контакт: 8(71836)21545 shrcrb@mail.ru
адрес: Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Гагарина қ., 49
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Мемлекеттік қызметтер

 

 

 

 

Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер.

 

Біздің тұрғындар мемлекеттік органдарға қызметтер үшін келген кезде негізгі мәселелер арасында – кезекті күту және қызмет көрсету процедурасын алу туралы ақпараттың жеткіліксіздігі мәселелерімен бетке бет кездеседі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы «Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» № 253 қаулысына сәйкес ШЖҚ «Шарбақты ОАА» КМК тікелей келген немесе телефон байланысымен түскен кезде мемлекеттік қызметтерді көрсетеді, олар уәкілетті ұйымның тіркеу журналында тіркелінеді.

Барлық денсаулық сақтау жүйесінде мемлекеттік қызметтердің 18 түрі бар, жергілікті деңгейде мемлекеттік қызметтердің 6 түрі көрсетіледі:

Мемлекеттік қызметтер

  • Дәрігердің қабылдауына жазылу.
  • Медициналық ұйымға бекіту.
  • Дәрігерді үйге шақыру.
  • БМСК көрсететін медициналық ұйымынан аңықтама беру.
  • БМСК көрсететін медициналық ұйымынан уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парағын беру.
  •   Стационардағы науқастың медициналық картасынан көшірме беру.

Жалпы  пратика дәрігерлерімен  қызметтер көрсетіледі.

1)   Жұмыс кестесі:

Ағымдағы кесте бойынша – күнсайын дүйсенбіден жұмаға дейін қоса сағат 8-00 бастап 20.00 сағатқа дейін,  сенбі күні сағат 9-00 бастап 14-00 сағатқа дейін, демалыс жексенбі күні және  Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңына сәйкес мереке күндері.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсетудің тәртібі.

Уәкілетті ұйымға тікелей келген немесе телефон байланысымен түскен кезде мемлекеттік қызметтерді алу үшін тұтынушыда:

1) жеке куәлік құжатын (он алты жасқа жетпеген тұлғалар үшін – туу туралы куәлігі) бар болу керек;

2) бекітілген халықтың тізіліміне сәйкес осы уәкілетті ұйымға бекітудін бар болуы.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі:қызмет алушымен қызмет берушіге  құжаттарды тапсырған кезіңінен бастап 15 минуттен артық емес. Мемлекеттік қызмет көрсету ұсыну нәтижесінің насыны: қағаз түрінде.

         086/о нысаны; 108-1/о нысаны; 083/о нысандары бойынша, психиатрдан, наркологтан аңықтамаларды алудан басқа мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

         Шағымдану тәртібі:

Ауданның жергілікті атқарушы органның әрекет (әрекетсіздігін), қызмет беруші және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдерін шағымдану үшін:

арыз жазбаша түрде ШЖҚ «Шарбақты ОАА» КМК басшысының атына беріледі.

Қызмет беруші кеңсесіне арызды тіркеп қабылдап алғаны (таңба, кіріс нөмірі мен күні). Тиісті шараларды қолдану және жауапты орындаушыны аңықтау үшін арыз тіркелген соң қызмет алушының басшысына жіберіледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің қорытындысымен келіспеген уақиғаларда қызмет алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы үшін бағалау және бақылау бойынша уәкілетті органға арызбен жүгіну құқығы бар.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы үшін бағалау және бақылау бойынша уәкілетті органға қызмет алушы  атынан түскен арыз оны тіркеген күнінен он бес жұмыс күн ағымында қарастырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдану тәртібі туралы ақпаратты біріңғай байланыс-орталағынан алуға болады.

Мемлекеттік қызмет көрсету қорытындысымен келіспеген кезде қызмет алушы Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртібінде сотқа жүгінуге құқығы бар.

Сіздер барлық қажетті мәселелер бойынша 2-15-45 және 2-32-13 телефондары бойынша қоңырау соға аласыз.

ШЖҚ «Шарбақты ОАА» КМК