Расширение сферы применения казахского языка

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz

Ауылдық дәрігерлік амбулаторияларға жаңа «жедел жәрдем» машиналарының кілттері табысталды

Дата: 2013-07-16 13:12:42
Ауылдық дәрігерлік амбулаторияларға жаңа «жедел жәрдем»  машиналарының  кілттері табысталды

  2013 жылғы 16 шілдеде Павлодар облысының әкімі Шарбақты ауданы Александровка және Май ауданы Ақшиман ауылдарының дәрігерлік амбулаторияларына УАЗ автокөлігі негізінде санитарлық автокөліктердіің кілттерін (реанимобильдер) табыстады.

      «Біздің мақсат - өңірдің әрбір тұрғынын лайықты әрі қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету, біз соған жету үшін бір қадам жақындадық. Енді шалғайдағы елді мекендердің тұрғындары да медициналық көмекпен қамтылады», - деді облыс әкімі.

     Автокөліктердің жалпы құны 11 млн. теңге. Осы автокөліктер облыстың шалғай, баруы қиын ауылдарына шығу үшін барлық талаптарға жауап береді, бірегей медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған. Ауылдық аймақтарды мұндай көліктің бар болуы ауруды ерте диагностикалауға және ауыл тұрғындарына уақытылы жедел медициналық жәрдем көрсетуге мүмкіндік береді.  

     Облыс әкімдігімен облыстың жедел жәрдем қызметін қолдау, жетілдіру, оны тиімді дамыту үшін қажетті жағдай жасау үшін іс-шаралар дәстүрлі өткізіледі.

    Соңғы жылдары облыс жедел жәрдем қызметін жаңғыртудың бірқатар жобалары енгізілді:

- жедел медициналық жәрдемді басқарудың автоматтандырылған жүйесі;

- GPS навигациясы жүйесін ендіру;

- санитарлық көліктерді газдық құрал - жабдықтарға ауыстыру.

   Облыс әкімдігімен заманауи санитарлық көлікпен жедел жәрдем қызметін қамтамасыз ету бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде. Соңғы екі жылда санитарлық көлік 50% жаңартылды.

     Қазіргі уақытта облыс жедел жәрдем қызметінің балансында санитарлық көліктің шамамен 80 бірлігі бар.

Автор: Басқарма