Мемлекеттік қызметші Күні

2002 жылы БҰҰ бас ассамблеясы бұрыштама қабылдаған болатын, онда 23 маусымды Мемлекеттік қызмет Күні деп бекітті және БҰҰ барлық мүше-елдеріне тиісті шешім қабылдауды ұсынды.
Мемлекеттік қызметші Күні ҚР «Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша ҚР заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында 2013 жылғы 26 мамырда қабылданды.
Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесі биыл алғаш аталып отыр.
2013 жылы 20 маусымда Мемлекеттік қызметшілер Күні қарсаңында облыс денсаулық сақтау басқармасымен мемлекеттік қызметшілер ұжымының қатысуымен, салтанатты жиналыс өткізілді.
Денсаулық сақтау басқарма басшысымен Мемлекеттік қызметшілердің Күні – кәсіби мерекесімен ұжымды құттықтады.
Іс-шаралар барысында басқарманың кадрлық қызметімен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі жылдары мемлекеттік қызметті қалыптастыру бойынша баяндама дайындалды.
Шара соңында басқарма басшысымен 29 жылдық мінсіз қызметі үшін облыс денсаулық сақтау басқармасының құрмет грамотасымен мемлекеттік құпияларды сақтау, жұмылдыру жұмыстары, АҚ және ТЖ, әкімшілік-шаруашылық жұмысы бөлімінің бас маманы Ольга Ивановна Смагулова марапатталды.