АИТВ/ЖИТС және ЖЖБЖ-ның алдын алу бойынша Республикалық айлық
2011 жылдың 10 қарашасынан 10 желтоқсанына дейін Бүкіләлемдік ЖИТС-пен күрес Күніне арналған АИТВ/ЖИТС және ЖЖБЖ-ның алдын аду бойынша Республикалық айлықтың өткізілуі жарияланады.
Айлықтың ұраны: «Мақсатты бағыттауда Ноль. Жаңа АИТВ-жұқпасы Ноль. Құқығын шектеу Ноль. ЖИТС нәтижесіндегі қаза Ноль».
АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу ҚР денсаулық сақтауын дамытудың «Саламатты Қазақстан» 2011-2015 жылдарына арналған Мемлекеттік бағдарламасының ерекше маңызды бағыттарының бірі болып табылады.
Өткізілетін кампания мақсаты: Қазақстан Республикасындағы АИТВ-жұқпасы бойынша жағдайды жақсарту үшін халықтың, әсіресе, жастардың ойын, мінез-құлқын өзгерту, сондай-ақ барлық күштерді жұмылдыру мақсатымен АИТВ/ЖИТС мәселесіне әсер ете алатын, саясаттық, қоғамдық, діндарлық және басқа да көшбасшылар қоғамдастығының назарын аудару.
АИТВ-жұқпасы – бұл халық денсаулығына қауіп төндіретін мәселе, ол дамуға кедергі келтіретін, адамдардың әл-ауқатына, әлеуметтік-экономикалық даму үрдісінде қол жеткізілген табыстарға, қоғам өнімділігіне, бірігуіне және ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін мәселені білдіреді. АИТВ/ЖИТС мәселесі қоғамның барлық қабаттарын тінтеді. Ол балалар мен жасөсіпірмдер, олардың ата-аналары, мұғалімдері мен денсаулық сақтау қызметкерлері, байлар мен кедейлердің денсаулығы және өміріне қауіп төндіреді.
БДҰ мәліметтері бойынша 2011 жылдың қыркүйек айына әлемде 34 миллион АИТВ-жұқпасымен ауратындар, сонымен қатар Европада – 2 миллион АИТВ/ЖИТС жұқтырғандар тіркелді.
ЮНИСЕФ мәліметтері бойынша Шығыс Европа мен Орталық Азиядағы АИТВ-жұқпасының таралу қарқыны үздіксіз өсіп келеді. Мысалы, Ресейдің жеке аудандарында бұл көрсеткіш 2006 жылдан бастап 700%-ға өсті. Бәрінен бұрын АИТВ 15 пен 24-ке дейінгі жас аралығындағы жастарда кездеседі. Оларға аймақтағы барлық аурулар жағдайының үштен бір бөлігі келеді. АИТВ таралуының негізгі себептері – бұл қауіпті сексуалды мінез-құлық және нашаны қолдану. Шығыс Европа мен Орталық Азияда нашаны күретамыр ішілік енгізетін 3,7 миллион адам тұрады – бұл жалпы әлемдік санның 25%-ын құрйды.
Бірінші орында – Ресей, екінші орында Украина және Әзірбайжан. Аймақтағы АИТВ таралуының жоғарғы деңгейі әйелдер арасында да байқалады. 10 жыл ішінде 24%-дан 40%-ға дейін өсті. Ал АИТВ-жұқпасы бар жүктілердің саны 5 жыл ішінде екі есеге артты.
АИТВ/ЖИТС алдын алу ҚР денсаулық сақтауын дамытудың «Саламатты Қазақстан» 2011-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының ерекше бағыттарының бірі болып табылады.
ЖИТС РО-ның осы жылдың 1 қазанына арналған мәліметтері бойынша мемлекетімізде 17266 АИТВ-позитивті түлғалар тіркелді, олардың ішінен ЖИТС-тан 1104 адам, сонымен қатар 14 жасқа дейінгі 7 бала қайтыс болған. Халықтың 100 мың адамына АИТВ таралуыңыз аса үлкен көрсеткіші Алматы, Павлодар және Қарағанды облыстарыда белгіленген. Індеттің басынан бастап облысмызда (1 қарашаға) АИТВ-жұқпасы бар 1748 адам тіркелді, олардың ішінен 186 адам ЖИТС себебі бойынша қайтыс болды.
Бүкіләлемдік ЖИТС-пен күрес күні компаниясы аясында АИТВ-жұқпасына анонимді және тегін тест өту жүргізіледі. Әрбір тесттен өткісі келетін адам мына мекен-жайға келе алады: Павлодар қ-сы, Ак.Бектұров к-сі, 50 үй, тел.: 329876, 320474.