Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

Медицина – қарттарға

Дата: 2013-05-22 12:44:59
Медицина – қарттарға

Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Қ. Қасымов сөз сөйледі, облыс денсаулық сақтау саласындағы негізгі жаңа енгізулерге тоқталып кетті.

 Мысалы, облыста санитарлық-авиациялық қызметтің жұмысы жаңартылды, бұл қарт адамдар арасында өлімнің негізгі себебінің бірі болып табылатын қан айналым жүйесі кезінде өлім-жітім көрсеткіштерін төмендетуге үлкен мүмкіндік береді. Соның ішінде, негізгі көрсеткіштерді жақсарту заманауи медициналық жабдықтармен медициналық мекемелерді жабдықтауға, алыс және жақын шет елдерде дәрігерлерді оқытуға себеп болады.

 Павлодар қаласының № 4 емханасында аурудың электронды тарихын енгізу жөніндегі жаңа пилотты бағдарлама енгізілді, кезекшілікті төмендету үшін көп каналды телефон желісі өткізілді.

 Павлодар қаласы емханаларының жүктемесін жеңілдетуге мүмкіндік беретін жаңа емхана құрылысы аяқталуда.

 Зейнеткерлермен кездесуде стационарлы емдеу, емханалық қызметтегі дәрігерлердің жұмысы туралы мәселелер қозғалды. Барлық сұрақтарға облыс медициналық ұйымдардың бас дәрігерлері нақты жауап берді, олар осы іс-шара жұмысына қатысты.

 Іс-шара соңында қатысушылар Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысын осы іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты.

  

Автор: Басқарма