2026 жылдың II тоқсанының қорытындысы бойынша Павлодар облыстық онкологиялық диспансері халыққа денсаулық сақтау саласында сапалы әрі қолжетімді мемлекеттік қызметтер көрсетуді жалғастыруда. Есепті кезеңде мекеме тарапынан барлығы 1981 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру және цифрландыру аясында медициналық ақпараттық жүйе (МАЖ) арқылы 448 уақытша еңбекке жарамсыздық парағы, сондай-ақ 1533 стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме берілді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету жұмыстары қолданыстағы стандарттарға сәйкес жүзеге асырылып, халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын, қолжетімділігін және қызмет алу ыңғайлылығын арттыруға бағытталған.
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя