контакт:
Қабылдау бөлімі:
60-79-31 (Усолка 42)
33-61-58 (Ростовская 50)
Тіркеу орны: 60-43-92
адрес: Павлодар қаласы, Усолка көшесі, 42
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Жарғы

Павлодар облысы қаржы басқармасының

      2018 жылғы ______________

№_____бұйрығымен

Бекітілген

    Павлодар облысы әкімдігі

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының “Павлодар облыстық психоневрологиялық диспансері

  коммуналдық мемлекеттiк  қазыналық кәсіпорны

Жарғысы

 

  1. Жалпы ережелер

 1. Павлодар облысының әкімдігі Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының  “Павлодар облыстық психоневрологиялық диспансері” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны  (бұдан әрі – Кәсіпорын)  мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.

2.Кәсіпорын Павлодар облысы әкімдігінің 1999 жылғы 19 қаңтардағы «Жергілікті бюджеттен қаржыланатын мекемелердің әкімшілік бағдарламалар  мәселелері туралы» № 15 шешіміне сәйкес құрылды, Павлодар облысы әкімдігінің 2018 жылғы 19 шілдедегі  №261/5 «Павлодар облысының кейбір медициналық кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру  туралы» қаулысына сәйкес.

3. Жергілікті атқарушы орган — Павлодар облысының әкімдігі кәсіпорын-ның құрылтайшысы болып табылады.

4.  Кәсіпорынның мүлкіне қатысты субъектінің құқығын мемлекеттік ком-муналдық меншік құқығын жергілікті атқарушы органы — Павлодар облысы әкімдігі жүзеге асырады.

5.Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын органы Павлодар облысының денсаулық басқармасы болып табылады (бұдан әрі – Басқару органы).

6. Мемлекеттiк кәсiпорынның мемлекеттiк тiлдегi атауы: Пав­лодар  облы-сы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының «Павлодар облыстық психоневрологиялық диспансері»  коммуналдық мемлекеттiк  қазыналық кәсiпорны.

Мемлекеттiк кәсiпорынның орыс тiлiндегі атауы: Коммунальное государственное казенное предприятие «Павлодарский областной психоневрологический диспансер» управления здравоохранения Павлодарской области, акимата Павлодарской области.

7. Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 140001,

Павлодар қаласы, Усолка көшесі, 42.

 Кәсіпорынның заңды мәртебесі

8. Кәсіпорын мемлекеттік тіркелген кезден бастап құрылған және заңды тұлғаның құқықтарын иеленген болып саналады.

9. Кәсіпорынның заңнамаға сәйкес дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Кәсіп-орынның атауы бар бланкілері, мөрі болады.

10. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын жергілікті атқарушы органның рұқсатымен құрып, сонымен қатар, өзін басқа заңды тұлғаның құрушысы (қатысушысы) ретінде көрсете алады.

Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес филиалдары мен өкілдіктерін құра алады.

11.Кәсіпорынмен жасалатын және Қазақстан Республикасының заңнама-лық актілеріне сәйкес міндетті түрдегі мемлекеттік тіркеуге немесе басқа да тіркеуге қатысты келісім-шарттар тіркелген күннен бастап егер өзге жағдайлар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көрсетілмесе, жасалған болып саналады.

 

  1. Кәсіпорын қызметі мен оның мақсаттары
    12.Кәсіпорынның халыққа жоғары мамандандырылған көмекті, заңды түр-де белгіленген тәртіппен және бекітілген психиатриялық және наркологиялық көмек түрлерін лицензияға сәйкес көрсету қызметі болып табылады.  13.Кәсіпорын қызметінің мақсаттары болып табылатындар:

1) тегін медициналық көмегінің кепілді көлемі шеңберінде қаралатын барлық облыс халықтар құрамына кеңестік – диагностикалық, стационарлық, стационар алмастыру және санитарлық авиация көмегін көрсетуді қамтамасыз ету;

2) Кәсіпорынның қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру арқылы жұмы-сын жетілдіру, Кәсіпорын жұмысында медициналық көмек көрсетудін тиімді ұйымдастыру нысанын, алдын алу, диагностика және науқастарды емдеудің жаңа әдістерін қарастырып енгізу;

3) облыс тұрғындарының денсаулығын сақтау бағдарламаларын іске асыру;

4) денсаулық сақтау жүйесінде бірыңғай ұлттық шеңберде медициналық көмек көрсетусапасын және  тиімділігін арттыру;

5) медициналық қызметтермен рынокты толтыру арқылы әлеуметтік міндеттерді шешу;

6) заңды және жеке тұлғалармен мемлекеттік тапсырыстарды, ақылы қызмет пен шарттарды орындау барысында, Кәсіпорын жұмысы мен дамуына қажетті кірісті алу;

7) бүкіләлемдік денсаулық сақтау мекемелері енгізген тиімді техно-логияларына сәйкес заманға сай медицинаға арналған бұйымдармен  құрал-жабдықтармен жабдықтау;

8) кәсіпорынның әрекетін жаңа технологияларды, құрал – жабдықтарды, заманауи басқару шешімдері, басқару түрлері мен тәсілдерін және персо-налдардың біліктілік деңгейін арттыру арқылы жетілдіру;

9) еңбек терапиясы үшін жеңілдетілген жағдайлармен емдеу-өндірістік ұйымдар, сонымен қатар арнайы өндірістер, цехтар немесе учаскелер құру, психикалық бұзылыстармен (аурулармен), алкоголизімен, нашақорлықпен және токсикоманиядан зардап шегетін тұлғаларды, мүгедектерді қоса осы ұйымдарға жұмысқа орналасу үшін жаңа мамандықтарға оқыту;

10) тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің сатып алуын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастыру.

11) Кәсіпорынның бюджеттен тыс қорын толықтыру үшін дипансердің шаруашылық жүргізу жүйесінде бар ресурстарды пайдалану;

  1. Қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін Кәсіпорын келесі қызмет түрле-рін іске асырады:

1) медициналық қызмет:

— денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілермен қарас-тырылған медициналық көмекті түрлі формаларда ұсыну: білікті медициналық көмек, мамандандырылған медициналық көмек, жоғары мамандандырылған медициналық көмек;

—  зертханалық диагностика;

— қоғам денсаулығын сақтау саласындағы қызмет: аурулардың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, медициналық тексерулерді өткізу, алдын алу екпелерін жүргізу және қызметтің өзге түрлері;

— денсаулық сақтау саласындағы сараптама: уақытша еңбекке жарам-сыздықтың сараптамасы, медициналық қызмет көрсету сапасының ішкі сараптамасы;

— денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызмет;

— Қазақстан Республикасының “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі” Кодексімен тыйым салынбаған басқа да медициналық қызмет түрлері;

2) есірткі заттар, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымымен байланысты қызмет;

3) қызметтің түрлі бағыттары бойынша кәсіби курстар, дәрістер, семи-нарлар, тренингтер, конференциялар және өзге де шараларды ұйымдастыру мен өткізу формасындағы ақпараттық-консультациялық қызмет көрсетулер;

4) Кәсіпорынның қызметі бойынша бірлескен шаруашылық қызмет жө-ніндегі (консорциум) келісім-шарттың негізінде өзге заңды тұлғалармен бір-лесіп уақытша ерікті тең құқықты одақтар ұйымдастыру;

5) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми-білімдік іс шаралардың, көрме-лердің, семинарлардың, конференциялардың, мәжілістердің, форумдардың, симпозиумдардың, тренингтердің ұйымдастырылуы мен өткізілуіне қатысу;

6) денсаулық сақтау саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру.

  1. Кәсіпорын нақты жарғыда бекітілмеген қызметі мен оның мақсатына жауап бермейтін келісімдерді жасауға және қызметті іске асыруға құқығы жоқ.
  2. Кәсіпорынның қызмет мақсаттарына, Қазақстан Республикасының шектелген заңдарына немесе басқарушы құжаттарына, не басшының жарғылық құзіреттілігінің бұзушылығымен қарсы жасалған келісім-шарты жергілікті атқарушы органның шағымымен, Кәсіпорынды басқару органымен, облыстық коммуналдық бюджетті пайдалануға уәкілеттенген, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органмен, немесе прокурормен жарамсыз деп саналуы мүмкін.
  3. Басшының Кәсіпорынның жарғылыққа жатпайтын қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеттері еңбек міндеттерін бұзу болып саналады және тәртіптік және материалдық жазаға әкеліп соғады.

 

  1. Кәсіпорынды басқару
  1. Жергілікті атқарушы орган:

1) Кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;

2) Кәсіпорынның Жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыстық коммуналдық мүлікке иелік етуге уәкілетті өкілеттік береді;

3) коммуналдық мүлікті Кәсіпорынға бекітеді;

4) Кәсіпорынның филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді;

5) Кәсіпорынның мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

6) осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртіпте басқару органы келесі функцияларды жүзеге асырады:

1) кәсіпорынмен басқарудағы мәселе бойынша актілер әзірлейді,олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

2) Кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныс жасайды;

3) Кәсіпорынның Жарғысын бекіту туралы ұсыныс жасайды, оған өзгеріс пен толықтырулар енгізуді ұсынады;

4) Кәсіпорынның бюджетінен қаржыландырылатын қызметінің басым бағыттарын және міндетті жұмыс (қызметтер) көлемін анықтайды;

5) Кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, келіседі бекітеді.

6) Кәсіпорынның даму жоспарының орындалуын талдауды және бақы-лауды жүзеге асырады;

7) Кәсіпорын мүлкінің сақталуын және қолдануын бақылауды қамтамасыз етеді;

8) Кәсіпорын мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оны тиімді пайда-лануды қамтамасыз етеді;

9) Қазақстан Республикасы заңнамасы және осы Жарғы жүктеген басқа да өкілеттілікті жүзеге асырады.

10)  ведомстваға бағынысты қазыналық кәсіпорындармен өндірілетін және іске асырылатын тауарларға (жұмысқа, қызметтерге) баға белгілейді;

11) денсаулық сақтаудың бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің функ-цияларын жүзеге асырады және де Кәсіпорынды қаржыландыру жоспарын бекітеді;

12)  өз қарауындағы медициналық ұйымдардың Қазақстан Республикасының өзгедей заңнамасының және қаржысын сақтау аймағына мемлекеттік қаржылық бақылау және де басқарманың құзыретіне кіретін бақылаулар жүргізеді;

  1. Кәсіпорынның Басшысы оның органы болып табылады.
  2. Басшыны тағайындау, оны аттестаттаудан өткізу, Қазақстан

Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайды қоспағанда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

  1. Басқару органы Кәсіпорынның Басшының еңбек қатынастарын Қазақ-стан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасу арқылы ресімдейді.

Еңбек шартында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен белгіленген жағдайлардан басқа, бюджетке таза табыстық белгіленген бөлігі уақытылы аударылмағаны үшін Кәсіпорын Басшының жауапкершілігі айқындалады.

  1. Кәсіпорынның Басшыны Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі-не және мүлкінің сақталуына дербес жауапты болады.
  2. Кәсіпорынның Басшысы Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады.
  3. Басшы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және Кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңымен және осы Жарғымен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
  4. Басшы:

1) Кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүдделерін барлық органдарда білдіреді;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген шектерде Кә- сіпорынның мүлкіне билік етеді;

3) шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды;

4) сенімхаттар береді;

5) банктік шоттар ашады;

6) Кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шы- ғарады және нұсқаулар береді;

7) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Кәсіпорынның қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шарттарын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен өзгеше көзделмесе оларды жазаға тартады;

Басқару органы Басшының ұсынымы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Кәсіпорын қызметкерлерінің номенклатурасы оның Жарғысында белгіленеді;

1) белгіленген еңбекақы төлеу қоры шегінде еңбекақы төлеу нысанын, штаттық кестені, лауазымдық айлықақылардың мөлшерлерін, Кәсіпорынның қызметкерлеріне (өзінің орынбасарлары мен бас бухгалтерді қоспағанда) сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін бекітеді;

2) өзінің орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату үшін тиісті саланың Басқару органына кандидатуралар ұсынады;

3) өзінің орынбасарлары мен Кәсіпорынның басқа да басшы қызмет- керлерінің құзыретін белгілейді;

4) тиісті саланың Басқару Органының келісімі бойынша Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктерінің директорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

5) Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктері туралы ережелерді бекі-теді;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функ- цияларды жүзеге асырады.

  1. Кәсіпорын мен атқарушы органның арасындағы қарым қатынас Қазақстан Республикасының күші бар заңнамасымен реттеліп отырады.
  2. Кәсіпорын мен басқару Органы арасындағы қарым қатынас Қазақстан Республикасының күші бар қазіргі Заңнамасымен реттеліп отырады.

 

 

  1. Кәсіпорынның мүлкі

 

  1. Кәсіпорынның мүлкін, құны оның теңгерімінде көрсетілетін Кәсіп- орынның активтері құрайды.
  2. Кәсіпорынның мүлкі бөлінбейтін болып табылады және салымдар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері, пайлар) бойынша, оның ішінде Кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бөлуге болмайды.
  3. Кәсіпорынның мүлкі:

1) оған меншік иесі берген мүліктің;

2) өз қызметiнiң нәтижесінде сатып алынған мүлiктiң (ақшалай табыс- тарды қоса алғанда);

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаражат көздерінің есебінен қалыптастырылады.

  1. Кәсіпорынның жүргізуінде тек оның жарғылық мақсаттарымен көз- делген қызметін қамтамасыз ету үшін оған қажетті, не осы қызметтің өнімі болып табылатын мүлкі болуы мүмкін.
  2. Шаруашылық жүргізу құқығын алу және тоқтату, егер осы бапта өз- геше көзделмесе немесе аталған заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде меншік құқығын және өзге де заттық құқықты алу мен тоқтату үшін көзделген талаптарда және тәртіппен жүзеге асырылады.
  3. Жемістер, жедел басқару мүліктің пайдаланудан өнімдері мен кірістері, сондай-ақ келісімшарттар немесе өзге де себептер бойынша мүлікті сатып тұлғалар, меншік құқығын сатып алуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпорынның жедел басқаруында келеді.
  4. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе меншік иесі- нің шешімімен өзгеше белгіленбесе, мүлікке жедел басқару құқығы, оған қатысты меншік иесі оны Кәсіпорынға бекіту туралы шешім қабылдаған, Кәсіпорында мүлікті өз теңгеріміне бекіткен сәтінде туындайды.
  5. Кәсіпорынның негізгі құралдарға жататын мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары негізінде иеліктен айыруға құқығы жоқ.
  6. Кәсіпорынның мүлкіне жедел басқару құқығы, Қазақстан Республи-касы Азаматтық кодексінің 249-бабында көзделген тәртіппен және меншік құқығын тоқтату негіздері бойынша, сондай-ақ осы Жарғының 38-тармақ-тарында көзделген жағдайларда тоқтатылады.
  7. Жергiлiктi атқарушы орган басқарушы органмен келісім меншік жүктелген немесе алып қоюға егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, олардың жасаған басқа заңды тұлғалар арасында қайта бөлуге құқылы.

Жергілікті атқарушы орган енді меншік тағайындалған тиісті саласына бас тартады немесе егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, олардың жасаған басқа заңды тұлғалар арасында қайта бөлуге құзыретті органмен келісім бойынша құқығы бар.

  1. Жедел басқару құқығындағы мүлікті алып қою туралы шешім, (облыстық коммуналдық меншікке иелік етуге уәкілетті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) жергілікті атқарушы орган ұстау мерзімі Кәсіпорын белгілейді және басқа тұлғаға оның аудару бұрын тәркіленген мүлікті сақтау.
  2. Кәсіпорын оқшаулауға немесе өзге тәсілмен тіркелген активтер бойынша оған тағайындалған мүлікке иелік, беру және тек мемлекеттік мүлікті (жергілікті атқарушы орган) туралы уәкілетті органның жазбаша келісімімен дебиторлық есептен шығару, осы Шарттың 36 тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, құқығы бар.
  3. Кәсіпорын жедел басқару құқығында бекітілген негізгі заттарға жатпайтын жылжымалы мүлікке дербес бұйрық етеді.
  4. Егер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және жергілікті атқарушы органдардың өзгеше көзделмесе 40- тармағында және осы 41 – тармағында көрсетілген мүлікті операциялар алынған ақша, дербес кәсіпорын пайдаланылады.
  5. Кәсіпорынның қызметін қаржыландыру

 

  1. Кәсіпорынның қызметі өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған бюджет қаражаты есебінен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады.

Кәсіпорынның даму жоспарларын әзірлеу және бекіту тәртібін Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

  1. Кәсіпорынның таза табысының бір бөлігін аудару нормативін жергі- лікті атқарушы орган белгілейді.

Кәсіпорынның таза табысының бір бөлігі белгіленген нормативтер бойынша Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде белгіленген тәртіппен республикалық бюджетке аударылуы тиіс.

Кәсіпорын таза табысының бір бөлігін республикалық бюджетке аударуды корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.

  1. Кәсіпорын өзі өндіретін өнімді дербес жүзеге асырады.
  2. Кәсіпорынмен өндірілген тауарлардың бағасы өндiретін тауарлардың (жұмыстар,қызметтер), кәсіпорындар өндіретін және өткізетін атқарушы Органдар белгілейді.
  3. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, Кәсіп- орынның Жарғысында көзделмеген қызметтi жүзеге асырудан осы кәсіпорын алған табыстар, сондай-ақ бюджеттен қаржыландыру есебінен құралған, сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгіленген бағаларын көтеру нәтижесiнде алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен бюджетке алып қоюға жатады. Мүлікті бухгалтерлік есеп қағидалары бойынша тиісті түрде көрсетпей пайдалану фактілері анықталған жағдайда, ол да алып қоюға жатады.

 

  1. Кәсіпорынның жарғылық капиталы
  1. Жарғылық капитал Кәсіпорынның мемлекеттік тіркелу кезеңіне жеке меншік иесімен немесе құрылтайшымен толығымен қалыптасқан болу керек.

 8. Кәсіпорынның есепке алуы мен есептілігі

  1. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына және қаржылық есептіліктің тиісті саланың Басқару органының келісімі бойынша халықаралық стандарттарына және қаржылық есептіліктің ұлттық стандарттарына сәйкес Кәсіпорынның басшысы бекітетін есеп саясатына және есеп саясатына сәйкес жүзеге асырылады.
  2. Кәсіпорынның жылдық қаржылық есеп беруі бухгалтерлік теңгерімді, табыстар мен шығындар туралы есепті, ақша қозғалысы туралы есепті, өз капиталындағы өзгерістер туралы есепті, түсіндірме жазбаны қамтиды.
  1. Кәсіпорынның жауапкершілігі
  2. Жедел басқару үшін кәсіпорын өзінің қолда бар қолма-қол ақшамен бойынша өз міндеттемелері бойынша жауап береді. Оның міндеттемелері бойынша ақша жеткіліксіз болған жағдайда субсидиарлық жауапты жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
  3. Еңбек ұжымымен өзара қатынас

 52.Кәсіпорынның әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қаты- нас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.

53.Кәсіпорынның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидасына сәйкес белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына қайшы келмеуі тиіс.

12.Кәсiпорын қызметкерлерiне еңбекақы төлеу

  1. Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын Бас- қару органы белгілейді.
  2. Еңбекақы төлеу нысандарын, штат кестесiн, лауазымдық айлықақы- лар мөлшерiн, сыйлықақы беру және өзге сыйақы жүйесiн белгiленген еңбек- ке ақы төлеу қорының шегiнде Кәсiпорын дербес айқындайды.
  3. Кәсiпорын басшысының, оның орынбасарларының, бас бухгалтерiнiң лауазымдық айлықақыларының мөлшерiн, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесiн тиісті саланың Басқару органы белгiлейдi.

 

  1. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша жүргізіледі.

Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен көзделген басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.

  1. Коммуналдық Кәсіпорынды қайта ұйымдастыруды және таратуды Басқару органы жүзеге асырады.
  2. Несие берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі жергілікті атқарушы орган қайта бөледі.

Несие берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның ақшасы, Кәсіпорынның мүлкін сату нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, тиісті бюджеттің табысына есептеледі.

 

  1. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

 

  1. Кәсіпорынның Жарғысына өзгерістер мен толықтыруларды жергілікті атқарушы органдар енгізеді немесе оған жергілікті бюджеттен қаржы-ландыратын, облыстық коммуналдық мүлкіне билік етуге өкілетті атқарушы органға өкілеттік беріледі.

 

 

                          Басшы ___________________________ К.О. Иманбеков