Павлодар облысы әкімдігінің, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы,Павлодар облысы әкімдігінің Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ақтоғай орталық аудандық ауруханасы» ҚМКК бас дәрігер бос лауазымдық қызметіне тұруға конкурс жариялайды.
Павлодар облысы әкімдігінің, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы, 140000, Павлодар қаласы, 1 Май көшесі, №7, анықтама телефондары (87182) 55-83-34, (факс) 51-23-99, Павлодар облысы әкімдігінің Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының «Ақтоғай орталық аудандық ауруханасы» ҚМКК бас дәрігер бос лауазымдық қызметіне тұруға конкурс жариялайды.
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ МІНДЕТТЕРІ: басшыға төмендегідей міндеттер жүктеледі: халықтың аурушаңдығы мен мүгедектігінің профилактикасына және азайтылуына бағытталған іс-шараларды жүргізуді жүзеге асыру; халықтың жалпы аурушаңдық себептерін және жұмысшылар мен қызметшілердің уақытша аурушаңдығы мен еңбекке қабілеттілігін жоғалту себептерін зерттеу, неғұрлым көп таралған ауруларды азайту және біртіндеп жоюға бағытталған сауықтыру іс-шараларын әзірлеу және жүргізу, сондай-ақ, халыққа санитарлық-гигиеналық тәрбиелей беру; ЕПҰ (ЛПО) өндірістік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметіне жалпы басшылық жасау; ЕПҰ-ның барлық қабылдаған міндеттемелерінің, оның ішінде түрлі деңгейдегі бюджеттер алдындағы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету; ЕПҰ-дағы салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау; барлық қызметтердің жұмысында заңдылықтың сақталуына бақылау жасау; сотта, аралық соттарда, мемлекеттік билік органдарында мүліктік мүдделерді қорғау; еңбекті басқару және ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы (прогрессивті) формаларын, ең жаңа техника және технологияларды енгізу үшін жағдайлар туғызу.
КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР: білімі-жоғары медициналық, мамандығы бойынша, денсаулық сақтау жүйесінде басшылық лауазымда 5 жылдан кем есмес, еңбек өтілінің болуы.
ҚР Конституциясын, ҚР Азаматтық кодексін (жалпы және ерекше бөлімдері), ҚР-ның «Сыбай жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы»,
«Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарың, ҚР Азаматтардың денсаулығы туралы кодексін және басқа да кәсіпорын қызметі саласындағы қарым-қатынастарды реттейтін Қазақстанның нормативтік-құқықтық актілерін білуі.
КОНКУРС Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі №1353 «Мемлекеттік кәсіпорындар басшыларын тағайындау және аттестаттау Ережелерін бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 849 «Азаматтық қызметке түсу және азаматтық қызметші лауазының бос орнына тұруға арналған конкурс өткізу Ережелерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес өткізіледі.
КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР: конкурсқа қатысутуралы өтініш, мемлекеттік және орыс тілінде жазылған түйіндеме, еркін түрде баяндалған өмірбаян, кадр есебі жөнінде толтырылған жеке парақ (нақты тұратын орыны және телефондары, оның ішінде байланыс телефондары көрсетіген), Заңнамада белгіленген тәртіпте расталған білімі туралы құжаттарының көшірмесі жеке бас куәлігінің көшірмесі, еңбек кітапшасының (бар болған жағдайда) немесе жеке еңбек келісімшартарының, немесе соңғы жұмыс орнына қабылдануы және одан босатылуы туралы бұйрықтардың белгіленген тәртіпте куәландырылған көшірмелері, белгіленген нысандағы денсаулығы туралы анықтама.
КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫ өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат ұсына алады (біліктілігін арттырғаны туралы, ғылыми дәреже және атақтар берілгені, ғылыми жарияланымдары туралы, өткен жұмыс орнының басшылығынан ұсыныс туралы құжаттардың көшірмесі).
ҚҰЖАТТАР МЫНА МЕКЕНЖАЙДА ҚАБЫЛДАНАДЫ: Павлодар қаласы, 1 Май көшесі, 7-үй, Павлодар облысы әкімдігінің Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы, телефон 55-83-34, облыс денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыру – құқықтық бөліміне конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде.
Конкурс мына мекенжай бойынша: Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасында, Павлодар қаласы, 1 Май көшесі, 7-үйде құжаттар қабылданған соң күнтізбелік 15 күн өткен соң болады.