контакт: 8(7187)342625 ali7982@mail.ru
адрес: Екібастұз қ, Мәшһүр Жүсіп к, 42 «Г».
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Емхана туралы

main_36

ШЖҚ «Екібастұз қаласының №3 емханасы» КМК — халықтың барлық топтарына бастапқы медициналық-санитарлық көмек беретін және білікті, мамандандырылған, амбулаторлық– емханалық медициналық көмек көрсететін емдеу – диагностикалау мекемесі.

Байланысу ақпараты:
Мекенжайы: Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп к-сі 42г
Басшының қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7187) 347478
Электронды пошта: pol3_ekb@mail.ru

Медициналық көмек өтініштері мен сапасы бойынша сенім телефоны: 8 (7187) 280356

Орналасқан жері  Google картасында

Емхана басшылығы:
Басшы — Кабылтаева Тогжан Капашевна 

Басшының медицина бөлімі жөніндегі орынбасары - Есмагамбетова Жупар Каратаевна
Басшының медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі орынбасары – бос лауазым
 
 

ШЖҚ «Екібастұз қаласының №3 емханасы» КМК 1957 жылы ашылған бірінші қалалық аурухананың орнына республикалық бюджет қаражатынан салынған.Республикалық бюджеттен құрылысқа 400 млн.теңге, сонымен қатар медициналық құрал-жабдықтарды сатып алуға 102 млн.теңге бөлінген.Денсаулық сақтауды реформалаудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында ШЖҚ «Екібастұз қаласының №3 емханасы» КМК өзінің қызметін 03.01.2007 жылы бастады, күніне 830 келушілерге арналған, оның ішінде ересектер 480, балалар-350. Бекітілген ауылдық аймақтармен бірге қызмет көрсету радиусы -90 км құрайды.

Емхана ересектер мен балаларға амбулаторлық емханалық медициналық көмекті негізгі мамандықтар бойынша көрсетеді: ТМККК шеңберінде Екібастұз өңірінің балалар қауымына, жүктілер мен әлеуметтік қорғалмаған тұрғындарға шұғыл хирургиялық  стоматологиялық көмек, сонымен қатар күндізгі стационар түрінде 25 төсек-орынды стационарды алмастыратын көмек, оның ішінде акушерлік-гинекологиялық бағытта -10 және терапиялық -15 төсек –орын.

Емханаға бекітілген тұрғындар саны 50352 адамды құрайды. Оның ішінде қалалық тұрғындар -42793 және ауылдық -7559.