«Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-сі әкімшілік мемлекеттік бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
140000, Павлодар қ., 1 Мамыр көшесі, 7, № 9 кабинет, анықтама телефондары: (87182) 55-95-27, 55-83-34, Павлодар облысының әкімдігі «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-сі әкімшілік мемлекеттік бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Емдеу-алдын алу бөлімінің жетекші маманы, санатты D-O-5
(код 4-01-5).
Лауазымдық айлықақысы еңбек өтіліне байланысты 57656 теңгеден 78156 теңгеге дейін.
Білімі: Жоғары немесе орта кәсіптік (медициналық) білім рұқсат етіледі.
Практикалық тәжірибесі. Дербес компьютермен жұмыс істей білуі.
Функционалдық міндеттері:
Денсаулық сақтау саласында үкіметті емес ұйымдармен өзара әрекет жасау. Облыс халқына бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету тиімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеу және өткізу, облыс денсаулық сақтаудың кешенді жосапралрын әзірлеу. Тәжірибеге еңбекті ұйымдастырудың жаңа нысанын енгізуді бақылау, біліктілігін арттыру цикларында бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында дәрігерлердің біліктіліг арттырудың болашақ жоспарларын әзірлеу. Бөлімнің құзіреті шегінде азматтардың хаттары мен өтініштерін қарастыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік қызмет туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 3 мамырдағы
№ 1567 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызметшілерiнiң Ар-намыс кодексiн (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерi) (01.04.2011ж. өзгерістер және толықтыру енгізілген) міндетті білімдер, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасы-ның нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, сондай-ақ функционал-дық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер;
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар: Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрген азаматтар облыс денсаулық сақтау басқармасының конкурстық комиссиясына келесi құжаттарды:
1. уәкілетті орган белгіленген нысан бойынша толтырылған өтінішті,
2. уәкілетті орган белгіленген нысан бойынша толтырылған сауалнаманы,
3. кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке іс парағын (нақты тұратын жерінің мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген),
4. нотариалдық немесе басқа белгіленген заңнамалық тәртіппен расталған, білімі туралы құжаттардың көшірмесін,
5. нотариалдық немесе басқа тәртіппен расталған, еңбек кітапшасының көшірмесін,
6. денсаулығының жағдайы жөніндегі белгіленген нысандағы анықтаманы,
7. 1 фотосуретті (3*4),
8. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесін тапсырады.
Құжаттар көрсетілген тізбе бойынша конкурс туралы хабарландыру облыстық БАҚ-та жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн iшiнде қабылданады.
Тестілеуге қатысуға жiберiлген кандидаттар оны «Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң Павлодар облысы бойынша басқармасы» ММ-інде құжаттарды қабылдау уақыты аяқталғаннан кейiн бес жұмыс күнi iшiнде өтедi.
Тестілеу бағдарламасына келесі тестілер кіреді:
Мемлекеттік тілді білу тесті, ҚР Конституциясы, ҚР “Мемлекеттік қызмет туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы”, Заңдары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі.
“Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы” ММ-інде конкурстық комиссиясы кандидаттармен тестілеу өткеннен кейiн бес жұмыс күнi iшiнде әңгiмелесу өткiзедi. Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттарды мына мекенжайға тапсыру керек: 140000, Павлодар қаласы, 1 Мамыр көшесі, 7, № 9 кабинет, “Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы” ММ-нің конкурстық комиссиясы. Анықтама алу телефоны: 55-83-34.