контакт:
Қабылдау бөлімі:
60-79-31 (Усолка 42)
33-61-58 (Ростовская 50)
Тіркеу орны: 60-43-92
адрес: Павлодар қаласы, Усолка көшесі, 42
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

 

МӘМС – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы

 ЖАДНАМА

(Қазақстан республикасының 2015 жылы 16 қарашадағы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» № 405-V Заңына негізделген)

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда халықтың, мемлекет пен жұмыс берушілердің ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі.

2017 жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғалар жарна аударуды бастаған болатын.

Жарнаны кім қашан төлейді? МӘМС жүйесіне қатысу үшін не істеу керек? Егер атыңызға жарна/аударым аударылған болса Сіз автоматты түрде МӘМС жүйесінің қатысушысы болып саналасыз. Өз мәртебеңіз туралы ақпаратты ЖСН арқылы медицина ұйымдарынан білуге болады.

Жоғарыда аталған санаттарға кірмейтін адамдар (өзін-өзі жұмыспен қамтығандар) 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ай сайын ең төменгі жалақы мөлшерінің (1414 теңге) 5% төлеу арқылы өзін-өзі сақтандыра алады.

Жеңілдік берілген санаттарға кімдер жатады? Егер Сіз төмендегі санаттардың біріне кірсеңіз Сіз үшін жарнаны мемлекет төлейді (2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап).

1) балалар;2) жұмыссыз ретінде ресми тіркелгендер;

 

3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;

4) үш жасқа толмаған бала (балалар) тәрбиесімен айналысып үйде отырған адамдар;

5) бала (балаларды) тууына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты, үш жасқа дейінгі баланың (балалардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;

6) мүгедек бала күтімімен айналысатын, жұмыс істемейтін адамдар;

7) зейнеткерлер, соның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

8) сот үкімі бойынша қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) мекемелерінде (қаупі төмен мекемелерден бөлек) жазасын өтеп жатқандар;

9) тергеу изоляторында отырған адамдар;

10) жұмыс істемейтін оралмандар;

11) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқа иегерлері немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар;

12) мүгедектер;

13) күндізгі оқу орындарында білім алып жатқан адамдар;

14) оқу орнын жаңадан бітіргендер (күнтізбе бойынша үш айға дейін).

 

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап халыққа медициналық көмек қалай көрсетіледі?

Медициналық көмектің екі пакеті болады:

  1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК),
  2. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС)
ТМККК МӘМС
Бұл көмек сақтандырылған-сақтандырылғанына қарамастан барлық азаматтарға көрсетілетін болады:— жедел медициналық көмек,

 

— санитарлық авиация,

— бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) — бұл емханаларда жалпы практика дәрігері, терапевт, педиатр сынды мамандар көрсететін қызметтер,

— стационарды алмастыратын шұғыл көмек және стационарлық медициналық көмек,

— паллиативтік көмек (туберкулез, онкология, терминалдық сатыдағы созылмалы аурулар, біреудің көмегінсіз жүріп-тұра алмайтын, қамқорлыққа мұқтаж адамдар).                                 

— әлеуметтік маңызы бар аурулар, созылмалы және айналаға қауіп төндіретін негізгі ауруларға консультативтік-диагностикалық қызмет, жоспарлы стационарлық және стационарды алмастыратын көмек түрлері тегін көрсетіледі, амбулаторлық деңгейде дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз етіледі.

Бұл көмек тек САҚТАНДЫРЫЛҒАН азаматтарға ғана  көрсетілетін болады: 

 

— салалық мамандардың қызметі және диагностика,

—  бағасы қымбат болып келетін зерттеу әдістері (МРТ (магнитті резонанстық томография), КТ (компьютерлік томография), ПЦР (полимеразды тізбекті реакция) т.б. басқа зертханалық зерттеулер),

— ТМККК пакетінде қамтылмаған өзге де ауруларды амбулаторлық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету,

— стационарды алмастыратын көмек,

— жоспарлы стационарлық көмек,

— қалпына келтіреу мақсатындағы ем-дом және медициналық оңалту.

 

 ТМККК пакеті — әрбір адамға жедел және шұғыл жағдайларда көмек көрсету және қоғам үшін маңызы бар ауруларды бақылауға алу. ТМККК пакетін барлық азаматтар тегін пайдалана алады. МӘМС пакетіне адамның өмір сапасын жақсартатын медициналық қызметтер, сондай-ақ ұрпақ саулығының негізін қалайтын медициналық көмек түрлері кіреді. Яғни, кезек күттірмейтін шұғыл жағдайлардың бәрі — ТМККК пакеті арқылы, қызмет көрсетудің  бұдан жоғары стандарттары, бағасы қымбат болып келетін қосымша қызметтер, кепілдендірілген пакетке енбеген сирек қызмет түрлері – МӘМС пакеті арқылы көрсетіледі.

Бұдан басқа, азаматтар медициналық көмекті ЕРІКТІ медициналық сақтандыру жүйесі арқылы, сондай-ақ БІРІГІП ТӨЛЕУ арқылы ала алады.

Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізе отырып, біз  жұртымызды әлемжік стандартпен: яғни, жаппай медициналық-санитарлық  көмекпен қамтамасыз етемізü  медициналық–санитарлық қызметтің негізгі түрлерінің қолжетімділігі;

 

ü  қауіпсіз, тиімді және бағасы төмен дәрі-дәрмек пен вакциналардың қолжетімділігі және азаматтарды қаржылық тәуекелдерден қорғау

Ақпаратты «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Павлодар облыстық филиалының ақпараттық-түсіндіру бөлімі дайындады.

МӘМС жүйесі туралы толығырақ ақпаратты:

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының www.fms.kz сайтынан, әлеуметтік желілердегі:

Facebook, instagram — @ fms.kz аккаунттарынан таба аласыз.

Сондай-ақ, мазалаған сұрақтардың жауабын Қордың Павлодар қаласындағы филиалы арқылы да алуға болады (8-7182-70-41-23. 70-41-24).