«Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-сі әкімшілік мемлекеттік бос лауазымы орналасуға конкурс жариялайды. 1. Емдеу-алдын алу жұмысы бөлімінің бас маманы
140000, Павлодар қ., 1 Мамыр көшесі, 7, № 9 кабинет, анықтама телефондары: (87182) 55-95-27, 55-83-34, Павлодар облысының әкімдігі «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-сі әкімшілік мемлекеттік бос лауазымы орналасуға конкурс жариялайды.
1. Емдеу-алдын алу жұмысы бөлімінің бас маманы, санаты D-O-4
(код 4-01-4)
Лауазымдық айлықақысы еңбек өтіліне байланысты 49279 теңгеден 66527 теңгеге дейін.
Білімі: Жоғары кәсіптік (медициналық, экономикалық, мемлекеттік басқару) білім. Орта кәсіптік (медициналық, экономикалық) білім рұқсат етіледі.
Практикалық тәжірибесі. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. Дербес компьютермен жұмыс істей білу.
Функционалдық міндеттері:
БМСК ұйымдарының құрылымы бойынша жұмыс. БМСК ұйымдары желілерінің нормаларын сақтауды, нормативтерге желілерді сәйкестендіру үшін қайта ұйымдастыру бойынша ұсыныстарды уақытында ұсынуды бақылау. Облыс денсаулық сақтау басқармасында қайта ұйымдастыру жөнінде бұйрықтар жасау. Тиісті кестеге сәйкес есептерді дайындаумен емдеу-алдын алу ұйымдарында медициналық жабдықтарды тиімді пайдалануды бақылау. Ұйымдар арасында қайта бөлуді талап ететін жабдықтар туралы ақпаратты үнемі жинау және қайта бөлуге құжаттар дайындау. Жалпы тәжірибедегі дәрігерлерді (бұдан әрі - ЖТД) дайындауды мониторингтеу.
БМСК мамандарын ЖТД-не ауыстыру бойынша жоспарды орындау. ЕАҰ медициналық және техникалық жабдықтарға қажеттілік туралы ақпаратты жинау, өтінімдерді қалыптастыру, техникалық ерекшеліктерді дайындау. Жаңадан құрылып жатқан денсаулық сақтау объектілері үшін жабдықтарға өтінімдер дайындауға қатысу. БМСК ұйымдарының ғимараттары бойынша (санитарлық нормаларға сәйкес келу, меншік ғимарттар бойынша, жалға алу және т.б.) мониторингтеу. Облыс медициналық ұйымдарын телефондауды анализдеу. Санитарлық автокөлік паркінің жағдайы туралы азализ жинау, қажеттілікке және т.б. өнітімдерді қалыптастыру. Облыс аумағын іске асыру Бағдарламаларын, Стратегиялық жоспарды, БМСК бойынша сұрақтар жағынан денсаулық сақтау саласын дамытудың Мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру бойынша жұмыс. Облыс денсаулық сақтау ұйымдарында телемедицина байланыстарын қалыптастыруды, орындалған сеансты байланыс, телемедицина туралы есептерді бақылау. Қан айналым жүйесі ауруларын ерте анықтауға профилактикалық қарауларға тарифтерді, медтексерістерге тарифтерді қалыптастыру. БМСК ұйымдарының емдеу-алдын алу жұмысын бақылау. Облыс денсаулық сақтау медициналық ұйымдарының БМСК құрылымдық бөлімшелері қызметін ұйымдастыру және бақылау. Амбулаторлы жағдайда медициналық көмек көрсету сапасын арттыруды, сондай-ақ БМСК ұйымдарының экономикалық тиімділігін арттыруды жетілдіру. Бөлім құзіреті шегінде азаматтардың хаттары мен өтініштерін қарастыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының “Мемлекеттiк қызмет туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Ар-намыс Кодексiн (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері) (01.04.2011ж. өзгерістер және толықтыру енгізілген) міндетті білімдер.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар: Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрген азаматтар облыс әкiмi аппаратының конкурстық комиссиясына келесi құжаттарды:
1. уәкілетті орган белгіленген нысан бойынша толтырылған өтінішті,
2. уәкілетті орган белгіленген нысан бойынша толтырылған сауалнаманы,
3. кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке іс парағын (нақты тұратын жерінің мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген),
4. нотариалдық немесе басқа тәртіппен расталған, білімі туралы құжаттардың көшірмесін,
5. нотариалдық немесе басқа тәртіппен расталған, еңбек кітапшасының көшірмесін,
6. денсаулығының жағдайы жөніндегі белгіленген нысандағы анықтаманы,
7. 2 фотосуретті (3*4),
8. жеке куәлігінің көшірмесін тапсырады.
Құжаттар көрсетілген тізбе бойынша конкурс туралы хабарландыру облыстық БАҚ-та жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн iшiнде қабылданады.
Тестілеуге қатысуға жiберiлген кандидаттар оны «Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң Павлодар облысы бойынша басқармасы» ММ-інде құжаттарды қабылдау уақыты аяқталғаннан кейiн бес жұмыс күнi iшiнде өтедi.
Тестілеу бағдарламасына келесі тестілер кіреді:
Мемлекеттік тілді білу тесті, ҚР Конституциясы, ҚР “Мемлекеттік қызмет туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы”, Заңдары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі.
“Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы” ММ-інде конкурстық комиссиясы кандидаттармен тестілеу өткеннен кейiн бес жұмыс күнi iшiнде әңгiмелесу өткiзедi. Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттарды мына мекенжайға тапсыру керек: 140000, Павлодар қаласы, 1 Мамыр көшесі, 7, № 9 кабинет, “Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы” ММ-нің конкурстық комиссиясы. Анықтама алу телефоны: 55-83-34.