Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

Денсаулық сақтау басқармасының «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, геронтологиялық және гериатрикалық медициналық көмекті жетілдіруде

Дата: 2012-04-06 03:52:42
Денсаулық сақтау басқармасының «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, геронтологиялық және гериатрикалық медициналық көмекті жетілдіруде

«Зейнеткерлік – толқынды кәрілік
немесе екінші жастық шақ»

Денсаулық сақтау басқармасының «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, геронтологиялық және гериатрикалық медициналық көмекті жетілдіруде, 2010 жылы Павлодар облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығында (әрі қарай ПОСӨСҚО) «Ұзақ өмір сүрушілер мектебі» құрылды, бұл мектепке келесі ардагерлер кіреді:
• «Замандас - Павлодар» ҚҚ;
• Мәдениет мекемесінің «Біздің айтарымыз бар...» атты клубы;
• Павлодар қаласының кітапхана оқырмандары ол «Қатынас» және «СӨС» клубтары;
• «Ардагер» қалалық ардагерлер кеңесі;
• Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институты (ПМПИ) ;
• Медициналық мекемелердегі «Ұзақ өмір сүрушілер мектептерінің» ардагерлері (Павлодар қаласының №1 және №5 емханалары).
Павлодар облысы әкімінің қолдауымен және ықыласымен 2009 жылдың 29 желтоқсанында «Замандас - Павлодар» ҚҚ ( әрі қарай «Замандас» ардагерлер клубы) өз жұмысын бастады, бүгінгі күнге дейін Павлодар қаласының 600 – ден аса ардагерлері үшін мәдени – сауықтыру орталығы болып, бастарын біріктіреді.
«Замандас» ардагерлер клубының басты мақсаты – жасы үлкен ұрпақты әлеуметтік қорғап, өмір сүру қасиеттерін жақсарту.
«Замандас - Павлодар» ҚҚ Шакиримов Қабидолла Нүрсейтұлы басқарады. 1935 жылдың 18 қазанында Кемерево облысындағы Ленин – Кузнец қаласында дүниеге келді.
1954 жылы Семей қаласындағы геологиялық барлау техникумын, ал 1961 – 1965 жылдары Павлодар қаласындағы индустриалдық институтының степендиаты болды.
Жоғары шебер, цехтың директор орынбасары, ТЭЦ – 1 жөндеу механикалық цехының бастығы, қаланық партия комитетінің және облыстық партия комитетінің 2 хатшысы, облыстық халықтық бақылау комитетінің басшысы, облыстық атқару комитетрінің 1 орынбасары болып жұмыс істеді.
Кейіннен «Минерма» филиалын, «Мерей» фирмасын, «Тілдерді дамыту» ҚҚ басқарып, ісін жалғастырды.
Қабидолла Нүрсейтұлы Павлодар қаласының құрметті азаматы, Еңбек ардагері, жерлестері мен облысымыздағы азаматтардың құрметіне ие. Көп жылғы еңбек қызметі үшін Қабидолла Нүрсейтұлы «Құрмет белгісі», «Халық татулығы», «Құрмет» ордендерімен және I, II дәрежедегі «Шахтер даңқы» белгісімен, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 - жылдығына арналған медальмен марапатталды.
Клубтың құрылуы - әлеуметтік, мәдени және басқа да қоғамдық пайдалы мақсаттарға жету, өмірлік және кәсіби тәжрибелері бай адамдардың бірігуі және зейнеткерлердің, ардагерлердің бос уақыттарын ұйымдастыру, оларды қоғамдық өмірге тарту.
Клубтың есігі барлық қарт адамдар үшін және белсенді өмір сүргілері келетіндер, сонымен қатар қарттық шақта адамның талапты және қоғамның беделді мүшесі болғылары келетіндерге ашық.
Ардагерлердің және зейнеткерлердің ұсыныстарын, пікірлерін, тілектерін ескере отырып клуб қызметі олардын қызығушылықтарынан құралған және ол 5 бағыттан тұрады: (мәдени – сауықтыру; қолданбалы; әлеуметтік – педагогикалық; сауықтыру – дене шынықтыру; алдын алу – сауықтыру; «Жеңіп алу» клубы келушілерінің психологиялық жағдайлары).
«Алтын заттар – алтын қолдармен» атты шеберханада клубқа келушілер қолданбалы шеберлікпен айналысады (қолөнер, тоқу, ағаштан және металдан жасалған бұйымдар). Жұмыстардың авторлары көрмелерге қатысады. Поэзияны, ән айтуды, шығармашылық кездесулерді сүйетіндер «Замандас», 
«Кнопочки баянные», «Вдохновение» атты вокалдық – хор топтары бірлестіктерге кіреді. Клубтағы барлық жұмыс формаларын халық қолдап, жеке тұлғаға деген әлеуметтік тиімділікті жоғарылатады.
Қазіргі кезде ерекше танымал клубтардың бірі ол - «Салауаты өмір салты» атты клубы. «Белсенді ұзақ өмір сүрушілер мектебінің» жұмысы аясында сабақтар апта сайын «Денсаулық сабағы» формасында өткізіледі. Қоғамдық қор маңында ардагерлердің әуестенуіне қарай «Шахматисттер клубы», «Замандас» хоры, екі вокалдық – инструменталдық «Мұғалімдер», «Кнопочки баянные» ансамбілдері, поэтикалық «Вдохновение» және «Бақ өсірушілер» клубтары жұмыс істейді.
Танымал және талапты клубтардың бірі ол - «Салауаты өмір салты» атты клубы. Қазір 2 топпен жұмыс жүріп жатыр (сабақтар жұмасына 2 рет өткізіледі). 58 – жастан 75 – жасқа дейінгі әйелдер арасында, топ 25 адамнан құралады.
Топтарды қалыптастыру кезінде «Ұзақ өмір сүрушілер мектебінің» ардагерлеріне 1 сабақта денсаулық қалпын зерттеу және сауығудың жеке бағдарламасы мақсатында ПОСӨСҚО мамандары, ардагерлер үшін «Денсаулық паспорттарын» жасады.
ПОСӨСҚО және «Замандас - Павлодар» ҚҚ- ның жылдық бірлескен жоспарларына сай республикалық айлықтар мен он күндіктер шеңберінде жүйелі түрде «Денсаулық сабақтары» өткізіледі. «Денсаулық сабағы» 2 бөлімнен тұратын еркін диалог түріндегі интербелсенді семинар: теориялық бөлімі (бекітілген тақырыпқа сай дәрігер маманның сөз сөйлеуі, слайдтық презентацияларды және бейнероликтерді көрсету, ақпараттық – білім беру мағұлматтарымен қамтамасыз ету, тест және тренингтер өткізу); практикалық бөлімі (қауызға бару, тренажорларда шынығу, сауықтыру гимнастикаларын үйреніп, орындау).
Жұмыс жоспарына сай «Салауаты өмір салты» ардагерлер клубымен ПОСӨСҚО жетекшілігімен Бүкіләлемдік денсаулық күні шеңберінде спорттық – эстафета мерекесі «Ұзақ өмір сүрудің формуласы – спорт + жақсы көңіл - күй», сонымен қатар «Би жасқа кедергі емес» атты отбасылық би марафоны бүкіләлемдік жанұя күніне орайластырылған. «Салауаты өмір салты» клубының ардагерлері ПОСӨСҚО «Ұзақ өмір сүрушілер мектебінің» жұмысы щеңберінде, жыл сайын өткізілетін кең ауқымды «Денсаулық Фестивалі» акциясының белсенді қатысушылары болып келеді.
Қарт адамдардың денсаулығын нығайту, өмір сүруді жалғастыру және өмір сүру сапасын арттыру мақсатында Павлодар облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ықылас білдірген адамдарды ай сайынғы, тұрақты түрде өткізілетін «Ұзақ өмір сүру мектебінің» сабақтарына шақырады. 



 

Автор: Басқарма