Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

Павлодарда аймақтық кардиохирургия орталығы ашылды

Дата: 2012-12-29 03:45:58
Павлодарда аймақтық кардиохирургия орталығы ашылды
Аталмыш кардиохирургиялық орталық бұған дейін аймақта көрсетілмеген медициналық қызметтер кешенін атқарып, Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарының 2,0 миллионнан астам тұрғынына қызмет көрсететін болады. Орталық жылына 2400 ота жасауға және рентгенваскулярлық арала­суға лайықталған. Мұнда республикада тұң­ғыш рет балалардың жүрегіне ота жасау жоспарланып отыр. Орталықтың жұмысы ірі ғылыми орталықтардың, соның ішінде Астана республикалық ғылыми орталығының қамқорлығында болмақ. Еңбек ұжымы ұйымдастырылған, Мәскеуде оқыту мен тағылымдамадан өтіп келген «Болашақ» бағдарламасының бірқатар мамандары Беларусьтің және басқа да елдердің дәрігерлерімен ынтымақтасу арқылы тәжірибе жинақтады. Орнатылған жабдық бірегей, кардиоорталық заманауи құрал-жабдықтармен жарақталған, деп атап көрсетті аймақ басшысы Ерлан Арын.
Аталмыш нысанды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі салып отыр. Ол ел Президенті – Елбасы Н.А.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында медициналық қызметтердің сапасын арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ететін жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу жөнінде берілген тапсырмаларға толығымен сай.
Автор: Басқарма