Павлодар қаласының жаңа №3 емханасы есігін айқара ашты

2013 жылғы 4 шілдеде «Денсаулық сақтаудың 350 объектісі» жобасы шеңберінде 51852 адамға қызмет көрсететін, ауысымына 500 адамның келуіне арналған Павлодар қаласының № 3 емханасы ашылды.
Емхананың салатанытты ашылуына Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын қатысты.
«Халыққа қызмет көрсету деңгейін жақсарту ел дамуның басым бығытының бірі болып табылады. Біз үшін денсаулық сақтаудың заманауи және тиімді жүйелерін құру, сапалы және қол жетімді медициналық қызметтердрді көрсету облыс денсаулық сақтау саласының маңызды міндеті болып табылады» - деп атап өтті облыс әкімі Е.Арын.
Емханада 72-дәрігер мен 119-орта медициналық қызметкер жұмыс жасайды.
Емхана заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған, сандық ретгенография, флюрография жүйесі, үш жұмыс орынға арналған рентген диагностикалық жүйе, маммографиялық аппараты, УДЗ диагностикалық сканері, және халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін өзге де физиотерапевтикалық, лабораториялық құрал-жабдықтар.
Емхананың ашылуы қаламыздың өзге емханаларының жүктемесін азайтуға, кезек мәселесін шешуге және медициналық қызметтердің қол жетімділігін жақсартуға мүмкіндік береді.
Емханада Павлодар қаласының тұрғындары қол жетімді, уақытылы, заманауи және сапалы медициналық көмек алады, бұл ел Президентінің халық денсаулығын жақсарту бойынша қойған міндеттерді орындауға мұрындық болады.