының толық құқықты қатысушы ел болды. Республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен сатып алынатын дәрілік заттардың бағасын мемлекеттік реттеу енгізілді, бұл олардың  бағасын орташа есеппен 30%-ға арзандатуға мүмкіндік туғызды.

Әлемдік тәжірибенің негізінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды дистрибуциялаудың бірыңғай жүйесі құрылды, бұл қаржы қаражатын айтарлықтай үнемдеуге және отандық препараттарды тұтыну үлесін бірнеше есеге арттыруға мүмкіндік туғызды. Ауыл халқына дәрілік көмектің жеке қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін дәріханалық ұйымы жоқ 3000-нан астам ауылдық елді мекенде БМСК объектілері арқылы дәрілік заттарды өткізу ұйымдастырылды.

Фармацевтика қызметінде қол жеткізген табыстармен қатар бірінші кезекте шешуді қажет ететін белгілі бір міндеттер  бар.

ТМККК тізбесіне сәйкес сапалы фармацевтикалық өнімнің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық дәрі-дәрмек саясатының жаңа жобасын әзірлеу қажет. Кеден одағына мүше елдердің фармацевтикалық жиынтық нарығында импорт, АҚШ долларымен есептегенде 17 миллиардтан асады. Фармацевтика саласын қарқынды дамыту үшін шығарылатын дәрілік препараттардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарын жүргізу қажет және халықаралық нарыққа шығу керек, оның ішінде кеден одағы аясында түпкі өнім сапасын бақылау жүйесінен өндіру сапасын қамтамасыз ету жүйесіне, дистрибьюторлық және дәріханалық практикаға көшу қажет.

 

Денсаулық сақтау саласындағы жағдайды талдай отырып, жалпы саланың күшті жақтары ретінде мыналарды атауға болады:

денсаулық сақтау саласын дамытудың нақты белгіленген басым бағыттары;

денсаулық сақтау саласын мемлекеттік қаржыландыруды айтарлықтай ұлғайту;

ел хақының негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерінің тұрақтануы мен жақсаруы, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша сырқаттанушылықтың төмендеуі;

денсаулық сақтау объектілерінің қалпына келтірілуі және  жаңаларының салынуы;

емдеу-диагностикалық үдеріске жаңа медициналық технологиялардың енгізілуі;

ауылдық жерлердің медициналық ұйымдарында телемедициналық пункттердің болуы;

елдің барлық өңірлерінде филиалдары бар республикалық медициналық ақпараттық-талдау орталығының болуы;

халықтың дәрілік заттарға қолжетімділігінің жақсаруы.

Әлсіз жақтары:

денсаулық сақтау ұйымдарының, әсіресе ауылдық аумақтарда қанағаттанарлықсыз материалдық-техникалық базасы;

мемлекеттің, жұмыс берушінің және азаматтың денсаулық сақтау үшін ортақ жауапкершілігінің жоқтығы;

азаматтардың дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге құқықтарын іске асырудың нақты тетіктерінің болмауы;

өңірлерде және республикалық маңызы бар қалаларда ұсынылатын медициналық қызметтердің сапасындағы үлкен айырмашылық;

медицина кадрларын даярлау сапасының жеткіліксіздігі;

денсаулық сақтау менеджерлерін даярлау институты нашар дамыған;

кардиохирургия, нейрохирургия, трансплантология, травматология, басқа да бірқатар мамандықтар, сондай-ақ менеджмент саласында арнаулы біліктіліктің жекелеген бағыттары бойынша кадрлар тапшылығы;

денсаулық сақтау жүйесінің, әсіресе ауылдық өңірлерде білікті кадрлармен нашар қамтамасыз етілуі;

пациенттің және медицина қызметкерінің құқықтарын қорғау жүйесі нашар дамыған;

ауылдық жерлердегі шалғай орналасқан елді мекендердегі, әсіресе халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарының медициналық қызметтерге қолжетімділігінің төмендігі;

денсаулық сақтау ұйымдарында әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандардың болмауы.

Мүмкіндіктер:

әлемдік экономиканың тұрақтануы;

медициналық және фармацевтикалық ғылымның дамуы, ауруларды диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістерінің пайда болуы;

Дүниежүзілік банктің инвестициялық қолдауы;

денсаулық сақтау саласындағы басқарудың жаңа тиімді әдістерінің пайда болуы;

денсаулық сақтау секторында ақпараттық технологияларды дамыту;

халықтың арасында спортты танымал ету, спортпен шұғылданатын халықтың санын ұлғайту;

ДДҰ қолдауымен көптеген елде темекі шегуге жағымсыз қатынасты қалыптастыру;

шектес мемлекеттермен эпидемиологиялық  ахуалдың асқынуы туралы шұғыл хабарлау жүйесінің болуы.

Қауіптер:

тұмаудың, H1N, H5N1 жаңа вируленттік түрлерінің оқыстан пайда болуы;

қазіргі заманғы медициналық жабдықтар мен фармацевтикалық препараттарға бағалардың өсуі;

елдің аграрлық өнеркәсібінде пестицидтер мен тыңайтқыштардың, Қазақстан Республикасына импортталатын өнімдердің жеткілікті реттелмеуі;

елдің мал шаруашылығында гормоналдық және фармацевтикалық препараттарды, Қазақстан Республикасына импортталатын өнімдерді пайдалану;

ел аумағында аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтарының болуы;

кейбір өңірлерде қауіпсіз ауызсу көздерінің болмауы.

 

4. Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері,                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                    нысаналы индикаторлары  және нәтижелерінің көрсеткіштері

Мақсаты: елдің орнықты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту.

 

Бағдарламалық мақсаттар:

1.  Денсаулықты сақтау мәселелерінде бүкіл қоғам күштерінің келісушілігіне қол жеткізу арқылы қазақстандықтардың денсаулығын нығайту.

2.  Бәсекеге қабілетті денсаулық сақтау  жүйесін қалыптастыру.

 

Бағдарламаны іске асырудың нысаналы индикаторлары:

халықтың күтіліп отырған өмір сүру ұзақтығының 2013 жылға қарай
69,5-ке дейін, 2015 жылға қарай 70 жасқа дейін ұлғаюы;

ана өлім-жітімінің 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай 28,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 24,5-ке дейін төмендеуі;

нәресте өлім-жітімінің 1000 тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай 14,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 12,3-ке дейін төмендеуі;

жалпы өлім-жітімнің 1000 адамға шаққанда 2013 жылға қарай 8, 14-ке дейін, 2015 жылға қарай 6,2-ге дейін төмендеуі;

туберкулезбен сырқаттанушылықтың 100 мың халыққа шаққанда
2013 жылға қарай 98,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 94,7-ге дейін төмендеуі;

15 жастан 49 жасқа дейінгілердің тобында АИТВ-инфекциясының таралушылығын 0,2-0,6 шегінде ұстау.

 

Бағдарламаның міндеттері:

азаматтардың денсаулығын сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту;

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту және жетілдіру;

медициналық және фармацевтикалық білімді жетілдіру, медицина ғылымын және фармацевтикалық қызметті дамыту.

 

5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсаттарға
қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар

Негізгі бағыттар:

1) заматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру;

2) профилактикалық іс-шараларды, скринингтік зерттеулерді күшейту, негізгі әлеуметтік мәні бар аурулар мен жарақаттарды диагностикалауды, емдеуді және оңалтуды жетілдіру;

3) санитариялық-эпидемиологиялық қызметті жетілдіру;

4) денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесінде медициналық көмекті ұйымдастыруды, басқару мен қаржыландыруды жетілдіру;

5) медициналық, фармацевтикалық білімді жетілдіру, медицинада инновациялық технологияларды дамыту және енгізу;

6) халыққа дәрілік заттардың қолжетімдігі мен сапасын арттыру, денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық техникамен
жарақтандыруды жақсарту.

 

5.1. Қоғамдық саулықты сақтау мәселелері бойынша
сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың
тиімділігін арттыру

Денсаулық сақтау мәселелері тек мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінің құзыретінен айтарлықтай асады және халықтың денсаулығын сипаттайтын көрсеткіштердің сапалық ілгерілеуіне қол жеткізу үшін барлық деңгейдегі мемлекеттік ведомстволарды, бизнес-құрылымдарды және қоғамдық ұйымдарды қоса алғанда, бүкіл қоғамның, бірінші кезекте қоғам денсаулығына едәуір әсер ете алатын құрылымдардың күш-жігерінің келісімділігі қажет.

Осыған байланысты осы бағытты іске асыру жеті сектораралық кіші бағдарлама бойынша көзделеді.

Мақсаты: мемлекеттік, қоғамдық және бизнес құрылымдардың қызметін үйлестіру арқылы азаматтардың денсаулығын қалыптастыру, сақтау және нығайту.

Негізгі міндет: қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың  бірыңғай ұлттық саясатын әзірлеу және енгізу.

 

Қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар

Қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың бірыңғай ұлттық саясатын әзірлеу мақсатында:

бизнес-құрылымдардың әлеуметтік жауапкершілігін дамытуды және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдарды (бұдан әрі – ҮЕҰ) тартуды қоса алғанда, орталық мемлекеттік органдар және жергілікті мемлекеттік басқару органдары арасындағы жауапкершіліктің аражігін ажыратуды нақты келісу және  жергілікті деңгейде өзара іс-қимылдың тетіктерін әзірлеу арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің мәртебесін көтеру;

мынадай:

1) саламатты өмір салты және мінез-құлық факторларымен түсіндірілген әлеуметтік мәні бар аурулар деңгейін төмендету;

2) дұрыс тамақтану;

3) мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің денсаулығы;

4) жол-көлік қауіпсіздігі;

5) төтенше жағдайлар (бұдан әрі – ТЖ) кезінде шұғыл медициналық-құтқару көмегі;

6) туберкулезге, АИТВ/ЖИТС-ке қарсы күрес;

7) аса қауіпті инфекциялардың профилактикасы мәселелері бойынша сектораралық кіші бағдарламаларды  әзірлеу және енгізуді көздейтінөмір сүру және еңбек жағдайларының қауіпсіздік деңгейін арттыруда жәнеқоғамдық денсаулықты жақсартуда мемлекеттік, қоғамдық және бизнес құрылымдардың өзара іс-қимылын күшейту;

дене тәрбиесін және спортты дамытудың салалық бағдарламасын әзірлеу;

қоғамдық денсаулық сақтауды жақсарту мәселелері бойынша бағдарламаны іске асыру тиімділігінің мониторингі мен бағалау жүйесін әзірлеу жоспарланып отыр.

 

Өмір сүру және еңбек жағдайларының қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында:

денсаулықты сақтау, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;

қоршаған және өндірістік ортаның халықтың денсаулығына теріс әсерін төмендету;

ұйым қызметкерлерінің саламатты өмір салтын (бұдан әрі – СӨС) жүргізуді қамтамасыз етуге жұмыс берушілердің уәждемесін қалыптастыру, сондай-ақ жұмыс берушілерге қызметкерлердің профилактикалық тексеруден уақтылы өтуіне жауапкершілікті бекіту;

өнеркәсіптік кәсіпорындар жанынан үлгілік медициналық пункттерді құруды және дамытуды қоса алғанда, қызметкерлердің денсаулығын қолдау жөніндегі инфрақұрылым құру және оны дамыту;

қоршаған ортаның ластануының халық денсаулығына әсерін оларды жою бойынша шараларды қабылдау үшін зерделеу;

жобалық материалдарды әзірлеу кезінде жер учаскесін беру, экологиялық қауіпті азайту және халық денсаулығы үшін қолайсыз әсердің алдын алу мақсатында жаңа өндірістер үшін аумақты санитариялық-гигиеналық бағалауды белгілеу кезеңінен бастап қауіптерді бағалау жүйесін енгізу көзделіп отыр.

 

Денсаулық сақтау мәселелері бойынша сектораралық кіші бағдарламалар

 

Саламатты өмір салты және мінез-құлық факторларына негізделген әлеуметтік мәні бар аурулардың деңгейін төмендету

 

Мақсаты: қауіптің мінез-құлық факторларын бақылаудың алдын алу және күшейтуге жүйелі және кешендік ұстаным арқылы саламатты өмір салтын қалыптастыру.

 

Міндеттері:

1) қоғамда темекі шегудің әлеуметтік жағымсыз имиджін жасау;

2) саламатты өмір салтын қалыптастыруда үкіметтік емес ұйымдардың және бизнес-қоғамдастықтың қатысуын жандандыру;

3) алкогольді шектен тыс тұтынудың, активті және пассивті темекі шегудің және есірткіні тұтынудың салдарлары туралы халықтың хабардар болуын арттыру;

4) темекі бұйымдары мен алкогольді шектен тыс тұтынуды төмендету;

5) халықты спорттық-бұқаралық іс-шаралармен қамтуды ұлғайту.

 

Нәтижелер көрсеткіштері:

кемінде 30 минут дене шынықтырумен шұғылданатын адамдардың үлесін 2013 жылға қарай 18%-ға дейін, 2015 жылға  қарай 24,9%-ға дейін
(2009 ж. – 14%) арттыру.

темекіні тұтынудың таралуын 2013 жылға қарай 19,5%-ға дейін,
2015 жылға  қарай 18,2%-ге дейін (2009 ж. – 21,4%) төмендету.

алкогольді шектен тыс тұтынудың таралуын 2013 жылға қарай
15%-ға дейін, 2015 жылға  қарай 14%-ға дейін (2009 ж. – 16,9%) төмендету.

 

Қол жеткізу жолдары мен тиісті шаралар

СӨС туралы халықтың хабардар болуын арттыру, медициналық, әлеуметтік қызметкерлер мен журналистердің күшін жұмылдыру арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұл үшін мынадай медициналық бағдарламаларды жетілдіру жоспарланады: проблемалардың өзектілігін, көшбасшылар мен елдің  атақты адамдарының, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, білім салаларының көрнекті қайраткерлерінің қатысуын, темекі шегудің, алкогольді шектен тыс тұтыну мен есірткілерді пайдаланудың алдын алу мен одан емдеудің жаңа технологияларын танымал етуді ескере отырып тақырыптар әзірлеу. Бұдан басқа, медициналық теле және радиобағдарламалар шығару, медициналық бағдарламаларды көруге ең қолайлы уақытта көрсету жоспарлануда.

СӨС қалыптастыруда ҮЕҰ мен бизнес-құрылымдардың қатысуын жандандыру үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс беріп, саламатты өмір салтын қалыптастыруда оларды белсенді қатыстыру жоспарлануда. Бұдан басқа, жұмыс берушілердің азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелерінде кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлерін дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық қызметтермен қамтамасыз етуді қоса алғанда, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін арттыру жоспарлануда.

Темекі бұйымдарын тұтынуды төмендету мақсатында темекі бұйымдарына акциздерді кезең-кезеңмен арттыру; дамыған елдердің тәжірибесі бойынша темекі бұйымдарын сату ережелерін жетілдіру; темекі индустриясы тарапынан жанама жарнамаға тыйым салу сияқты экономикалық шаралар қабылданатын болады.

Темекі шекпейтіндердің таза ауаға құқығын қорғауды қамтамасыз ету үшін қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салу аймағын кеңейту (қоғамдық көлік аялдамалары, көпшілік демалуға арналған қоғамдық орындар ашу) жоспарлануда. Темекі шегудің зияны туралы халықты ақпараттандыру жөніндегі, оның ішінде темекі бұйымдарында ескертпе жазу алаңының көлемін ұлғайту, сондай-ақ графикалық бейнелеу мен пиктограммаларды әзірлеу және енгізу арқылы жұмыстар жалғасатын болады.

Бұдан басқа, халықтың арасында, әсіресе БМСК деңгейінде темекі шегудің профилактикасы жөнінде медицина қызметкерлерінің жұмысын күшейту; темекі бұйымдарын тұтынудан бас тартқысы келетіндерді қолдау, оның ішінде темекіні тастағысы келгендерге медициналық-психологиялық көмек жүйесін ұйымдастыру; темекіні тастағысы келгендерге өңірлік және ұлттық телефон желілерін ұйымдастыру бойынша медицина қызметкерлерінің, әлеуметтік қызметкерлердің жұмысын күшейту жоспарлануда.

Алкоголь мен есірткіні шамадан тыс тұтынуды мынадай бірнеше бағыттарда: экономикалық шараларды қолдану жолымен: алкоголь өнімдеріне салықты кезең-кезеңмен жоғарылату; қол жетімді бағалар бойынша дәстүрлі ұлттық сусындарды (қымыз, шұбат және т.б.) іске асыру және өндіріс жөнінде шағын бизнесті дамытуды басымды қолдау, сондай-ақ өндірілетін алкоголь өнімдерін бақылау мен сапасын реттеу және Қазақстан Республикасының аумағында алкоголь өнімдерін заңсыз өндіру және контрабандалық алкоголь бұйымдарының әкелінуіне бақылауды күшейту жөнінде нормативтік  құқықтық базаны жетілдіру жолымен төмендету жоспарлануда.

Алкоголь мен нашақорлықты шектен тыс тұтынуды төмендету үшін алкогольге және нашақорлыққа қарсы насихаттауды жүйелі жүргізуге арналған мынадай жағдайлармен қамтамасыз етілетін болады:

қоғамда алкоголь сусындарын шектен тыс тұтынуды және есірткі  тұтынуды қабылдамау жағдайын, бұқаралық ақпарат құралдарын (бұдан әрі – БАҚ) қамти отырып қалыптастыру;

алкоголь сусындарына жасырын және оның жанама түрлерін қоса алғанда, жарнамаға толық тыйым салу;

алкоголь және есірткіні тұтынудың зардаптары туралы халықты ақпараттандыру, өз денсаулығына, әсіресе балалар, жасөспірімдер және жастарда жауапты қатынасты оқыту және қалыптастыру;

алкогольге қарсы және есірткіге қарсы профилактикалық бағдарламалар әзірлеу және енгізу;

ІІМ жүйесінің кәмелетке толмаған балалар істері жөніндегі инспекторларымен ақпараттық-әдістемелік жұмыс жүргізу;

ІІМ қызметкерлерін (полицейлер, учаскелік инспекторлар) алкогольді (есірткілік, уыттылық)  мас болу күйіндегі тұлғаларға қатысты қабылданатын шараларға сараланған тәсілдерге оқыту.

Халықты спорттық-бұқаралық іс-шаралармен қамтуды ұлғайту үшін дене  белсенділігі, спорт және белсенді демалыспен айналысу үшін инфрақұрылымды дамыту; қол жетімді спорттық-сауықтыру объектілерін құру; саябақ және ойын алаңдарының жағдайын жақсарту жоспарлануда. Халықты ақпараттық-білім беру бағдарламаларын БАҚ-қа орналастыру арқылы ақпараттандыру арқылы дене тәрбиесі және спортпен айналысуға халықтың уәждемесін арттыру бойынша жұмыс жалғасатын болады. Дәстүрлі спорттық шараларды, ұлттық спорт түрлері мен ұлттық ойындарды БАҚ-ты тарта отырып, халықтың барлық топтарын қатыстырып республика ауқымында өткізу, сондай-ақ, халықтың дене шынықтырумен және спортпен айналысу уәждемесі факторы ретінде жоғары жетістікті спортты дамыту үшін жағдай жасау жоспарлануда.

Халықтың барлық топтары арасында спортпен айналысу және дене белсенділігіне жағдай жасайтын және көтермелейтін тұлғалар мен ұйымдарды ынталандыру  дене белсенділігінің таралуына ықпал ететін маңызды фактор болып табылады. Бұл үшін азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелерінде кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлерін дене тәрбиесі-сауықтырушылық және спорттық қызмет көрсетулермен қамтамасыз етуді қоса алғанда, жұмыс берушілердің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін арттыру қажет.

 

Дұрыс тамақтану

 

Мақсаты: халықтың дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету және тамақтануға байланысты аурулардың профилактикасы.

 

Міндеттер:

балалар, ұрпақты болу жасындағы әйелдер, жүкті және емшек сүтімен қоректендіретін әйелдердің тамақтануын жақсарту;

халықты қауіпсіз және дұрыс тамақ өнімдерімен орнықты жабдықтауды қамтамасыз ету;

дұрыс тамақтану туралы халықты хабардар ету;

халықтың тамақтануына мониторинг, бақылау және зерттеу жүргізу.

 

Нәтижелер көрсеткіштері:

темір тапшылығы анемиясымен сырқаттанушылықты 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 2221-ге дейін, 2015 жылға  қарай 2082,0-ге дейін (2009 ж. – 2314,0) төмендету;

артық дене салмағының таралуын 2013 жылға қарай 33%-ға дейін,
2015 жылға  қарай 30%-ға дейін (2009 ж. – 35,3%) төмендету.

 

Қол жеткізу жолдары мен тиісті шаралар

Әр жастағы балалардың, ұрпақты болу жасындағы, жүкті және емшек сүтімен қоректендіретін әйелдердің тамақтануын жақсарту.

Болашақ аналардың бала көтергенге дейінгі және жүктілік уақытында барабар тамақтануын қамтамасыз ете отырып, ұрықтың оңтайлы қоректенуіне мүмкіндік беру.

Емшек сүтімен қоректендіруді қорғауды, насихаттауды және қолдауды қамтамасыз ету және нәрестелер мен кіші жастағы балаларды  барабар қосымша тамақтандыруды уақтылы енгізу.

Жергілікті шикізат өнімдерін пайдаланып балаларға арналған және емдеу-профилактикалық тамақ өнімдерін шығару бойынша өндірісті ұйымдастыру.

Балалар үйлерінде, мектепке дейінгі мекемелер мен мектептерде дұрыс тамақтану және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі стратегиясын дамытуды қамтамасыз ету.

Халықты қауіпсіз және дұрыс тамақ өнімдерімен  орнықты жабдықтауды қамтамасыз ету.

Қаныққан майлар мен трансмайлы қышқылдар, жай қант пен тұзды төмендетіп, құрамында жоғары деңгейлі дәрумендер, минералдар, микроэлементтер және тамақ талшықтары бар өнім шығаруды кеңейту.

Негізгі  тамақ өнімдерін микронутриенттермен тиісті байыту және қосымша тамақтану үшін өнімдерді әзірлеуді қамтамасыз ету.

Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне бақылау жүйесінің талаптарын күшейту және жетілдіру арқылы қоғамдық және мемлекеттік мекемелерде (қоғамдық тамақтану жүйесі, балалар және мектепте тамақтану, аурухана, әскери мекемелер және т.б.) тамақ өнімдерінің құнарлылық сапасын жақсарту және қауіпсіздігін арттыру.

Тамақ өнімдері тұтынудың ұсынылған шамасына сәйкес келетін тамақ өнімдері мен сусындардың қаржылық қолжетімділігіне әсер ету үшін экономикалық әдістерді (салықтар, субсидиялар) пайдалану мүмкіндігін зерделеу.

«Фермадан үстелге дейін» қағидаты пайдаланылатын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің салааралық жүйесін және Codex Alimentarius-ке сәйкес келетін қауіпті талдау тетіктерін бекіту.

Тамақ өнімдеріне және оларды өндіруге, санитариялық ережелер мен нормаларға, тамақ өнімінің қауіпсіздігін бақылау жүйесіндегі басқа нормативтік құжаттарға арналған ұлттық стандарттарды халықаралық талаптарға сәйкестендіру.

 

Халықты дұрыс тамақтану туралы хабардар ету

Жалпы алғанда халыққа және осал топтарға арналған тамақ өнімдерін тұтыну жөніндегі ұсынымдар әзірлеу.

Халықтың әртүрлі топтарының дұрыс тамақтану, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және қолжетімді БАҚ-ты тарта отырып, тұтынушылардың құқықтары саласында білім деңгейін және хабардар болуын арттыруға бағытталған көпдеңгейлі қоғамдық және коммуникациялық науқандар өткізу.

Тұтынушылардың өнімнің сипаттарын жақсы түсінуі, сапалы тамақ өнімдерін таңдауды қолдау мен тағам өнімдерін қауіпсіз сақтау және дайындауға жәрдемдеу үшін тамақ өнімдерінің анық таңбалануын көтермелеу.

 

Халықтың тамақтануына мониторинг, бағалау және зерттеу жүргізу:

тамақтану жағдайына, тамақ өнімдерінің қолжетімділігі мен оларды тұтыну, сондай-ақ  әртүрлі жас және әлеуметтік-экономикалық топтарда микронутриеттер тапшылығының профилактикасы бағдарламалары мониторингінің, оның ішінде емшек сүтімен қоректендіру және ерте жастағы балаларды қосымша тамақтандыру мониторингінің мемлекеттік жүйесін құру;

тағамдық уыттыинфекцияларды қадағалау жүйесін және әртүрлі азық-түлік тізбегінде микробиологиялық және химиялық қауіптер мониторингі жүйесін жетілдіру. Тамақтанудың толық рационына химиялық және биологиялық бөгде заттардың қосылыстарымен ластануын бағалау үшін  тұрақты түрде зерттеулер жүргізу;

негізгі азық-түлік заттарындағы физиологиялық тұтынудың өңірлік нормаларын және халықтың жекелеген топтары үшін олардың денсаулығын, климаттық-географиялық, экологиялық және өңірдің этникалық ерекшеліктерін ескере отырып энергияны түзету;

әлеуметтік мәні бар алиментарлық-тәуелді аурулардың профилактикасына бағытталған кешенді бағдарламалар мен стратегияларды әзірлеу, іске асыру, мониторингі және бағалау, тамақтану және тамақ өнімдерімен негізделген аурулар ауыртпалығын төмендету.

 

Мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің денсаулығы

 

Мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің тәни және психологиялық денсаулығын қалыптастыру.

 

Негізгі міндеттер:

Балалар мен жасөспірімдердің психологиялық және тәни денсаулығы проблемаларына кешенді ұстанымды қамтамасыз ету;

білім беру ұйымдарында денсаулық үшін қолайлы және қауіпсіз қоршаған ортаны құру;

мектеп оқушыларына дене шынықтырумен айналысуға жағдай мен мүмкіншілік жасау;

тұтас жүйені дамыту – физикалық ортаны сақтауға, оқушының тәни және психикалық денсаулығын нығайтуға, СӨС ұстануға, валеологиялық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған мектеп медицинасы қызметін (бұдан әрі – ММҚ) құру;

мектеп оқушылары мен жастардың арасында есірткілерді тарату мен тұтынуға, темекі шегуге және алкогольге  қарсы тиімді іс-қимылды қамтамасыз ету;

балалар мен жасөспірімдерді теңгерімді және қауіпсіз тамақпен қамтамасыз ету.

 

Нәтижелер көрсеткіштері:

14 жасқа дейінгі балалар арасында сүйек-бұлшық ет жүйесінің ауруымен сырқаттанушылықты тиісті 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 1194-ке дейін, 2015 жылға қарай 1190-ға дейін (2009 ж. – 1196) және
15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында тиісті 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 2295,1-ге дейін, 2015 жылға қарай
2992-ге дейін (2009 ж. – 2997,1) төмендету;

15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында ЖЖБИ) сырқаттанушылықты 2013 жылға қарай 8,3-ке дейін, 2015 жылға қарай 8,0-ге дейін (2009 ж. – 8,5) төмендету. Маркер ретінде мерез алынды;

14 жасқа дейінгі балалардың арасында психикалық белсенді затты тұтынудың салдарынан психологиялық және мінез-құлықтық бұзылулармен сырқаттанушылықты тиісті 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 13,1-ге дейін және 2015 жылға қарай 12,5-ке дейін, 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында тиісті 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 563-ке дейін және 2015 жылға қарай 560-қа дейін (2009 ж. – 14 жастағы балалар –  тиісті 100 мың адамға шаққанда 13,5, 15-17 жас аралығында – тиісті 100 мың адамға шаққанда 564,8) төмендету;

15-17 жастағы балалардың арасындағы суицидті 2013 жылға қарай
23,8-ге дейін және 2015 жылға қарай тиісті 100 мың адамға шаққанда
22,0-ға дейін (2009 ж. – тиісті 100 мың адамға шаққанда 24,5) төмендету.

 

Қол жеткізу жолдары мен тиісті шаралар

Мектеп оқушыларының тәни және психикалық денсаулығын қалыптастыру жөніндегі қолданыстағы және жаңадан әзірленген бағдарламаларды жетілдіру үшін басқарылатын себептерден балалар мен жасөспірімдердің сырқаттануына және өлім-жітіміне талдау жүргізу.

Мына:

үй-жайларды, ойын алаңдарын тиісінше жоспарлау және жалпы білім беретін мектептерге қойылатын санитариялық нормалар мен ережелерге, сондай-ақ құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес мектеп жиһазын қоса алғанда қазіргі заманғы мектеп жабдықтарымен қамтамасыз ету;

оқушылар үшін олардың ең жоғары тәни, психикалық және әлеуметтік әлеуетін іске асыру және олардың жеке сезімдерін арттыру, оқушылардың жеке басын қалыптастыру үшін мүмкіндіктер жасау;

оқушылар арасында, оқушылар мен мектеп персоналы арасында,
сондай-ақ мектеп, үй және қоғам арасында психологиялық қолайлы атмосфера орнату;

денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау бойынша оң шешімдер қабылдау үшін дағдыларды қалыптастыру жөнінде білім беруді қамтамасыз ету жолымен денсаулыққа қолайлы қоршаған ортаны қалыптастыру.

Тұтас жүйені – физикалық ортаны сақтауға, оқушының және бүкіл қоғамның денсаулығын нығайтуға, СӨС жүргізуге уәждемені, медициналық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған ММҚ-ны дамыту;

мектеп медицинасы шеңберінде мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтарға арналған кешенді бағдарлама әзірлеу және енгізу;

мектеп медицинасының қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық құжаттарды әзірлеу;

әр оқушының тәни, психикалық және әлеуметтік саулығын сақтау жөніндегі үдерісті оңтайландыру үшін оқушыларды, педагогтар мен
ата-аналарды түрлі деңгейлік, саралап оқыту жүйесін дамыту.

 

Мына:

есірткіні қолданумен байланысты қайтымсыз салдарлар туралы балалардың, жасөспірімдердің, жастардың хабардар болу деңгейін арттыру;

есірткінің профилактикасы жөніндегі бағдарламаларды ведомствоаралық деңгейде әзірлеу және енгізу;

«тең-теңімен» қағидаты бойынша еріктілер қозғалысын одан әрі дамыту (балалардың, жасөспірімдердің, жастардың арасында жауапкершілік дағдысын, құрбыларының қысымына қарсы тұра білу, есірткіден бас тарта білу, өмір сүру дағдысын ұстану негізінде интерактивті оқу өткізу жолымен дұрыс шешім қабылдай білу);

әдістемелік және ақпараттық-білім беру материалдарын әзірлеу;

спорт алаңдарын, балалар клубтарын, үйірмелерді, секцияларды, аула клубтарын, жазғы лагерьлерді дамыту және қолжетімділігін арттыру, балама қозғалыстарды дамыту (велосипедтер, роликтер, стритбол, скейтбордтар және т.б.) арқылы балалардың, жасөспірімдердің, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз етуге ықпал ету;

балалардың, жасөспірімдер мен жастардың жеке және әлеуметтік проблемаларын жеңуде психоәлеуметтік қолдау жүйесін дамыту және жетілдіру;

жастар үшін денсаулық және анонимдік консультациялар орталықтарын  дамыту, сенім телефондарының жұмысы жетілдіру арқылы есірткінің, темекі шегу мен алкогольдің мектеп оқушылары мен жастар арасында таралуы мен қолданылуына қарсы тиімді іс-қимылды қамтамасыз ету.

 

Жол-көлік қауіпсіздігі

 

Мақсаты: жол-көлік жарақаттанушылығы мен одан болатын өлім-жітімді төмендету.

 

Негізгі міндет: халық пен жол қозғалысына қатысушылардың арасында заңға құлықтылықтың және жол қозғалысы саласында құқық бұзушылыққа келеңсіз қатынастардың стереотиптерін қалыптастыруға бағытталған профилактикалық және ақпараттық жұмыстардың кешенді жүйесін құру.

 

Нәтижелер көрсеткіштері:

2013 жылға қарай ЖКО нәтижесінде қайтыс болғандардың санын
2009 жылғы деңгейден (2898 адам) 10%-ға, 2015 жылға қарай 14%-ға төмендету.

2013 жылға қарай зардап шегушілерімен ЖКО-ның санын 2009 жылғы деңгейден (14788 адам) 8%-ға, 2015 жылға қарай 10%-ға қысқарту.

 

Қол жеткізу жолдары мен тиісті шаралар

Жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық танымын арттыру және қауіпті мінез-құлқының алдын алу мақсатында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша әлеуметтік роликтер, ақпараттық-талдау телевизиялық бағдарламаларды шығару, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша республикалық журнал басып шығару арқылы қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету саласында профилактика және халықпен ақпараттық жұмыс істеу жүйелілігінің тиімділігін арттыру және қамтамасыз ету жоспарлануда.

Жол қозғалысы саласындағы нормалар мен ережелерді сақтау деңгейін арттыру, Жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркеудің автоматтандырылған жүйесін енгізу есебінен жол қозғалысын қадағалауды жетілдіру, жолдағы авариялық-қауіпті учаскелерді жою жөніндегі жұмыстар жалғасатын болады. Жол қозғалысын ұйымдастыруда қазіргі заманғы әдістер мен құралдарды қолдану, жол-көлік оқиғаларының (бұдан әрі – ЖКО) автоматтандырылған ақпарттық-іздестіру жүйесін әзірлеу және енгізу, сондай-ақ, республикалық маңызы бар жолдарды жол қозғалысын басқарудың интеллектуалды көлік жүйелерімен жарақтандыру жоспарлануда.

 

Төтенше жағдайлар кезіндегі шұғыл медициналық-құтқару көмегі

 

Мақсаты: табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендер арасындағы қайтымсыз шығындарды төмендету.

 

Негізгі міндеті: табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ кезінде шұғыл медициналық көмек көрсетуді жетілдіру.

 

Нәтижелер көрсеткіштері:

шұғыл медициналық-құтқару көмегін көрсету аймағындағы тас жолдарда ЖКО нәтижесінде қайтыс болғандар санын 2013 жылға қарай 23%-ға дейін және 2015 жылға  қарай 16%-ға дейін төмендету (2009 ж. – 26%);

келу уақытын және шұғыл медициналық-құтқару көмегін көрсетудің басталуын ЖКО туралы дабыл келіп түскен сәттен бастап 30 минутқа дейін қысқарту.

 

Қол жеткізу жолдары мен тиісті шаралар

Кәсіптік медициналық авариялық-құтқару құралымдарын құруды және жарақтандыруды қоса алғанда, апаттар медицинасы қызметін материалдық-техникалық жарақтандыруды жетілдіру арқылы төтенше жағдайлар кезінде шұғыл медициналық көмек көрсетудің тиімді жүйесін ұйымдастыру: Алматы – Көкшетау трассасында 12 трассалық медициналық-құтқару пунктін (бұдан әрі – ТМҚП) және «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трассасының қазақстандық бөлігінде 28 ТМҚП құру; апаттар медицинасы қызметін аэромобильді госпитальмен жабдықтау; апаттар медицинасы қызметін көп бейінді ұтқыр госпитальмен жабдықтау; ТЖ қызметінің медицина және құтқару құрылымдарын санитариялық тікұшақтармен және реанимобильдермен жарақтандыру.

 

Пенитенциарлық жүйеде туберкулез бен АИТВ/ЖИТС профилактикасы

 

Мақсаты: пенитенциарлық жүйеде туберкулезбен және АИТВ/ЖИТС-пен сырқаттанушылық пен өлім-жітім деңгейін төмендету.

 

Негізгі міндеттер:

қылмыстық-атқару жүйесі (бұдан әрі – ҚАЖ) мекемелерінде туберкулезбен және АИТВ/ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуді жетілдіру;

пенитенциарлық жүйе контингентін туберкулез бен АИТВ/ЖИТС таралу мәселесі бойынша ақпараттандыруды арттыру.

 

Нәтижелер көрсеткіштері:

түрмедегі 100 мың адамға шаққанда сотталғандар арасында туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткішін 2013 жылы 643-ке дейін,
2015 жылы 642,9-ға дейін (2009 жылы – 643,9) төмендету;

1000 адамға шаққанда бас  бостандығынан айыру орындарындағы адамдар арасында жалпы өлім-жітімді 2013 жылы 2,89-ға дейін және
2015 жылы 2,8-ге (2009 жылы – 2,91) төмендету;

2015 жылға қарай сотталғандар арасында АИТВ жұқтырғандардың таралу деңгейі 5 %-дан аспауы тиіс.

 

Қол жеткізу жолдары мен тиісті шаралар

Тергеудегі және сотталған адамдарды медициналық қамтамасыз етуді жақсарту жөніндегі іс-шараларды үйлестіру мақсатында жоғары деңгейдегі ведомствоаралық жұмыс тобын құрып, оның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын, мүдделі министрліктер мен ведомстволардың (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері) бірінші басшыларын енгізу жоспарлануда.

ҚАЖ мекемелерінде туберкулезбен және АИТВ/ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмекті жақсарту үшін мыналаржоспарлануда: қажетті  медициналық жабдықтар сатып алу арқылы ҚАЖ емдеу-профилактикалық мекемелерін материалдық-техникалық жарақтандыру деңгейін арттыру; пенитенциарлық жүйенің туберкулезге қарсы мекемелеріне күрделі жөндеу жүргізу; медициналық және медициналық емес бейін мамандары үшін кәсіби стандарттарды әзірлеу.

Туберкулездің, АИТВ/ЖИТС-тің таралу мәселелері бойынша пенитенциарлық жүйедегі адамдар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысы үшін  мыналар жоспарлануда:

туберкулез, АИТВ/ЖИТС таралуының алдын алу жөніндегі ақпараттық материалдарды басып шығару және тарату;

ҚАЖ медициналық қызметіне тартылған медициналық және медициналық емес бейін мамандары үшін ақпараттық-әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ету;

пенитенциарлық жүйедегі адамдар арасында әлеуметтік мәні бар аурулардың таралуының алдын алу мақсатында үкіметтік емес сектордың әлеуметтік қызметкерлері мен психологтарды тарту.

Бұдан басқа, қамау орындарында АИТВ/ЖИТС профилактикасы бағдарламаларын іске асыру және  бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға әлеуметтік қолдау көрсету бағдарламаларын жүргізу жалғасатын болады. Емдеу аяқталмаған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, туберкулезбен ауыратын науқас адамдарды іздестіру және емдеуді жалғастыру тетіктерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер әзірленетін болады. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесіндегі наркологиялық жағдайдың мониторингі мен бағалау жүйесін құру жоспарлануда.

 

Аса қауіпті инфекциялардың (конго-қырым геморрагиялық қызбасы (бұдан әрі – КҚГҚ)профилактикасы

 

Мақсаты: халықтың КҚГҚ-мен  сырқаттанушылығын төмендету.

 

Негізгі міндеті: кенеге қарсы іс-шаралар кешенін жоспарлы түрде және уақтылы өткізу.

 

Нәтижелер көрсеткіші: КҚГҚ-мен сырқаттанушылықты 100 мың адамға шаққанда 0,2-ден аспайтын деңгейде ұстау.

 

Қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар

КҚГҚ-мен сырқаттанушылықты төмендету мақсатында тиісті профилактикалық шаралар кешені жетілдірілетін болады, оның барысында эндемиялық өңірлерде мал бастарына және малдың қора-жайларына кенеге қарсы өндеу жүргізу, сондай-ақ КҚГҚ бойынша қолайсыз елді мекендердің айналасына санитариялық-қорғау аймақтарын құру жоспарлануда.

Республиканың КҚГҚ бойынша эндемиялық аумақтарында кенеге қарсы өндеу жүргізудің бірыңғай әдіснамасын әзірлеу жоспарлануда. Бұдан басқа, КҚГҚ-ны жұқтыру жолдары және алдын алу шаралары туралы халық арасында санитариялық-түсіндіру жұмысын күшейту жөніндегі іс-шаралар жалғасатын болады.

 

5.2. Негізгі әлеуметтік мәні бар аурулардың және жарақаттардың профилактикалық іс-шараларын, скринингтік зерттеулерін күшейту,
диагностикасын, емдеу мен оңалтуды жетілдіру

 

Бағдарлама шеңберінде перинаталдық медицинаны дамыту, акушериялық-гинекологиялық және педиатриялық қызметтер арасында өзара іс-қимылды жақсарту, босандыру және балаларға арналған ұйымдарды қазіргі заманғы емдеу-диагностикалау аппаратурасымен жарақтандыруды жалғастыру, дәрілік заттармен қамтамасыз етуді жақсарту, кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру, неонаталдық технологияларды белсенді енгізу жоспарлануда.

Сондай-ақ тұқым қуалайтын және жүре пайда болған ауруларды ерте анықтауға, оларды уақтылы емдеуге, асқынуға, мүгедектікке және өлім-жітімге алып келетін ауыр аурулардың дамуын тоқтатуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, олардың жас, физиологиялық ерекшеліктеріне және ДДҰ ұсынымдарына негізделген халықтың нысаналы топтарына арналған ұлттық скринингтік бағдарламалар кешені әзірленеді және енгізіледі.

Осы бағдарламаның шеңберінде негізгі әлеуметтік мәні бар аурулар
мен жарақаттарды: жүрек қан-тамыр ауруларын, онкопатологияларды, туберкулезді, АИТВ-ны, психиатриялық ауруларды, эндокриндік ауруларды (диабет), сондай-ақ жарақаттарды (жол және өндірістік жарақаттар, күйіктер) диагностикалау, емдеу және оңалту әдістері жетілдірілетін болады. Көрсетілген аурулар мыналармен сипатталу нәтижесінде алынған:

таралуы жоғары және тез өрбитін, қаралуы бойынша сырқаттанушылық құрылымында бірінші орындарды алады;

өлім-жітім және мүгедектікке шығу себептері құрылымында елеулі
үлесі бар;

ауру ағымының ауыртпалығы (сырқаттардың өмір сүру сапасын төмендетеді, функциялық белсенділігін шектейді) және жағымсыз нәтиженің жоғары ықтималдығы;

бәсекеге қабілеттіліктің  жаһандық индексіне  елеулі әсер ету.

Халықтың жалпы санында егде адамдар үлесінің айтарлықтай артуының күтіліп отырған үрдісін ескере отырып, геронтологиялық және гериатриялық медициналық көмек жетілдірілетін болады.

 

Мақсаты: халықтың денсаулығын одан әрі нығайту және негізгі әлеуметтік мәні бар аурулар мен жарақаттардың деңгейін төмендету.

Негізгі міндеттер:

1) азаматтардың ұрпақты болу денсаулығын және ана мен бала денсаулығын сақтауды нығайту;

2) аурулардың, оның ішінде мүгедектіктің профилактикасына тәсілдерді жетілдіру, скринингтік зерттеулерді дамыту және СӨС-ті ынталандыру;

3) негізгі әлеуметтікмәні бар аурулар мен жарақаттануларды диагностикалауды, емдеуді және оңалтуды жетілдіру;

4) егде жастағы адамдарға көрсетілетін медициналық көмекті (геронтологиялық және гериатриялық көмек) жетілдіру.

 

Нәтижелер көрсеткіштері:

нәресте өлім-жітімінің 1000 тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай 14,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 12,3-ке дейін (2009 ж. – 36,9) төмендеуі;

ана өлім-жітімінің 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай 28,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 24,5-ке дейін (2009 ж. – 29,2)  төмендеуі;

мүгедектікке бірінші рет шығудың 10 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 28,4-ке дейін, 2015 жылға қарай 28-ге дейін (2009 ж. – 29,4) төмендеуі;

қанайналым жүйесінің ауруларынан өлім-жітімнің 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 374,8-ге дейін, 2015 жылға қарай 353,9-ға дейін
(2009 ж. – 416,4)  төмендеуі;

онкопатологиядан өлім-жітімнің 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 99,5-ке дейін, 2015 жылға қарай 95,8-ге дейін (2009 ж. – 112,7)  төмендеуі;

туберкулезден өлім-жітімнің 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 12,0-ге дейін, 2015 жылға қарай 11,6-ға дейін (2009 ж. – 12,9)  төмендеуі;

жарақаттанушылықтан өлім-жітімнің 100 мың адамға шаққанда
2013 жылға қарай 94,6-ға дейін, 2015 жылға қарай 92,1-ге дейін
(2009 ж. – 108,4)  төмендеуі;

15-49 жас аралығындағы жас тобында АИТВ инфекциясының таралушылығын 0,2-0,6 шегінде ұстау.

 

Қол жеткізу жолдары мен тиісті шаралар

1. Азаматтардың ұрпақты болу денсаулығын және ана мен бала денсаулығын сақтауды нығайту мыналарды көздейді:

1) ДДҰ-ның халықаралық стандарттарына сәйкес ана мен баланың денсаулығын сақтау (бұдан әрі – АБДС) қызметі ұйымдарында әйелдер мен балаларға мамандандырылған көмектің және БМСК деңгейінде көрсетілетін медициналық көмектің сапасын, қолжетімділігін және сабақтастығын арттыру:

қазіргі заманғы технологияларды пайдаланып, ұрықтың және жаңа туған нәрестелердің туа біткен және тұқым қуалайтын ауруларын диагностикалаудың скринингтік бағдарламаларын жетілдіру;

ғылыми дәлелді медицина негізінде әзірленген акушерия, неонатология және педиатрия бойынша (дамудың туа біткен аномалияларын қосқанда) емдеу мен диагностикалаудың хаттамаларын және ДДҰ халықаралық стандарттарын енгізу;

денсаулықты және толыққанды өсуді, дамуды және аурулардың профилактикасын қамтамасыз етуге арналған ДДҰ-ның халықаралық стандарттарына сәйкес БМСК деңгейінде ерте жастағы балаларды (дамудың туа біткен аномалиялары бар балаларды қосқанда) антеналдық күтуді және қадағалауды жетілдіру;

АБДС ұйымдарының қызметінде сапаны үздіксіз арттырудың қазіргі заманғы әдістемесін әзірлеу және енгізу;

АБДС қызметі ұйымдарында медициналық көмектің мониторингі, бағалау және сабақтастық тетіктерін жетілдіру;

ДДҰ-ның енгізілген тиімді технологияларына сәйкес амбулаториялық-емханалық ұйымдардың және акушериялық және балалар стационарлары медицина қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру;

балалар және босандыру ұйымдарын ДДҰ-ның енгізілген тиімді технологияларына сәйкес қазіргі заманғы медициналық жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандыру;

отбасында ерте жастағы балалардың өсуі мен дамуына оңтайлы күтімді  қамтамасыз ету жөнінде халықтың білімдерін арттыру;

мектеп жасындағы балаларға, әсіресе ауылдық жерлерде медициналық көмекті ұйымдастыру мен көрсетуді жақсарту;

медициналық көмекті психологиялық қолдаумен, жасөспірімдердің құпиялылықпен және құқықтық консультациясымен ұштастыратын  жасөспірімдер қызметін дамыту;

АБДС қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді жетілдіру;

2) халықаралық стандарттарға сәйкес ұрпақты болу денсаулығын нығайту жөнінде тиімді тәсілдерді әзірлеу және енгізу:

отбасын жоспарлау, оның ішінде әйелдерді гравид алды (жүктілікке дейін) дайындау, отбасын жоспарлау жөніндегі ұлттық нұсқауды (ДДҰ нұсқауы негізінде) әзірлеуді қамтитын қауіпсіз ана болуы, жасөспірімдер мен жастардың қауіпсіз жыныстық тәрбиесі жөнінде қызметтер көрсетудің тиімді жүйесін құру және БМСК-ның медициналық персоналды және мамандандырылған көмектің барлық деңгейін отбасын жоспарлау жөніндегі консультация беру дағдыларына оқыту;

дәлелді медицина негізінде ұрпақты болу жүйесі аурулары профилактикасының, диагностикалау мен емдеудің, андрологияны дамытуды қосқанда (ерлер денсаулығын нығайту), тиімді әдістерін әзірлеу және енгізу;

денсаулықтың гендерлік көрсеткіштерін статистикалық есепке алуды жетілдіру.

 

2. Аурудың, оның ішінде мүгедектіктің профилактикасы жүйесін скринингтік зерттеулерді дамыту және СӨС-ті ынталандыру  төмендегілерді болжайды:

1) профилактикалық тексеруге арналған стандартталған, инновациялық тәсілдерді әзірлеу және енгізу:

халықтың нысаналы топтары үшін жыл сайын жалпы халық санының кемінде 30%-ын қамти отырып ұлттық скринингтік бағдарламалар кешенін әзірлеу және енгізу;

БМСК деңгейінде СӨС-ті ынталандыру тетіктерін әзірлеу және енгізу;

2) профилактикалық іс-шаралардың қолжетімділігін және сапасын қамтамасыз ету:

дәрігерге дейінгі (SCORE) және дәрігерлік скринингтің халықаралық тиімді әдістемелерін енгізу;

нысаналы топтардың ерекшеліктеріне сәйкес профилактикалық тексеруді жүргізудің хаттамалары мен стандарттарын әзірлеу және енгізу;

БМСК мамандарын профилактика және скрининг мәселелері бойынша оқыта отырып, амбулаториялық-емхана ұйымдарын экспресс диагностикаға арналған аспаптармен жарақтандыру;

3) диспансерлік байқау үшін халықаралық стандарттарды және тиімді тәсілдерді енгізу:

дәлелді медицинаға негізделген диспансерлік байқау жүргізудің хаттамалары мен стандарттарын әзірлеу және енгізу;

созылмалы ауруы бар науқастарға, оның ішінде мүгедектерге  (ересектер мен балалар) диспансерлік бақылау әдістемесін жетілдіру;

4) профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін бағалау жүйесін енгізу:

өткізілетін профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін бағалаудың нысаналы индикаторлар жүйесін әзірлеу және енгізу;

шығындардың тиімділігін бағалау жүйесін енгізу және әзірлеу.

 

3. Негізгі әлеуметтік мәні бар аурулар мен жарақаттарды диагностикалауды, емдеу мен оңалтуды жетілдіру;

1) диагностикалау мен емдеудің кешенді бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;

негізгі әлеуметтік мәні бар ауруларды диагностикалау мен емдеудің халықаралық стандарттарын, хаттамалары мен әдістемелерін енгізу;

ТМККК шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтің тізбесін кезең-кезеңімен кеңейту;

ТМККК-ге енгізілген дәрілік заттардың тізбесін кеңейту;

негізгі әлеуметтік мәні бар аурулардыдиагностикалау және емдеу бойынша өткізілетін іс-шаралардың тиімділігін көрсететін мақсатты индикаторларды  әзірлеу және енгізу;

денсаулық сақтау жүйесіне арнайы әлеуметтік жұмыс стандарттары мен индикаторларын енгізу;

әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын пациенттердің мониторингін жетілдіру және мемлекеттік органдардың аталған науқастар контингентін, оның ішінде мүгедектерді емдеудегі іс-қимылын үйлестіру;

аталған науқастар контингентінің бірыңғай ақпараттық базасын құру;

2) негізгі әлеуметтік мәні бар ауруларды оңалтуды жетілдіру:

негізгі әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын пациенттерді, оның ішінде мүгедектерді оңалтудың халықаралық стандарттарын және әдістемелерін енгізу (медициналық, әлеуметтік, психологиялық оңалту);

науқастарды оңалту бойынша өткізілетін іс-шаралардың тиімділігін көрсететін мақсатты индикаторларды  әзірлеу және енгізу;

3) науқастарға паллиативті көмек көрсетуді жетілдіру:

паллиативті көмек көрсетуді және мейірбикелік күтімді қажет ететін науқастарды емдеу стандарттарын және хаттамаларын халықаралық талаптарға сәйкес әзірлеу;

дәрігерлер мен орта медицина персоналына және әлеуметтік қызметкерлерге арналған паллиативті  көмек бойынша оқыту бағдарламасын әзірлеу және енгізу.

 

4. Егде жастағы адамдарға көрсетілетін медициналық көмекті (геронтологиялық және гериатриялық көмек) жетілдіру:

егде жастың медициналық-биологиялық, әлеуметтік, психологиялық  мына аспектілерін кешенді шешу, ол мыналарды қамтиды:

нормативтік құқықтық базаны әзірлеу және жетілдіру;

дәлелді медицина негізінде егде және кәрілік жасындағы пациенттерді диагностикалау, емдеу және оңалту хаттамаларын әзірлеу және жетілдіру;

медицина персоналына, оның ішінде ұйым деңгейін ескере отырып әлеуметтік қызметкерлері үшін біліктілік стандарттарын, жүктеме нормативтерін әзірлеу;

геронтологиялық және гериатриялық көмектің тиімділігін бағалау (индикаторлар) жүйесін әзірлеу және енгізу.

 

5.3. Санитариялық-эпидемиологиялық қызметті жетілдіру

Бағдарламаның шеңберінде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесін басқаруды одан әрі жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру жоспарлануда. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді оңтайландыру және қысқарту, қызмет стандарттарын, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қазіргі заманғы халықаралық талаптарға және кеден одағының талаптарына сәйкес үйлестіру бөлігінде тәуекелдерді болжау, бағалау және басқару жүйелерін жетілдіру және одан әрі енгізу бойынша жұмыс жалғасатын болады.

Инфекциялық ауруларды бақылау жүйесін жетілдіру, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының қызметіне микробиологиялық көрсеткіштер мен химиялық заттарды айқындау бойынша шұғыл зерттеулер енгізу бойынша іс-шаралар жалғасатын болады.

Халыққа профилактикалық егулер жүргізудің ұлттық күнтізбесін одан әрі жетілдіру жалғасатын болады, оған балаларды пневмококк инфекциясына қарсы вакцинациялау енгізіледі.

Бағдарламаның шеңберінде тамақ өнімдерінің, қоршаған орта объектілерінің қауіпсіздігін зертханалық бақылаудың халықаралық стандарттарға сәйкес келетін тиімді жүйесі құрылатын болады. Инфекциялық ауруларды, оның ішінде аса қауіпті инфекцияларды жұмыс істеп тұрған облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының базасында диагностикалаудың сапасын арттыру үшін аймақтық вирусологиялық зертханалар және конго-қырым геморрагиялық қызбасын, күйдіргіні, туляремияны, сарып ауруын диагностикалау бойынша мамандандырылған зертханалар желісі ұйымдастырылатын болады.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмысында инновациялық жобалар мен әдістер енгізу жоспарлануда.

 

Мақсаты: халықаралық стандарттарға сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету.

 

Негізгі міндеттер:

1) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесін басқаруды жетілдіру.

2) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаудың тиімділігін арттыру.

3) санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің инновациялық бағыттылығын дамыту.

 

Нәтижелер көрсеткіштері:

100 мың адамға шаққанда обамен сырқаттанушылықты кемінде
0,03-тен аспайтын деңгейде ұстау;

100 мың адамға шаққанда қызылшамен сырқаттанушылықты
0,08-0,1 деңгейде ұстау;

жіті В вирусты гепатитімен сырқаттанушылықты 100 адамға шаққанда 2013 жылға қарай 3,8-ге дейін, 2015 жылға қарай 3,4-ке дейін төмендету
(2009 ж. – 5,4);

жіті А вирусты гепатитімен сырқаттанушылықты 100 адамға шаққанда 2013 жылға қарай 39,6-ға дейін, 2015 жылға қарай 39,2-ге дейін төмендету (2009 ж. – 67,0);

балаларды пневмококкоктық инфекцияға қарсы вакцинациялаумен қамтуды 2013 жылға қарай 62,5%-ға, 2015 жылға  қарай 95%-ға дейін ұлғайту;

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау қызметтері органдарының жоспарлы тексерулерінің санын жыл сайын 2%-ға төмендету, 2015 жылы – 256 100 тексеру.

 

Қол жеткізу жолдары мен тиісті шаралар

1. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесін басқаруды жетілдіру  шеңберінде мыналар көзделеді:

көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарын  оңтайландыруды жүргізу;

қалалық және аудандық деңгейдегі санитариялық-эпидемиологиялық қызмет  ұйымдарын  оңтайландыру жүргізу;

жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді оңтайландыру және қысқарту бөлігінде тәуекелдерді болжау, бағалау және басқару жүйелерін одан әрі енгізу және дамыту бойынша жұмысты жалғастыру;

кеден одағының талаптарына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласында қызметтің стандарттарын үйлестіру;

стандарттарды қазіргі заманғы халықаралық талаптарға сәйкес
келтіру (санитариялық ережелер, гигиеналық нормативтер, техникалық регламенттер);

қызметті стандарттау тетіктерін жетілдіру (әзірлеу, бекіту, мониторинг, енгізу, тиімділікті бағалау).

 

2. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау тиімділігін арттыру мақсатында мыналар жоспарланып отыр:

1) инфекциялық ауруларды бақылау жүйесін жетілдіру, ол мыналарды көздейді:

денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіне инфекциялық бақылау жүйесінің халықаралық стандарттарын бірлесе отырып енгізу;

эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар жүргізу алгоритмдерін және инфекциялық аурулар (оқыстан өршулер) мен улану жағдайларын халықаралық стандарттар негізінде тексеру алгоритмдерін жетілдіру;

егу күнтізбесіне пневмококк  инфекциясына қарсы балаларға вакцина егуді енгізу;

жұмыс істеп тұрған облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының базасында конго-қырым геморрагиялық қызбасын, күйдіргіні, туляремияны, сарып ауруын диагностикалау бойынша 5 аймақтық вирусолоиялық зертхана және мамандандырылған зертханалар желісін ұйымдастыру;

 

2) инфекциялық емес ауруларды бақылау жүйесін жетілдіру, ол мыналарды қамтиды:

Халықтың кәсіптік ауруларының мемлекеттік тіркелімін қалыптастыру;

кәсіптік патологиялық қызметті одан әрі дамыту;

медициналық емшаралардан өту кезінде пациенттердің сәулелік жүктемелерін бақылау жүйесін енгізу.

 

3) өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету,  ол мыналарды көздейді:

халықаралық талаптарға сәйкес өнімнің қауіпсіздігін бақылаудың халықаралық стандарттарын енгізу;

тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау жөніндегі зертханалық қызметті дамыту, оның ішінде:

— ДСҰ талаптарына сай келетін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау жөніндегі мамандандырылған зертханалар құру;

— елімізде сатылатын темекі бұйымдарының қауіпсіздігін токсикологиялық бақылау бойынша жабдықтармен республикалық санитариялық-эпидемиологиялық  қызмет жанындағы зертханаларды жарақтандыру;

санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының қызметіне микробиологиялық көрсеткіштер мен химиялық заттарды анықтау бойынша шұғыл зерттеулер енгізу.

 

3. Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің инновациялық бағыттылығын дамыту үшін:

санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары базасында медициналық иммундық-биологиялық препараттарды өндіруді кеңейту және жаңғырту;

санитариялық-эпидемиологиялық нормалау және стандарттаудың қазіргі заманғы технологияларын әзірлеу және енгізу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

мыналарды:

— зертханалық зерттеулер стандарттарын халықаралық талаптарға сәйкес әзірлеуді;

— санитариялық-эпидемиологиялық сараптама саласындағы зертханаларды  халықаралық аккредиттеу жөніндегі іс-шараларды жүргізуді;

— санитариялық-эпидемиологиялық қызмет зертханаларының жұмысына сапаны сырттай бағалау жүйесін енгізуді көздейтін санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың инновациялық әдістерін енгізу жоспарлануда.

 

5.4. Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінде

медициналық көмекті ұйымдастыруды,

басқаруды және қаржыландыруды жетілдіру

Мақсаты:медициналық көмек көрсетудің тиімді және қолжетімді жүйесін құру.

 

Негізгі міндеттері:

1) әлеуметтік бағдарланған БМСК-ның басым дамуына негізделген денсаулық сақтаудың тиімді жүйесін қалыптастыру;

2) денсаулық сақтау саласында басқару және менеджмент жүйесін жетілдіру;

3) денсаулық сақтау саласын  қаржыландыру тетіктерін жетілдіру;

4) медициналық көмектің жоғары сапалы және қолжетімді болуын қамтамасыз ету.

 

Нәтижелер көрсеткіштері:

стационарлық көмекті тұтыну деңгейін 1000 адамға шаққанда 2013 жылға қарай 1328 күнге дейін, 2015 жылға қарай 1172 төсек-күнге дейін
(2009 ж. – 1522,6) төмендету.

бірыңғай төлеуші жүйесіне енген жеке меншік нысанындағы медициналық ұйымдардың үлес салмағын 2013 жылға қарай 14%-ға дейін,
2015 жылға қарай 16%-ға дейін (2009 ж. – 0%) ұлғайту.

өңірлердің деңгейінде жоғары мамандандырылған медициналық көмек алған халықты 2013 жылға қарай 5000 адамға дейін, 2015 жылға қарай
6000 адамға дейін  (2009 ж. – 814 адам) ұлғайту.

 

Қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар

1. Әлеуметтік бағдарланған БМСК-ның басым дамуына негізделген денсаулық сақтаудың тиімді жүйесін қалыптастыру жөніндегі шаралар мынадай бағыттарға шоғырландырылатын болады:

1) БМСК-ны жетілдіру:

Денсаулық сақтаудың жаңа сапалы даму деңгейіне көтерілуіне қызмет көрсету технологиясын, ең алдымен БМСК қызметін түбегейлі өзгерту жолымен ғана қол жеткізу мүмкін. БМСК-ның қолжетімділігін, тиімділігін, сапасын арттыру және дамыту мақсатында жалпы дәрігерлік практика базасында БМСК-ны көрсетудің ұтымды нысандарын және әдістерін әзірлеу мен енгізуді қоса алғанда, кешенді жетілдіру жоспарлануда. Әлеуметтік жұмыс институтын енгізу жолымен медициналық-әлеуметтік бағыттылықты дамыту көзделуде.

Көрсетілетін қызметтердің спектрін кеңейту және профилактикалық бағыттылығын ынталандыру, қаражаттың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ БМСК медицина қызметкерлерінің уәждемесін арттыру үшін ішінара қор иелену және БМСК тарифіне қосымша құрамдауыш енгізу жоспарлануда.

Функциялық міндеттерін бөлуге және қаржыландыру үлгісіне негізделген емхананың ұйымдық құрылымын үш бөлімшеге бөлу жолымен қайта қарау көзделіп отыр.

Бірінші бөлімше: құрамына дәрігерге дейінгі қабылдау кабинеті, сынақ кабинеті (акушер), емдеу кабинеті, егу кабинеті, қақырық жинау және химизатор кабинеті, дені сау балалардың кабинеті, профилактика және СӨС кабинеттері, сондай-ақ учаскелік терапевтер, педиатрлар және жалпы практика дәрігерлерінің кабинеті кіретін отбасылық денсаулық орталығы. Сонымен қатар осы бөлімшеде әлеуметтік қызметкер мен психологтан тұратын әлеуметтік-психологиялық қызметтің, сондай-ақ денсаулықты нығайту орталығы мен жастардың денсаулық орталығының  болуы көзделген. Бірінші бөлімшені қаржыландыру тариф және олардың қызметі нәтижелерінің бағасы ескеріле отырып тарифке қосымша құрамдауышбойынша жоспарланған.

Екінші бөлімше: тіркеу орнынан, ақпараттық бюродан, статистика және талдау кабинетінен, күндізгі стационардан, функциялық диагностика кабинетінен, физиотерапиялық кабинеттерден, клиникалық-биохимиялық зертханалардан, ультрадыбыстық диагностикадан, рентген-флюорографиялық кабинеттен, эндоскопия кабинетінен  тұратын қосалқы-диагностикалық бөлімше. Қаржыландыру – көрсетілген медициналық қызметтердің саны бойынша.

Үшінші бөлімше: бейінді мамандардан (хирург, көз дәрігері,                      лор-дәрігер, және басқалардан) тұратын консультациялық-диагностикалық бөлімше. Қаржыландыру – медициналық қызметтерге амбулаториялық-емханалық тарификатор бойынша.

Сонымен қатар пилоттық жобалар ретінде өңірлердің дайындық шамасы бойынша жекелеген заңды тұлға ретінде жұмыс істеп тұрған орталықтардың базасында төрт дербес отбасылық орталық құру көзделуде. Осы пилоттық жоспарды жарақтандыру республикалық бюджет қаражатының есебінен, жұмыс істеуі – қосымша құрамдауышы бар БМСК-ке арналған тариф бойынша жоспарланып отыр.

БҰДСЖ-ны одан әрі дамыту шеңберінде медициналық көмекке тең қолжетімділік қамтамасыз етілетін болады.

Осылайша, Бағдарлама шеңберінде БМСК-ны дамыту үшін мыналар жоспарланған:

БМСК-ның және мамандандырылған көмектің функцияларын, өкілеттіктерін және қаржыландырылуын дәл анықтап айыру жөніндегі нормативтік құжаттарды қайта қарау;

амбулаториялық-емханалық ұйымдар мен медициналық қызметтерді ұсынатын басқа да өнім берушілердің арасында өзара қарым-қатынастарды реттеу бойынша нормативтік базаны әзірлеуді және арнайы оқытылған кадрларды даярлауды қоса алғанда, ішінара қор иелену моделін және қызметінің нәтижелерін бағалау ескеріле отырып тарифке қосымша құрамдауышенгізу;

медицина қызметкерлерінің уәждемелерін көтеру тетіктерін жетілдіру;

дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің  сандық арақатынасын  оңтайлы деңгейге дейін жеткізіп, дәрігер өкілеттігінің бір бөлігін мейірбикелерге беру;

жағымды кәсіби имидж жасау және медициналық қызметтің сапасын жақсарту мақсатында халықаралық талаптарға сәйкес орта медициналық персоналдың рөлі мен әлеуетін күшейту;

әлеуметтік қызметкерлер институтын ұйымдастыру және денсаулық сақтау жүйесіне енгізу;

БМСК дәрігерлерінің жалпы санынан «Жалпы дәрігерлік практика» мамандығы бойынша дәрігерлер санын, оның ішінде қайта даярлау есебінен көбейту;

дәлелді медицина қағидаттары негізінде БМСК көрсету стандарттары мен хаттамаларын жетілдіру;

медициналық көмектің сапасын басқару жүйесін (CQI) енгізу;

БМСК көрсететін амбулаториялық-емханалық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту;

амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіру;

бастапқы буын дәрігерлерін, мейірбикелер мен әлеуметтік қызметкерлерді оқытудың халықаралық стандарттарына сәйкес даярлау;

белсенді патронаж қызметін жетілдіру, оның ішінде қажетті аспаптармен және жабдықтармен жарақтандыру;

БМСК ұйымдары қызметінің тиімділігін көрсететін мақсатты индикаторларды әзірлеу (бекітілген тұрғындар арасында дені сау адамдардың үлесі, ерте кезеңде анықталған аурулардың ара салмағы, емдеуге жатқызу деңгейі, арнаулы мамандарға қаралу  деңгейі, жедел медициналық жәрдемге қаралу деңгейі);

ауылдық денсаулық сақтаудың материалдық-техникалық базасын  нығайтуды          ауылдың медицина қызметкерлерінің уәждемелерін (тұрғын үй беру, бір жолғы жәрдемақы төлеу) одан әрі арттыруды, жетуге жолы қиын ауылдық жерлер үшін ұтқыр медициналық бригадалар құруды қосқанда, ауылда БМСК көрсету жүйесін одан әрі дамыту және жетілдіру.

2) жедел медициналық жәрдемді жетілдіру:

жедел медициналық жәрдемнің диспетчерлік қызметтерінің жұмысын   жетілдіру;

негізсіз шақырулар мен пациенттерді қайта жолдау санын азайту бойынша жаңа тетіктерді әзірлеу және енгізу;

жедел медициналық жәрдем қызметінің жұмыс істеу нормативтерін қайта қарау;

парамедиктер институтын енгізу;

дайындалған медицина кадрларымен, оның ішінде парамедиктермен жедел медициналық жәрдем қызметін толықтыру;

патология түріне, науқас жағдайының ауырлығына қарай науқастарды стационарға  жеткізу бағдарларын оңтайландыру;

әртүрлі патология түрлері бар науқастарды емдеуге жатқызуға дейінгі қарау хаттамаларын енгізу;

жедел жәрдемнің материалдық-техникалық базасын нығайту;

пациенттерді іріктеудің ұтымды жүйесін (triage) енгізу;

медициналық жәрдем сапасын басқару (CQI) жүйесін енгізу;

жедел медициналық жәрдем жұмысының мақсатты көрсеткіштерін енгізу (шақыруға келген уақыты, стационарға тасымалдап жеткізу уақыты, емдеуге жатқызуға  дейінгі өлім-жітім);

науқастарды авиациялық тасымалдауды, оның ішінде қашық жерлерге  тасымалдауды дамыту;

республикалық маңызы бар автожолдарда жол-көлік оқиғалары болғанда шұғыл медициналық жәрдем көрсету және құтқару жұмыстарының жүйесін дамыту;

алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша жедел жәрдем және санитариялық авиация қызметтері, ТЖ, полиция, жол полициясы, өрт сөндіру қызметтері персоналының және көлік жүргізушілердің іс-қимылдарын үйлестіру.

3) мамандандырылған медициналық көмекті дамыту:

консультациялық-диагностикалық және стационарлық көмек, оның ішінде жоғары мамандандырылған медициналық көмек (бұдан әрі – ЖММК) көрсететін ұйымдардың қызметін жетілдіру;

мамандандырылған бөлімшелері бар көп бейінді ауруханаларды, оның ішінде аурухана секторын қайта құрылымдау есебінен дамыту;

консультациялық-диагностикалық және стационарлық көмек, оның ішінде ЖММК көрсететін медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту;

консультациялық-диагностикалық және стационарлық көмек, оның ішінде ЖММК көрсететін ұйымдардың қызметіне дәлелді медицина негізінде клиникалық хаттамалар мен медициналық көмек стандарттарын әзірлеу және енгізу;

жоғары технологиялық көмектің, оның ішінде шұғыл жағдайлар кезіндегі көмектің жаңа түрлерін дамыту және енгізу; жоғары технологияларды жергілікті деңгейге беру және енгізу;

медициналық көмектің сапасын басқару жүйесін (CQI) енгізу;

стационарды алмастыратын технологияларды енгізу есебінен стационарлық төсек жұмысының тиімділігін (қарқындылық) арттыру;

стационарды алмастыратын диагностикалық және емдік технологиялар жүйесін жетілдіру және кеңейту;

медициналық көмек көрсетудің кезеңділігі мен сабақтастығы қағидаттарын ескере отырып, пациенттерді емдеуге жатқызу өлшемдерін дәл айқындау;

стационардағы науқастардың тіркелімін жасау және енгізу;

телемедицина арқылы қашықтықтан консультациялық-диагностикалық көмек көрсетуді дамыту;

стационарлық және консультациялық-диагностикалық көмек,  оның ішінде ЖММК көрсететін ұйымдардың жұмыс сапасының мақсатты көрсеткіштері жүйесін жетілдіру;

пациенттерді диагностикалау мен емдеу жөнінде шетелдік клиникалармен өзара әріптестік қарым-қатынастарды нығайту;

4) кезең-кезеңмен қалпына келтіріп емдеу, медициналық оңалту және паллиативті көмек жүйесін жетілдіру:

қалпына келтіріп емдеу, медициналық оңалту, паллиативті көмек және мейірбике күтімі ұйымдарының желісін құру, оның ішінде жұмыс істеп тұрған стационарлар және санаторийлік-курорттық ұйымдардың бір бөлігін қайта бейіндеу есебінен құру;

қалпына келтіріп емдеу, медициналық оңалту, паллиативті көмек көрсететін күндізгі стационарлар және үйдегі стационарлар желісін кеңейту;

кезең-кезеңмен қалпына келтіріп емдеу, медициналық оңалту және  паллиативті көмек көрсету ұйымдарының штат нормативтерін қайта қарау;

медицина қызметкерлерін паллиативтік көмек көрсету мәселелері бойынша оқыту бағдарламаларын әзірлеу;

қалпына келтіріп емдеу, медициналық оңалту, паллиативтік көмек және мейірбике күтімі ұйымдарын білікті кадрлармен толықтыру;

жоғарыоңалту технологияларын енгізу;

науқастарды емдеу хаттамаларын және медициналық көмек көрсету стандарттарын әзірлеу және қалпына келтіріп емдеу, медициналық оңалту, паллиативті көмек және мейірбике күтімі ұйымдарының қызметіне енгізу;

науқастардың тіркелімін құру және енгізу;

медициналық көмектің сапасын басқару жүйесін (CQI) енгізу;

қалпына келтіріп емдеу, медициналық оңалту, паллиативті көмек және мейірбике күтімі ұйымдары жұмысының медициналық көмек сапасын көрсететін мақсатты көрсеткіштер жүйесін құру;

5) медициналық қызметтің әр түрлерін дамыту:

— сот-медициналық сараптаманы жетілдіру:

жүргізілетін сот-медициналық сараптамалар сапасын арттыру;

сот-медициналық сараптаманы жүргізудің барлық кезеңдерінде  оның қолжетімділігін, тиімділігін, сабақтастығын арттыру;

білікті кадрларды даярлау және қайта даярлау;

медициналық сараптаманың материалдық-техникалық базасын жетілдіру;

бірыңғай ақпараттық жүйе құра отырып сот-медициналық қызметтердің сапасын басқарудың тиімді жүйесін енгізу;

сот-медициналық сараптаманың (оның ішінде геномдық және спектрлік зерттеулердің) қазіргі заманғы әдістерін және сот медицинасының халықаралық стандарттарын енгізу;

сот-медициналық қызметкерлерінің құқықтарын кеңейту және жауапкершілігін күшейту, материалдық ынталандыруды енгізу;

прокуратура, ішкі істер, қорғаныс, ТЖ органдарымен және өзге де мемлекеттік органдармен ведомоствоаралық өзара іс-қимылды күшейту;

Астана қаласында Сот медицинасы орталығының ғимаратын салу;

— қан қызметін жетілдіру:

қан өнімдерінің сапасын басқару жүйесін дамыту;

республикалық референс-зертхана ашу;

қан мен оның компоненттерін ерікті түрде өтеусіз тапсыруды дамыту;

тұрақты донорларды тарту жүйесін дамыту;

материалдық-техникалық  қамтамасыз етуді жетілдіру;

білікті кадрларды даярлау және қайта даярлау;

қан препараттарын өндіретін зауыт салу.

— зертханалық қызметті жетілдіру:

зертханалық қызметті орталықтандыру және экспресс диагностиканы дамыту арқылы оңтайландыру;

зертханалық зерттеулер сапасын басқару жүйесін дамыту;

білікті кадрларды даярлау және қайта даярлау;

қазіргі заманғы зертханалық жабдықтармен және реактивтермен жарақтандыру;

зертханалық қызмет жұмысының мақсатты көрсеткіштер жүйесін құру және енгізу.

 

2. Денсаулық сақтау саласында басқару жүйесін және менеджментті жетілдіру

Тұтас алғанда, денсаулық сақтауды басқару органдарының атқарушы функцияларын, олардың бөлігін медициналық қызметтерді мемлекеттік өнім берушілердің дербестігін көтере отырып мемлекеттік, мемлекеттік емес және қоғамдық ұйымдарға кезең-кезеңмен бере отырып, орталықсыздандыру стратегиясы жалғасатын болады. Бір уақытта кейбір функцияны: мемлекет кепілдік берген медициналық көмекті қаржыландыруды, дәрілік заттармен қамтамасыз етуді, денсаулық сақтау саласында бақылауды  орталықтандыру қамтамасыз етілетін болады.

Кәсіби менеджерлер институтын және қазіргі заманғы басқару технологияларын қоса алғанда, денсаулық сақтау ұйымдарын басқарудың транспаренттік нысандарын кезең-кезеңмен енгізу жалғасады. Сонымен қатар мемлекеттік басқару, стратегиялық жоспарлау, менеджмент және қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері бойынша денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлерін міндетті түрде оқытуды қамтитын, денсаулық сақтау ресурстарын пайдаланудың қазіргі заманғы және тиімді әдістемелеріне ерекше назар аударылатын болады.

Саланың экономикалық тиімділігін бағалау жүйесін құру мақсатында практикаға енгізу үшін қазіргі заманғы халықаралық әдіснамалық тәсілдердің негізінде денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі заманғы жағдайына зерделеу және талдау жүргізіледі.

Денсаулық сақтаудың, мемлекеттік және жеке инвесторлардың арасындағы тәуекелді бөлудің, өзара тәжірибе алмасу негізінде, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін қазіргі заманғы технологияларды енгізудің тиімділігін арттыру үшін, сондай-ақ мемлекеттік бюджетке жүктемені азайту үшін жеке компанияларды мемлекеттік және ведомстволық медициналық объектілерді басқаруға тарту және жекеменшік секторды дамыту жоспарланып отыр. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік, объектілерді, жабдықтарды жалға және жеке компанияларға сенімгерлік басқаруға беру  кеңінен пайдаланылатын болады. Әкімшілік кедергілер жойылады, корпоративтік медициналық ұйымдар мен қызметтерге қолдау көрсетіліп, ынталандырылады.

Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің ашықтығын көтеру үшін корпоративтік басқарудың элементтерін енгізуді көздейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жалғастырылады. Саланың  адами әлеуетін басқаруды жетілдіру мақсатында Денсаулық сақтау саласының кадр ресурстарын дамыту тұжырымдамасы әзірленеді, халыққа психологиялық-әлеуметтік көмек көрсету үшін медициналық білімі жоқ мамандарды жүйелі түрде тарту басталды.

Кадрларды бекіту үшін, әсіресе ауылдық жерлерде орналасқан денсаулық сақтау ұйымдарында, денсаулық сақтау мамандарын даярлауға, оның ішінде жеке инвестициялар мен демеуші қаражатын тарту жолымен келісімдердің негізінде жергілікті атқарушы органдардың мақсатты тапсырыстарын қалыптастыру практикасы жалғастырылады.

Медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі жетілдіріледі. Бірақ, материалдық факторлармен қатар, құрметтеудің, өзін-өзі құрметтеудің және қадірлеудің үлкен уәжді рөл атқаратындығына байланысты, қоғамда медицина қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесі мен беделін өсіруге ерекше көңіл бөлінетін болады.

Осылайша, Бағдарламаның шеңберінде мыналар жоспарланып отыр:

1) стратегиялық жоспарлаудың, басқарудың, бюджеттеудің халықаралық стандарттары мен қағидаттарын енгізу;

тәуекелді болжау, бағалау және басқару жүйесін енгізу;

басқарушылық шешімдерді қабылдаудың ақпараттық жүйесін құру және енгізу;

медициналық ұйымдарға корпоративтік басқару қағидаттарын, оның ішінде оларға байқау кеңестерін енгізу арқылы енгізу;

денсаулық сақтау жүйесі қызметін экономикалық тұрғыдан талдау әдістемесін енгізу (саланың тиімділігін бағалау жүйесін құру);

денсаулық сақтау менеджерлері институтын енгізу;

басқарушылық шешімдерді қабылдаудың сапасын үздіксіз арттыру  қағидаттарыненгізуге негізделген бақылау жүйесіне (CQI -PDCA) өту;

2) басқарудың ресурс үнемдеуші технологияларын әзірлеу және енгізу:

аурухананы басқару саласындағытехнологиялар трансферті;

төсек қорын оңтайландыру, БМСК қызметін одан әрі  дамыту үшін ресурстарды қайта бөлу;

амбулаториялық-емханалық деңгейде стационарды алмастыратын диагностикалық технологияларды енгізу есебінен және кезең-кезеңмен қалпына келтіру емін ұйымдастыру есебінен (патронаж қызметі, емдеуді аяқтау және медициналық оңалту жүйесі) стационардағы төсек жұмысының қарқынын арттыру;

стационарлық көмек көрсететін медицина ұйымдары жұмысының  негізгі көрсеткіштерін (төсек айналымы, ауруханада болудың орташа ұзақтығы және т.б.) тиімділіктің халықаралық стандарттарына сәйкес келтіру;

денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық жабдықтардың мониторингі, жабдықтардың техникалық жай-күйінің және оны тиімді пайдаланудың мониторингі жүйесін, оның ішінде қымбат тұратын жабдықтарды пайдалануды есептеу жүйесін жетілдіру;

жеткізуді басқару жүйесін енгізу;

есепке алынатын ақпараттың толық және өзекті болуын тексеру үшін есепке алу-есеп беру құжаттамасының үлгілерін қайта қарау, есептіліктің қайталануын болдырмау;

медициналық қызметтерді статистикалық есепке алудың және дербестендірілген есепке алудың автоматтандырылған жүйесін енгізу есебінен медициналық ұйымдарда қағаз түріндегі құжат айналымын азайту;

медициналық ақпаратты енгізу жүйесін оңтайландыру (бастапқы мәліметтерді енгізу уақытын қысқарту, шаблондарды енгізу, білім беру тренингтерін қамтамасыз ету).

3) денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің тиімділігін арттыру:

— денсаулық сақтау ұйымдарының автономиялығын және дербестігін арттыру:

медициналық ұйымдарды акционерлік қоғамдар мен шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындарға кезең-кезеңмен ауыстыруды жалғастыру, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарында қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын кезең-кезеңмен енгізу;

мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына басқарушылық шешімдер қабылдауда барынша дербестік беру;

денсаулық сақтау субъектілері арасында функциялар мен өкілеттіктердің аражігін ұтымды ажырату;

денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарының  арсында өзара іс-қимыл алгоритмін әзірлеу;

науқасты қараудың барлық кезеңінде сабақтастықты (медициналық қызмет көрсетудің кезеңділігі) қамтамасыз ету;

— жекеменшік секторды дамытуды ынталандыру:

денсаулық сақтау саласында жекеменшік секторды дамыту үшін тиісті нормативтік және әдіснамалық базаны жоспарлы түрде жетілдіру;

артық әкімшілік кедергілерді жою;

ТМККК көрсетуге мүдделі бағдарланған корпоративтік медициналық желілер мен ұйымдарды қолдау мен дамытудың, аурулардың профилактикасының мемлекеттік бағдарламаларын іске асырудың және халықтың саламатты өмір салтын нығайтудың тетіктерін әзірлеу және енгізу, оның ішінде мемлекеттік тапсырысты орындауға медициналық қызметтерді ұсынушы жекеменшік өнім берушілерді тарту бойынша шаралар қабылдау;

негізгі құралдарды (ғимараттар, жабдықтар) сенімгерлік басқаруға және жекеменшік медицина ұйымдарына ұзақ мерзімді жалға беруді қамтитын денсаулық сақтаудағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағдарламасын кезең-кезеңмен іске асыру;

— денсаулық сақтау ұйымдарында кадр саясатын жетілдіру:

денсаулық сақтау жүйесінің кадр әлеуетін дамытуды жоспарлауды және оны пайдаланудың тиімділігін арттыру тетіктерін қамтитын Денсаулық сақтау саласының кадр ресурстарын дамыту тұжырымдамасын әзірлеу;

денсаулық сақтау мамандарын даярлауға жергілікті атқарушы органдардың мақсатты тапсырыстарын қалыптастыру практикасын кеңейту;

денсаулық сақтау ұйымдарын басқаруға экономикалық білімі бар менеджерлерді тарту және оларды денсаулық сақтаудағы менеджментке оқыту жөніндегі нормативтік базаны қамтамасыз ету және құру;

медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру;

медицина қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесін және кәсібінің беделін, оның ішінде дәрігерлердің кәсіби қызметін қолдау және жарыққа шығаруда бұқаралық ақпараттық науқандар жолымен арттыру;

кәсіби бедел мен кәсіби бәсеке институттарын дамытуды қоса алғанда, дәрігерлерді кәсіби дамытудың республикалық және өңірлік бағдарламаларын әзірлеу;

медицина қызметкерлерінің кәсіби бірлестіктерінің (кәсіби ҮЕҰ) рөлін арттыру және қолдау;

медицина қызметкерлеріне арналған әлеуметтік пакет жасауды қамтитын оларды әлеуметтік қорғау жөніндегі тетіктерді әзірлеу және енгізу;

карантиндік және аса қауіпті инфекциялар таралу қаупі болғанда медицина қызметкерлері үшін профилактикалық іс-шаралар жүйесін әзірлеу және енгізу;

— денсаулық сақтау саласында ақпараттандыруды дамыту:

денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін одан әрі жетілдіру және енгізу;

ДБАЖ-да клиникалық алгоритмдер, хаттамалар және басқа да стандарттарды іске асыру.

Сонымен бірге мынадай мәселелер қаралатын болады:

әлеуметтік мәні бар аурулардың тіркелімдерін қалыптастыру;

шалғай ауылдық елді мекендер үшін инфрақұрылымды, коммуникация мен бағдарламалық шешімдерді құру, аудандық орталықтан шалғай жерлердегі ауылдық медицина қызметкерлерінің ақпараттық денсаулық сақтау ресурсына  қолжетімділігін қамтамасыз ету;

жедел жәрдем бригадаларын GPS-навигациясы бар ұтқыр терминалдармен жарақтандыру, жедел медициналық жәрдем бригадаларының денсаулық сақтаудың ақпараттық ресурстарына  қолжетімділігін қамтамасыз ету;

қан қызметінің ақпараттық жүйесін құру;

ұлттық телемедицина желісін кеңейту.

3. Денсаулық сақтауды қаржыландыруды жетілдіру.

Қаржыландыруды жетілдіру мақсатында өңірлер арасында ТМККК шеңберінде БМСК-қа шығыстардың айырмасын кезең-кезеңмен азайта отырып, денсаулық сақтауға шығыстар ұлғаятын болады, сондай-ақ БМСК-та қосымша құрамдауыштармен тариф және ішінара қор ұстау енгізіледі.

ТМККК-ны жетілдіру оны нақтылау және оңтайландыру (объективті өлшемдер негізінде) және БМСК көлемдерін ұлғайту жағына қарай қаржыландыруды медициналық көмек көрсету деңгейлері арасында қайта бөлу және мамандандырылған көмектік көлемін оңтайландыру жолымен іске асырылады. Сонымен қатар ТМККК шеңберінде ұсынылатын медициналық қызметтер мен дәрілік заттардың тізбесін кезең-кезеңмен кеңейту жоспарланып отыр.

Медициналық-экономикалық тарифтерді одан әрі жетілдіру медициналық жабдықты сатып алуға шығыстарды қосуды көздейді, бұл нақты келген шығындарға төлем жүргізуге, негізгі қаражатты пайдалану тиімділігін және медициналық қызметтерді көрсету үдерісінің ашықтығын жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Азаматтардың өз денсаулығы үшін жауапкершілігін арттыру және ТМККК-ге кіретін қызметтерге заңсыз төлемдер мен сыйақылардың көлемін төмендету мақсатында медициналық қызметтердің кейбір түрлерінің
(ТМККК-ге кіретін) құнын қосымша төлеу тетіктерін жасау және енгізу
(2015 жылы) жоспарлануда.

Авариялық және бейімделген үй-жайларда, әсіресе ауылда орналасқан денсаулық сақтау объектілерін қайта жаңарту үшін мақсатты қаржы салуға үлкен мән беріледі. Дүниежүзілік Банкпен бірлескен «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторында технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу» жобасын одан әрі іске асыру шеңберінде денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту мақсатында инвестициялық саясат жетілдіріледі, бірінші кезекте ауылдық жерлерде денсаулық сақтау инфроқұрылымын регламенттейтін ұлттық стандарттар әзірленеді.

Қаржыландыруды жетілдіру мынадай бағыттар бойынша іске асырылады:

1) тариф саясатын  және қаржыландыру тетіктерін жетілдіру;

ТМККК шеңберінде медициналық қызмет көрсетуге медициналық жабдықты сатып алуға арналған шығыстар тарифіне енгізе отырып, медициналық-экономикалық тарифтерді одан әрі жетілдіру;

ішінара қор ұстауды және БМСК тарифіне қосымша құрамдауыш енгізу;

қаржы ағынын стационарлық көмекке жұмсалатын шығыстарды қысқартуға  және БМСК қызметі мен аурулар профилактикасына жұмсалатын шығыстарды ұлғайтуға қайта  бөлу тетіктерін әзірлеу;

медициналық ұйымдардың ТМККК-ге мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаражатты жұмсауының ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жүйесін жетілдіру;

ақшалай қаражаттың ағынын жинаудың, тізімдемеге енгізудің, бағалаудың қатаң тәртібін қамтамасыз ету;

медициналық ұйымдар түрлі көздер есебінен алатын, оның ішінде ақылы негізде медициналық қызмет көрсеткені үшін алатын қаражатты есепке алу жүйесін жетілдіру;

медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің түпкілікті нәтижеге бағдарланған сараланған жүйесін жетілдіру;

2) азаматтардың ортақ жауапкершілігін арттыру және медициналық сақтандыруды одан әрі дамыту:

ТМККК-нің қолданыстағы жүйесімен қатар қоса төлеу тетіктерін әзірлеу және енгізу;

шетел азаматтарын медициналық  сақтандыруды  енгізу;

ТМККК-ден тыс қызмет алуға ерікті медициналық сақтандыруды дамыту;

3) денсаулық сақтаудың инвестициялық саясатын жетілдіру:

материалдық-техникалық базаны теңестіру және  нығайту қағидатыніске асыру үшін бірінші кезекте, амбулаториялық қызмет қуаты жеткіліксіз өңірлерге бағытталған инвестицияларды жоспарлаудың ғылыми-негізделген жүйесін әзірлеу;

саланың басым бағыттары бойынша денсаулық сақтауға салынған салымның мониторингі мен тиімділігін бағалау жүйесін енгізу;

денсаулық сақтау саласына инвестициялар тарту тетіктерін әзірлеу және енгізу:

— мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту;

— заңнамада белгіленген тәртіппен медициналық техниканы жеткізудің лизингтік сызбаларын пайдалану жүйесін әзірлеу және енгізу;

— шетелдік инвестицияларды тарту.

 

4. Медициналық қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасы.

Медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін диагностикалық, емдік, оңалту және профилактикалық қызметтерді ұйымдастыру мен көрсетудің қазіргі заманғы технологиялары енгізіледі, олардың тиімділігі мен қауіпсіздігі (нақты ауруларда немесе патологиялық жағдайларда) дәлелдеу медицинасының қағидаттарымен расталады. Медициналық ұйымның деңгейінде сапаны басқару жүйесі (ішкі аудит) жетілдіріледі және клиникалық практиканың сапасын арттыру, медициналық технологияларды бағалау (стандарттау, дәлелдеу медицинасының қағидаттарын енгізу негізінде) жүйесін енгізу, сервисті дамыту және бағдарланған технологиялар-пациент бойынша жұмыс жалғасатын болады. Медициналық көмек сапасының сыртқы аудиті жетілдіріледі. Қазіргі заманғы сапаны басқару технологияларын енгізудің қисынды жалғасы денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу жалғастырылады. Медициналық ұйымдарды аккредиттеу ұлттық стандарттар негізінде, ал кейіннен халықаралық стандарттар негізінде жүзеге асырылатын болады.

Бұдан басқа медициналық көмек сапасының халықаралық және ұлттық стандарттарын сақтауды қамтамасыз ететін және пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқықтарын регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер жетілдірілетін болады.

1) Медициналық қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін басқару тетіктерін жетілдіру:

денсаулық сақтаудың ұлттық стандарттарын әзірлеу және енгізу;

сапаны үздіксіз жақсарту қағидаттарына негізделген, медициналық қызметтердің сапасын басқарудың ауруханаішілік жүйесін (CQI) енгізу;

клиникалық нұсқауларды, диагностикалау мен емдеу хаттамаларын жетілдіру, оларды қолдану тиімділігінің мониторингі жүйесін енгізу;

халықаралық қағидаттарға негізделген медициналық ұйымдарды ұлттық аккредиттеуді дамыту;

халыққа денсаулық сақтау ұйымы қызметінің тиімділігі туралы  ақпарат беру жүйесін әзірлеу және енгізу;

пациенттер мен қоғамдастықтың әлеуетін арттыру және жалпы денсаулық сақтау қызметтерінің сапасын жақсарту процесіне қатысуын көтермелеу;

денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін ішкі және сыртқы аудит нәтижелері негізінде рейтингтік бағалау жүйесін әзірлеу;

аккредиттелген тәуелсіз сарапшыларды даярлау жүйесін  жетілдіру.

2) Пациенттердің құқықтарын қорғау институтын, медициналық этиканы және деонтологияны дамыту:

барлық деңгейлерде халықаралық этика қағидаттарын енгізу және этика комитеттерін құру;

пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқығы мен міндеттерін регламенттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;

дәрігер қателіктерін олардың жіктегішімен және пациенттердің денсаулығына зиян келтірудің ауырлық деңгейімен дербестендіру жүйесін құру және енгізу;

пациенттердің құқықтарын регламенттейтін ақпаратқа қол жеткізуді арттыру;

ТМККК шеңберіндегі қызметтер тізбесін қосқанда, отандық медицина ұсынатын әртүрлі ауруларды емдеудің, профилактиканың тиімді әдістері туралы халықты ақпараттандыру.

 

5.5. Медициналық, фармацевтикалық білім беруді  жетілдіру,

 медицинада инновациялық технологияларды дамыту және енгізу

Бағдарлама шеңберінде дипломға дейінгі, дипломнан кейінгі білім беру және денсаулық сақтау кадрларын үздіксіз кәсіби дамыту жүйесін жетілдіру, сондай-ақ ғылымды одан әрі дамыту және денсаулық сақтаудағы инновациялық технологияларды енгізу жоспарланып отыр. «Назарбаев университеті» базасындағы Медициналық мектепте дәрігерлерді даярлау Америка моделі бойынша жүргізілетін болады. Кадрларды даярлаудың қазақстандық жүйесімен салыстырғанда, бұл модель шеңберінде  Premed міндетті кәсіпке дейінгі даярлық болуы, Медициналық мектепке түсу үшін арнайы іріктеу рәсімі, сондай-ақ қорытынды аттестаттау алу үшін тәуелсіз емтихан тапсыру көзделген.

Мақсаты: денсаулық сақтау саласының бәсекеге қабілетті кадр әлеуетін құру және инновациялық технологияларды дамыту.

 

Негізгі міндеттері:

1) денсаулық сақтау кадрларына дипломға дейінгі, дипломнан кейінгі білім беру және оларды үздіксіз кәсіптік дамыту жүйесін жетілдіру.

2) ғылымды одан әрі дамыту және денсаулық сақтау саласына инновациялық технологияларды енгізу.

 

Нәтижелер көрсеткіштері:

халықаралық басылымдарда жарияланымдардың үлесін 2013 жылға қарай 10%-ға дейін, 2015 жылға  қарай 12%-ға дейін (2009 ж. – 6%) ұлғайту.

барлық медициналық ЖОО-ларды 2015 жылға қарай аккредиттеу.

 

Қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар

Денсаулық сақтау кадрларына дипломға дейінгі, дипломнан кейінгі білім беру және оларды үздіксіз кәсіптік дамытуды жетілдіру  аясында мынадай жұмыстар жоспарланып отыр:

денсаулық сақтау кадрларын даярлау жүйесін басқару мен қаржыландырудың жаңа қағидаттарын енгізу:

денсаулық сақтау кадрларын даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды  ұйымдастыру  және қаржыландыру  жүйесін өңірлік қажеттілік негізінде жетілдіру;

медициналық ЖОО-лардың, колледждердің бітіруші түлектерінің және денсаулық сақтау саласының практикадағы қызметкерлерінің білімдерін және дағдыларын тәуелсіз бағалау институтын енгізу.

Материалдық-техникалық базаны жаңғырту:

студенттер жатақханаларын салу;

медициналық ЖОО-лардың оқу-клиникалық орталықтарын және зертханаларын халықаралық стандарттарға сәйкес қазіргі заманғы жабдықтармен толық жарақтандыру;

3) медициналық және фармацевтикалық білім беру жүйесін жетілдіру:

Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру жүйесін одан әрі дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеу және іске асыру;

дәрігерлерді халықаралық озық стандарттарға сәйкес «Назарбаев университеті» базасында даярлаудың инновациялық жүйесін енгізу;

шетелдік аккредиттеу ұйымдарының қатысуымен медициналық
ЖОО-ларды аккредиттеу;

шетелдік үздік тәжірибелерді ескере отырып, медициналық білімнің білім беру бағдарламаларын жетілдіру;

инновациялық білім беру технологияларын енгізу, профессорлар мен оқытушылар құрамының әлеуетін көтеру, шетелдік үздік тәжірибені тарту;

медицина қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік білім беру және дамыту жүйесін жетілдіру.

 

2. Ғылымды одан әрі дамыту және денсаулық сақтау саласына инновациялық технологияларды енгізу мыналарды көздейді:

1) медицина ғылымын басқарудың және қаржыландырудың жаңа қағидаттарын енгізу:

мультиорталық зерттеулерін, оның ішінде жетекші әлемдік ғылыми орталықтармен дамыту;

денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың гранттық жүйесін дамыту;

денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін бағалаудың халықаралық индикаторларын енгізу;

2) медицина ғылымының инфрақұрылымын жаңғырту:

Астана қаласында регенеративтік медицина, молекулалық биология және жасуша технологиялары орталықтары бар «Өмір туралы ғылыми орталық» ғылыми-зерттеу кешенін құру;

әлемдік үздік стандарттарға сәйкес келетін жабдықтармен жарақтандырылған ұжымдық пайдаланылатын 2 ғылыми орталық құру;

ЖОО ғылымының деңгейі мен сапасын арттыру;

денсаулық сақтау саласында жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлау, оның ішінде PhD магистратура және докторантура шеңберінде ғылыми-педагог кадрларды даярлау бағдарламаларын жетілдіру;

әлемге танылған ғалымдарды шақыра отырып, жас және перспективалы ғалымдардың шетелде тағылымдамаларын ұйымдастыру.

5.6. Дәрілік заттардың халық үшін қолжетімділігін және сапасын

арттыру, денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық техникамен
жарақтандыруды жақсарту

 

Дәрілік заттардың қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында пациенттерге дәріхана мен дәрілік затты таңдау құқығын беру арқылы халықты амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді реформалау жүргізілетін болады.

Бұл тетік фармацевтика нарығындағы субъектілердің, оның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің көпшілігін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қатысуға тарту жолымен халыққа дәрілік заттардың нақты қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік береді.

Жоспарланып отырған іс-шаралар бүкіл халықтың сапалы дәрілік заттарға тең қол жеткізуін қамтамасыз етеді, қаржы ресурстарын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді, дәрілік заттар бағасының жыл сайынғы өсуін төмендетеді, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде сатып алынатын дәрілік заттардың көлемі мен тізбесін кеңейтеді және отандық фармацевтика өнеркәсібін дамыту үшін жағдай жасайды.

Мақсаты: халықты сапалы, тиімді, қауіпсіз дәрілік заттармен қамтамасыз ету, олардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде қолжетімділігін ұлғайту.

 

Негізгі міндеттер:

1) халықты сапалы дәрілік заттармен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру;

2) денсаулық сақтау ұйымдарын қазіргі заманғы медициналық техникамен жарақтандыру және олардың сервистік қызмет көрсету жүйесін қалыптастыру;

3) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы саласында сапаны бақылау жүйесін жетілдіру.

 

Нәтижелер көрсеткіштері:

бірыңғай дистрибуция жүйесі арқылы ТМККК шеңберінде дәрілік заттарды сатып алудың көлемдерін 2013 жылға қарай 70%-ға дейін,
2015 жылға қарай 80%-ға дейін  (2009 ж. – 0%) жеткізу;

ауылдық елді мекендерде ТМККК шеңберінде дәрілік заттарды беруді жүзеге асыратын объектілердің санын 2013 жылға қарай 3200-ға дейін,
2015 жылға  қарай 3300-ға дейін (2009 ж. – 3000) ұлғайту.

 

Қол жеткізу жолдары

1. Халықты сапалы дәрілік заттармен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мыналарды көздейді:

амбулаториялық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді жетілдіру және бекітілген бағалар бойынша ТМККК шеңберінде дәрілік заттарды босатуды жүзеге асыратын дәріханалық ұйымдар санын көбейту арқылы пациенттерге дәріхананы және дәрілік затты таңдау құқығын беру;

формулярлық жүйені дамыту және пациенттер мен медицина қызметкерлерін ұлттық ақпараттық дәрі-дәрмек орталығы арқылы объективті және нақты ақпаратпен қамтамасыз ету жолымен ұтымды фармокотерапия (дәрілік заттарды тиімді тағайындау және пайдалану) қағидаттарын енгізу;

ауылда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру, оның ішінде БМСК ұйымдары мен жылжымалы дәріхана пункттері арқылы ауыл тұрғындарына (дәріханалық ұйымдары жоқ ауылдарда) дәрілік көмектің жеке қолжетімділігін одан әрі қамтамасыз ету;

Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бірыңғай дистрибуциясы жүйесін жетілдіру.

 

2. Денсаулық сақтау ұйымдарын қазіргі заманғы медициналық техникамен жарақтандыру және олардың сервистік қызмет көрсету жүйесін қалыптастыру мақсатында мыналар жоспарлануда:

заңнамада белгіленген тәртіппен медициналық техниканы жеткізудің лизингілік схемаларын пайдалану жүйесін әзірлеу және енгізу;

медициналық техниканың, оның ішінде қымбат бағалы жабдықтардың кепілдіктен кейінгі сервистік қызмет көрсету келісімшарттары жүйесін енгізу.

 

3. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы саласында сапаны бақылау жүйесін жетілдіру үшін:

1) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді үйлестіру, рұқсат беретін құжаттарды өзара тану, дәрілік заттардың сапасын кеден одағы аясында инспекциялау мен бақылаудың ықпалдастырылған жүйесін құру;

2) дәрілік заттардың сапасын мемлекеттік бақылау жүйесін:

«Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығы» РМК зертханаларын (оның ішінде аумақтық) қазіргі заманғы зертханалық технологиямен  материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жетілдіру және қызметкерлерді оқыту;

аккредиттеу туралы ережені және зертханаларды халықаралық стандарттарға сәйкестігіне аккредиттеу жүйесін әзірлеу;

Еуропа фармакопея дәрілік заттар сапасын бақылау (OMCL) жөніндегі ресми зертханалардың еуропалық желісіне кіру үшін дайындық іс-шараларын жүргізу;

фармацевтикалық инспекциялардың (PIC/S) халықаралық ынтымақтастық жүйесіне кіру үшін мемлекеттік және сараптау органының мамандарын оқыту;

контрафактілік және жалған өнімдердің өндірісі мен таралуына қарсы
іс-қимыл бойынша іс-шаралар өткізу:

медициналық және фармацевтикалық қызмет сапасын бақылау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерін жалған дәрілік заттарды анықтауға арналған  экспресс зертханалармен қамтамасыз ету арқылы жетілдіру жоспарлануда.

 

6. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

Бағдарламаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылады.

Бірінші кезеңде (2011– 2013 жылдар) мына міндеттерді шешу көзделеді:

қоғамдық денсаулық қорғау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың бірыңғай ұлттық стратегиясын әзірлеу;

халықтың нысаналы топтарына арналған ұлттық скринингтік бағдарламалар кешенін әзірлеу және енгізу;

Іс-шаралар бағдарламасы шеңберінде жүргізілетін бағалаудың  нысаналы индикаторлар жүйесін әзірлеу;

денсаулық сақтау жүйесінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру, оның ішінде кеден одағы мен ДСҰ-ның талаптарына сәйкес оны үйлестіру;

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесін басқаруды жетілдіру;

денсаулық сақтау жүйесіне әлеуметтік қызметкерлер институтын енгізу әдістемесін әзірлеу;

медициналық көмектің сапасын басқару жүйесін әзірлеу;

БҰДЖ-ды одан әрі жетілдіру;

денсаулық сақтау саласына инвестициялар тарту тетіктерін әзірлеу;

медицина ғылымын басқару мен қаржыландырудың жаңа қағидаттарын енгізу;

Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бірыңғай дистрибуциясын жетілдіру;

дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы саласындағы сапаны бақылау жүйесін жетілдіру.

Екінші кезеңде (2014– 2015 жылдар) мына міндеттерді шешу көзделеді:

Бағдарламаның бірінші кезеңінде әзірленген стратегиялар мен әдістемелерді енгізу;

негізгі әлеуметтік мәні бар ауруларды және жарақаттарды диагностикалау мен емдеудің халықаралық стандарттарын, хаттамаларын және әдістемелерін енгізу;

өмір мен денсаулық үшін қауіп-қатер факторларын төмендету
жөніндегі мемлекеттік органдардың, қоғамның, жұмыс берушілердің және азаматтардың ведомствоаралық және сектораралық тиімді  өзара іс-қимылын іске асыру;

жеке және қоғамдық денсаулықты нығайтуға және сақтауға мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың ынтымақтасқан жауапкершілігін енгізу;

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау тиімділігін арттыру және стандарттарды қазіргі заманғы  халықаралық талаптарға (санитариялық ережелер, гигиеналық нормативтер, техникалық регламенттер) сәйкес келтіру;

ТМККК шеңберінде дәрілік заттар мен ұсынылатын медициналық қызметтердің тізбесін кеңейту;

БМСК-ның әлеуметтік бағдарланған моделін құру;

денсаулық сақтауды басқару мен қаржыландырудың медициналық қызметтің сапасына бағдарланған жүйесін енгізу;

денсаулық сақтау кадрларын даярлау жүйесін басқару мен қаржыландырудың жаңа қағидаттарын енгізу;

медицина ғылымының инфрақұрылымын жаңғырту;

медицина қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесі мен уәждемесін көтеру;

дәрілік заттардың сапасы мен қолжетімділігін арттыру;

денсаулық сақтау ұйымдарын озық медициналық техникамен жарақтандыру және оларға сервистік қызмет көрсету жүйесін қалыптастыру;

халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жаңа өндірістер құру арқылы отандық дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника өндірісін дамыту.

 

7. Қажетті ресурстар

Бағдарламаны іске асыруға 2011– 2015 жылдары республикалық және жергілікті бюджеттерден, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да қаражат жұмсалады.

Бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік бюджеттен жалпы шығындар 359 358,9 млн. теңгені, оның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен (жергілікті бюджеттерге берілетін нысаналы трансферттерді қоса алғанда)
356 596,8млн. теңгені, жергілікті бюджет қаражатынан 2 762,1 млн. теңгені құрайды.

2011– 2015 жылдарға арналған Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде нақтыланатын болады.

 

_________________________