контакт:
Қабылдау бөлімі:
60-79-31 (Усолка 42)
33-61-58 (Ростовская 50)
Тіркеу орны: 60-43-92
адрес: Павлодар қаласы, Усолка көшесі, 42
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
- Пациенттерді қолдау қызметі

Пациенттерді қолдау қызметінің төрағасы

- Абай Оразбайұлы Темірғалиев

Байланыс телефоны: 8 (7182) 666-103

Сәлеметсіздер ме!

ШЖҚ «Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығы» КМК пациенттерді қолдау қызметі (ішкі аудит қызметі) парақшасына қош келдіңіздер!

Пациенттерге қолдау көрсету қызметінің мақсаты - проблемалық мәселелерді анықтау және медициналық көмек көрсету сапасын одан әрі жақсарту болып табылады.

Егер сіз:

- медициналық көмек көрсету сапасына қанағаттанбасаңыз;

- медициналық қызметкерлер тарапынан дөрекі жағдайға тап болсаңыз;

- медициналық персоналдың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін ақшалай қаражатты бопсалау фактілерімен кездессеңіз;

- сондай-ақ, медициналық көмек көрсету сапасы мен тәртібіне байланысты басқа да проблемалық жағдайларға тап болсаңыз, пациенттерді қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Сіз өзіңіздің атыңызды, тегіңізді, байланыс деректеріңізді (телефон, мекенжай) көрсете отырып, жазбаша үндеуіңізді біздің орталықтың кіреберісінде орналасқан Өтініштер жәшігіне қалдыра аласыз немесе maxadin@bk.ru. электрондық мекенжайына жолдауыңызға болады. Өтініш үлгілері ақпараттық үстелде бар. Пациенттерге қолдау көрсету қызметі Сіздің өтінішіңізді мүмкіндігінше қысқа мерзімде қарап, күнтізбелік 5 күннен кешіктірмей, өтінішті қарау нәтижелері бойынша Сізге ақпарат береді. Емделуші пациенттердің өздері де, олардың туыстары да пациенттерді қолдау қызметіне жүгінуге құқығы бар. Біздің ұйымның медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға атсалысатын Сіздердің үндеулеріңіз, пікірлеріңіз бен тілектеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз.

 

Ізгі ниетпен, пациенттерді қолдау қызметі