Ақылы қызмет көрсету шарттары
Ақылы қызметтер ауру бейіні мен медициналық қызметпен айналысуға лицензия сәйкес болған кезде көрсетіледі.
Ақылы қызмет көрсету келесі жағдайларда жүзеге асырылады:
- пациенттердің бастамасы бойынша, оның ішінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек мамандары мен денсаулық сақтау ұйымдарының жолдамасынсыз алғашқы медициналық-санитариялық көмек, диагностикалық және емдеу қызметтерін көрсету;
- Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының, Павлодар облысы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының дәрілік формулярына енгізілмеген дәрілік заттармен емдеу;
- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне кірмейтін медициналық зерттеулер жүргізу;
- азаматтарды жұмысқа және оқуға түсу үшін медициналық тексеруден өткізу;
- ұйыммен шарт бойынша, оның ішінде ерікті сақтандыру бойынша медициналық көмек көрсету;
- қосымша сервистік қызметтерді ұсыну.
Бюджет қаражаты есебінен сатып алынған медициналық жабдық бірінші басшы белгілеген кесте бойынша белгілі бір уақытта ақылы қызметтер көрсету үшін пайдаланылуы мүмкін.