Павлодар қаласының мекемелері мен кәсіпорындары, ұйымдарының қазақ тілі кабинеттері арасында «Үздік қазақ тілі кабинеті - 2012» қалалық байқауы өткізілді.

Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен ұйымдастырылған 2012 жылғы 25-26 шілде аралығында Павлодар қаласының мекемелері мен кәсіпорындары, ұйымдарының қазақ тілі кабинеттері арасында «Үздік қазақ тілі кабинеті - 2012» қалалық байқауы өткізілді. Байқауға Павлодар қаласының 9 мекеме мен кәсіпорындары қатысты.
2012 жылғы 1 тамызда осы байқаудың қорытындысы шығарылып, марапаттау рәсімі өтті. Байқаудың қорытындысы бойынша «Үздік қазақ тілі кабинеті - 2012» қалалық байқауында ШЖҚ «№1 Павлодар қалалық ауруханасы» КМК- 1-ші орынды, ШЖҚ «Павлодар қаласының №4 емханасы» КМК 2 –ші орынды, ал «КазТрансОйл» АҚ 3- ші орынды иеленді. Байқаудың жеңімпаздары дипломдармен,ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталды.