Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

Медициналық қызметкерлер күні өтті

Дата: 2012-06-15 17:00:13
 Медициналық қызметкерлер күні өтті

 

 Медициналық қызметкерлер күніне арналған салтанатты жиын өтті. Аталмыш шараға облыс әкімі Ерлан Арын қатысты. Өңір басшысы медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, еңбектеріне табыс тілеп: «Ешбір мемлекет даму мен гүлденудің кепілі болып табылатын - дені сау халықсыз мықты бола алмайды. Бұл ретте медициналық қызметкер мамандығының маңызы мен жауапкершілігі орасан. Олар мемлекеттік ауқымдағы әлеуметтік миссияны орындайды, аурулардың алдын алып, адамдардың денсаулығын сақтап қалу арқылы елдің әлеуметтік дамуы мен экономикасына теңдессіз үлес қосады», - деп атап өтті.
Маусымның үшінші жексенбісінде Қазақстанда Медициналық қызметкерлер күнін атап өтеді.
Облыстың медициналық қызметкерлері жыл сайын мереке қарсаңында жасаған жұмыстарын қорытындылап, үздік болған әріптестерін марапаттайды. Жыл сайынғы «Мамандығы бойынша үздік» кәсіби байқауын өткізу тамаша дәстүрге айналды. Осы жылы аталмыш байқау бес аталым бойынша өтті. Байқау қорытындысы бойынша «Ең үздік дәрігер» атағына Павлодар қалалық жедел жәрдем ауруханасының дәрігер хирургі Мұхамбетов Әлімжан Қайырбекұлы лайық деп танылса, Павлодар қаласының № 2 қалалық ауруханасының медбикесі Руль Лариса Артемьева «Ең үздік медбике» атанды.
«Алтын скальпель», «Алтын фонендоскоп» және «Өмір сыйлайтын алтын қолдар» аталымдары бойынша үздік деп танылған медициналық үш маман аймақ әкімі Ерлан Арынның арнайы сыйлығы - жеңіл автокөліктерге ие болды.
Сонымен қатар 14 медициналық қызметкер облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен, ал 12 қызметкер Алғыс хаттармен марапатталса, денсаулық сақтау саласының 4 қызметкеріне «Облыс алдындағы еңбегі үшін» төсбелгілері тапсырылды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» атты Құрмет белгісімен 6 медициналық қызметкер марапатталса, 5 қызметкерге «Денсаулық  сақтау ісіне қосқан үлесі» Құрмет белгісі табыс етілді.
Медициналық қызметкерлерге Павлодар обдыстық мәслихатының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары да табысталды.
Медициналық қызметкерлер күніне арналған салтанатты шара мерекелік концертпен аяқталды.
Автор: Басқарма