Павлодар облысы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындағы стационарлы және стационарды-алмастыратын көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы
Павлодар облысы бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындағы стационарлы және стационарды-алмастыратын көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 тамыздағы «Қазақстан Республикасында Бірыңғай Ұлттық денсаулық сақтау жүйесін іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарын бекіту туралы» № 1174 қаулысын іске асыру шеңберінде келесі кәсіпорындар:
1. “№ 2 Павлодар қалалық ауруханасы” КМҚК;
2. “№ 1 Павлодар қалалық ауруханасы” КМҚК;
3. «Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» КМҚК;
4. “Павлодар облыстық балалар ауруханасы” КМҚК;
5. “Павлодар облыстық перзентхана” КМҚК;
6. “Павлодар облыстық перинаталды орталығы” КМҚК;
7. “Павлодар облыстық тері-венерологиялық диспансері” КМҚК;
8. “Павлодар облыстық онкологиялық диспансері” КМҚК;
9. “Тәуелді аурулардың алдын алу және емдеу Павлодар облыстық орталығы ” КМҚК;
10. «Екібастұз қалалық ауруханасы» КМҚК;
11. “Екібастұз тері-венерологиялық диспансері” КМҚК;
12. “Екібастұз наркологиялық диспансері” КМҚК;
13. «Ақсу орталық ауруханасы» КМҚК;
14. “Железин орталық аудандық ауруханасы” КМҚК;
15. “Успен орталық аудандық ауруханасы” КМҚК;
16. «Павлодар қаласының № 4 емханасы» КМҚК;
17. «Ақсу қаласының емханасы» КМҚК;
«Екібастұз қаласының № 1 емханасы» КМҚК шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынға қайта ұйымдастыру жүргізілді.
Шаруашылық жүргізу құқығына ауыстыруға байланысты
кәсіпорындарда қайта жабдықтау, штаттарды, еңбек ақыны, шығынды қаражатты жинақтауды өз бетімен қарастыру мүмкіндігі ашылады, бұл медициналық қызмет көрсетудің тиімділігі мен сапасына әсер етеді.