Павлодар облысының әкімдігі “Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы” ММ-сі әкімшілік мемлекеттік бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
140000, Павлодарқ., 1 Мамыр көшесі,7, № 3 кабинет, анықтама телефондары: (87182) 55-83-34, Павлодар облысының әкімдігі “Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы” ММ-сі әкімшілік мемлекеттік бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Мемлекеттік сатып алулар бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі жұмыскердің баланы күту бойынша демалысы кезінде), D-O-4 санатты (8-01-4 коды).
Лауазымдық айлықақысы еңбек өтіліне байланысты 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейін.
Білімі:Жоғары кәсіптік (экономикалық, мемлекеттік басқару) білім. Орта кәсіптік (экономикалық) білім рұқсат етіледі.
Практикалық тәжірибесі.Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. Дербес компьютермен жұмыс істей білу.
Функционалдық міндеттері: Тапрсырылған құжаттарды сапалы және уақытылы орындалуны жүзеге асыру. Тауарларды, жұмысты және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу. Ай сайын облыстық бюджет қаражатынан денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеуді мониторингтеу. Жұма сайынғы, ай сайынғы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде, облыс қаржы басқармасында, облыс экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында күрделі жөндеу бойынша республикалық бюджеттен бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді игеру барысы туралы есептерді дайындау. ГЗ-1 нысаны бойынша статистикалық есептерді дайындау. Сұраныстарды және жауаптарды дайындау, емдеу-алдын алу ұйымдарымен және басқа мемлекеттік органдармен хат алмасу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының “Мемлекеттiк қызмет туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Ар-намыс Кодексiн (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері) (01.04.2011ж. өзгерістер және толықтыру енгізілген) міндетті білімдер, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, сондай-ақ функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрген азаматтар облыс әкiмiаппаратының конкурстық комиссиясына келесiқұжаттарды:
- уәкілетті орган белгіленген нысан бойынша толтырылған өтінішті,
- уәкілетті орган белгіленген нысан бойынша толтырылған сауалнаманы,
- кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке іс парағын (нақты тұратын жерінің мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген),
- нотариалдық немесе басқа да заңнамамен бекітілген тәртіппен расталған, білімі туралы құжаттардың көшірмесін,
- нотариалдық немесе басқа да заңнамамен бекітілген тәртіппен расталған, еңбек кітапшасының көшірмесін,
- денсаулығының жағдайы жөніндегі белгіленген нысандағы анықтаманы,
- 2 фотосуретті (3*4),
- жеке куәлігінің көшірмесін тапсырады.
Құжаттар көрсетілген тізбе бойынша конкурс туралы хабарландыру облыстық БАҚ-та жарияланған күннен бастап 15күнтізбелік күн iшiнде қабылданады.
Тестілеугеқатысуғажiберiлген кандидаттар оны «ҚазақстанРеспубликасыМемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң Павлодар облысы бойынша басқармасы» ММ-деқұжаттарды қабылдау уақыты аяқталғаннан кейiн бес жұмыс күнi iшiнде өтедi.
Тестілеубағдарламасынакелесітестілеркіреді:
Мемлекеттіктілдібілутесті, ҚРКонституциясы, ҚР“Мемлекеттікқызметтуралы”, “Сыбайласжемқорлыққақарсыкүрестуралы” Заңдары, ҚазақстанРеспубликасыныңМемлекеттікқызметшілерініңАр-намыскодексі.
“Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы”ММ-деконкурстық комиссиясы кандидаттармен тестілеуөткеннен кейiн бесжұмыс күнi iшiнде әңгiмелесу өткiзедi.Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттарды мына мекенжайға тапсыру керек: 140000,Павлодар қаласы,1 Мамыр көшесі,7, № 3 кабинет, “Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы”ММ-ніңконкурстық комиссиясы.Анықтама телефоны: 55-83-34.