Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

Медицина қызметкері күні қарсаңында Естай атындағы мәдениет сарайында салтанатты шара өтті.

Дата: 2013-06-12 13:40:36
Медицина қызметкері күні қарсаңында Естай атындағы мәдениет сарайында салтанатты шара өтті.

Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын медицина қызметкерлерін құттықтап, жылы лебізін білдірді.

«Бүгінде денсаулық сақтау қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі екені даусыз. Өңірде ауруханалар жаңғыртылуда, мамандар емдеудің тың әдістері мен технологияларын игеруде, заманауи дәрі-дәрмектерді қолдануда, жас мамандар оқытылуда.
Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру жыл сайын артып келеді, мәселен 2013 жылы 4 пайызға өсті.
«350 денсаулық сақтау нысаны құрлысы» бағдарламасы бойынша өңірде 2013 жылы 500 науқасқа шақталған қос емхана, елді мекендерде 4 дәрігерлік амбулатория қолданысқа тапсырылады», - деп атап өтті аймақ басшысы Ерлан Арын.
Аймақ жетекшісі өз ісінің шеберлеріне «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгілерін, құрмет грамоталарын, алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарды табыс етті.
Биылғы аймақтық байқаудың қорытындысы шығарылды. «Үздік медициналық ұйым» аталымы бойынша бірінші орынды облыстық жедел медициналық жәрдем стансасы қанжығасына байлады. Аталмыш мекеменің маманы Айгүл Сүлейменова «Үздік фельдшер» атанды. Облыстық онкологиялық диспансердің қызметкері Татьяна Бестужая өңірдің үздік медбикесі болып танылды.
«Павлодар облысының үздік санитарлық дәрігері» аталымы Павлодар қаласы Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Александр Сафьяникке берілді.
2012 жылы Павлодар облысының әкімі медицина қызметкерлеріне арнайы аталымдарды бекіткен болатын. Бүгін «Өмір сыйлайтын алтын қол», «Алтын фонендоскоп» және «Алтын скальпель» аталымдарында өңірдің үш үздік медицина қызметкері облыс әкімі Ерлан Арынның арнайы сыйлығы – автокөлік кілттерін алды.
Салтанатты шара Медицина қызметкерлерінің күніне арналған коцертпен аяқталды. 
Автор: Басқарма