Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz

“Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған “Саламатты Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру қорытындылары туралы” тақырыпта семинар-мәжіліс өткізілді

Дата: 2012-02-24 17:24:16

 

“Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған “Саламатты Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру қорытындылары туралы” тақырыпта семинар-мәжіліс өткізілді

 

 

2012 жылдың 23 ақпанында Павлодар облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру базасында “Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған “Саламатты Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру қорытындылары туралы”.  Онкологиялық  аурулардың   алдын алу.   ЖРВИ және тұмаудың алдын алу” тақырыбында бас дәрігерлердің орынбасарлары және облыстың ЕАҰ СӨС үйлестірушілері үшін  семинар - мәжілісі өткізілді.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы туралы түсініктеме жұмысын талқылай отырып, семинарды ОСӨСҚО-ң директоры Т.Б.Баймаханов  ашып, жүргізді. Семинарда мына сұрақтар талқыланды:

·        Облыстық тері-венерологиясының диспансерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша  алдын алу іс-әрекеттерінің анализі;

·        Үйлестіру іс-әрекеттерінің анализі және «Денсаулық мектептерінде» сабақ ұйымдастыру бойынша Павлодар қаласының №5 емханасының тәжірибелік жұмысы;

·        Павлодар қаласының №1 емханасының тәжірибе жұмысы бойынша  скринингтік тексерудің еңгізілуі;

·        Облыстық салауатты қалыптастыру орталығының құрылым бөлімшесі Үспен ауданының үйлестірілуі  және  салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша іс-әрекеттерінің анализі.

Семинарды жүргізу барысында  “Ісік ауруларуның алдын алу”, “Ауруды ескерт! – скринингтен өтіңіздер”, “ЖРВЖ-дың және тұмаудың алдын алу” тақырыбында қазақ және орыс тілідерінде бейне таспалар көрсетілді.

         Семинардың соңында, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша 2011 жылдың жұмысын қорытындылай отырып, облыстық ЕАҰ ең жақсы СӨС үйлестірушілерімен бас дәрігерлердің орынбасарларына  мақтау қағаздары, мадақтама грамоталары және құнды сыйлықтар ұсынылды. Білім беру – ақпараттық құралдар таратылды.