“Денсаулығың жақсы болса, өміріңе жылдар қосылады” ұранымен Дүниежүзілік денсаулық Күні шеңберінде

“2012 жылғы 10 сәуірде “Замандас-Павлодар” ҚҚ ” және № 1, № 2, № 4, № 5 емханаларының “Ұзақ өмір мектебі” ардагерлеріне арналған “Салауатты өмір және қартаю ” тақырыбында конференциясын өткізу туралы.
2012 жылғы 10 сәуірде ПОСӨСҚО базасында “Денсаулығың жақсы болса, өміріңе жылдар қосылады” ұранымен Дүниежүзілік денсаулық Күні шеңберінде “Замандас-Павлодар” ҚҚ ” және № 1, № 2, № 4, № 5 емханаларының “Ұзақ өмір мектебі” ардагерлеріне арналған “Салауатты өмір және қартаю ” тақырыбында конференциясы өткізілді, оған қаланың 32 ардагері қатысты.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында тұрғындар арасында өмірінің жалғасуын ұзарту шеңберінде түсініктеме жұмыстарын талқылай отырып, ПОСӨСҚО директоры Т.Б. Баймаханов конференцияны ашып, жүргізді. Конференцияда “Замандас-Павлодар” ҚҚ басқарушысы Қ.Н.Шакаримов “Ұзақ өмір мектебі” тәжірибе жұмыстарымен бөлісті. Жаңа мектептер ашылуы және “Ұзақ өмір мектебінің” практикалық іс-шараларын ұйымдастырып, қарт адамдарға геронтологиялық көмек көрсету, денсаулықты сақтап және нығайтудағы скринингтік тексерулерден міндетті түрде өтулерін және өмір сүру деңгейін ұзарту туралы № 1 емханасының герентолог-дәрігері, № 2 емханасының терапевт-дәрігері, № 5емхананың СӨС үйлестірушілері сөз сөйледі. Ұзақ өмір мектебінің белсенді қатысушысы, еңбек ардагері Э.С.Роговская өз өмірінен мысалдар келтіріп белсенді ұзақ өмір сүрудің рецептерлерімен бөлісті.
Тәжірибе бөлігінде комплексті емдеп-сауықтыру жаттығулары мосқал жастағыларға ұсынылды.
“Жарақаттанудың алдын алу”, “Белбеуіңді тақ” бейнетаспалар мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілді.
Ақпараттық- білім беру материалдары таратылды.