контакт: 8 (71831) 2 28 31 otdelkadrovzrb@mail.ru
адрес: Павлодар облысы, Железин ауданы, Железинка селосы, Квиткова көшесі,50.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Ішкі бақылау және емденушіні қолдау қызметі

ШЖҚ «Железин ОАА» КМК-да емделушіні қолдау қызметі жұмыс істейді.

Емделушіні қолдау қызметінің мақсаты – маңызды мәселені анықтау және медициналық көмек көрсету сапасын одан әрі жақсарту.

Егерде Сіз:

- медициналық көмек сапасына көңіліңіз толмаса;

- медициналық құрам тарапынан дөрекілікке тап болсаңыз;

- тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шегінде көрсетілетін медициналық қызмет үшін медициналық құрам ақшалай қаражатты талап ету фактісіне тап болсаңыз;

- сондай-ақ егер Сіз медициналық көмек көрсету сапасымен және тәртібімен байланысты басқа да мәселелерге тап болсаңыз емделушіні қолдау қызметіне жүгініңіз.

Сіз өз үндеуіңізді атыңызды, тегіңізді, байланыс мәліметтерін (телефон, мекенжай) көрсете отырып емханаға кіреберісте орналасқан шағымдар мен ұсыныстар жәшігіне жазбаша түрде қалдыра аласыздар. Өтініш үлгілері емделушілерге арналған ақпараттық үстелде орналасқан. Сондай-ақ біздің сайтқа http://depzdrav.gov.kz/index/fromorg/16және 2-28-31, 2-29-02, 2-28-91, 2-28-21 телефондар арқылы жүгіне аласыздар.

Емделушіні қолдау қызметі Сіздің үндеуіңізді қысқа мерзімде қарастырады және кем дегенде 30 күнтізбелік күн ішінде Сіздің үндеуіңізді қарастыру бойынша нәтиже туралы ақпаратты ұсынатын болады.

Емделушіні қолдау қызметіне ем алып жатқан емделушілер жүгінуге құқылы, сондай-ақ олардың туыстары да жүгіне алады.

Сіздердің біздің қызметке жүгінгендеріңізге, ұсыныстарыңызға алғыс білдіретін боламыз, олар медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға өз пайдасын тигізетін болады.

 

Ізгі ниетпен,

Емделушіні қолдау қызметі.