Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

Тегін медициналық көмектің

Дата: 2012-01-12 11:29:01

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің  кепілдік берілген көлемінің щеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамсыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тезбесін бекіту туралы

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 88- бабына сәйкес, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрықтағы 1- қосымшаға сәйкес Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемнің шеңберінде амбулаторлық деңгейде берілген бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А. Ғ. Төлеғалиева) осы бұйырықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі және мемлекеттік сатып алу департаменті осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оның заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйырықтағы 2- қосымшаға сәйкес Қазақстан Респуликасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйырықтарының күші жойылды деп танылсын.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсауылқ сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.

6. Осы бұйырық ресми жариялануы тиіс және 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсауылқ сақтау министрінің міндетін атқарушы            С. Мусинов

Автор: Басқарма