«Әйел денсаулығының апталығы»
«Саламатты Қазақстан» Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауын дамыту 2011-2020 жылдарға арналған Мемелкеттік бағдарламасын іске асыру шегінде, облыс әкімінің бастамасымен, әйелдердің денсаулық индексін жоғарылату мен әйел қауымының өз денсаулығына тиісті жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында облыстың медициналық ұйымдарында 2013 жылғы 5-9 тамыз аралығында «Әйел денсаулығының апталығы» кең ауқымды науқан ұйымдастырлып, өткізілді.
Науқан өткізілген уақытта мамандармен 11 сала бойынша 26000 астам әйелдер, солардың ішінен 18-30 жас аралығында – 6082, 30-45 жас - 7005, 45-60 жас - 6910, 60 жас және одан әрі - 6330 әйел адам тексерілді.
23000 астам әйелдерге диагностикалық зерттеулер жүргізілді.
22732 әйелдерге зертханалық зерттеулер жүргізілді
Тексеріс нәтижелері бойынша 2251 науқас анықталды, «Д» есепке 537 науқас алынды. 722 науқас сауықты.
Әйел денсаулығы апталығы шегінде Павлодар қ. емханаларында Астана қ. «Эколайф» Адам репродукциясының орталығы мамандарының қатысуымен семинарлар ұйымдастырылды. Мамандардың кеңестерін 214 әйел адам алды.
«Әйел денсаулығының апталығы» науқанының аяқталу барысында облыстық финалдық конкурстар өткізілді: жүкті әйелдер арасындағы «Ең сүйкімді және тартымды болашақ ана», «Ұзақ жасау мектептері» қатысушылары, кәрі жастағы тұлғалар арасындағы «Белсенді ұзақ жасау жасына апаратын жол».
Конкурс жеңімпаздары бағалы сыйлықтарға ие болып, денсаулық сақтау басқармасының грамоталарымен марапатталды.