Warning: Attempt to read property "expiry" on null in /html/modules/cache/classes/kohana/cache/file.php on line 155
Официальный сайт управления здравоохранения Павлодарской области - Басқарма - "Тыныс ал, балақай" жобасының жүзеге асырылуы

Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

"Тыныс ал, балақай" жобасының жүзеге асырылуы

Дата: 2013-07-01 11:05:06

2013 жылғы 1 шілдеде «Тыныс ал, балақай» жобасы шеңберінде «Аяла» қайырымдылық қоры Павлодар облыстық № 1 перинаталдық орталығының жан сақтау бөліміне өмір сүруге қажетті медициналық құрал-жабдықтар тарту етті.

«Аяла» қайырымдылық қорының негізгі бағыты балалар ауруханаларына, емханаларына, перзентханалар мен санаторийлерге көмек көрсету.

Қазіргі уақытта қордың ең үлкен жобасы «Тыныс ал, балақай» жобасы болып табылады. 2011 жылы Денсаулық сақтау министрлігі мен «Аяла» қайырымдылық қоры арасында ынтымақтастық және өзара әрекеттестік туралы меморандумға қол қойылды, осы меморандумға сәйкес «Тыныс ал, балақай» жобасын республикалық жоба ету туралы шешім қабылдады, яғни бұл дегеніміз облыстық перинаталдық орталықтардың балалар жан сақтау бөлімдерін өмір сүруге қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтау.

Медициналық құрал-жабдықтарды тарту кезінде облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары А. Орсариев, облыс денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н. Қасымов және «Аяла» қайырымдылық қорының вице-президенті Ж. Сарсенов қатысты.

 «Аяла» қайырымдылық қорының балаларға көрсеткен көмегі арқасында облыстық № 1 перинаталдық орталық СИПАП тыныс алу аппараты, инфузиялық және шприцтік дозатор, медициналық таразы, сорғыш,  фототерапия аппараты сияқты заманауи, өмір сүруге қажетті аппараттармен жабдықталды. Құрал-жабдықтардың жалпы сомасы 18 108 600  теңгені құрайды.

Шара соңында № 1 Павлодар облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері А. Оспановаға құрал-жабдықтар сертификаты тарту етілді.

Автор: Басқарма