Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

Бөлімшенің ашылуына 10 жыл толуына және өмірден озған дәрігер М.С.Ғабдұлғазизовты еске алуға байланысты, №1 қалалық аурухананың базасында конференция мен мастер – класс өткізілді.

Дата: 2012-06-25 11:24:26
Бөлімшенің ашылуына 10 жыл толуына және өмірден озған дәрігер М.С.Ғабдұлғазизовты еске алуға байланысты, №1 қалалық аурухананың базасында конференция мен мастер – класс өткізілді.

Көп профильді №1 қалалық аурухананың базасында 2002 жылдың ақпан айында 25 төсек орынға жайылған тамырлы хирургия бөлімшесі ашылды. Ашылған күннен бастап тамырлы хирургияның  жаңа тарихы басталды. Сол кезде бөлімшені Асхат Жүнісұлы Бекбосынов басқарды. Осы бөлімшенің аяққа тұрып жетілуіне Мұхамедқайыр Саметұлы Ғабдұлғазизов баға жетпес үлес қосты.

Бөлімшенің негізгі мақсаты – тамыр ауруларымен түскен науқастарға жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету. Бөлімшенің алғашқы жылында тамырлы хирургия  бөлімшесінде тамырға қиын реконструктивті операциялар жасалды. Тамыр аурулары кезінде жасалатын операциялар жылдан жылға көбейді.

Жұмыс барасында зерттеудің жаңа әдістері енгізілді. Ішперде қолқасының окклюзивті аурулары, ішперде қолқасының аневризмасы кезінде және тамыр жүйесінің аурулары мен тамыр жарақаттары кезінде  реконструктивті операциялар жасалады.

2004 жылдан бастап эндоваскулярлы операциялар (тамыр ішіне жасалатын операция) жасалып келеді.

Бөлімшенің дәрігерлері Алматы, Астана және Ресей қалаларындағы ғылыми орталықта өздерінің кәсіби білімдерін жоғарлатты. Осы клиникалармен тығыс қарым – қатынасты орнатты. 2009 жылдан бастап бөлімшені С.М.Жүсіпов басқарып келеді.

Қаланың барлық емханаларында кеңестік – диагностикалық көмек көрсетіледі. Бөлімшенің дәрігерлері санитарлық авиация бойынша кезекшілік етеді, сондай –ақ облыс аудандарына және қалаларға медициналық көмек көрсету үшін іссапарға шығады.

Тәжірибелік қызметпен қатар, бөлімшенің қызметкерлері ғылыми жұмыстармен де айналысады. Жеке материалдары бойынша 2 кандидаттық диссертация қорғады, 2007 жылы – А.Ж.Бекбосынов, 2009 жылы – С.М.Жүсіпов.

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, 2012 жылы тамырлы хирургия бөлімшесінің меңгерушісі С.М.Жүсіпов үздік хирург дәрігер атанды. Бөлімшенің меңгерушісіне Облыс әкімі салтанатты түрде автокөлік кілтін сыйлады.

Бөлімшенің ашылуына 10 жыл толуына және өмірден озған дәрігер М.С.Ғабдұлғазизовты еске алуға байланысты, №1 қалалық аурухананың базасында конференция мен мастер – класс өткізілді. Конференцияға «Астана медициналық холдингі» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстанның тамырлы хирургтар қоғамының төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Т.А.Сұлтаналиев, Қауырт медициналық көмек көрсету Республикалық ғылыми орталығының бас тамыр хирург дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты И.Н.Сағандықов,    Қауырт медициналық көмек көрсету Республикалық ғылыми орталығының эндоваскулярлық хирургия бөлімінің бастығы, медицина ғылымдарының докторы С.П.Боровский, сондай –ақ Семей қалалық ММУ ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Т.К.Рахыпбеков қатысады.

Осы күндері жоспар бойынша мастер – класс өткізіледі, бұл мастер – класта Астана қаласындағы әріптестермен бірге операция жасалады. Конференцияға Облыстық медицина ұйымдарының хирургтары, травматологтары және басқа да маман дәрігерлер қатысады.  

Автор: Басқарма