Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы 140002 Павлодар қ., 1 Мамыр көшесі, 7, kense.dz@pavlodar.gov.kz жергілікті бюджет қаражатынан

Дата: 2011-12-23 10:41:19


Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы 140002 Павлодар қ., 1 Мамыр көшесі, 7, kense.dz@pavlodar.gov.kz жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландырылатын 2012 жылға арналған тиянақты тарифтер бойынша тегін медициналық көмекке кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтерге сатып алу өткізетіндігі туралы хабарлайды.
Медициналық көмек түрлері бойынша: 
1. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек.
2. Білікті медициналық көмек.
3. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек.
4. Медициналық-әлеуметтік көмек.
Медициналық көмек нысандары бойынша:
1. Стационарлы көмек:
- жұқпалы аурулар бөлімшесі;
- уақытша бейімдеу және детоксикация орталығы.
2. Амбулаторлы-емханалық көмек:
2.1 қалалық және ауылдық халыққа бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету; 
2.2 бастапқы медициналық-санитарлық көмекке мамандардың және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультативті диагностикалық көмек.
3. Ересек және бала тұрғындарға жарақат пунктерінің қызмет көрсетуі. 
4. Стоматология:
-халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына шұғыл стоматологиялық көмек;
-18 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге жоспарлы стоматологиялық (ортодонтикалық және ортопедиялық көмектен басқа) көмек.
5. Донорлық консервленген қанды дайындау және компоненттерге оларды қайта өңдеу.
6. Жергілікті жерлерде салауатты өмір сатын қалыптастыру бойынша іс-шаралар.
7. Жедел медициналық көмек.
8. Санитарлы авиация.
Қызметтер Павлодар облысының емдеу-алдын алу ұйымдарында көрсетілу керек.
Сатып алуға қатысу үшін тапсырыстар Павлодар қаласы, 1 Мамар көшесі, 7, № 15/1 кабинет мекенжайы бойынша Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасында әлеуетті тасымалдаушылармен ұсынылады, сатып алуға қатысу үшін тапсырыстарды қабылдауға және тіркеуге жауапты – экономика және бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау бөлімінің жетекші маманы Ю.С. Лобастова. 
 Сатып алуға қатысу үшін тапсырыс берудің соңғы мерзімі 2012 жылғы 9 қаңтар сағат 12.00-ге дейін.
 Сатып алуға қатысу үшін тапсырыстар Павлодар қаласы, 1 Мамар көшесі, 7, № 15/1 кабинет мекенжайы бойынша 2012 жылы 10 қаңтар 11.00 сағатта қаралатын болады. 
 Сатып алуға тегін медициналық көмек көрсету бойынша медициналық қызметті сатып алуды ұйымдастыру және өткізу Ережелерінде көрсетілген медициналық қызметті әлеуетті тасымалдаушыға қойылатын талаптарға жауап беретін барлық әлеуетті тасымалдаушыларға рұқсат етіледі..
 Қосымша ақпаратты және анықтаманы 8 7182 (код), 55-77-82, 55-19-33 телефондары бойынша алуға болады.
 
 












 

Автор: Басқарма