Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

Павлодар облыстық мәслихатының (V сайланған, VІ (кезектен тысессия) № 6 шешімі

Дата: 2012-07-03 03:31:23

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына 6-сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

          1. Медициналық көрсетімдер бойынша Қазақстан Республикасының шегінде елді мекен шеңберінен емделуге шығатын Павлодар облысының азаматтарынаазаматтарды тегін немесе жеңіл-детілген жолақысы (екі жаққа) бейінді емдеу-алдын алу ұйымдарының мамандандырылған комиссиясымен берген бекітілген үлгідегі жолдама болған жағдайда төленсін.

          2. Медициналық көрсетімдер бойынша елді мекен шеңберінен емделуге шығатын науқастарға және оларды сүйемелдейтін адамдарға (бір адамнан кем емес) тегін немесе жеңілдетілген жолақысы жылына бір рет (екі жаққа) берілсін. 

  3. Онкологиялық, урологиялық және туберкулезбен ауыратын науқас-тарға және оларды сүйемелдейтін адамдарға жергілікті бюджеттен тегін және жеңілдетілген жолақысы (екі жаққа) олардың өтініштері бойынша төленсін.

          4. Медициналық көрсетімдер бойынша елді мекен шеңберінен емделуге шығатын науқастарға және оларды сүйемелдейтін адамдарға тегін немесе жеңілдетілген жолақысы (екі жаққа) тиісті қаржылық жылға Павлодар облыс-тық бюджет қаражаты есебінен төленеді. Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) «Елді мекен шеңберінен емделуге шығатын азаматтарды тегін және жеңілдетілген жолақысымен қамтамасыз ету» 253 016 000 бағдарламасының әкімшісі болып табылады.

          5. Медициналық көрсетімдер бойынша елді мекен шеңберінен емделуге шығатын науқастарға жолақысын  мынадай құжаттар негізінде төлейді:

  1. өтініш;
  2. жеке куәлік көшірмесі;
  3.  Комиссия берген бекітілген үлгідегі жолдамасының көшірмесі (хаттама нөмірлері мен датасын көрсетумен ауруханаға жатқызу Бюросы портталы арқылы);
  4. Республикалық клиникамен және жергілікті маңызда берілген сырқатнамадан жазылған көшірмесі;
  5. СТН (салық төлеушінің тіркеу нөмірі)көшірмесі;
  6. ӘЖК (әлеуметтік жеке код)көшірмесі;
  7. Жинақтаушы кітабының немесе төлем карточкасының көшірмесі;
  8. ДКК (дәрігерлік консультациялық комиссия)анықтамасының көшірмесі(сүйемелдей отырып жол жүрген жағдайда);
  9. туу туралы куәлік(бала үшін)көшірмесі;
  10.  жол жүрген фактісін растайтын билеттер.

Басқармаға жоғарыда көрсетілген құжаттарды ұсынған кезде жол жүру құнын төлеуден бас тарту мүмкін емес. Осы нұсқаулықта жазылмаған басқа да құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

6. Медициналық көрсетімдер бойынша елді мекен шеңберінде емделуге жіберілетін науқастың және оны сүйемелдейтін адамның (бір адамнан кем емес) жолақысы теміржол және қалааралық автомобильдік көліктерде жіберген жағдайда емделу орнына дейін жол жүру құнынан (екі жаққа), төлеуге болады.

7. Медициналық көрсетімдер бойынша елді мекен шеңберінде емделуге жіберілетін науқастың және оны сүйемелдейтін адамның жолақысы (бір адамнан кем емес) әуежай көліктерде ұшқан жағдайда емделу орнына дейн теміржол көлігінің жедел поезінің купелік вагон билетінің құнынан аспайтын мөлшерде жол жүру құнынан жартылай өтемақы (екі жаққа) төленеді.

8. Науқастың емделгенін және оны сүйемелдейтін адамның жол жүрген фактісін растайтын құжаттар емделген орыннан келген күннен бастап екі айлық мерзімнен кешіктірмей тапсырылуы тиіс.

9. Науқастың және оны сүйемелдейтін адамның билеттерінжоғалтқан жағдайда емделу орнына дейін барып-келу жолақысының құнын растайтын анықтама тапсырылуы тиіс. Көрсетілген анықтама жеке тұлғаны тасымалдауды жүзеге асыратын көлік ұйымымен беріледі.

10. Басқарма науқастардың және оларды сүйемелдейтін адамдардың жолақысын ақшалай қаражаттарды Павлодар облысының қалалар мен аудан-дарының банкілерінің бөлімшелеріндегі науқастардың және оларды сүйемел-дейтін адамдардың жиырма сандық кодын көрсетумен жеке (карт) шорттарға аудару арқылы төлемін жүзеге асырады.

11. Осы шешімнің орындалуын бақылау Павлодар облыстық мәслиха-тының әлеуметтік және мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

12.  Осы шешім оның бірінші ресіми жарияланған күннен кейін он күн күнтізбелік күн ішінде әрекетке енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы                                                              К. Нұркенов 

Автор: Басқарма