Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

Павлодарда бірінші қайырымдылық акциясы өтті

Дата: 2013-01-11 08:55:15
Павлодарда бірінші қайырымдылық акциясы өтті

Павлодар облысында онкологиялық патологиямен ауыратын 63 бала және қан ауруымен ауыратын 15 бала диспансерлік есепте тұр. Жыл ішінде қан құрамында VIII фактор бар гемофилиямен ауыратын 18 жасқа дейінгі 8 бала және құрамында Виллебранд факторы бар  2 бала Астана қаласында тексерілді.

  Қазіргі уақытта химиятерапияға екі бала барып жүр, гемофилиямен бір балаға Астана қаласында операция жасалды, сол жақ тізе буындарын жартылай синовэктомиялау жүргізілді. Жіті лейкозбен екі бала Боровое ауылындағы балаларды және жасөспірімдерді оңалту орталығына оңалту еміне жіберілді. Гемофилиямен бір бала Алматы қаласына педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына оңалтуға емделуге жіберілді.

 Онкогематология бойынша Павлодар облысында жол картасы әзірленді.

 

Автор: Басқарма