Қазақстан дәрігерлері емдеудің халықаралық үздік тәжірибелерімен танысуда
Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы (ДДРО) Стандарттау орталығының қызметкерлері 2012 жылға жоспарланған «Клиникалық нұсқаулықтарды медициналық практикаға енгізу және мониторинг» атты каскадтық тренингті Қазақстанның 12 өңірінде бір мезгілде өткізіліп жатыр.
Аталған іс-шара халықаралық жетекші маман-кеңесшілердің қатысуымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің денсаулық сақтау саласындағы медициналық қызметтерді жақсартуға бағытталған саясаты және «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторындағы технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу» Жобасы шеңберінде жүргізілуде.
Республиканың жетекші мамандардың көмегімен бейімделген халықаралық үздік клиникалық нұсқаулықтар еліміздің денсаулық сақтау жүйесіне өте қажет және оларды медциналық ұйымдар аса белсенді енгізуде. Бұл ретте осы ұсынымдарды пайдалану үдерісіне медициналық қызметкерлерді тарта отырып, емдеу мен диагностикалаудың қазіргі заманғы әдістері туралы ақпараттарды белсенді түрде тарату қажет.
Осы мақсатта дәрігерлерді, медбикелерді және денсаулық сақтау менеджерлерін оқыту жоспарланған каскадтық тренингтер жүргізілуде. Осы жылы жалпы 2500-нан астам медициналық қызметкерді оқыту қамтылған. 2012 жылдың 25 маусымнан бастап Павлодар қаласында тренингтар өтеді.
Тренинг бағдарламасы дәлелді медицина, клиникалық нұсқаулығы ұғымдарынан, олардың форматтары мен медициналық практикаға енгізудің әдістерінен, клиникалық нұсқаулықтарды пайдалану мен олардың индикаторларын енгізуді ынталандыру жолындағы кездесетін кедергілерден, сондай-ақ ұсынымдардың медициналық көмектің сапасына, сараланған еңбек ақыға, бас дәрігердің негізделген шешім қабылдауына әсер ету мүмкіндіктерінен тұрады.
«Клиникалық нұсқаулықтар институттарын медициналық практикаға енгізу елімізде аса жоғары бағаланатынына және практикадағы дәрігерлер, сондай-ақ денсаулық сақтау менеджерлері арасында кеңінен таралатынына сенімдіміз. Клиникалық нұсқаулықтар халықаралық заманауи ұсынымдарға сәйкес дәрігерлердің қызметін стандарттауға мүмкіндік беретін ұйымдастырылған жаңа технология. Осының арқасында пациенттерге медициналық көмек шетелден кем көрсетілмейді. Сондай-ақ клиникалық нұсқаулықтарға сүйену медициналық ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады, себебі клиникалық нұсқаулықтар дәлелді медицина қағидаттарына негізделгендіктен, көрсетілетін медициналық көмекті барынша тиімді, сапалы етеді. Сонымен бірге клиникалық нұсқаулықтар дәрігердің жұмысын әріптестері мен пациенттер тарапынан бағалаудың көзі болып табылады. Бұл клиникалық ұсынымдардың негізінде жасалған пациенттерге арналған буклеттерді тарату арқылы өзінің денсаулығы мен пациенттерге деген қарым-қатынасын өзгерте алады»,– дейді ДДРО Стандарттау орталығының басшысы А.В.Костюк.
Бұл тренингтердің маңыздылығы мен пайдасын өткен жылы осы тренингтер жүргізілген Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және
Жобаның аталған кіші компонентінің бағдарламасы CSIH (CanadianSocietyforInternationalHealth) канадалық консалтингтік компаниясының қолдауымен іске асырылуда.
Бұл компанияның мамандары бүкіл әлемнің денсаулық сақтау саласында шешім қабылдаудың маңызды құралы болып табылатын клиникалық нұсқаулықтарды Қазақстанның медициналық практикасына енізу емдеу-диагностикалық үдерістің барлық қатысушыларына тиімді шешім қабылдауға мүмкінідк беретініне, ең бастысы республика тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыратына сенімді.