Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

Бас дәрігері бос лауазымдық қызметіне орналасуға конкурс жариялайды

Дата: 2012-05-29 12:04:55

Павлодар облысы әкімдігінің, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы, 140000, Павлодар қаласы, 1 Май көшесі, №7, анықтама телефондары (87182) 55-83-34, (факс) 51-23-99, Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының «Екібастұз қаласының жедел және қауырт медициналық жәрдем станциясы» КМҚК бас дәрігері бос лауазымдық қызметіне орналасуға конкурс жариялайды.

     ФУНКЦИОНАЛДЫҚ МІНДЕТТЕРІ: халықтың аурушаңдығы мен мүгедектігінің профилактикасына және азайтылуына бағытталған іс-шараларды жүргізуді жүзеге асыру; сондай-ақ аурухана қызметін және жалпы өлім-жітімді төмендету, халықтың жалпы аурушаңдық себептерін және жұмысшылар мен қызметшілердің уақытша аурушаңдығы мен еңбекке қабілеттілігін жоғалту себептерін зерттеу, неғұрлым көп таралған ауруларды азайту және біртіндеп жоюға бағытталған сауықтыру іс-шараларын әзірлеу және жүргізу, сондай-ақ, халыққа санитарлық-гигиеналық тәрбие беру, ЕАҰ өндірістік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметіне жалпы басшылыққа алу, ЕАҰ-ның барлық қабылдаған міндеттемелерінің, оның ішінде түрлі деңгейдегі бюджеттер алдындағы міндеттемелерінің орындалуын  қамтамасыз ету, ЕАҰ-дағы салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын  қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау, барлық қызметтердің жұмысында заңдылықтың сақталуына бақылау жасау, сотта, аралық соттарда, мемлекеттік билік органдарында мүліктік мүдделерді қорғау, еңбекті басқару және ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы нысандарын, жаңаша техника және технологияларды енгізу үшін жағдайлар жасау.

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

1)    білімі-жоғары медициналық;

2)    мамандығы бойынша денсаулық сақтау жүйесінде басшылық лауазымда 5 жылдан кем емес еңбек өтілінің болуы;

Конкурсқа:

1)    он сегіз жастан кіші;

2)    бұрын сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасаған;

3)    Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте сотталған болса немесе өтемеген берешегі болса;

4)    Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де жағдайлар болған жағдайда тұлғалар қатыса алмайды.

ҚР 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясын, ҚР Азаматтық кодексін (жалпы және ерекше бөлімдері), ҚР-ның «Сыбай жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарың, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексін (ерекше бөлімі), Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодексін (жалпы бөлімі), Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексін, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», 2007 жылғы 21 шілдедегі «Мемлекеттік сатып алулар туралы», 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарын және басқа да кәсіпорын қызметі саласындағы қарым-қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

КОНКУРСҚазақстан Республикасы  Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі «Мемлекеттік кәсіпорындар басшыларын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу  Ережелерін бекіту туралы» №1353 қаулысына сәйкес өткізіледі.

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР:

1)    конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)    мемлекеттік және орыс тілінде жазылған түйіндеме;

3)    еркін түрде баяндалған өмірбаян;

4)    білімі туралы құжаттардың көшірмесі;

5)    еңбек кітапшасының (бар болған жағдайда) немесе жеке еңбек келісімшартарының, немесе соңғы жұмыс орнынан қабылдануы және одан босатылуы келісім-шарты туралы бұйрықтарынан үзіндінің көшірмесі;

6)     белгіленген нысандағы денсаулығы туралы анықтама.

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫөзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты (біліктілігін арттырғаны туралы, ғылыми дәреже және атақтар берілгені, ғылыми жарияланымдары туралы, өткен жұмыс орнының басшылығынан ұсыныс туралы құжаттардың көшірмесі) қосымша ақпарат ұсына алады.

ҚҰЖАТТАР МЫНА МЕКЕНЖАЙДА:Павлодар қаласы, 1 Май көшесі, 7-үй, Павлодар облысы әкімдігінің Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы, телефон 55-83-34, облыс денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыру – құқықтық және кадрлар жұмысы бөліміне конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде ҚАБЫЛДАНАДЫ.

Конкурс мына мекенжай бойынша: Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасында, Павлодар қаласы, 1 Май көшесі, 7-үйде құжаттар қабылданған соң 15 күнтізбелік күн өткен соң болады.

 

 

Павлодар облысы денсаулық

сақтау басқармасы бастығының м. а.                                     М. Гимадиева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Елтаева Г.О.

тел 55-83-34

Автор: Басқарма