Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының Павлодар қаласының №1 Поликлиникасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бас дәрігерінің бос лауазымына конкурс жариялайды.

Дата: 2012-03-12 11:26:24

Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының Павлодар қаласы 1 Май көшесі 7, анықтама үшін телефон нөмірлері (87182) 55-83-34, (факс) 51-23-99, Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының «Павлодар қаласының №1 Поликлиникасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бас дәрігерінің бос лауазымына конкурс жариялайды. 
  ФУНКЦИОНАЛДЫҚ МІНДЕТТЕРІ: басшыға келесі міндеттер жүктеледі: тұрғындардың мүгедектігімен сырқаттанушылықты төмендетіп алдын алуға, сонымен қатар ауруханалық қызметпен жалпы өлім-жітімді төмендетуді; жұмысшы қызметшілердің уақытша еңбекке жарамсыздығын жоғалтумен сырқаттанушылықты және тұрғындардың жалпы сырқаттанушылық себебін зерделеуді; көп таралған сырқаттанушылықты біртіндеп жою мен төмендетуге бағытталған сауықтыру іс-шараларын жасап, өткізуді; сонымен қатар тұрғындарды санитарлы-гигиеналық тазалыққа тәрбиелеуді; ЕАҰ өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметпен жалпы басшылық етуді; әр деңгейдегі бюджет алдындағы міндеттерді қоса, ЕАҰ барлық қабылданған міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуді; ЕАҰ сау және қауіпсіз еңбек жағдайымен қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдануды; барлық қызмет қызметтерінің заңдылығының сақталуына бақылауды; мемлекеттік билік органдарында, арбитражда, сотта мүліктік мүдделерді қорғауды; еңбекті ұйымдастырумен басқарудың прогрессивті формаларын, жаңа техникамен технологияларды енгізу үшін жағдай жасауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады. 
КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР: білімі – жоғары, медициналық. Денсаулық сақтау жүйесінде мамандық бойынша басқарушылық лауазымдағы еңбек өтілі 5 жылдан кем емес.
 ҚР Конституциясын, ҚР азаматтық кодексін (жалпы және негізгі бөлімі), ҚР «Жемқорлықпен күрес туралы» заңнамасы, «Мемлекеттік құпия туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», аталған кәсіпорын қызметі жүйесіндегі қатынастарды реттейтін, ҚР өзге нормативті-құқықтық актілері және денсаулық сақтау жүйесімен халық денсаулығы туралы Қазақстан Республикасының Кодексі. 
 КОНКУРС «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылдың 18 қарашадағы №1353 Қаулысына, «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылдың 27 қыркүйегіндегі №849 қаулысына сәйкес өткізіледі.
КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР: конкурсқа қатысуға өтініш; резюме мемлекеттік және орыс тілінде; өмірбаян; кадрлар есебі бойынша толтырылған жеке парақ (тұрғылықты мекені, мекен-жайы мен телефон нөмірлері, сонымен қатар байланыс телефондары көрсетілуімен); белгіленген заңнамалық тәртіппен расталған білім туралы құжаттары мен жеке куәлігінің көшірмесі, еңбек кітапшасы (оның бар болуында) немесе жеке еңбек шарты не белгіленген заңнамалық тәртіппен расталған соңғы жұмыс орнынан еңбек шартының бұзылуымен жұмысқа қабылдануы туралы бұйрықтар көшірмесі, белгіленген үлгі бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫ оның біліміне, еңбек өтіліне, кәсіби дайындық деңгейіне қатысты қосымша мәліметті ұсына алады (біліктілік арттыру туралы құжаттардың, ғылыми жарияланымдарда берілген атақ пен ғылыми дәреженің, сонымен қатар осының алдындағы жұмыс орны басшысының ұсынымдары және т.с.с). 
ҚҰЖАТТАР Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы, Павлодар қаласы 1 Май көшесі 7, мекен-жайы бойынша, облыстық денсаулық сақтау басқарамасы құқықтық-ұйымдастырушылық жұмыс бөлімі тел.55-83-34, конкурс өткізілу туралы хабарламаның жарияланған күнінен 15 күнтізбелік күн аралығында қабылданады. 
КОНКУРС Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы, Павлодар қаласы 1 Май көшесі 7, мекен-жайы бойынша құжаттарды қабылдау мерзімі өткеннен соң 15 күнтізбелік күн аралығында өткізіледі.

 

Автор: Басқарма