Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

Бұйырық

Дата: 2008-10-02 18:00:00

 

 

ЖҚТБ-мен, туберкулезбен және бзезекпен күрес жөніндегі Жаһанды қор жобасының шегінде және кәсіби дағдыны арттыру, диагностика сапасын, облыста туберкулезге қарсы іс-шаралардың тиімділігін жақсарту мақсатында

 

БҰЙЫРАМЫН:

 

I. Облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері Б.Т. Бұлдұбаев МСЭҚБ-ң бастығы А.С. Темербаевпен келісім бойынша:

1.1. ОТҚД базасында 2008 жылғы қазан айында мыналарды ұйымдастырсын:

- туберкулездің алдын алудың эпидемиологиялық қадағалауы үшін жауапты аудандық фтизиатрлар мен СЭҚ-ң мамандары үшін мониторингілеу және бағалау бойынша 5 күндік тренингті;

- облыстың учаскелік фтизиатрлары үшін мониторингілеу және бағалау бойынша 1 күндік тренингті;

1.2. 2008 жылғы қазан айынан бастап 2009 жылғы шілде айына дейін:

- облыстық БМСК мамандарын оқыту жөнінде 3 күнгі тренингті ұйымдастырсын.

«МжБ жүйесі бойынша іс-шаралар жосапары»

1.3. ОТҚД-ң клиникалық тренерлері облыс аудандарына оқытудың кестесіне сәйкес іссапарға жіберілсін.

II. Облыстың қалалар мен аудандардағы денсаулық сақтау департаментінің өкілдері:

- 2008 жылғы 29 қыркүйекке дейін семинарға қатысушылардың тізімін дайындасын және ОТҚД-не ұсынсын.

- кестеге сәйкес медицина қызметкерлерінің семинарларға келуін 100% қамтамасыз етсін.

III. Семинарға қатысушылардың іссапар куәліктері негізгі жұмыс орны бойынша төленсін.

IV. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау облыс денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары М.Қ. Сүлейменовке жүктелсін.

Автор: Басқарма