Шарушылық жүргізу құқығындағы «№ 2 Павлодар қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында байқау кеңесін енгізу туралы
Шарушылық жүргізу құқығындағы «№ 2 Павлодар қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында байқау кеңесін енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 148-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 маусымдағы «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік органдарда бақылаушы кеңес құру Ережесін, бақылаушы кеңес құрамына сайланатын тұлғаларға қойылатын талаптарды, сондай-ақ бақылау кеңесі мүшелерінің конкурстық таңдау мен олардың өкілеттелігін мерзімнен бұрын тоқтату Ережесін бекіту туралы» №686 қаулысына сәйкес, сонымен қатар ҚР Премьер-Министрінің 2011 жылғы 5 мамырдағы «Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңын іске асыру бойынша іс-шаралар Жоспарын бекіту туралы» №64-р өкімін іске асыру шеңберінде шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 2 Павлодар қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын байқау кеңесін жүргізу үшін денсаулық сақтау саласында пилотты мемлекеттік кәсіпорын ретінде анықталды.
Осы кәсіпорынды таңдау себебі, басқарманың шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорын нысанында аурухана 2009 жылғы желтоқсаннан бастап жұмыс істейді, ұйымның және басқарманың осы нысанында жұмыс тәжірибесі бар.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 17 қазанда № 72562 тіркелген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің м.а. 2011 жылғы 10 қыркүйектегі «Байқау кеңесі туралы Ережені, денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесінің сайлаулары мен отырыстарын өткізу ережесін бекіту туралы ереже» № 601 бұйрығына сәйкес байқау кеңесінің уәкілеттілігі анықталды:
1) уәкілетті органға (жергілікті атқарушы органға) мемлекеттік кәсіпорынның даму жоспарының жобасы бойынша, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша қорытынды береді;
2) мемлекеттік кәсіпорынның даму жоспарының орындалуы туралы есептің жобасын келіседі;
3) демеушілік және қайырымдылық көмектер мен қосымша көздерден алынған қаражатты, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорын иелігінде қалған таза табыстың бір бөлігін бөлу туралы шешім қабылдайды;
4) бюджет қаражаты мен қосымша көздерден алынған қаражаттың нысаналы пайдалануын бақылау үшін мемлекеттік кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің құжаттамасымен кедергісіз танысады;
5) мемлекеттік кәсіпорын басшысын тағайындау және онымен еңбек шартын бұзу мәселелері бойынша уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органға) ұсыныстарын келіседі;
6) ұжымдық шартты әзірлеуге қатысады және қосымша қаржы көздерінен, даму жоспарында бекітілген қаражат шегінде мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлерінің, басшысының, оның орынбасарларының, бас бухгалтерлерінің лауазымдық жалақыларына үстемақы белгілеу, сыйлықақы беру және материалдық көмек көрсету бөлігінде шешімдер қабылдайды;
7) байқау кеңесінің хатшысын тағайындайды, оның өкілеттік мерзімін және жалақысының мөлшерін анықтайды, оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатады;
8) уәкілетті органға (жергілікті атқарушы органға) мемлекеттік кәсіпорынның жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар енгізеді;
9) мемлекеттік кәсіпорын қызметінің басым бағыттары бойынша ұсыныстарды әзірлейді;
10) уәкілетті органға (жергілікті атқарушы органға) мемлекеттік кәсіпорынның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы ұсыныстар енгізеді;
11) уәкілетті органға (жергілікті атқарушы органға) мемлекеттік кәсіпорынның филиалдарын, өкілдіктерін құру және жабу туралы ұсыныстар енгізеді.
Павлодар облысы әкімдігінің «Павлодар облысы әкмідігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шарушылық жүргізу құқығындағы «№ 2 Павлодар қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына байқау кеңесін енгізу туралы» қаулысы қабылданды.
2011 жылы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген шарушылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу Ережелеріне сәйкес байқау кеңесінің мүшелігіне үміткерлерді конкурстық іріктеу жүргізілді.
2011 жылы қаңтарда Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы бастығының бұйрығымен шарушылық жүргізу құқығындағы «№ 2 Павлодар қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны байқау кеңесінің құрамы қалыптастырылып, бекітілді.
Осы бұйрыққа сәйкес бес мүше санында байқау кеңесінің құрамы бекітіліп, қалыптастырылды:
- Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Магмура Габдулкаримовна Гимадиева;
- шарушылық жүргізу құқығындағы «№ 2 Павлодар қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының бас дәрігері Ораз Сарсенғалиұлы Мұқашев;
- “Павлодар облыстық перинаталды орталығы” КМҚК бас дәрігері Айман Қайыркенқызы Оспанова;
- «Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» КМҚК экономика бойынша бас дәрігердің орынбасары Айдар Кенжетайұлы Сейтқазинов;
- «Павлодар қаласының № 1 емханасы» КМҚК күндізгі стационардың терапев-дәрігері Майра Малгеждарқызы Салимбаева.
Шарушылық жүргізу құқығындағы «№ 2 Павлодар қалалық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының байқау кеңесі мүшелерінің мерзімі үш жылды құрайды.