Павлодар қаласындағы Өңірлік кардиохирургиялық орталықтағы Литваның дүние жүзіне атақты кардиохирургі профессор Римантас Бенетистің шеберлік сабағы.
12 шілдеде Павлодар қаласындағы Өңірлік кардиохирургиялық орталықтың мамандарына Литваның дүние жүзіне атақты кардиохирургі профессор Римантас Бенетис шеберлік сабағын өткізді.
11 жыл бұрын ең бірінші жүрек ауыстырған, ал 2007 жылы Балтика мемлекеттерінде өкпені ең біріншіауыстырған ғалымға павлодарлық мамандарына айтары көп.
Профессор Римантас Бенетис Каунастағы кардиологиялық клиниканың басқарушысы, сонымен қатар Еуропадағы кардиоторокалды хирургтардың Ассоциациясының мүшесі.
Римантас Бенетис кардиохирургиямен айналысқанына 25 жылдан асты. Осы уақыт ішінде Дания, Швеция, Англия, Бельгия мемлекеттерінде қызмет жасап үлгерді. Соңғы бес жылын Қазақстандағы кардиохирургия қызметін аяққа тұрғызуға арнады. Оның тікелей қатысуымен Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Ақтөбе қалаларында мамандандырылған бөлімшелер ашылды.
Шеберлік сабақтар жиектемесінде отадан басқа «Қолқа хирургиясы» және «Қақпақшаларды сақтап қалу оталары» тақырыбы бойынша баяндамалар тыңдалды.
Орталық ашылғаннан бері 917 ота және рентгенэндоваскулярлы зерттеулер жасалды, оның ішінде 345 ота ашық жүрекке. Павлодарға профессор Римантас Бенетистіңсапары кардиохирургия саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың басы болып саналады.