Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

8 қыркүйек күні орталық стадионда «Денсаулық фестивалі-2012» өтті. Фестивальдің салтанатты ашылуына облыс әкімінің орынбасары А.Орсариев қатысты.

Дата: 2012-09-10 08:45:09
8 қыркүйек күні орталық стадионда «Денсаулық фестивалі-2012» өтті. Фестивальдің салтанатты ашылуына облыс әкімінің орынбасары А.Орсариев қатысты.
Шараны өткізу барысында орталық стадионда денсаулықты сақтау және жақсарту бойынша консультациялық-әдістемелік көмек көрсеткен «Десаулық» медициналық қалашығы, спортшылар мен барлық тілек білдірушілерге консультативтік-практикалық көмек көрсеткен «Батыр» спорт қалашығы, спорт тауарлары мен салауатты тамақтану өнімдерін сатқан «Sport live» жұмыс істеді. Барлық тілек білдірушілер темекіні жеміске, гематоген, балмұздаққа айырбастай алды.
Фестиваль «Денсаулық эстафетасымен» жалғасты, оған спортшылар, медицина қызметкерлері, ЖОО, колледж студенттері, мектеп оқушылары, мектепке дейінгі мекеме балалары мен ардагерлер қатысты.
Сонымен бірге БЖСМ тәрбиеленушілерінің спорттық көріністері ұсынылды.
«Денсаулық фестивалі – 2012» барлық қатысушылардың көпшілік жүгіруімен аяқталды.
Автор: Басқарма