Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

Қуатты өңірлер – қуатты Қазақстан

Дата: 2013-07-16 13:10:11
Қуатты өңірлер – қуатты Қазақстан

    2013 жылғы 12 шілдеде  Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын бастаған топ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен өткізілген,Өскемен қаласында  өткен «Қуатты өңірлер – қуатты Қазақстан» аймақаралық ықпалдастық форумының жұмысына қатысты. Форумға орталық және жергілікті атқарушы билік органдары, даму, қаржы институттары, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарының жүйеқұраушы кәсіпорындарының өкілдері, сондай-ақ Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Қ. Қасымов қатысты.  

 Форум мақсаты аймақтардың билік, бизнес және қоғамдық белсенді тұрғындарының «Қазақстан-2050» стратегиясының» міндеттерін жүзеге асыру жөніндегі өзара қарым-қатынас жасау механизмдерін дамыту болып табылады.

  Аталмыш форумда Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарының әкімдері мен кәсіпорындары арасында өзара ықпалдастық пен өңіраралық байланысты кеңейту туралы 20 миллиард теңгеге 40 келісімшарт, ниет-хаттама мен меморандумға қол қойылса, солардың 15-і Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Алматы облыстары арасында келісілді.

  Жиынның пленарлық бөлімінде Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын баяндама жасады.

   Өңір басшысы аймақаралық ықпалдастық бойынша нақты ұсыныстар айтты, мәселен, энергетика және көліктік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, трансшекаралық Ертіс өзені арқылы өңірлердің су тапшылығы мәселесін шешу, барлық төрт облыста жасыл қорды ілкі режимде дамыту жобасын жүзеге асыру, сондай-ақ тең құрылтайшы ретінде техникалық және кәсіптік лицейлерді дамытуға «Самұрық-Қазына» АҚ, «ENRC» ЖШС, т.б. ірі кәсіпорындарды тарту арқылы оларда өндірістік тәлімдеме базасының стандарттарын құру механизмдерін әзірлеуді, адам денсаулығын қорғау және нығайту, ішкі туризмді дамыту жұмыстарын бірлесе жүргізуді ұсынды.

   Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Серік Ахметов облыс әкімі Ерлан Арынның атап өткен ұсыныстарын қолдады.

    Бұдан кейін форум жұмысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қолдау шаралары туралы», «Мәдениет саласындағы ынтымақтастық процестері», «Электрондық биржа еңбегі, жастарға қызмет көрсету орталықтарының жұмыстары, аула клубтарын қолдауда жұмыстары туралы», «Төрт облыстың ықпалдастығы аясында туризмді, спортты, табиғатты пайдалану және көліктік инфрақұрылымды дамытудың өзекті мәселелері», «Денсаулық сақтау саласындағы ықпалдастық мәселелерін талқылау», «Төрт облыстың ықпалдастығы аясында ғылыми қалалар құру» сияқты алты секцияда жалғасып, оған облыс мемлекеттік органдарының басшылары қатысты.

  Сонымен қатар форум қатысушылары еліміздің шығысындағы бірқатар нысандарда болды. «Алтай» технопаркінде қатысушылар назарына төрт өңірдің индустриялық-инновациялық мүмкіндіктерінің және кәсіпорындар өнімдерінің көрме-таныстырылымы ұсынылды.

Автор: Басқарма