Денсаулық сақтау департаментінің жұмысы туралы ақпарат
Эконмикалық мәселелер жөніндегі директордың орынбасары А.Б. Скаков, бөлім бастықтары мен денсаулық сақтау департаментінің мамандары Денсаулық сақтау министрлігіне 2009-2011 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық жоспарды қорғау үшін барды және «Нұр Отан» ХДП бағдарламаларын іске асыру шеңберінде денсаулық сақтау объектілерінің тізбесін келісу және құрылыс мәселелері бойынша кеңеске қатысты. Павлодар қаласының жедел және қауырт медициналық жәрдем станциясының, ауылда 14 ДА, Ленин кентінде бастапқы медика-санитарлық көмек орталығының құрылысы келісілді.
Лицензиялау және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Алматы қаласында денсаулық сақтау министрлігінде халықты дәрілік қамтамасыз етудің жаңа тетігін енгізу мәселелері бойынша кеңеске қатысты.
Репродуктивті денсаулықты қорғау және емдеу –алдын алу жұмысын үйлестіру бөлімінің бастығы мен денсаулық сақтау департаментінің мамандары жеке сұрақтар бойынша халықты қабылдау және денсаулық сақтау департаментінің алқалы отырысына дайындалу үшін Ертіс ауданына барды.
Денсаулық сақтау департаментінде туберкулезбен және басқа да жұқпалы аурулармен күрес жөнінде комиссия отырысы өткізілді, бұнда Ақсу өңірінің медициналық ұйымдары басшыларының өткізілген алдын алу жұмысы туралы есептер тыңдалды.
Мемлекеттік сатып алу бөлімінің мамандарымен санитарлы көліктің 20 бірлігін жеткізуге шарт жасалды, № 1 қалалық ауруханада, жедел медициналық жәрдем ауруханасында, облыстық перзентханада және облыстық перинаталды орталықта жөндеу жұмыстарының кестесі сақталуына тексеріс жүргізілді.