контакт: 8(71834)91369 uspenka-crb@yandex.ru
адрес: Павлодар облысы, успен ауданы, Успен а., Абай көшесі, 99

Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

              Біздің сайтымызға қош келдіңіздер!

КІРІСПЕ

Адамдың өмірі және денсаулығы — негізгі, іргелі құндылықтар. Дәрігер тапсырманы,  мақсатты, қағидаларды, құндылықты білуге тиісті.

Тапсырма

Біздің тапсырмамыз:

Ұтымды жабдықталғандық, жайлылық және түсініс жағдайларда, замануи диагностикалық, емдеу, алдын алу және медицина-әлеуметтік технологиялар негізінде емделушінің қажеттілігіне  сәйкес келетін жоғары сапалы амбулаториялық дәрігерлік жәрдем көрсету,.

Біздің қызметіміздің басымдылығымен алдын алу және ауру адамға жанашырлық көрсету болып табылуда.

Біздің мақсатымыз:

1.     Емделушілердің  диагностика, емдеу,алдын алу, медицина көрсету сапасының тиімділігін ұдайы жоғарлату.

2.     Жоғары кәсіптілікке, жоғары маманшылық абыройға иеболатын, пациентке қызмет көрсету жөнінде барлық этикалық нормалары мен құндылықтарын сақтайтын, бәсекелеске қабілетті кадрлар әлеуетін құру.

Біздің қағидаттарымыз:

1.     Қызметтіңзаңдылығы мен парасаттылығы-  біз ҚР Конституциясы, ҚР «Халықтың денсаулығы және денсаулық жүйесі туралы» Кодексі, «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, мемлекет денсаулығын жаңғырту және даму жалпы стратегия шеңберінде қызмет етеміз.

2.     Емделушіге қамқорлық жасау - Біз емделушілерді зерттеу және емдеу ісінде мирасқорлықты сақтаймыз,  жеке және кешенді тұрғындылықты қамтамасыз етеміз, адам денсаулығына құнт көрсетеміз.

3.     Технологиялықтық — біз замануи жабдықтармен қамтамасыз етіліп жатырмыз, ғылым және техниканың озық жетістіктерді пайдаланамыз, емдеу кепілдігін қамтамасыз ету үшін тиімді әдістемелерімен қолданып жатырмыз.

4.     Қызметкерлердің үздіксіз біліктілігін жоғарлату-  емдеу қызметін көрсету сапасы әрбір қызметкерден тәуелді болуда. Біз әрбір қызметкердің кәсіби өсуінде мүдделіміз.         Әр бір қызметкер өз жеке табыстығын біздің  жалпы істің табыстығымен байланыстырып, аурухананың табысты дамуында мүдделі болып міндетті.

5.     Бірлестік —біз ұжымдық шығармашылықты ынталандыратын, ұжым мүшелері, медицина қызметкерлері мен емдеушілер арасында өзара сенімділік пен сыйға қабілет жасайтын бірлескен этиканы, мәдениетті, деонтолгияны дамудамыз.

6.     Көшбасшылық— біз көшбасшылықты дамып мадақ қыламыз, себебі ол ақпараттық қызметтің, оның барлық көріністер саласында тұрақты өсу және жетілдіру көрсеткіші.

Біздің құндылығымыз: ұйымның құндылықтары – персоналдың, ұжымның, қызметкерлермен, олармен өз лауазымдық міндеттерін, бір реткі және тұрақты тапсырыстарды, іскерлік өзара ынтымақтасы мен жеке аралық қарым қатынас орындауында, адамгершілік және іскерлік сапалары

1.     Маманшылдық

2.     Қайырымдылық

3.     Емдеушілердің құқықтарын сыйлау

4.     Тәлімгерлік

5.     Үлкендерді сыйлау

6.     Қорларды тиімді пайдалану

           Бұл адамгершілік принциптері, Халықаралық дәрігерлердің этикалық кодексінің қағидаларын, биология және медицинада жеткіліктерді қолдауын есепке алумен адамның геномы мен құқықтары туралы Жалпы декларациясы мен адамның құқығы мен құндылығын қорғау туралы Конвенциясын, ҚР Конституциясының 29 бабын, ҚР «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін, ҚР «ҚР медицина және формацевтика қызметкерлерінің ар-намыс Кодексінің» 184 бабын есепке алумен дәрігердің этикалық кодексінде (одан әрі – Кодекс), жүйелендірілген.

Кодекстің бөлімшелері

І. Жалпы қағидалары

ІІ. Медицина қызметкері және қоғам

ІІІ. Медицина қызметкері және емделуші

IV. Медицина қызметкерлерінің алқаластығы

V. Дәрігерлік құпия

VІ. Этикалық кодекс күшінің шегі, оны қайта қарау тәртібі және оны бұзу жағдайындағы жауапкершілік.

І. Жалпы қағидалар

         1. Медицина қызметкерінің Этикалық кодексі (одан әрі – Кодекс) олардың лауазымдық міндеттемелерін жүзеге асыру барысындағы этикалық нормалар мен өзін ұстау тәртібі ұстанымдарының жиынтығы болып табылады.

         2. Кодекс ҚР «ҚР медицина және формацевтика қызметкерлерінің ар-намыс Кодексінің» 184 бабының, ҚР «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің (2013 жылғы 15.04. жағдайына өзгерістер және толықтырулармен) негізінде әзірленген, медицина қызметкерлердің азаматтар мен қоғамның алдында өз әрекеті үшін адамгершілік жауапкершілікті белгілейді.

        3. Осы Кодекс денсаулық сақтау қызметкерлері, қоғам және емдеушілер арасында қарым қатынасын анықтайды, және жеке тұлға мен қоғамды тұтастай құқықтарын, құндылығын, денсаулығын қамтамасыз етуіне бағытталған.

ІІ. Медицина қызметкері және қоғам

2.1. Медицина қызметкерінің ең басты мақсаты – адам өмірін сақтау, аурулардың алдын алу және денсаулығын қалпына келтіру, сондай ақ емделмейтін ауруға шалдыққындар азабын жеңілдету. Медицина қызметкері өз міндеттерін Гиппократ анты, гуманизм және қайырымдылық ұстанымдарына сәйкес орындайды.

2.2.Медицина қызметкері өз шешімдері мен іс-әрекетері үшін толық жауапкершілігін мойнына алады, сол үшін ол жүйелі түрде кәсіби шындалып отыруға, өзіне таныс және пайдалануға рұқсат етілетін медицина ғылымының соңғы жетістіктерін пайдалануға міндетті.

3. Ме2.3. Медицина қызметкері өзінің кәсіби тәуелсіздігіне лайықты медицина қызметкерінің абыройын төмендетпейтін және емделуші мен оның кәсіби қызметіне зиян келтірмейтін  өзге де іс-әрекеттермен шұғылдануы мүмкін.

2.4.  Медицина қызметкері қызмет ететін адамгершілік мақсаттар оның жеке абыройын, жеткілікті материалдық қамтамасыздығын, кәсіби қызметін жүзеге асыру үшін жағдайлар жасауға арналған заңды қорғанысты талап етуге негіз болады.

2.5.Медицина  қызметкері  дәрілік  препараттарды  даярлаушы фирмалардан  және  таратушылардан  олардың  ұсынған  дәрілері  үшін сыйақылар қабылдамауы тиіс.

2.6.Медицина қызметкері дәрілер тағайындау барысында медициналық көрсетілімдерді және науқастың қызығушылығын қатаң түрде басшылыққа алуы тиіс. Медицина қызметкері өз жұмысында өзіне мәлім және қолдануға рұқсат етілген медицина ғылымының соңғы жетістіктерін пайдалануы тиіс.

2.7.Медицина  қызметкері  кез-келген  мұқтаж  жандарға  жасына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, діни көзқарасына, әлеуметтік жағдайына, саяси көзқарастарына, азаматтығына және өзге де медициналық емес факторларға, сондай-ақ материалдық жағдайына қарамастан медициналық көмек көрсетуі тиіс.Медицина  қызметкеріне  материалдық,  жеке  басының  пайдасы мотивтері кәсіби шешім қабылдауына әсер етпеуі қажет.

2.8.Медицина қызметкері өзі жұмыс істейтін мекемеге қатысты өзіне алған міндеттерді адал атқаруы тиіс.Денсаулық сақтау саласы қызметкерінің моральдық міндеттеріне медициналық қоғамдастық қатарларының тазалығын сақтау, өз әріптестерінің, сонымен қатар өзінің қателерін риясыз талдау жатады. Денсаулық сақтау саласы қызметкері емделушілердің денсаулығына залал келтіретін, ар-намыссыз, біліктілігі төмен деңгейдегі әріптестерінің әр-түрлі іс-тәжірибесіне кедергі жасауы тиіс.

2.9. Өзінің әрекеттері және шешімдерімен қоғам тарапынан негізделген сынға себеп бермеу, сыни қуғыншылықты болдырмау, оған шыдаммен қарау, қателіктерін жоюға және кәсіби қызметін жетілдіруге сын қолдануы тиіс.

2.10.Студенттер  мен  жас  мамандарға  тәлім  беретін  медицина қызметкерлері өзінің мінез-құлқымен және өз міндеттерін орындауға деген қатынасымен еліктеуге лайықты үлгі бола білуі тиіс.

2.11.Медицина  қызметкері  өзіне  белгілі  құралдармен (газеттер, журналдар, радио, телевидение, сұхбат және т.б.) салауатты өмір салтын насихаттауға міндетті, қоғамдық және кәсіби этикалық нормаларды сақтай білуде үлгі болуы тиіс.

2.12.Медицина қызметкері оның кәсіби қызметі мен пациенттерге зиян келтірмейтін, медицина қызметкерінің ар-намысын төмендетпейтін, кәсіби тәуелсіздігіне кедергі келтірмейтін басқа жұмыстармен айналысуына болады.

         2.13. Медицина қызметкерінің жеке тәжірибемен айналысуы заңмен реттеледі.

алдын алу және денсаулығ

                                III. Медицина қызметкері және емделуші

         3.1.Медицина  қызметкері  емделушіге  көрсетілетін  медициналық көмекке жауап  береді.  Өз  жұмысында  ол  Қазақстан  Республикасының заңнамаларын,  қолданыстағы  нормативтік  құжаттарды (медицина стандарттарын) басшылыққа ала отырып, аурулардың ерекшеліктерін ескеру арқылы,ескертулердің шеңберінде науқастардың қызығушылығын жетекке ала  отырып,  әрбір  нақты  жағдайда  анағұрлым  тиімді  деп  санаған профилактика, диагностика және емдеу әдістерін таңдайды. Қажет болғанжағдайда  медицина  қызметкері  өз  әріптестерінің  көмегін  пайдалануға міндетті.

         3.2.Медицина қызметкері өзі көрсетіп жатқан көмек сапасы ең жоғары деңгейде болуы үшін барынша тырысуға міндетті.

         3.3. Медицина қызметкері пациентті қисынсыз тәуекелге душар еткізбеуі тиіс, және өз білімін ізгіліксіз мақсаттарға жұмсауға жол бермеуі қажет. Медицина қызметкері кез келген емдеу әдісін таңдау барысында алдымен «Зиян келтіріп алма!» өсиетін басшылыққа алады.

         3.4. Науқас жағдайын ушықтырмайтын ем-шаралар пайдаланатын, шұғыл көмек көрсетуге міндетті болатын жағдайды есептемегенде, егер пациентпен медицина қызметкері арасында өзара сенімділік болмаса, егер ол өз құзыреттілігін жеткіліксіз деп санаса немесе емдеуге қажетті мүмкіндіктермен қамтылмаса, науқасты емдеуден бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда медицина қызметкері өзінің тікелей басшысын ескертуге міндетті және науқасқа құзыретті маман ұсыну үшін барлық жағдайды жасауы тиіс.

         3.5. Медицина қызметкері пациенттің емдейтін дәрігерді, мекемені таңдау және емдеу-алдын алу шараларын өткізу бойынша шешім қабылдауға қатысу құқығын құрметтеуге міндетті.

          Әдетте пациенттің ерікті келісімін медицина қызметкері науқаспен жеке сөйлесу барысында алады. Бұл келісім саналы түрде жасалуы тиіс, науқасқа емдеу әдістері мен оны қолдану салдары, ықтимал ушығу жағдайлары, сондай-ақ басқа альтернативалық емдеу әдістері жөнінде хабарлануы қажет. Пациенттің келісімісіз емдеу-диагностикалық шараларды өткізуге оның өмірі мен денсаулығына қауіп төнгенде және жағдайға саналы түрде баға бере алмағанда ғана рұқсат етіледі. Осындай жағдайларда шешімді алқаластықпен қабылдаған жөн. Психикалық аурулармен науқастанғандарды емдеу барысында медицина қызметкері психиатриялық көмек көрсету және оны көрсету барысындағы азаматтар құқығының кепілдемелері жөніндегі Қазақстан Республикасы заңын басшылыққа алуы тиіс. Баланы емдеу барысында медицина қызметкері толық ақпаратты оның ата-анасына немесе қамқоршысына ұсынуы қажет және белгіленген дәрі-дірмектер мен емдеу әдістерін қолдануға олардың келісімін алуға тиіс.

         3.6. Медицина қызметкері пациенттің қадір-қасиеті мен намысын, жеке құпиясына деген құқығын құрметтеп, оған мейіріммен қарап, туған-туысқандарының науқас жағдайына алаңдаушылық білдіруіне түсіністікпен қарауы қажет, бірақ айтарлықтай кәсіби қажеттілік болмаса пациент пен оның отбасы мүшелерінің жеке істеріне кіріспеуі тиіс.

         3.7. Медицина қызметкері пациентке өзінің философиялық, діни және саяси көзқарастарына мәжбүрлемеуі тиіс. Дәрігердің наным-сенімдері немесе басқадай кәсіби емес мүдделері диагностика мен емдеуге әсерін тигізбеуі қажет.

         3.8. Егер пациент саналы түрде өз келісімін бере алмаса, оған үнемі қамқор болып жүрген адам немесе заңды өкілі беруі тиіс.

         3.9.  Пациент өз денсаулығы жөнінде толыққанды ақпарат алуға құқылы, бірақ одан бас тартуына да болады немесе денсаулығы жөнінде хабарлайтын адамды ұсынуы тиіс.

         Егер ол пациент денсаулығына айтарлықтай зиян келтіру қауіпі бар деген толық негіз болса, пациенттен ақпаратты жасыруға болады. Бірақ пациенттің анық білдірген талабы бойынша медицина қызметкері толық ақпаратты беруге міндетті. Науқас үшін жағымсыз болжам болған жағдайда өмірінің ұзақ болуына, аурудан айығу мүмкіндігіне үміт қалдырып, ақпаратты барынша абайлап жұмсартып жеткізу қажет.

         3.10. Пациенттің қалауы бойынша басқа медицина қызметкерінің кеңесінен өту құқығына медицина қызметкері кедергі жасамауы тиіс.

         3.11. Медицина қызметкері пациентпен жұмыс істеуді басқа маманға тапсырып, одан бас тартуы мүмкіндігі келесі жағдайларда қарастырылған:

- егер өз құзыреттілігіне сенімсіз болса, қажетті көмек көрсету үшін керек техникалық мүмкіндіктер болмаса;

- бұл медициналық көмек дәрігердің адамгершілік ұстанымдарына қайшы келсе;

- дәрігер пациентпен терапиялық қызметтестік құра алмаса.

         3.12. Медицина қызметкері науқаспен қарым-қатынас жасау барысында өзін жарнамалауға тыйым салынады.

         3.13. Қателік жібергенде немесе емдеу барысында күтілмеген ушығулар дамығанда медицина қызметкері науқасқа, тікелей басшысына хабарлауға міндетті және шұғыл түрде зиянды салдарды түзетуге бағытталған іс-әрекеттерге кірісуге міндетті.

         3.14. Кәсіби міндеттемелерін медицина қызметкері дәрігер бүркеншек ат, ресми түрде табысталған атақ дәрежесін көрсетпей, тек қана өз фамилиясы арқылы жүзеге асырады.

         3.15. Баланы емдеуге дәрігер ол туралы ақпаратты ата-анасына немесе қамқоршысына айтуы қажет және емдеу тәсілін таңдарда немесе дәрілік затты пайдаланарда олардың келісімін алуы керек;

         3.16. Жолданымдарды қарау кезінде бюрократия мен қағаз бастылыққа жол бермеу, берілген уақытта қажетті шараларды қолдану;

                    IV. Медицина қызметкерлерінің алқаластығы

         4.1. Өмір бойы медицина қызметкері оны кәсіби шеберлікке үйреткен адамға деген құрмет пен ризашылығын сақтап етуге міндетті.

         4.2. Медицина қызметкері медициналық қауымдастықтың абыройы мен асыл дәстүрлерін сақтауға міндетті. Медицина қызметкерлері бір-біріне құрмет пен мейірімділікпен қарауға міндетті.

         4.3. Медицина қызметкері көпшілік алдында басқа медицина қызметкерінің кәсіби біліктілігіне сенімсіздік білдіруге немесе беделін түсіруге құқығы жоқ.

         4.4. Клиникалық қиын жағдайларда тәжірибелі медицина қызметкері тәжірибесі аз әріптестеріне сыпайы түрде көмек көрсетуі тиіс. Бірақ емдеу үдерісіне толық түрде емдеуші дәрігер жауапты, ол өз әріптестерінің ұсыныстарын алуға немесе одан бас тартуға құқылы және бұнда науқастың мүддесін басшылыққа алуы тиіс.

         4.5. Дәрігерлер – денсаулық сақтау мекемесінің жетекшілері өз қоластында қызмет ететін медицина қызметкерлері кәсіби біліктілігінің жоғарылап отыруын қадағалауға міндетті.

         4.6. Медицина қызметкері басқа медицина қызметкерлеріне және көмекші персоналға құрметпен қарауға, олардың кәсіби біліктілігінің жоғарлауына жағдай жасауға міндетті.

V. Дәрігерлік құпия

         5.1. Әр емделуші жеке құпиясының сақталуына құқылы және дәрігер, сондай ақ медициналық көмек көрсетуші басқа да тұлғалар медициналық құпияны сақтауға емделуші қайтыс болған жағдайда да міндетті, егер науқас басқадай өкім ұсынбаса дәрігерлік көмекке жүгіну фактісі де құпия болуы тиіс.

         5.2. Құпия емдеу барысында және қарану барысында (диагноз, емдеу әдісі, болжамы және т.б.) алынған барлық мәліметтерге міндетті болып табылады.

         5.3. Емделуші жөніндегі ақпарат жария болу жағдайлары:

- емделушінің өзінің айқын жазбаша келісі бойынша;

- тексеріс, прокуратура, сот органдарының мүдделі талабы бойынша;

- егер құпияны сақтау емделуші өмірі мен денсаулығына немесе басқа тұлғаларға (қауіпті жұқпалы аурулар) қауіпті болса;

- егер емдеуге басқа маман шақырылып, бұл ақпарат кәсібт тұрғыда қажет болса.

         5.4. Дәрігер науқасты емдеуге қатысқан тұлғалардың кәсіби құпияны сақтауын қадағалауға міндетті.

         5.5. Емделуші жөніндегі мәліметтерді білуге құқығы бар тұлғалар брлық алған мәліметтерді құпияда сақтаға міндетті.

         5.6. Ғылыми зерттеулер барысында, студенттерді оқыту және дәрігерлердің білімдерін жетілдіру барысында дәрігерлік құпия сақталуы тиіс. Науқасты көрсету оның келісімі бойынша ғана жүзеге асады.

VІ. Этикалық кодекс күшінің шегі, оны қайта қарау тәртібі және оны бұзу жағдайындағы жауапкершілік.

         6.1. Дәрігердің бірінші соты оның өзіндік ар-ожданы. Екіншісі-өзінің жарғысы мен өзге де құжаттарға сәйкес тәртіп бұзушыға жаза қолдану құқығына ие  дәрігерлік ассоциацияның  атынан шығатын медициналық қауымдастық.

         6.2. Егер  бұзылған  этикалықнормалар  бір  мезгілде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының ережелерін қамтитын болса, медицина қызметкері заң бойынша жауап береді.

         6.3. Қызметкер оның мінез-құлқы көпшілік алдында талқылауға түсуі мүмкіндігін саналы түрде сараптауы тиіс.

         6.4. Этикалық Кодексті қайта қарау және талқылау.

         Этикалық Кодексті қайта қарау құқығы мен тәртібі, сондай-ақ оның ережелерін түсіндіру және оған өзгерістер енгізу ШЖҚ «Успен орталық аудандық ауруханасы» КМК Этикалық комиссиясымен анықталады.

         6.5. Нақты бір жағдайларда Кодекстің кейбір қағидалар мағынасы дұрыс түсінілмеуі мүмкін. Бұл жағдайда комиссияның өз түсіндірмесі этикалық комитет немесе конференция шешімімен рәсімделеді. Түсіндірмен Этикалық Кодекс қосымшасы ретінде бекітілгеннен кейін заңды күшіне енеді.