Мемлекеттік рәміздер - тәуелсіз Қазақстанның кепілдігі
Денсаулық сақтау басқармасында 4 маусым күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты миын өтті. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.К. Қасымов сөз сөйледі
"Мемлекеттік рәміздер қоғамның саяси мәдениетінің ажырамас бөлігі бола отыра, рухани, идеялық-адамгершілік мәдениеттің дамуына және елдің тәуелсіздік, өзіндік ерекшелік идеясының іске асыруға мүмкіндік береді. Өз Отанына, ізгілік, сұлулық сияқты ұғымдарға қызмет етудің және тарих пен халық дәстүрлерін құрметтеудің жоғары мұраттары мемлекеттік рәміздерде көрініс тапқан.
Егемен Қазақстанның рәміздері тәуелсіз ел идеологиясының, оның тарихи дамуын, ой-өрісі мен философиясының негізгі бағыттарын айқындайды. Ел президенті Н.Ә.Назарбаев «Барлық уақыттың және барлық халықтың мемлекеттік рәміздері мемлекеттілік пен тәуелсіздіктің кең де шоғырланған негіздемесі болған. Бізде ұлы, мазмұнға бай елтаңба, ту және әнұран бар».
Мемлекеттік рәміздердің құрметтелуі конституциялық нормалардың маңызды қатарына жатады. 2007 жылдың 4 шілдедегі «Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заңда республикамыздың аумағындағы барлық тұлғалар, ту, елтаңба, әнұранды құрметтеуге міндетті екендігі айтылған.
Сондай-ақ, іс-шараға қатысқандарға мемлекеттік рәміздердің бекітілу, қабылдану тарихы көрсетілген мемлекетік рәміздер туралы деректі фильм ұсынылды."
Сондан соң жаңа қабылданған мемлекеттік қызметкерлер ант қабылдады.
Іс-шара мемлекеттік әнұранды бірлесіп айтумен аяқталды.