контакт:
Қабылдау бөлімі:
60-79-31 (Усолка 42)
33-61-58 (Ростовская 50)
Тіркеу орны: 60-43-92
адрес: Павлодар қаласы, Усолка көшесі, 42
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
ТЖ кезіндегі азаматтардың іс-әрекеттері мен тәртібі

 Төтенше жағдайларда ең әуелі не істеу керек?

  1. Сабырлық сақтаңыз.

Ойыңызды жинап, іс-әрекеттеріңізді жоспарлап, ойластырылмаған қадамдарға бармаңыз.

Әрекет етудің өзіндік жоспарын құрыңыз

Өзіңіз тұратын ауданды  шолып шығыңыз, мұнда қандай апаттардың ұдайы болып тұратынын анықтаңыз да, төтенше әрекеттердің мейлінше жалпылама жоспарын ойластырыңыз. Сонда  шын мәнінде төтенше жағдай орын алғанда, оған тек тиісінше өзгерістер енгізсеңіз жеткілікті болады.

  1. «Домино ұстанымынан» аулақ болыңыз

Сондықтан бәрін бүге-шігесіне дейін тәптіштеуге тырыспаңыз (ондай істі қиялиларға қалдырыңыз). Сіздің жоспарыңызда мейлінше жалпылама нәрселер ғана болуы керек:

  • Қатер төнген жағдайда қай жерге паналайсыз.
  • Орныңызда қалуға болмайтын жағдайда қандай жолмен эвакуацияланасыз.
  • Алғашқы ойлағаныңыз бұғатталған болса, тағы қандай шегіну жолдары бар.
  • Қалай эвакуацияланасыз — машинамен, қайықпен немесе басқадай жолмен. Қолайсыз сәтте машина бұзылып қалған жағдайда не істейсіз.
  • Үйде немесе басқадай орында бас сауғалауға тура келсе, қолыңызда қандай заттар болуы тиіс.
  • Эвакуация кезінде қандай заттарды ала кетесіз.

Тиісінше әрекет етіп, қажетті заттарды реттеуге, әдетте, осы алты қағида жеткілікті.

  1. Бастапқы қажеттілік жиынтығын дайындаңыз (дұрысында, екі бірдей жиынтық)
  • Алғашқы жәрдем дәрі қорабы.
  • Құтылардағы консервіленген азық-түліктер және пластик шишалардағы ауыз су. (бір құты кофе мен бір қорап шай, тұз салынған қорапша алуға да болады).
  • Транзистор қабылдағыш және электр қол шамы.
  • Қабылдағыш пен қол шам үшін қосалқы батареялар жинағы.
  • От жағатын жағдайға арнап — герметикалық қораптағы сіріңке, оттық және қағаз.
  • Құрал-саймандар мен ас үй жабдықтары – тым болмаса шаппалы бәкі, қасықтар, шанышқылар, екі-үш табақ және саптыаяқтар, консерві ашқыш, жеңіл туристік балта.
  • Медициналық көрсеткіштер бойынша отбасы мүшелері жүйелі түрде қабылдайтын дәрілер (нұсқау бойынша оларды тоңазытқышта сақтау қажет болмаған жағдайда).

Тағы бір осындай жиынтықты автокөліктің жүксалғышында сақтаған артық болмас еді.

Отбасылық құжаттар мен ақшаны кез келген жерге тастамай, өзіңіз оңай табатындай белгілі бір орынға сақтаған жөн.  Сонда керек кезінде сіз тез арада оларды өзіңіздің Бастапқы қажеттілік жиынтығыңызға қоса саласыз.

Өздеріңізге қандай киімдердің қажет болатынын ойластырыңыз да, төтенше жағдайлар үшін отбасы мүшелерінің әрқайсысына арнап, біраз киім, аяқ киім: жазға — су өтпейтін, қысқа — жылы киімдер мен аяқ киімдер дайындап қойыңыз. Аяқ киімнің ұлтаны жұмсақ болмауын қадағалаңыз, себебі ұзақ жаяу жүруіңіз мүмкін, ал табаны жұқа аяқ киіммен аяғыңыз тілініп, алысқа бара алмайсыз.

  1. Артық ештеңе алмаңыз

Бірақ мынаны есте тұтыңыз: қысылтаяң сәтте аса керек болмауы да ықтимал көр-жерді тасығанша, көбірек тамақ, ауыз су және дәрі-дәрмек, бір-екі бастапқы қажеттілік жиынтығын алған жөн.

  1. Эвакуация кезінде қалдырып бара жатқан бағалы бұйымдарыңыз бен жәдігерліктеріңізді жедел  түрде жинау және сақтау үшін алдын ала орын дайындаңыз

Мәселен, үйде үй иелері үшін мейлінше бағалы заттар, бәлкім, отбасылық жәдігерліктер бар делік, әйтсе де эвакуация кезінде олардың бәрін артынып-тартыну ақымақтық болары айдан анық. Не істеген жөн?

Ондай заттарды тездетіп сала қоятын, артынан сіз қайтып оралғанша бүлінбейтініне  үміттенетіндей, герметикалық ыдыс сатып алып қойғаныңыз дұрыс. Дегенмен, көптеген жағдайларда адамдардың ТЖ кезінде мертігуі мен қаза болуының  бірден-бір себебі шұғыл түрде эвакуацияланудың орнына заттарға бола ұзақ айналшықтау болып табылады. Ең дұрыс шешім – бастапқы қажеттілік бұйымдарын ғана алып, қалғандары жайлы ұмыту.  Көптеген жанұяларда шын мәнінде жәдігерлік болып табылатын, олардан айырылу отбасына аса ауыр тиетін заттар сақтаулы. Бірақ, әдетте, бұл – үнемі шкафта жататын, тамашалау үшін анда-санда ғана алынатын бұйымдар.  Егер қандай да бір бақытсыздық кезінде оларға шынымен де қауіп төнеді деп қорықсаңыз, оларды шкафқа қоймай, герметикалық темір сандықта сақтаңыз. Егер де ауылдағы үйде тұратын болсаңыз, әлгі сандықтың жертөледе тұрғаны дұрыс, ТЖ кезінде бұл — сіз оралғанша оның аман сақталуы үшін ең сенімді орын.

  1. Үрейлі хабарламалар қабылдауға дайын болыңыз

Алғашқы үрейлі хабарламаларды ала салысымен, осыған кірісіңіз. АҚШ-тың барлық қалаларында стационарлық сиреналар бар, ТЖ қаупі туғанда олар «барлығыңыз назар аударыңыздар» деген белгі береді. Ол – үш минуттан бес минутқа дейін тоқтамастан созылатын біркелкі сарын. Оның мағынасы мынадай: барлығыңыз радио мен теледидарды қосып, оларды қайда не болып жатқаны туралы хабарламалар алу үшін жергілікті толқынға бағыттаңыздар.

  1. Төнгелі тұрған ТЖ бойынша әрекет жоспарын нақтылап, Бастапқы қажеттілік жиынтығын текеріңіз

Жаңалықтарды тыңдай отырып, төтенше әрекет етудің өзіндік жоспарын ойыңызда реттеп шығыңыз да, оның хабарламада айтылып жатқан төтенше жағдай кезінде қалай жүзеге асатынын елестетіп көріңіз.  Бұнымен бір мезгілде Бастапқы қажетілік жиынтығыңыздың жинаулы екенін тексеріп, тағы да қандай заттар керек болатынын бағамдаңыз.
Егер БАҚ төтенше қызметтер нұсқауларын беріп жатқан болса, міндетті түрде құлақ түріп, жеке жоспарыңызды соған сәйкестендіріңіз.

  1. Үрейлі хабарлама алған соң байланыс желілеріне күш түсірмеңіз

Егер де телефоныңыз бар болса, жақындап қалған төтенше жағдай кезінде онымен туыстарыңызға, достарыңыз бен таныстарыңызға қоңырау шалмауға тырысыңыз. Егер әрбір адам телефон желілеріне қосымша салмақ түсіргендер қатарында болмауға тырысса, онда мыңдаған адам ТЖ құрбаны ретінде салтанатты түрде жерлену ықтималдығынан аман қалар еді. Төтенше жағдай кезінде телефон арқылы тек төтенше қызметтерге қоңырау шалыңыз, оларға жаралылар жайлы хабарлап, қандай да бір жаңа төтенше жағдай немесе оның төну қаупі туралы айтыңыз. Бірақ ешқандай жағдайда жөнсіз қоңырауларға жол бермеңіз.

  1. Күнделікті жаймашуақ өмірде туыстарыңызға нұсқау беріп, үйретіп қойыңыз

Апатты жағдай орын алғанда, телефон желілеріне салмақ түсіріп, шын мәнінде көмекке зәру жандардың өміріне қауіп төндірмеңіз. Дұрысы, оған дейін, күнделікті мамыражай уақыттарда туыстарыңыз бен жақындарыңызға олар тұрып жатқан өңірде қандай қауіптердің кездесуі мүмкін екені және үкімет пен БАҚ-тың жұт жақындады деген хабарын алған сәтте өздерін қалай ұстауы керектігі жайында қарапайым тілмен түсіндіріп қойғаныңыз абзал. Ол үшін сізге алуан түрлі төтенше қызметтер әзірлеген нұсқаулықтар қажет болады.

Осындай нұсқауларды адамдар санасына біртіндеп сіңіре отырып, сіз ерте ме, кеш пе, шындап қауіп төнген жағдайда ешкімге хабарласып, ескертуге мәжбүр болмайтын жағдайға жетесіз.

  1. Мейлінше қажеттілік тумаса тұрғылықты орныңызды тастамаңыз

Апаттың жақындап келе жатқаны туралы ақпарат алғанда, мейлінше қажеттілік тумайынша, ешқайда кетпеңіз. Су тасқынының ағынына, ормандағы өрт орамына немесе қатты боранға тап болған автокөліктерде опат болған жолаушылар саны тым көп.   Ал бәрібір кетуге мәжбүр болсаңыз,  машинада сүйікті әуеніңіздің орнына радионы қосып, жаңалықтарға құлақ түріңіз. Мүмкіндігіне қарай, радиоқабылдағышты жергілікті төтенше қызметтердің радиостудия жиілігіне бағыттаңыз.

  1. ТЖ аймағында қалған үйге қайтқанда сақ болыңыз

Үйлерге кірмеңіз. Апат кезінде ғимаратқа зақым келген болуы мүмкін, онда оның астында қалуыңыз ғажап емес. Төтенше қызметтердің міндеті – ТЖ аймағындағы ғимаратты қарап шығып, адамдардың оларға қайта кіруіне болатынын не болмайтынын анықтау.

Егер де ғимаратқа кіруге мәжбүр болсаңыз, жолыңызға ешқандай жағдайда алаумен немесе шырақпен жарық түсірмеңіз.  Темекі шекпеңіз.

Үйде немесе үйдің айналасында газдың немесе химиялық заттардың иісі шықпайтынына көз жеткізіңіз. Күдікті иістерді сезсеңіз, төтенше қызметтерге хабарлаңыз.

Үзілген сымдардан аулақ болыңыз. Кез келген мұндай сым қанқұйлы қауіп көзі болып табылады.

Азық-түлік қорларыңызды пайдалануға асықпаңыз, әуелі тексеріңіз: олар уланған (химиялық заттармен уланбағанның өзінде өңезденуі мүмкін) немесе бұзылған (мәселен, олар тоңазытқышта жатып, ұзақ уақыт электр қуаты болмаған жағдайда) болуы ықтимал.

Су жүргізу құбырларынан алынған немесе құдық суын пайдаланбас бұрын ойланыңыз.  Суды пайдалану немесе (қажетіне қарай) оны зарарсыздандыру жөніндегі төтенше қызметтердің нұсқауларына міндетті түрде құлақ асыңыз.

Егер де құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқан аймаққа тап болып, бірақ сіздің көмегіңіз қажет болмаса, онда ол жерден кеткеніңіз дұрыс. Бос сенделушілер құтқарушыларға қашанда кедергі келтіреді. Оның үстіне, ондай орындарда жүру үнемі қауіпсіз бола бермейді, себебі ол жерде төтенше жағдай екінші мәрте қайталануы мүмкін.

Мейлінше қажеттілік туған жағдайда болмаса, ешқайда кетпеңіз. Жолдар бүлінген немесе бұғатталған болуы  ықтимал. Мәселен, күшті желден сынған ағаштар құлап, жолдағы автокөліктерді басып қалған немесе жолда кенеттен терең ойпаттар пайда болған жағдайлар бар. Дүлей апаттан кейін көпірлер әсіресе қауіпті болып келеді.

Егер сонда да жолға шығуыңызға тура келсе, онда барынша сақтық танытыңыз, жылдамдық арттырушы болмаңыз. Жол үстінде автокөлік жүргізушілері үшін қауіп тудыратын бүлінулерге кезіккен болсаңыз, ол жөнінде тездетіп төтенше қызметтерге хабарлаңыз.

  1. Туыстарыңыздың да қауіпсіз жерде екеніне көз жеткізіңіз

Жұт жағдайында телефонды пайдаланбаған жөн, алайда ең сындарлы сәттердің артта қалғаны ресми түрде мәлім болысымен, бірден туыстарыңызға қоңырау шалыңыз.  Сізден хабар алмаған соң, олар ТЖ-ны жою штабына хабарласуы мүмкін, сөйтіп сізді із-түзсіз жоғалғандар қатарына енгізеді. Нәтижесінде сізді іздеуге жұмсалатын уақыт пен күшке әлдеқайда тағы біреулер мейлінше зәру болуы мүмкін.

Алғашқы медициналық көмек көрсету.

Жақын туысқандарға,  таныс адамдар мен достарға әрі кейде тіпті жақында бола қалған адамдарға алғашқы көмек ету жөніндегі бастапқы мағлұматтардың жоқтығы жәбірленген адамның жағдайын нашарлатуы мүмкін.

Алғашқы медциналық жәрдемнің негізгі мақсаты- жәбірленген адамның өмірін құтқарып алу. Ең бастысы-жәбірленген адамның өмірін дәрігерлердің жеткенінше сақтау үшін дұрыс әрекет жасауды үйрену. Келесі ұсыныстар өзіңізге де басқаларға да алғашқы жәрдемді дұрыс көрсетуге көмектеседі.

Сәтсіз оқиғаны тудырған ахуалдан жәбірленген адамды алшақтаңыз; жәбірленушінің өмірге қәуіпті ықпал тудыратын ахуалдарын (шок, тұншығу, қансырау) жойыңыз; жарақаттардың дәрежелерін мен тасымалдаудың мүмкіндігін анықтап, медициналық  жәрдемді көрсетуге ыңғайлы орынға апарыңыз; алғашқы медцналық жәрдемді көрсетіңіз.

Көздің қарашығының жарықтан пайда болған реакциясын анықтау ережелері

Бас пармағыңызбен үстінгі қабағын көтеріп, көздің қарашығына қараңыз. Егер көз қарашығы жарыққа түскеннен кейін кең болып қала берсе, оның жарыққа еш реакциясы жок екендігі туралы қорытуға болады. Тәуліктің қараңғы уақытында көз қарашықтарының жарыққа түскен реакциясының электрлік шам жарығымен қарап анықтауға болады.

Ұйқы күретамырының ырғағын анықтау ережесі

Жәбірленушінің мойынында төрт саусақты орналастырыңыз. Ізеу бұлшықет пен көмей шеміршегінің арасындағы орналасқан саусақтарыңызды абайлап, жүрек ырғағын сезіп, түпкірлей ітеріп басыңыз.

 Сыртқы қансырау

Сыртқы (капиллярлық немесе күре тамырының) аяқ немесе қолдың қансырауында стерилді таңғышты қатты салып, оны бинтпен қатты қысып, танып тастаңыз (қысып байланған таңғыш)  не болмаса мақта-дәкелі анжыны алып жарақаттың үстіне жабысқақ пластырь арқылы жақсылап тартыңыз. Таңғыш мақта мен дәкенің бірнеше қабатынан түзілу қажет. Таңғыш аяқ қолды тым қатты қыспасын деп байқаңыз (таңғыштың астындағы терінің көгеруіне дейін). Қысып байланған таңғыш кішкентай күре тамырларынан шығатын қансырауларды тоқтатуы мүмкін.

Артериялық қансырау

Артериялық қансырауда күре тамырыңыздың саусағыңызбен жымқыруды,  қан тоқтататын таңғышты салып немесе аяқ-қолдың күшейтілген бүгілуді жасаңыз. Күре тамрдың қысуы қансырауды 10-15 мнутқа тоқтатуға көмектеседі, одан кейін қол шаршаған соң қысылуы басылады. Күре тамырды басқанынан кейін қанды тоқтататын таңғышты бірден пайдаланыңыз. Таңғышты ашық денеге салуға бомайды. Тері тегіс (бүкпесіз) болу керек, аяқ немесе қолдың аумағын сүлгімен (дәкемен) байлап тастаңыз. Таңғыштың (таңғыштың айналымдарының) беталыстарын астынан үстіне қарай жіберіп салыңыз, айналымдарды бір бірлерімен ауыстырмау қажет. Алғашқы екі айналымдар қатты қысылып салынады, келесі айналымдар қысымсыз салынады. Егер қансырау тоқтамай қала берсе, таңғышты шешіп жіберіп, бірінші салған жерінен сал шегініп, қайтадан салып тастаңыз. Қол не аяққа келетін қысым қансырауды тоқтату үшін жеткілікті болу қажет, бірақ аяқ – қолдың толық қансыздырмауын қоздырмау қажет. Таңғышты салғаннан кейін оған құтқарушының аты-жөні, лауазымы мен таңғышты салынған уақыты әрі күнін ескертіп, қысқаша хаттаманы жазыңыз да оны жақсылап таңғышқа жапсырыңыз.  Таңғыш 1,5-2 сағаттан артық уақытқа салынбау қажет, ал суық мезгілінде – 0,5-1 сағатқа ғана. Таңғышты мерзімді 30-60 минуттардан кейін бірнеше ғана мнуттарға әлсіртіп, жіберу қажет (сол уақытқа таңғштың үстіндегі қан тамырды пармағнызбен қысу қажет), таңғыштан атызды (жеңіл) уқалау керек.Таңғышты салып отырудың жалпы уақыты екі  сағаттан артпау қажет.

Өнеркәсіптік таңғыштың болмаған кезде, оны тосыннан салынғанмен аустыруға болады- резеңкеден жасалған трубкамен, галстук, белдік, белбеу, орамалмен, бинтпен немесе тағы да басқа кез келген заттарымен; сымды пайдаланбаңыз.

Өкпенің жасанды «ауызан ауызға» ауаны алмастыру техникасын пайдалану: жәбірленушінің төменгі жағында орналасқан саусақтар оның ауызын мен ерінді ашатын мүмкіндігін қалдырып, оң қолыңызбен иекті ұстап алыңыз; сол қолыңызбен мұрнын қысып жауып тастаңыз; жәбірленушінің басын шалқайтып тастап, оны тыныс алудың өткізіп болғанынша ұстап тұрыңыз; жәбірленушінің ауызына тығыз жабысып, оның ішіне аузыңызбен максималды ауаны жіберіңіз. Ауа жіберудің жиілігі мнутына 18-20 рет. Екінші «дем алудың» тиімсіздігінен жүректің тікелей емес уқалауына өту қажет.

Жүректің тікелей емес уқалауы

Жасанды дем алуды жасарту алдынында үстінгі дем алатын  жолдарының өтілуін басын артына қарай шалқайтып тастап, қамтамасыз ету қажет. Иықтардың астына білікшені (киімдерден жасалған шинелді) салыңыз; басқа бөтен заттардан(тістердің сынықтары, тіс протезі), ұйысқан қаннан, өнезден матамен оралған саусақпен тазалаңыз; бас пармақты жәбірленушінің иекке немесе іш қарынға қарай қаратылып семсер тәрізді өсіктен жоғары алақаныңызды қойыңыз; ауырлық ортасын кеудеге орналастырып, тік қолдарыңызбен жүрекке тікелей емес уқалауды жасаңыз; 3-4 см дейін төс қуысын минутына 80-100 реттен сирек емес басыңыз да майыстырыңыз;  келесі әр басылымды тек төс қаусының бұрыңғы қалпына келуінен кейін ғана бастау керек. Төс қауысына жасалатын басылымдар мен дем алулардың ұтымды ара қатынасы реанимация қатысушыларының көлеміне қарамастан 30х2 есебімен болу керек.

Өрт кезіндегі сіздің іс-әрекетіңіз.

Адамдар арасында өрт деген олардың кiнәсынан болмайтын дүние сияқты болып көрiнедi. Бiрақ өрттердiң жартысынан астамы адам кiнәсынан болады. Сондықтан барлық адамдар өрт қауiпсiздiгiнің қарапайым ережелерін бiлуi керек .

Кез келген бейтаныс ғимаратқа кiрерде өз жолыңызды есте сақтауға тырысыңыз, негiзгi және қосымша есiктердiң орналасуына назар аударыңыз. Егер «Өрт» деген дауыс естiсеңiз, не түтiн иiсiн сезiп, от жалынын байқасаңыз   өртке қарсы қызметке хабарласыңыз.  Байсалдылықты сақтап, қасыңыздағы адамдарды сабырлыққа шақырыңыз..

Жағдайды бағалаңыз, қауiптiң қаншалықты екенiн, оның қайдан келгенiн бiлiп, сабырлықпен қарсы жақтағы есiкке қарай беттеңiз. Топ iшiнде алға қарттарды жiберiп, үрейi ұшқандарды тоқтатыңыз. Үрейге әбден бой алдырғандармен еркiн сөйлесiп, олардың қозғалуына көмектесiңiз. Топ iшiнде қолыңызды шынтақтан бүгiп, бүйiрiңiзге тақап, жұдырығыңызды түйiңiз. Аяғыңызды алдыға қарай тiреп, арқаңызды сәл артқа шалқайтыңыз. Бұл топ ағыны күшiн азайтып, алдыңызға баяу қимылдауға көмектеседi.

Түтiн көп бөлмелерге кiрмеңiз. Қазiргi ғимараттарда пайдаланылатын заттар жанған кезде өте көп зиянды улы заттар бөлiп шығарады. Бiрнеше демнен кейiн уланып өлуiңiз мүмкiн. Бөлмелер, дәлiздер түтiнге толған кезде түтiнi аз саты не есiкке қарай жылжыңыз, бiрақ ешжағдайда лифтті пайдаланбаңыз. Лифтті өрт кезінде пайдалануға тыйым салынады.  Қабырғаға, тұтқыштарға тіреніңіз, беторамал не киім арқылы тыныс алуды ұмытпаңыз. Түтiн көбейе бастаса еңкейiп не еңбектеп жүрiңiз ұмытпаңыз. Егер температура көтерiле бастаса, сiз өрт аймағына жеттiңiз. Бұл жағдайда керi айналған жөн болады.

Сіздің қабатыңыздан төмен орналасқан пәтерде өрт орын алған кездегі әрекеттер  

Егер сіз өз пәтеріңізде түтін иісін сезінсеңіз, ең алдымен оның көзін анықтаңыз. Егер пәтерде барлығы дұрыс болса, саты алаңына шығыңыз және айналаны қарап шығыңыз. Есігіңізді міндетті түрде жабыңыз, әйтпесе түтін пәтерге кіреді. Егер тұтану ошағы сізді қабатыңыздан төмен болса, сатымен төмен түспеңіз.   Өрт кезінде лифтті пайдалануға тыйым салынады, өйткені ол кез келген уақытта ажыратылуы мүмкін және онда сіз торға түскендей боласыз. Пәтерге қайта оралыңыз және 101 не 112  телефон нөмірлеріне қоңырау шалыңыз . Үрейленбей және анық өртке қарсы қызметті шақыру себебін, өз мекенжайыңызды, телефон нөміріңізді, сондай-ақ үйіңізге ыңғайлы жету  жолдарын айтыңыз.  Бұдан кейін сіз өз қауіпсіздігіңізді ойлауыңыз қажет. Сіздің басты мііндетіңіз – пәтерге түтін  кіруіне жол бермеу.  Шүберектерді жыртыңыз, сулаңыз. Есік пен босаға арасындағы саңылауларды су шүберектермен бітеңіз. Өрт сөндірушілер жылдам келеді, бірақ пәтерге жету оңайға түспейді.Сабырлылықты сақтаңыз. Егер есігіңіз қыза бастаса, оған су құйыңыз.  Пәтердегі барлық сорғыш және желдеткіш тесіктерді жабыңыз.  Суланған шүберек арқылы тыныс алыңыз, бұл түтіннің өкпеге өтуіне жол бермейді. Түтін пәтерге кіріп кетсе, дереу балконға шығыңыз. Есікті жабыңыз және құтқарушыларды күтіңіз. Көмек міндетті түрде келеді.

Өрт пәтеріңізде болған кездегі әрекеттер   

Көптеген жағдайларда, тұтану ең басында анықталған жағдайда, оны бір стақан сумен немесе сулы  дастарханмен, көрпемен не өзге кез келген синтетикалық емес матамен жауып, жоюға болады. Бірақ өрт таралып кетсе  және кәсіби құтқарушылардың көмегі қажет болса, өз өміріңізге және көршілеріңіздің өміріне қатер тудырмай, мүмкіндігінше жылдам 101 не 112 телефон нөмірлері бойынша құтқарушыларды  шақырыңыз. Сондай-ақ,   сіз пәтер ішінде сергелденге түсіп жатқан 10-15 минут ішінде өрт сөндірушілер келіп, өртті жоюға және адамдар мен мүлікті құтқаруға кірісіп үлгереді.  Егер диспетчер үйдің нөмірін, кіреберісін, қай қабатта өрт шыққанын, ғимаратта неше қабат бар екенін, ыңғайлы жету жолдарын, адамдарға төнген қауіп туралы нақтылап сұраса, анық және сабырлы жауап беріңіз.  Сіз өрт туралы хабарлаған кезде құтқару бөлімшелері дабылмен көтеріліп, шақыртқан жерге бара жатқанын білуіңіз қажет.   Барлық қажетті мәліметтер құтқарушыларға рация арқылы беріледі.  Және де, егер құтқарушылар келгенше сіз өзіңіз немесе біреудің көмегімен өртті жоя алсаңыз, өрт сөндірушілерді шақыру жалған болып есептелмейді.

Түтінденген үй-жайлардағы әрекеттер  

Жанып жатқан үй-жайда ешқандай жағдайда таза ауа кірсін деп, терезені ашуға болмайды.  Өтпе жел,  онымен бірге оттегі жануды, демек түтінденуді де  күшейте түседі. Статистика деректері бойынша адамдар өрт кезінде көбінесе оттан емес, түтіннен    қаза табатынын көрсетеді.  Бұл бірінші дәрежелі зақымдаушы факторлардың бірі.   Оның негізгі ерекшелігі тез таралуы және алданыш нақты қатер жоқтығы  сезімі.  Түтіндегі ұлы жану өнмідері оттегінің жетіспеуіне, ойлау қабілетсіздігіне, бас айналуына, тынысы тоқтатылуына және соның салдарынан – өлімге әкеп соғуы мүмкін екенін білу қажет.     ауадағы оттегінің тек    3% төмендеуі организмнің қозғалыс функцияларының бұзылуына әкеп соғады.   Түтінденген үй-жайдағы небары    3 — 4 рет тыныс алу сіз үшін соңғы болуы мүмкін.    Сондықтан  өрт сөндірген кезде, барлық қолдан келген әдістермен түтіннен қорғаныңыз . Түтін ауадан жеңіл. Ол алдымен жоғары көтеріледі, содан кейін ғана төмен түседі.     Өрт кезінде үй-жай  жоғарыдан төменге қарай түтінге толады және қатты түтінденген жағдайда да еден тұсында 10-20 см ауа қабаты қалады.  Түтіндену тығыз болмаған   жағдайда үй-жайдан кетуге тырысу қажет. мүмкіндігінше төмен енкейіп, қабырға бойымен шығысқа қарай жылжу қажет.   Сабырлылықты сақтаңыз! Байсалды және саналы әрекет етіңіз!

Адамдардың көп жиналатын жерде  өрт шыққан кездегі әрекеттер  

Ең алдымен бейтаныс ғимаратқа кірген кезде өз жолыңызды есте сақтауға тырысыңыз, негізгі және қосалқы шыға берістердің орналасуына назар аударыңыз. Бұны өз дағдыңызбен жасаңыз.

Егер сіз «Өрт! Жанып жатырмыз!»,- деген айғай естісеңіз, немесе өзіңіз түтін иісін сезсеңіз, жалынды көрсеңіз, ұстамдылық пен тыныштықты сақтауға тырысыңыз. Жағдайды бағалаңыз, нақты қауіптің жоқтығына көз жеткізіңіз, оның қайдан келетінін анықтаңыз. Байсалды ешбір дабырасыз ғимараттан қауіпсіз жолмен шығып кетіңіз.

Түтін көп жиналған жерге бармаңыз.

Жоғары қабатқа немесе оңаша орналасқан ғимаратқа барып, құтылуға әрекеттенбеңіз.

Адамдар көп жиналатын объектілерде  өрт кезінде электр энергия өшіріледі. көптеген адамдар қараңғыда өзін өзі сақтау дағдысыннан гөрі үрейге бой алдырады, қатты дабыра болып, бірін-бірі таптап кетеді. Өрт кезінде өте қараңғы болатынын біліңіз! Өрт кезінде қараңғылық белең алады: тек өрт тұтанған кезде жалын қатты жарқырағанмен артынша қалың түтін шығып қараңғылық туғызады

Егер түтіннің қоюлануынан және оттың қызуынан үй-жайдан шыға алмасаңыз, өрт сөндірушілердің көмегін күтіңіз.

Офисте, жұмыс орнында өрт пайда болған кездегі әрекеттер  

Тұтану  анықталған жағдайда дереу 101 не  112 нөмірі бойынша қоңырау шалу қажет.

Барлық айналадағы әріптестеріңізге өрт туралы хабарлау қажет.

Бастапқы  негізгі  өрт сөндіру құралдарын пайдаланып, өртті сөндіріп көріңіз.  Бастапқы негізгі өрт сөндіру құралдарына  өрт сөндіргіштер және өрт сөндіру қалқандары жатады.

Өрт сөндіргішті пайдалану нұсқаулығы:   пломбасын жұлып алып,  мұрындықты суырып алыңыз,  кеңауызын  тұтану ошағына бағыттап, иінтіректі басыңыз. Өртті сөндірген кезде кеңауызды қауіпсіз қашықтықта ұстау қажет.

Әр өндірістік  ғимаратта басталған өртті сөндіруге арналған  құрал саймандармен жабдықталған өртке қарсы қалқаны бар.  Өртке қарсы қалқанның орналасқан жерін және әр құрал-сайманның не үшін қажет екенін  білу қажет. Егер өртті өз көшіңізбен сөндіре алмасаңыз, қауіпті аймақтан кетіңіз. Өрт сөндірушілер келген кезде, өрт  қай жерде  екенін түсіндіріңіз.

От — болжап болмайтын, қатерлі кесапат,  бірақ осындай дүлей апатқа дайын, қол астында тіпті ең қарапайым өрт сөндіру құралдары бар адамдар өртпен күресте жеңіп шығады  Өрт кезіндегі дұрыс әрекеттер сіздің өміріңізді сақтайды!

Күйген кезде көрсетiлетiн алғашқы көмек

Күйiк ауыр болса зардап шегушiнiң өмiрi қабылданған дұрыс iс-шараларға тәуелдi болады. Сондықтан «Жедел жәрдем» қызметi жеткенше алғашқы медициналық көмек көрсетiңiз.

Күйiктiң төрт деңгейi болады:

  1. Терiнiң қызаруы, домбығу;
  2.  Көпiршiктердiң пайда болуы;
  3.  Күйiк орнында қабыршақ пайда болады;
  4.  Терiнiң көмiрленуi.

1 және 2 дәрежелi күйiк кезiнде күйiк шалған жрдi 10-15 минут аққан суға ұстап, кейiн таза матамен жауып қою керек. 3 және 4 дәрежелi күйiк шалған жердi таза дымқыл матамен жауып қою керек. Медициналық көмек көрсетiлмесе жарақат соңы ауыр болуы мүмкiн.

Есте сақтаңыз! Күйiк орнына жабысқан заттарға тиiспеңiз. Сонымен қатар, ол жерге крем, лосьон жағуға, көпiршiктердi тесуге болмайды. Зардап шегушiнi орындыққа отырғызыңыз не еденге, диванға ыңғайлы орналасуға көмектесiңiз. Дереу жедел жәрдем шақырыңыз.

Қажет болса зардап шегушiнiң күйген жерлерiнен артық заттарды (сағат, сақина, аяқ киiм және т.б.) шешiп тастаңыз. Киiмдердi терiге жабыспаған кезде ғана шешуге болады. Жедел жәрдем қызметiн күтiңiз, зардап шеккен адамға, бар болса,  ауырғанды жеңілдедетін дәрі-дәрмектер беріңіз.

ӨРТ КЕЗІНДЕ  101 НЕМЕСЕ 112  НӨМІРЛЕРІ БОЙЫНША ҚОҢЫРАУ ШАЛЫҢЫЗ!.

 

krf5_main