контакт: Дәрігер-сарапшы- 8(7182)-55-57-34 Регистратура - 8(708)4665715; 8(7182) -55-52-10 Instagram - @pgcrd_pvl E-mail - pgcrd@mail.ru
адрес: Павлодар қ-сы, Лермонтов к-сі, 59 үй
Жарғы

Павлодароблысыәкімдігі

Павлодароблысыденсаулықсақтаубасқармасының

«Облыстық оңалту орталығы»

шаруашылық жүргізу құқығындағы

коммуналдықмемлекеттiккәсiпорнының

ЖАРҒЫСЫ

Жалпы ережелер

          1. Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттіккәсіпорыны(бұданәрі– Кәсіпорын) шаруашылықжүргізуқұқығындағымемлекеттіккәсіпорынныңұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.

        2.Кәсіпорын  Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 364/12 «Жекелеген мемлекеттік медициналық ұйымдарды қайта ұйымдастыру туралы»қаулысына сәйкес құрылды, Павлодар облысы әкімдігінің 2020 жылғы  28 қазандағы № 224/5 «Павлодар облысының кейбір медициналық кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы»қаулысына сәйкес оған  «Павлодар облысының туберкулезге қарсы балалар санаторийі»коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылды және оның құқықтық мирасқоры болып табылады. Павлодар облысының кейбір медициналық кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы «Павлодар облысы әкімдігінің 2020 жылғы                          28 қазандағы  № 224/5 қаулысына толықтыру енгізу туралы»Павлодар облысы әкімдігінің  2021 жылғы 15 сәуірдегі  № 101/3 қаулысымен жарғылық капитал анықталды. Павлодар облысы әкімдігінің, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының «Павлодар қалалық балаларды оңалту орталығы»шаруашылық жүргізу құқығындағыкоммуналдықмемлекеттiккәсiпорнының қайта атауы туралы 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 238/8  қаулысына сәйкес қайта аталды.

3.  Кәсіпорынның құрылтайшысы жергілікті атқарушы орган – Павлодар облысының әкімдігі болып табылады.

  4. Кәсіпорынның мүлкіне қатысты субъектінің құқығын мемлекеттік коммуналдық меншік құқығын жергілікті атқарушы органы - Павлодар облысы әкімдігі жүзеге асырады.

5. Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын органы Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы (бұдан әрі – Басқару органы) болып табылады.

6. Мемлекеттiккәсiпорынныңмемлекеттiктiлдегiатауы: ПавлодароблысыәкімдігіПавлодар облысы денсаулық сақтау басқармасыныңшаруашылық жүргізу құқығындағы«Облыстық оңалту орталығы»коммуналдықмемлекеттiккәсiпорны.

          Мемлекеттiккәсiпорынныңорыстiлiндегіатауы: Коммунальноегосударственноепредприятиена праве хозяйственного ведения «Областной реабилитационный центр» управленияздравоохраненияПавлодарскойобласти, акиматаПавлодарскойобласти. 

          7.  Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар  қаласы, Лермонтов көшесі, 59- үй, тұрғын емес үй-жай, 63.

 

2. Кәсіпорынның заңды мәртебесі                                         

8. Кәсіпорын мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап құрылған болып есептеледі және заңды тұлға құқығына ие болады.

9. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Кәсіпорынның дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Кәсіпорынның атауы бар бланкілері, мөрі болады.

10. Қазақстан Республикасының заңнамасының белгіленген жағдайларын, заңды тұлға құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы да бола алмайды.

11. Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес филиалдар мен өкілдіктер құра алады.

12. Кәсіпорынмен жасалатын және Қазақстан Республиксының заңна-малық актілеріне сәйкес міндетті түрде мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын азаматтық-құқықтық мәмілелер, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен өзгеше белгіленбесе, тіркелген сәттен бастап жасалынған деп есептеледі.

3. Кәсіпорын қызметінің мәні мен оның мақсаттары

          13. Кәсіпорын әрекетінің мәні денсаулық сақтау салада қызмет көрсетуді жүзеге асыру. 

          14. Кәсіпорын қызметінің мақсаты Павлодар облысының балалары мен ересектеріне заңда белгіленген тәртіппен берілген және бекітілген медициналық қызмет түрлеріне сәйкес білікті медициналық оңалту көмегін (қалпына келтіру емі және медициналық оңалту) көрсету болып табылады.

         15. Кәсіпорын қойылған мақсаттарын іске асыру үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:

      1)денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру;

         2) медициналық және дәрігерлік қызмет: қалпына келтіру емі және оңалту көмегі бойынша балалар мен ересектерге де стационарлық медициналық көмек;

          3) Павлодар облыстық халқының балаларына 0 жастан 18 жасқа дейінгі балаларын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде консультациялық-диагностикалық, стационарды алмастыратын, амбулаториялық және оңалту көмегінің қажетті көлемінде қамтамасыз ету;

Павлодар облысының ересек тұрғындарын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде стационарлық, стационарды алмастыратын оңалту көмегінің қажетті көлемінде қамтамасыз ету;

   4)қоғамдық денсаулықты қорғау саласындағы қызмет: қала және облыс балалары мен ересектерге де салауатты өмір салтын қалыптастыру, аурулардың алдын алу, оңалту;

5) облыстың, қаланың балалары, жас өспірімдер мен ересектердің денсаулығын қорғау бағдарламаларын іске асыру;

   6) ғылыми дәлелді медицина негізінде әзірленген медициналық оңалтуды көрсету стандарттарын енгізу, қалпына келтіру емі мен медициналық оңалтуды көрсетудің тиімді ұйымдастырушылық нысандарын, балалар мен ересектерді де диагностикалау мен емдеудің инновациялық әдістерін әзірлеу және кәсіпорын қызметіне енгізу;

   7) нарықты медициналық қызметтермен толтыру арқылы әлеуметтік міндеттерді шешу;

8) облыстың балалары мен ересектеріне оңалту көмегін мониторингілеу және талдау статистикалық есепті ұйымдастыру (келушілер саны көрсетілген медициналық қызметтердің және басқалардың саны);

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Облыстың балалары мен ересектерге ақылы негізде медициналық қызметтер көрсету;

   10) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі қызметтерді, ақылы қызметтерді және кәсіпорындармен шаруашылық шарттарды орындау есебінен кәсіпорын қызметін қолдау және дамыту үшін қажетті кірісті алу;

   11)Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру;

   12)инновациялық технологияларды енгізу, медициналық жабдықтарды сатып алу және персоналдың біліктілік деңгейін арттыру арқылы кәсіпорын қызметін дамыту және жетілдіру;

16. Осы Жарғыда бекітілген Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсатына сай емес қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелерді жасауға құқылы емес.

17. Кәсіпорынның Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында белгілі бір шек қойылған қызмет мақсаттарына қайшы не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасаған мәмілесі тиісті саланың уәкілетті органының немесе кәсіпорынның басқару органы, жергілікті қаражаттан қаржыландырылатын, коммуналдық мүлікке уәкіл етілген облыстық бұйрықтың, жергілікті басқару органныңне прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

4. Кәсіпорынды басқару

18. Жергілікті атқарушы орган:

1)  Кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;

2) Кәсіпорынның Жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органға өкілеттік береді;

3) Коммуналдық мүлікті Кәсіпорынға бекітеді;

4) Кәсіпорынның филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді;

          5) Кәсіпорынның мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

6) Осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнама- сында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

       19.  Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртіпте басқару органы келесі функцияларды жүзеге асырады: 

         1)Кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгізеді;

         2) Кәсіпорынның Жарғысын бекітуге енгізеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастама жасайды;

          3) Кәсіпорынның бюджетінен қаржыландырылатын қызметінің басым бағыттарын және міндетті жұмыс (қызметтер) көлемін анықтайды;

         4) Кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, келіседі бекітеді;

         5) Кәсіпорынның даму жоспарының орындалуын талдауды және бақы-лауды жүзеге асырады;

         6) Кәсіпорын мүлкінің сақталуын және қолдануын бақылауды қамтамасыз етеді;

         7) Кәсіпорын мүлкінің есепке алуды ұйымдастырады, оны тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді;

         8) Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын белгілейді;

         9)  Шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындар үшін кәсіпорын басшысының, оның орынбасарларының және бас (аға) бухгалтердің лауазымдық айлықақыларының мөлшерін, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін белгілейді;

         10). Осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Кәсіпорынның басшысы оның органы болып, осы Жарғының 5 бөлігін-де көзделген жағдайларда бақылау кеңесі болып табылады.

         20. Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген жағдайды қоспағанда, басшыны тағайындау, оны аттестаттаудан өткізу, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті  органның айқындайтын тәртібімен жүзеге асырылады.

         21. Басқару органы Кәсіпорынның басшысының еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасу арқылы ресімдейді.

Еңбек шартында Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексімен белгіленген жағдайлардан басқа, бюджетке таза табыстың белгіленген бөлігін уақытылы аударылмағаны үшін Кәсіпорын Басшының жауапкершілігі айқындалады.

          22.  Кәсіпорынның басшысы Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қыз- метіне және мүлкінің сақталуына дербес жауапты болады.

          23. Кәсіпорынның басшысыКәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады.

24.Кәсіпорын басшысы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және Кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Жарғыда айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

          25. Кәсіпорынның басшысы:

1) кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүдде- лерін барлық органдарда білдіреді;

2)  Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген шектерде Кә- сіпорынның мүлкіне билік етеді;

3) шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды;

4)  сенімхаттар береді;

5) банктік шоттар ашады;

6) кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

          7) Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес Кәсіпорынның қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шарттарын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және Қазақстан Республикасының заңына және осы Жарғыға  сәйкес келмейтін істер істесе,  оларды жазаға тартады;

          Басқару органы Басшының ұсынымы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Кәсіпорын қызметкерлерінің номенклатурасы осы Жарғыда белгіленеді;

8) Бекітілген еңбек ақы төлеу қорының аясында, еңбек ақы төлеу формаларын, штаттық кестені, лауазымдық еңбек ақыларды, Кәсіпорын қызметкерлеріне (өзінің орынбасарлары мен бас бухгалтерді қоспағанда) сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін бекітеді;

9) өзінің орын басарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы Басқару органына кандидатуралар ұсынады;

10)  өзінің орынбасарлары мен Кәсіпорынның басқа да басшы қызмет- керлерінің құзыретін белгілейді;

11)  тиісті саланың Басқару органының келісімі бойынша Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктерінің директорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

12) кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктері туралы ережелерді бекітеді;

13)  Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функ- цияларды жүзеге асырады.

14) кәсіпорынның құрылымдық бөлімшесіне не құрылымдық бөлімшелердің өкілдеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс (сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет) функцияларын жүктеу туралы шешім қабылдайды.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі

26. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институты құрылады.

27. Осы мақсаттар үшін квазимемлекеттік сектор субъектілерінде міндеті тиісті ұйымның және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің функцияларын орындайтын құрылымдық бөлімшелер не құрылымдық бөлімшелердің өкілдері айқындалады.

28. Квазимемлекеттік сектор субъектісінің құрылымдық бөлімшесіне не құрылымдық бөлімшелер өкілдеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын жүктеу туралы шешімді басшы қабылдайды.

29. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметіне мынадай функциялар жүктеледі:

1) квазимемлекеттік сектор субъектісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ішкі құжаттарды әзірлеу;

2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс саласындағы стандарттар мен саясатты әзірлеу және өзектендіру;

3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру іс-шараларын жүргізу;

4) мүдделер қақтығысын анықтау, мониторингілеу және реттеу бойынша шаралар қабылдау;

5) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар санатына жататын квазимемлекеттік сектор субъектісі жұмыскерлерінің Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауы тұрғысынан мониторинг жүргізу;

6) корпоративтік этикалық құндылықтарды дамыту;

7) квазимемлекеттік сектор субъектісі қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сондай-ақ корпоративтік Әдеп кодексін (болған жағдайда)сақтауын бақылау;

8) азаматтық және бизнес-қоғамдастық институттарының өкілдерін тарта отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;

9) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпаратты жария ашуды қамтамасыз ету;

10) сыбайлас жемқорлық және/немесе оған қатысу фактілері туралы өтініштер (шағымдар) негізінде қызметтік тексерулер жүргізу;

11) квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету бойынша жұмысты үйлестіру;

12) квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға жәрдем көрсету;

13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы, сыбайлас жемқорлыққа байланысты істер бойынша сот практикасындағы өзгерістерді мониторингілеу және талдау.

14) квазимемлекеттік сектор субъектілері жасасатын азаматтық-құқықтық шарттарға, оның ішінде сатып алу туралы шарттарға шарт тараптарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, іскерлік этика мен парасаттылықтың нормаларын, адал бәсекелестік қағидаттарын міндетті сақтауын көздейтін ережелерді енгізуді қамтамасыз ету.

30. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәртібі қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындалады.

31. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі қызметкерінің функционалдық міндеттері, құқықтары мен жауапкершілігі оның лауазымдық нұсқаулығында айқындалады.

32. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен кәсіпорын банкрот деп танылған немесе оңалту рәсімі қолданылған және уақытша, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы тағайындалған жағдайларда, оны басқару жөніндегі барлық өкілеттіктер тиісінше уақытша, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушыға өтеді.

33. Кәсіпорын мен жергілікті атқарушы орган арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

34. Кәсіпорын мен Басқарушы органның өзара қатынастары Қазақстан Республикасының әрекетті заңнамасымен реттеледі.

 

6. Байқау кеңесімен шаруашылық жүргізу құқығындағы

Кәсіпорынды басқару ерекшеліктері

35. Кәсіпорында Басқару органның ұсынысы бойынша байқау кеңесі құрылуы  мүмкін.

36. Байқау кеңестері құрылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға қойылатын өлшемдерді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.     Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның Байқау кеңесі мүшелерінің саны тақ болуға және бір-бірімен және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның басшысымен жақын туыстық және жекжаттық қатынастарда болмайтын кемінде бес адамды құрауға тиіс. Байқау кеңесінің мүшелері шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлерінің штатына кірмейді. Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесі құрамының кемінде отыз пайызы Байқау кеңесінің тәуелсіз мүшелері болуға тиіс.

37. Байқау кеңесін құру тәртібін, Байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ Байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітеді

38. Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау мен байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу шегін анықтау мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкіл органымен анықталады. Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау және Байқау кеңесінің Мүшелеріне сыйақы төлеу анықтау тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

39. Кәсіпорынның Байқау кеңесі келесі өкілеттіктерге ие:

1) Басқару органына шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынды дамыту жоспарының жобасы бойынша, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша қорытынды береді;

          2) Даму жоспарының орындалуы туралы есептің жобасын келіседі, кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін алдын ала бекітеді;

3) Демеушілік және қайырымдылық көмекті және қосымша көздерден, оның ішінде Кәсіпорынның иелігінде қалған таза табыстың бір бөлігінен алынған қаражатты бөлу туралы шешім қабылдайды;

4) Бюджет қаражатының және қосымша көздерден алынған қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылау үшін кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің құжаттамасымен кедергісіз танысады және көрсетілген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын тексеруді жүзеге асыру үшін басқару органына ұсыныстар енгізеді;

5) Кәсіпорын басшысын тағайындау және онымен еңбек шартын бұзу мәселелері бойынша басқару органының ұсыныстарымен келіседі;

6) Ұжымдық шартты әзірлеуге қатысады және даму жоспарымен бекітілген қаражат шегінде қосымша қаржы көздерінен қызметкерлерге, кәсіпорын басшысына, оның орынбасарларына, бас бухгалтерге лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар, сыйлықақы белгілеу және материалдық көмек көрсету бөлігінде шешімдер қабылдайды

7) Байқау кеңесінің хатшысын тағайындайды, өкілеттік мерзімін және жалақы мөлшерін айқындайды, оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатады;

8)тиісті саланың уәкілетті органына Кәсіпорынның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар енгізеді;

9)Кәсіпорын қызметінің басым бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлейді;

10)тиісті саланың уәкілетті органына кәсіпорынның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы ұсыныстар енгізеді;

11)тиісті саланың уәкілетті органына кәсіпорынның филиалдарын, өкілдіктерін құру және жабу жөнінде ұсыныстар енгізеді.

12)  кәсіпорынның ішкі қызметін реттейтін құжаттарды бекітеді;

13) атқарушы органның құрамына тағайындауға кандидатураны сайлайды, сондай-ақ еңбек шартын бұзу мәселесін кәсіпорынның атқарушы органының мүшесімен алдын ала келіседі;

14) кәсіпорынның ішкі аудит қызметінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындайды, оның басшысы мен мүшелерін тағайындайды, сондай-ақ олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға құқығы бар, ішкі аудит қызметінің жұмыс тәртібін, ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен сыйлықақы берудің мөлшері мен шарттарын айқындайды;

15) қаржылық есептіліктің аудиті үшін аудиторлық ұйымның қызметтеріне ақы төлеу мөлшерін айқындайды;

16) кәсіпорынның ұйымдық құрылымын бекітеді;

17) кәсіпорын немесе оның қызметі туралы қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты айқындайды;

18) осы Заңда және (немесе) кәсіпорынның жарғысында көзделген, тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның) ерекше құзыретіне жатпайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

40) Кәсіпорынның Байқау кеңесінің отырыстарын өткізу тәртібі:

1)   кәсіпорынның Байқау кеңесінің отырыстары қажеттілігіне қарай, бір тоқсанда кемінде бір рет өткізіледі.

2) кәсіпорынның Байқау кеңесінің отырысын оның төрағасы өз бастамасы бойынша, басқару органының, Байқау кеңесі мүшесінің немесе кәсіпорын басшысының талабы бойынша шақыруы мүмкін.

3)  Байқау кеңесі туралы ережені, кәсіпорынның байқау кеңесін шақыру және оның отырыстарын өткізу тәртібін басқару органы бекітеді.

4)  Егер кәсіпорынның Байқау кеңесінің барлық мүшелері оны өткізу уақыты мен орны туралы хабарланса және отырысқа кәсіпорынның Байқау кеңесі мүшелерінің жартысынан астамы қатысса, кәсіпорынның Байқау кеңесінің отырысы заңды болып табылады. Кәсіпорынның Байқау кеңесі мүшесінің өз дауысын Байқау кеңесінің басқа мүшесіне немесе басқа жеке тұлғаға (сенімхат бойынша) беруіне жол берілмейді.

5)  кәсіпорынның Байқау кеңесінің әрбір мүшесі дауыс беру кезінде бір дауысқа ие болады. Дауыстар тең болған жағдайда бақылаушы кәсіпорын төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

 6)  байқау кеңесінің шешімдері жазбаша нысанда ресімделеді және оған Байқау кеңесінің барлық мүшелері қол қояды.

7. Кәсіпорынның мүлкі

41.  Кәсіпорынның мүлкін, құны оның теңгерімінде көрсетілетін Кәсіп- орынның активтері құрайды.

42.  Кәсіпорынның мүлкі бөлінбейтін болып табылады және салымдар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері, пайлар) бойынша, оның ішінде Кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бөлуге болмайды.

43. Кәсіпорынның мүлкі:

1) оған меншік иесі берген мүлік;

2) өз қызметiнiң нәтижесінде сатып алынған мүлiк (ақшалай табыстарды қоса алғанда);

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаражат көздерінің есебінен қалыптастырылады.

44. Кәсіпорынның жүргізуінде тек оның жарғылық мақсаттарымен көзделген қызметін қамтамасыз ету үшін оған қажетті, не осы қызметтің өнімі болып табылатын мүлкі болуы мүмкін.

45 Шаруашылық жүргізу құқығын алу және тоқтату, егер осы бапта өз- геше көзделмесе немесе аталған заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде меншік құқығын және өзге де заттық құқықты алу мен тоқтату үшін көзделген талаптарда және тәртіппен жүзеге асырылады.

46. Шаруашылық жүргізудегі мүлікті пайдаланудың жемістері, өнімі мен кірістері, сондай-ақ Кәсіпорын шарттар немесе өзге де негіздер бойынша алған мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында меншік құқығын алу үшін белгіленген тәртіппен Кәсіпорынның шаруашылық жүргізуіне түседі.

47. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе меншік иесінің шешімімен  белгіленбесе, мүлікке шаруашылық жүргізу құқығы, оған қатысты меншік иесі оны Кәсіпорынға бекіту туралы шешім қабылдаған, Кәсіпорында мүлікті өз теңгеріміне бекіткен сәтінде туындайды.

48. Кәсіпорынның негізгі құралдарға жататын мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары негізінде иеліктен айыруға құқығы жоқ.

49. Кәсіпорынның мүлкіне шаруашылық жүргізу құқығы, Қазақстан Рес- публикасы Азаматтық кодексінің 249-бабында көзделген тәртіппен және меншік құқығын тоқтату негіздері бойынша, сондай-ақ осы Жарғының                   43-тармақтарында көзделген жағдайларда тоқтатылады.

50. Осы Жарғының 42 тармағында көзделген шаруашылық жүргізу құ- қығын тоқтатудың жалпы негіздерінен басқа, шаруашылық жүргізу құқығы Кәсіпорыннан мүлікті меншік иесінің шешімі бойынша заңды түрде алынып қойылған жағдайда тоқтатылады.

         Заңды түрде алып қою жағдайлары, атап айтқанда, мыналар:

- шаруашылық жүргізу құқығындағы Кәсіпорынның жарғылық қызме- тінің мақсаттарына жауап бермейтін мүлікті алып қою;

- артық, пайдаланылмайтын, не мақсатқа сай емес пайдаланылатын мү- лікті алып қою жатқызылады.

          51. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мүлікті алып қою туралы шеші- мінде мемлекеттік мүлік жөніндегі жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын атқарушы орган, облыстық ком-муналдық мүлікке бұйрық етуге өкілетті) Кәсіпорынға оны өзге тұлғаға бергенге дейін ұстауын және сақталуын қамтамасыз етудің мерзімдерін белгілейді.

52. Кәсіпорын жергілікті атқарушы органның жазбаша келісімімен тиісті саланың Басқару органының ұсынымы бойынша

1) филиалдар, өкілдіктер құруға,

2) дебиторлық берешекке иелік етуге құқылы.

53. Кәсіпорын шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген негізгі заттар- ға жатпайтын жылжымалы мүлікке дербес бұйрық етеді.

54. Егер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі немесе меншік иесі өзгеше белгілемесе, осы Жарғының 46, 47-тармақтарында көрсетілген мүлікпен жасалған мәмілелерден алынған ақшаны Кәсіпорын дербес пайдаланады.

8. Кәсіпорынның қызметін қаржыландыру

         55.Кәсіпорынның даму жоспарларын әзірлеу және бекіту тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.Кәсіпорынның қызметі өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған бюджет қаражаты есебінен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады.

         56. Кәсіпорынның таза табысының бір бөлігін аудару нормативін жергі- лікті атқарушы орган белгілейді.

Кәсіпорынның таза табысының бір бөлігі белгіленген нормативтер бойынша Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінде белгіленген тәртіппен республикалық бюджетке аударылуы тиіс.

 Кәсіпорын таза табысының бір бөлігін республикалық бюджетке аударуды корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.

57. Кәсіпорын өзінің шығарған өнімін өзі пайдалана алады.

58. Кәсіпорын шығарған жұмыстардың бағасы (жұмыс, қызмет) оларды шығару үшін кеткен шығынның барлығын жабу керек. Өзінің кірістерімен қаржыландыру және  көрсетілген  қызметі шығынсыз болуы қажет.

59. Бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстардың (көрсетілетін қызмет- тердің) көлемі шеңберінде өндiрілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсе- тілетін қызметтердің) бағаларын тиісті саланың Басқару органымен келісім бойынша Кәсіпорын белгiлейдi.

          60. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, Кәсіп- орынның Жарғысында көзделмеген қызметтi жүзеге асырудан осы кәсіпорын алған табыстар, сондай-ақ бюджеттен қаржыландыру есебінен құралған, сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгіленген бағаларын көтеру нәтижесiнде алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен бюджетке алып қоюға жатады. Мүлікті бухгалтерлік есеп қағидалары бойынша тиісті түрде көрсетпей пайдалану фактілері анықталған жағдайда, ол да алып қоюға жатады.

9. Кәсіпорынның  жарғылық  капиталы

61. Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері 48 771 089,4  (қырық сегіз миллион жеті жүз жетпіс бір мың) тенге 40 тиынды құрайды.

 Кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуі кезіне меншік иесі (құрылтайшы) Жарғылық капиталды толық қалыптастырады.

     10. Кәсіпорынның есепке алуы мен есептілігі

62. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есепті- лігін жасау Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына және салық саясатына сәйкес, Басқару органының келісімі бойынша халықаралық стандарттарына және қаржылық

есептіліктің ұлттық стандарттарына сәйкес Кәсіпорынның басшысы бекітетін есеп саясатына сәйкес жүзеге асырылады.

63. Кәсіпорынның жылдық қаржылық есеп беруі бухгалтерлік теңгерімді, табыстар мен шығындар туралы есепті, ақша қозғалысы туралы есепті, өз капиталындағы өзгерістер туралы есепті, түсіндірме жазбаны қамтиды.

64. Кәсіпорын бақылау кеңесімен бірлесіп жылдық қаржы есептілігінің аудитын жүргізуге міндетті. Кәсіпорынның аудиты директордың, бақылау кеңесінің, Басқару орғанның талабы бойынша Кәсіпорын есебінен жүргізілуі мүмкін.

11. Кәсіпорынның жауапкершілігі

 

65. Шаруашылық жүргізу құқығындағы Кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікке жауап береді.

66. Құрылтайшының, Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе басқару органының әрекеттерінен туындаған банкроттық жағдайларын қоспағанда, мемлекет шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорынның міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Бұл жағдайда мемлекет шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның қаражаты кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша жауап береді.

          12. Кәсiпорын қызметкерлерiне еңбекақы төлеу

67. Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын Басқару органы белгілейді.

68. Еңбекақы төлеу нысандарын, штат кестесiн, лауазымдық айлықақылар мөлшерiн, сыйлықақы беру және өзге сыйақы жүйесiн белгiленген еңбекке ақы төлеу қорының шегiнде Кәсiпорын дербес айқындайды.

69. Кәсіпорынның басшысының, оның орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерiнiң лауазымдық айлықақыларының мөлшерiн, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесiн тиісті саланың Басқару органы белгiлейдi.

13. Еңбек ұжымымен өзара қатынас

           70. Кәсіпорын әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.

  71. Кәсіпорынның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидасына сәйкес белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына қайшы келмеуі тиіс. 

14. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату

72. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша жүргізіледі.

Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен көзделген басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.

73. Несие берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін таратылған Кәсіпорынның мүлкін жергілікті атқарушы орган қайта бөледі.

74.Таратылған Кәсіпорынның несие берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкін жергілікті атқарушы орган қайта бөледі.

75. Несие берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның ақшасы, Кәсіпорынның мүлкін сату нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, тиісті бюджеттің табысына есептеледі.

15. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

76. Коммуналдық Кәсіпорынның Жарғысына өзгерістер мен толықтыру-ларды жергілікті атқарушы органдар енгізеді немесе оған жергілікті бюджеттен қаржыландыратын, облыстық коммуналдық мүлкіне билік етуге өкілетті атқарушы органға өкілеттік беріледі.

Басшы                                                            Ф.К. Туракбаева