Миссиясы және пайымы
Миссиясы: "Сапалы медициналық-әлеуметтік көмек көрсету арқылы халықтың психикалық денсаулығын жақсарту".
Пайымы: "Психикалық денсаулықты қорғау саласында диагностика, емдеу және оңалтудың заманауи әдістерін енгізу арқылы сапаның халықаралық стандарттарына сәйкес қызмет көрсету". Қызмет қағидаттары Қағидаттар халықаралық стандарттарға сәйкес психиатриялық және наркологиялық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру жөніндегі Миссияны іске асырудың берік негізі болып табылады.
1. Жауапкершілік және сенімділік - халықтың, қызметкерлердің және мемлекеттің үміттерін ақтауға және тұрақты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған.
2. Жанашырлық және құрмет - психикалық және мінез-құлық бұзылыстары бар адамдардың және олардың отбасыларының физикалық, эмоционалдық және психологиялық жағдайына жанашырлық таныту мен құрмет көрсетуді білдіреді.
3. Адалдық және ашықтық - мүдделі тараптар мен тұлғалар алдында ашықтық пен объективті есептілік саясатын білдіреді.
4. Үйлесімділік және бірлік - бірыңғай мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуде қызметтің барлық құрамдас бөліктері мен процестерінің өзара ықпалдастығын білдіреді.