Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды
140000, Павлодар қаласы, 1 Май көшесі, 7 үй, № 9 кабинет, анықтама телефоны: 55-95-27, 55-83-34,Павлодар облысының әкімдігі “Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы” ММ бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды.
Облыс денсаулық сақтау басқармасының босануға жәрдедесу, ана мен бала мәселелері жөніндегі бөлімінің бас маманы, санаты D-O-4,
3-01-3 коды.
Лауазымдық айлықақысы еңбек өтіліне байланысты 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейін.
Білімі:Жоғары кәсіптік (медициналық, мемлекеттік басқару). Орта кәсіптік білім (медициналық, мемлекеттік басқару) рұқсат етіледі.
Практикалық тәжірибесі.Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. Дербек компьютерде жұмыс істей білу.
Функционалдық міндеттері: Денсаулық сақтау объектілерінде педиатриялық қызметті үйлестіру. Ана мен нәресте өлім-жітімін төмендетуге бағытталған іс-шаралар әзірлеу және жүргізу. Науқастарға көрсетілетін педиатриялық көмектің тиімділігі мен сапасын арттыру. Емдеу-алдын алу ұйымдарында педиатрия жөнінде емдеу-консультациялық көмекті ұйымдастыру және жүргізу. Педиатр, неонатолог дәрігерлердің біліктілігін арттырудың болашақ жоспарларын әзірлеу. 1 жасқа дейінгі балалардың жағдайын мониторингтеу. Жоғары мамандандырылған көмекке балаларды жіберу және іріктеу. Ана мен нәресте өлім-жітімін төмендету бойынша облыстық және республикалық штабтың тапсырмаларына материалдар дайындау және оған жауап беру. 0-18 жастағы балаларды скринингтеуді мониторингтеу. Балалар мен жасөсіпірмдерді дәрілік препарттармен қамтамасыз етуді мониторингтеу. Неонатальды скринингті мониторингтеу. “Балбұлақ”, “Алатау” ҚР санаторияларына оңалту еміне балаларды жіберу. Нәресте өлім-жітімін талдау. Кәмелетке толмағандардың істері жөнінде комиссияға материалдар дайындау. Нәресте өлім-жітімін тұрақтандыру жөніндегі комиссияға материалдар дайындау. Педиатр дәрігерлердің қоғамдық отырысының жұмысына қатысу. В, С гепатитін ерте анықтау үшін балаларға скриниг-тексеріс жүргізуді мониторингтеу. Балаларға ортодонтикалық көмек көрсетуді мониторингтеу. Стратегиялық жоспарды, аумақты дамыту Келісімдері мен жоспарларын әзірлеуге қатысу. Бағдарлама индикаторларының орындалуын мониторингтеу. Бөлімнің құзіреті шегінде азматтардың хаттары мен өтініштерін қарастыру.
D-О-4санатына конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар.Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік қызмет туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызметшілерiнiң ар-намыс кодексiн (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерi), осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес саладағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азаматтар облыс денсаулық сақтау басқармасының конкурстық комисиясына келесі құжаттарды ұсыну керек:
1. уәкілетті органмен белгіленген нысан бойынша өтініш,
2. уәкілетті орган белгіленген нысанда толтырылған анкета,
3. кадр есебі бойынша толтырылған іс парағы (нақты мекен-жайы мен байланыс телефоны көрсетумен);
4. білімі туралы құжаттардың нотариалдық немесе өзге де заңдарға белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмелері;
5. еңбек кітапшасының нотариалдық немесе өзге де заңдарда белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмесі;
6. белгіленген нысанда денсаулығы туралы анықтама;
7. 3х4 үлгідегі 1 фотосурет,
8. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.
Көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттар облыстық БАҚ-да конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған кезден бастап 15 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.
Тестілеуге қатысуға жіберілген үміткерлер құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бес жұмыс күн ішінде «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Павлодар облысы бойынша басқармасы» ММ-де өтеді.
Тестілеу бағдарламасына келесі тесттер кіреді:
Мемлекеттік тілді, ҚР Конституциясын, ҚР “Мемлекеттік қызмет туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” Заңдарын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызметшілерiнiң ар-намыс кодексiн білге арналған тесттер.
“Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы” ММ конкурстық комиссиясы тестілеу өткізгеннен кейін бес күнтізбелік күн ішінде үміткерлермен әңгімелесу өткізіледі. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар 140000, Павлодар қаласы, 1 Май көшесі, 7 үй, № 9 кабинет мекенжайы бойыншаПавлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының конкурстық комиссиясына ұсынылуы тиіс. Анықтама телефоны: 55-83-34.
Павлодар облысы денсаулық
сақтау басқармасы бастығының м. а. М. Гимадиева
Мержоев А.Ю.
тел 55-83-34