«Тәуелді ауруларды алдын алу және емдеу Павлодар облыстық орталығы» КМҚК өткізілген бақылау нәтижелері туралы ақпарат
«Тәуелді ауруларды алдын алу және емдеу Павлодар облыстық орталығы» КМҚК өткізілген бақылау нәтижелері туралы ақпарат
2011 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ ішкі бақылау бөлімімен Павлодар облысы бойынша қазақстан Республикасы бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп беру комитетінің басқармасында 2011 жылы 9 наурызда № 658 тіркелген бұйрыққа сәйкес «Тәуелді ауруларды алдын алу және емдеу Павлодар облыстық орталығы» КМҚК-же жоспарлы тексеріс жүргізілді.
Анықталған қаржылық бұзушылық орнын толтыруға тиісті 39,4 мың теңге сомасында 2011 жылғы 10 мамырдағы № 384 төлем тапсырмасына сәйкес бюджет табысына аударылды.
Штаттық нормативтер лауазымдарды ауыстыру арқылы сәйкестендірілді. Ағымдағы жылы мамырдан бастап ЦВАД дәігердің 3 бірлігі қабылданды. Акушер – гинеколог, физиотерапевт дәрігерлермен орындалатын артық жұмыс тиісті түрде ресімделеді.
Зиянды және қауіпті жағдайда жұмыс істейтін қызметкерлерді кезекті еңбенк демалысынан кері шаруларды жүзеге асыру бойынша ескерту назарға алынды, қазіргі уақытта кері шақыруларға жол берілмейді.
Жіберген бұзушылықтар үшін денсаулық сақтау басқармасы бастығының 2011 жылғы 23 мамырдағы № 10-т бұйрығына сәйкес орталықтың бас дәрігері ескерту түрінде тәртіптік жазаға тартылды. Орталық бас дәрігерінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 43-к бұйрығына сәйкес экономист және бухгалтер-есептеуші ескерту түрінде тәртіптік жазаға тартылды.