25 жыл ішінде Павлодар облысының денсаулық сақтаудағы жеткен жетістіктері жөніндегі ақпарат
Облыстың денсаулық сақтау басқармасы өткен ғасырдың 90-шы жылдары саланы жеткіліксіз қаржыландырудың салдарынан қиын жағдайларда жұмыс істеген.
2001 жылдан бастап жылына бір облыс тұрғынана денсаулық сақтау бюджеті және есептегі шығындары өсімі басталды.
Ел Президентінің 2002 жылды «Денсаулық жылы» деп жарияланған бастап, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы тұрақты түрде дами бастады.
2002 жылдан бастап, жылына облыстың 1 тұрғынына денсаулық сақтау бюджеті және шығындары жыл сайын көтеріле, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базаларын нығайту және тегін медиицналық көмектің кепілді гін қамтамасыз етуге тиесілі қаражат бөліне бастады.
Денсаулық жылы ауылдағы 80 дәрігерлік амбулатория санитарлық автокөліктер алды, қажетті медиицналық жабдықтармен жабдықталды, облыс қалаларының жедел медициналық көмек стациялары – бірлік реанимобилдер алды.
Денсаулық жылының ең басты оқиғасы облыстық диагностикалық орталықтың ашылуы, ауруларды ерте кезден диагностикалау мүмкіндігін беретін, заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған, сондай-ақ компьютерлік томографтар мен магнитті резонанс томографтар.
Облыс ауруханаларында науқастарды жедел емдеуде эндобейнехирургиялық әдістерді енгізе басталды, қазіргі таңда практикада кеңінен қолданылады.
2005 жылдан бастап денсаулық сақтау қызметі 2005-2010 жылдарға Денсаулық сақтауды реформалау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға жолданған.
Осы кезең ішінде оң жетістіктерге қол жетілді, материалдық-техникалық базалар маңызды нығайтылды, денсаулық сақтаудың жаңа объектілері салынды, қазіргі заманғы медициналық құрылғылармен жабдықталу ұлғайды, кадрлармен толықтыру және олардың біліктіліктері жақсарды. Дәрігерлер шетел клиникаларында, сонымен қатар республикалық клиникалардың мамандарының қатысуларымен орындарында білім алу мүмкіндігіне ие болды. Жаңа объектілердің құрылысы және күрделі жөндеулер жүргізу есебінен медиицналық ұйымдардың материалдық-техникалық базалары нығаюда.
2005 жылы облыстық бюджет қаражаты есебінен облыстық онкологиялық диспансердің радиологиялық корпусына жанама құрылыс салынды, сәуле терапиясы үшін аппарат сатып алынды. Бұрынғы шипажай-алдын алу ғимаратына қайта жөндеулер жүргізілді және 240 орында №2 қалалық аурухана ашылды, 2008 жылғы қазаннан бастап 20 орынды кардиологиялық бөлімше қызмет етеді, бұл жерде жүректің ишемиялық аурулары кезінде зерттеулер мен оталар жүргізіледі.
Ғ. Сұлтанов атындағы облыстық ауруханада 2008 жылдан бастап перенаталды диагностика орталығы және офтальмологиялық орталығы жұмыс істейді.
Бағдарлама аясында республикалық бюджет қаражатының құрылысы есебінен денсаулық сақтау объектілерін енгізу іске асырылған:
2005 жылы – Баянауыл ауданында туберкулезге қарсы типтік аурухана;
2006 жылы – Екібастұз қаласындағы емхана, Қашыр, Ертіс аудандарындағы туберкулезге қарсы типтік ауруханалар;
2008 жылы – Павлодар ауданының типтік емханасы.
«100 мектеп-100 аурухана» жобасы шеңберінде 2009 жылы:
Железин ауданының Железен аулында 60 орынды орталық аудандық аурухана және 100 келуге арналған емхана;
Павлодар қаласындағы ауысымына 500 келуге арналған емхана;
Ақсу қаласында 500 келуге арналған емхана салынды.
2010 жылы – Павлодар қаласында 210 төсекті туберкулезге қарсы диспансер, облыстық туберкулезге қарсы диспансер құрамына кірген.
Павлодар қаласында 50 төсекті кардиохирургиялық орталықтың құрылысы.
2009 жылы Павлодар облысын орташа шұғылдықпен дамыту жоспарына сай 100 келуге арналған емханасымен 75 орынды Май орталық аудандық ауруханасы салынды.
2010 жылы Баянаулы ауылында 150 келуге арналған аудандық емхана құрылысы, Павлодар қаласының ауылдық аймағындағы Ленинск ауылында және Кенжекөл аулында дәрігерлік амбулаториялар, Қашыр ауданының Песчаное аулында дәрігерлік амбулатория республикалық бюджет қаражаты есебінен салынды.
2011-2015 жылдары Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Болашақты бірге қалаймыз» аясында 2 емхана, 15 дәрігерлік амбулатоия, 3 фельдшерлік-акушерлік пункт, 44 медициналық пункт құрылысы салынды.
2005 жылдан бастап жыл сайын тұтас топ тұрғындарын медициналық тексерістерін алдын алу жүргізіледі:
0-18 жас аралығындағы балалар;
әйелдердегі жатыр мойынындағы ісік алды ауруларын және обырын табу;
әйелдердегі сүт бездерінің ісік алды ауруларын және обырын табу;
ересек тұрғындардың жүрек-қан тамырлық ауруларын табу.
Жеке санаттағы тұрғындарды емдеуде амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тегін және жеңілдікпен қамтылған.
2010 жылы осы мақсаттар үшін бюджеттен 2020 000 емделушіні қамтыған 624,4 млн. теңге бөлінген болатын.
2009 жылы республикада дәрілік заттарды бірыңғай дистрибуция енгізілді. 2010 жылы облыстың медициналық ұйымдары бірыңғай дистрбьютор «СК-Фармация» ЖШС-мен, 742,6 млн. теңгн сомасына дәрі-дәрмекті жеткізу шартын жасады. Ауыл тұрғындарының дәрі-дәрмекке қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін 2010 жылы ауылдағы АМСК 180 объектілерінде дәріханалық пунктер ашылды. Меншік дәріханалық ұйымдармен 15 жылжымалы дәріханалық пунктер ұйымдастырылды, олар облыстың 262 ауылына дәрілерді іске асырады.
2010 жылдан бастап алғашқы Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізіле бастады (әрі қарай — БҰДСЖ), бұл стационарларды қосымша қаржыландыру есебінен 1 532,5 млн.теңге сомасына науқастарды емдеу шығындарын көтеру және көрсетілетін медициналық көмек сапасын жақсарту мүмкіндігін туғызды.
БҰДСЖ арқасында облыста жоғары мамандандырылған көмектің дамуын алды, 2010 жылы 3 көп бейінді ауруханада көрсетілген және 55 оперативті араласуды орындады.
Бұл оталар жіті ми қан айналымы бұзушылықтары, буындарды протездеу, кардиохирургиялық оталар және басқалар кезінде. Госпитализация бюросы порталын енгізумен республикалық клиникаларда облыс тұрғындарына жоғары мамандандырылған медициналық көмекті көрсету көлемі артты.
2011 жылдан бастап 8 медициналық ұйымда 2284 ота санына дейін өсумен жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі.
Әрі қарай дамуды күндізгі стационарлар алды, 2010 жылы олардың жұмыстарына БҰДСЖ аясында, 2009 жылмен салыстырғанда, 3 рет ақшалай қаражат бөлінді және сәйкесінше емделіп шыққан науқастардың саны өсті.
Қалпына келтіру емі үшін ауруханаларда 155 төсек бөлінді, қалпына келтіру және медициналық оңалтуды көрсетуге қаржыландыру бөлінген болатын.
Стационарда науқастарды ерте оңалту мүмкіндігі пайда болды, негізінен жарақаттан алған, инсульт, жүрекке ота жасалған науқастар үшін жасалынды.
Мобильді медицинаны дамыту үшін 2010-2011 жылдары республикалық бюджет қаражаты есебінен 3 жылжымалы медиицналық кешен сатып алынды.
1000 тірі туған балалар шаққандағы сәби өлім-жітім көрсеткіші 24,5-тен бастап 12,7-ге дейін, 100 мың. тірі туғанға шаққандағы ана өлімі – 35,9-дан бастап 16,1-ге дейін.
2011 жылдан бастап денсаулық сақтау қызметі 2011-2015 жылдарға ҚР «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бағытталған.
Денсаулық сақтау облысының жүйесінде 370 медициналық объектілер қалыптасқан (оның ішінде 36 аурухана мен емхана, 1 ауылдық аурухана, 5 диспансер, 67 дәрігерлік амбулатория, 24 фельдшерлік-акушерлік пункт, 230 медициналық пункт, 7 басқа да медициналық объектілер (оңалту орталықтары, бейімделу орталықтары және т.б.), 81 жеке меншік нысанындағы медициналық субъект қалыптасқан).
2011-2015 жылдардың ішінде Павлодар облысында денсаулық сақтаудың 23 объектісі республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен пайдалануға берілген: аймақтық кардиологиялық орталық, облыстық перинаталды орталықтың жаңа корпусы, 1 аудандық және 2 қалалық емхана, 17 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік-акушерлік пункт.
Мемлекеттік –жеке меншік серіктестік шарасы аясында жеке меншік инвестор қаражаты есебінен 25 диализді орны бар нефрологиялық орталық және ауылдық жерде 6 медициналық пункт салынды.
2016 жылғы 1 қаңтарда Павлодар облысының мемлекеттік медициналық ұйымдарында 2341 дәрігер (2010 ж.- 2404), 5953 орта медициналық қызметкер (2010 ж.-5766).
10 мың тұрғынды дәрігермен қамтамасыз ету 31,0 құрды, республикалық көрсеткіш-30,8.
10 мың тұрғынды орта медициналық қызметкермен қамтамасыз ету 78,4 құрды (РК 78,1).
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру кезеңінде Павлодар облысына 584 медициналық университеттердің түлегі келді, олардың барлығы облыстың денсаулық сақтау ұйымдарына, сондай-ақ 106 түлек ауылға жұмысқа тұрғызылды.
Облыста корпоративті басқару белсенді түрде енгізілуде, 35 медициналық ұйым шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорын беделіне ауыстырылды (ШЖҚ) соның ішінде 24 ұйымда байқау кеңестері құрылды. Заманауи телекоммуникациялық технологиялар енгізілуде.
2015 жылдың ішінде облыс мамандарымен 1082 медициналық теле-бейне кеңестері және Республикалық ғылыми орталықтармен 95 бейне конференцбайланыс сеанстары өткізілді.
2015 жылы 1082 медициналық теле-бейне кеңес алынды (2011 жылы-236) және Республикалық ғылыми орталықтармен 95 бейне конференцбайланыс (2011 жылы – 77) сеанстары өткізілді.
Көліктік медицинаны әрі қарай дамыту жолымен облыстың шалғай жатқан ауылдарын білікті медиицналық көмектің қол жетімділігі қамтамасыз етіледі.
Жылжымалы медициналық кешендермен , 2011 жылдан бастап ауылдық жерлерге шығу іске асырылады.
2015 жылдың қорытындысы бойынша облыстың 279 елді мекендеріне шығу өткізілген (2011 жылы-124). 41000 аса адам қаралды (2011 жылы-25745). 43000 жоғары диагностикалық және зертханалық зерттеулер өткізілді (2011 жылы-8847).
2015 жылы 347 шығу, соның ішінде әуе жолымен 107 ұшу жасалған.
Жоғары мамандандырылған медициналық көмек дамыды. Егер де 2010 жылдың қорытындысы бойынша осы көмек түрін тек қана 3 медициналқ ұйым көрсетсе және барлығы 55 жағдайда АМСК көрсеткен, ал 2015 жылдың қорытындысы бойынша — 8 медициналық ұйым және АМСК 2488 жағдайында көрсетілген. Яғни облыс тұрғындары аталған медициналық көмектің түрін облыс шегіне шықпай-ақ ала алады.
Облыста 2012-2013 жылдары Ақсу және Екібастұз қалаларының облыстық ауруханалары және қалалық ауруханалары базаларында орналасқан, амбулаториялық хирургия және гинекология орталықтары ашылды. 2015 жыл ішінде 3291 ота жасалынды.
Денсаулық – стратегиялық санат
Өңірдің медициналық ұйымдары алға қарай әрекет етуге тырысады.
Ұлттың физикалық саулығы – мемлекеттің стратегиялық міндеті. Еліміздегі медициналық қызметкерлердің мақсаты, тұрғындардың толық және білікті медициналық көмекті алуында, яғни аурулардың санын төмендетуінде. Осы жайлы облыс денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Қасымовпен сұхбат.
- Нұрлан Қаукенұлы, сіз облыстың денсаулық сақтау басқармасына бсшылық еткеніңізге бес жыл. Реформалауды неден бастадыңыз?
Мен осы туралы нақты және ұзақ айта аламын. Жұмыс барлық бағыттар бойынша жүргізілуде. Бірақ біз шұғыл көмек көрсетуге аса зор мән береміз. Медицинада «алтын сағат»- уақыты деген ұғым бар, осы мезетте көмек көрсету барынша көп нәтиже береді. Және біздің «осал жерлер» мәселелерін қатарынан шешіп отырады, ол жайлы кейінірек.
Тұрғындарға жедел жәрдем көрсету мәселесін қолға алғаннан бастап, біз тек қана облыс қалаларындағы көліктерді жаңартқан жоқпыз, сонымен қатар аулыда да. Біздің дала жолдары және қарлы қыс қашықтықтарын ескере отыра, жоғары өтімділігімен реанимациялық көліктеріне арнайы тапсырыс бердік. 2011 жылдан бастап кезең-кезеңмен GPS-мониторингті облыстың жылжымалы санитарлы көлігін енгізе бастадық. Қазіргі таңда облыстың барлық санитарлық автокөліктері орталық тетікпен облыстық стацияда басқарылатын навигационды жүйесімен жабдықталған.
GPS жүйесін жұмысқа енгізгеннен бастап шақырту орнына келу уақытын қысқарту, маршруттың тиімділігін қамтамасыз ету, жанғыш-майлағыш материалдардың шығындарына бақылауды іске асыру, облыс тас жолдарында зардап шеккендерге уақытылы көмек көрсету мүмкіндігі пайда болды.
Автоматтандырылған басқару жүйесі енгізілді, жедел қызмет диспетчерлерінің жұмыс тиімділігі артты, шақыртуды тіркеу кезеңінде уақыт қысқартылды.
Қазіргі кезде облыстың жедел көмек бригадасы тек қана қажетті медициналық жабдықтармен ғана емес, сонымен қатар Ғаламторға шығатын планшеттермен жабдықталған. Соның ішінде, өткен жылдың жазынан бастап станция жұмысына қашықтықтан ЭКГ әдісі енгізілді. Интернет режимінде кардиограмманы реттеуге бас кеңседен аса тәжірибелі дәрігерлер қадағалай алады. Бұл жаңалықтың әсері мынада. Кардиометрі бар бригадалар, жүрек-қан тамырлары ауруларымен ауратын науқастар шақыртуларын орташа есеппен алты минутқа тез орындайды, бұл жұмыс шапшаңдығына оң әсерін береді.
Тағы бір айтып кететін жайт. Облыстық жедел жәрдем қызметі, жақын арада өңірдегі барлық шұғыл медициналық ведомстваларды біріктіріп және жалпы оперативті-диспетчерлік орталық пен емделушілер базасы болады да, өзі мойнына өзінің және басқа да ведомствалардың медициналық қызметкерлерін оқытуды алды. Сол үшін 2011 қазаннан бастап станцияда облыстың жедел жәрдем қызметінің медициналық қызметкерлерін үздіксіз кәсіби оқыту және парамедиктерді даярлау жөніндегі оқу орталығы жұмыс істейді. Осы оқудың нәтижесінде жатқызуға дейінгі кезеңде өлім жағдайларының төмендеуі және жатқызуға дейінгі кезеңде жан сақтау жетістіктері санының өсуіне әкелді.
-Сіздің министрліктің көптеген баяндамаларында Павлодар облысы жүрек-қан тамырлары, онкологиялық және басқа аурулар бойынша жоғары өңірлердің бірі ретінде көрінеді. Осы жағдайда сіздің басқармаңыздың медиктері қалай әрекет етуі керек?
— Мен айтып кеткендей, біз шұғыл медицинамен қатар, басқа да бағыттарда жұмыс жасаймыз. Бұған үлгі ретінде бізде заманауи жабдықтармен және жоғары кәсіби мамандармен өңіраралық кардиохирургиялық орталықтың құрылуы болып табылады. Осы жерде тек қана ересектерге емес, балаларға да ота жасалады. Бұл жалпы өлім жағдайларын төмендетті. Біз осы жерден тоқтап қалмай, тұтас кардиологиялық кластер құрдық, соның ішінде кардиология, кардиохирургия орталықтары, оңалту бөлімшелері және емхана кірді. Кардиологиялық науқастардың тіркелімі құрылды, яғни біздің бірыңғай «түйінге» барлық медициналық қызметкерлермен емделушілер байланған. Бұл дегенің персоналды, емдік шараларды тиімді пайдалану мүмкіндігін береді. Сонымен қатар осы жерде құрылымды жетілдіру үрдістері де жүргізіледі.
Айтып кететін тағы бір мәселе «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын іске асыру шеңберінде соңғы бес жыл ішінде қан айналымы жүйесі ауруларынан өлімді төмендету үшін келесі шаралар өткізілді: тері арқылы коронарлық шара қолдану орталығы құрылды; «алтын сағат» шегінде жіті коронарлық синдром кезінде облыс мамандарының әрекет ету алгоритімі игерілді; Павлодар және Екібастұз қалаларында үш инсульт орталықтары ашылды. Нәтижесінде 2015 жылдың қорытындылары бойынша қан айналымы жүйесі ауруларынан өлім көрсеткіштері 2010 жылдың көрсеткіштерімен салыстарғанда 55,9%, яғни 600,59 бастап 100 мың тұрғынға, 2010 жылы 265,0-ге дейін төмендеген.
Туберкулез ауруын алсақ. Біз осы жерде де тәртіп орнаттық, аурулар саны елеулі төмендеді. Біз өңірдегі барлық тубауруханаларын алдық та тексердік. Табылғаны, ауылдық жерлердегі әр түрлі формадағы аурулармен барлық емделушілер бірге болған, көп те емес, аз да емес науқастар емдік мекемлерінен еркін түрде шыққан. Сондықтан да біз барлық аудандық туберкулез ауруханаларын қысқарттық та науқастарды қалалық медициналық мекемелерге ауыстырдық, науқастарды аурулардың бейіндері бойынша «сұрыптадық». Күштеп емдеуге арналған науқастарды бір қала сыртындағы медициналық мекемеге орналастырдық. Біршама уақыт аралығында туберкулезбен ауратын тұрғындардың деңгейі, біздің алдын алу шаралары арқасында, төмендей бастады.
Енді онкология жайлы айтпақпын. Қазіргі таңда бізде ауруларды ерте табу және емделушілерді тиімді емдеу жөнінде үлкен бағдарлама жүзеге асырылады. Бірақ та облыстық онкологиялық диспансер , осыдан он жыл бұрын Павлодар қаласының тар жатақханаларының біріне сығылыстырылып, қазіргі медицина талаптарын қанағаттандырмайды. Сондықтан да облыс әкімдігі 2017 жылы 200 төсекті онкодиспансер және 100 келуге емханалар құрылысының «дегеніне жетті». Бұл өте маңызды шешім болды, себебі 2016 жылдың басында аталған медициналық мекеме есебінде 10000 аса науқас тұрған және жыл сайын 2 000 бірінші рет ауырғандар тіркелініп отырған.
Біздің жұмысымыздағы оң сәт, ол қалада да, ауылдық жерлерде де медициналық ұйымдардың салынуы, «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезеңі ішінде, 19 денсаулық сақтау объектісі салынған. Павлодар қаласында екі қалалық және бір аудандық емхана, кардиохирургиялық орталық, ауылдық жерлерде 14 дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. 2015 жылы облыстық перинаталды орталықтың жаңа корпусының құрылысы аяқталды. Өңірде медицина объектілерінің құрылыстары әлі де жалғасын табуда. Басымдылық мемлекеттік-жеке әріптестікке түсуде.
Осыған мысал ретінде Павлодарда инвестор қаражатына 25 гемодиализ төсек-орнына Нефрология және эфферентті терапия орталығының ашылуы болып отыр. Бұл республикадағы ең үздің медициналық мекеме. МЖӘ аясында облыс әкімдігі тарапынан құрылысқа коммуникацияларымен жер учаскесі бөлінген болатын, жол салынды және гемодиализ қызметтеріне мемлекеттік тапсырыс ұсынуды қамтамасыз етті. Соңында емделушілер мен медицина ұтты. Қазіргі таңда осы жайлы тағы да бірнеше жобалар қаралуда.
- Нұрлан Қаукенұлы, он шақты әр түрлі заманауи медиицналық орталықтар ашуға болады, бірақ емханаларда кезек және тар мамандандырылған дәрігерлер- қабылдауларына түсу мүмкін емес, осы кезде халықты біздің медицинамыз жоғары деңгейде деп сендіру қиын. Оның үстіне дәрігерлерде жетіспейді.
- Сіз дұрыс айтып отырсыз. Жаңа «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде денсаулық сақтаудың алғашқы медикалық-санитарлық көмек желісі жұмысына басым назар аударылады. Бұл да біздің жұмысымыздың басты бағыттарының бірі. Емханалардың жұмыстарын талдай келе, біз олардың тіркеу орындарынан бастап қайта қалыптастыра бастадық. Енді ұзақ кезекте тұрмай, телефон арқылы (бір нөмірде бірнеше аппарат байланысы бар) немесе Интернет бойынша алдын ала жазылуға болады. Әрі қарай біз науқастар ағымын реттедік. Жыл сайынға ЖТА еске түсірсек. Барлығы дәрігердің қабылдауына кіргісі келеді. Неге, егер де медбике сол парацетамолды жазып беретін болса? Сол сияқты- ,мысалы, эндокринолог немесе хирург. Бірінші жағдайда орта буындағы медбике қажетті дәріге рецепт жазып береді, екінші жағдайда- оның әріптесі дәрігердің көмегінсіз егу немесе таңу жасап береді. Сондықтан да біз, дәрігер корпусын жеңілдетіп, медбике институтын нығайтамыз, оларға кейбір дәрігерлер функцияларына құқық береміз. Сонымен қоса, біздің Павлодар медициналық колледжі алғаш рет республикада жоғары медициналық статусын алды, және оның түлектері – медбикелер- жоғары медициналық мейірбикелік білім алатын болады.
Осы жерде біз елімізде медбикелердің жеткіліксіздігі туралы мәселеге де жеттік. Айтатын болсам, олай емес. Жан басына шаққанда дәрігерлер саны бойынша біз көптеген шетелдерге дес бермейміз. Тек қана ол жақта ұтымды пайдаланады. Жоғары білімді маманның тәжірибесі мен араласуы талап етілген жағдайда ол орындайды, ал қалғандары орта буындағы медбикелердің жұмысы. Осы жерде айтып кетейін дегенім. Қазіргі уақытта медициналық мекемелерде, және баспасөзде «жаңа тон әсері» медициналық персоналдарға, өз сөзіне мән берместен ұрысады. Менің әріптестерімнің арасында да кәсіби қателіктерге жол берген немесе емделушілермен өздерін дұрыс ұстамаған адамдардың барын жоққа шығармаймын. Бірақ тек біздің облысымызда жыл ішінде 500 мыңнан астам халыққа қызмет етеді, көбісін-бірнеше рет және табысты.Сонда бірнеше негативті фактілер 2 000 дәрігер және 5 500 орта медициналық қызметкердің жоғары жұмыстарын сызып тастағаны ма?
… Біз сынды қабылдаймыз және аяқталмағандарды түзетеміз. Нақтысын айтсақ бізге өкпелеуге де, өкпелейтін уақыт та жоқ- емделуші көмек күтіп отыр, ал денсаулық сақтау жүйесіне – әрі қарай жаңғырту.
Автор: Сергей ГОРБУНОВ, Павлодар